Жалпы орта білім беретін «Білім» мектеп –гимназиясы Ата-аналар жиналысың хаттамасы №2



Дата20.12.2023
өлшемі16,49 Kb.
#141216
түріБағдарламасы
Байланысты:
Хаттама №2


Жалпы орта білім беретін «Білім» мектеп –гимназиясы
Ата-аналар жиналысың
хаттамасы №2
11.11.2023ж
5 «Б» сынып оқушыларының ата-аналар саны: 25
Жиналысқа қатысқан ата-ана саны:
Жиналысқа себепті қатыспаған ата-ана саны:

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:


1.Баяндама «Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде,тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызы»


2.«Жасөспірім кезіндегі проблемалық жағдайлар»(нұсқаулық)
3.І-ші тоқсан қорытындысы
4.Әр түрлі мәселелер


Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекші Ә.Мумбас өз сөзін «Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде,тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызы» атты баяндамамен бастап,ата-аналарға арналған тренингтермен ұйымдастырды.


Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. 
Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі. 
Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады. 
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін: бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін: - ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін; - халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін; - әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті.
«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ» МАҚСАТЫ: 
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. 
Екінші мәселе бойынша сынып жетекші ата-аналармен бірлесе отырып балалардың жасөспірім кезінде болатын проблемалары туралы өзара әңгімелесіп,пікір алмасты.
Үшінші мәселе бойынша оқушылардың І-ші тоқсан қорытындысымен таныстырылып,талдаулар жүргізілді.
Төртінші мәселе яғни әртүрлі мәселе бойынша сынып жетекші мектептің ішкі ережелері,оқушылардың сыртқы келбеті,әсіресе бірыңғай мектеп формасын сақтауы,сабаққа қатысымы,сабақ үстінде смартфон тағы да басқа тыйым салынған заттарды алып келуі,мектептің ішкі талаптарын толық орындау туралы айтты.
Ағымдағы мәселелер бойынша сынып жетекшісі оқушылардың сабақтан себепсіз қалмауын, сабақтан қалған жағдайда анықтама әкелу,дене шынықтыру киімін өздерімен алып келу, мектеп формасын міндетті түрде киетіндіктерін, ақ бантик, қара туфли т.б. мектеп мүлкін бүлдірмеу, оқу – құралдарын таза ұстау, қауіпсіздік шарасы бойынша ата-ана тарапын жауапкершіліктермен таныстыру тағы бір мәрте жүргізілді.

Қаулы:


1.Мектеп,ата-ана,бала арасындағы жұмысты жандандыра отырып,жұмыс жасау,сол жұмысты ұйымдастыру сынып жетекшісі мен ата-ана комитетіне жүктелсін.
2.Мектеп ережелері І оқу тоқсанның қорытындысы әрбір ата-ананың назарына алынсын,білім сапасы одан әрі арттырылсын,жол ережесі қатаң сақталсын.
3.Ағымдағы мәселелер бойынша қойылған талаптарға сай ата-ана мен сынып жетекшісі арасындағы келісім-шарт оқу жылы бойына өз күшінде болады деп табылсын.
Сынып жетекшісі: Ә.Б.Мумбас


Жиналыс хатшысы: А.С.Давлетова


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет