70
Жазу тапсырмалары жаттығуларды қайта жазумен және тыныс белгілерін
қоюмен шектелмейді.
Өнімді дағдылардың (сөйлеу, жазу) негізгі мақсаты – бірегей жазбаша
өнімдерді жасау.
Ағылшын тіліндегі оқулықтардың сөздіктерінде сөздердің дұрыс
аударылмауы кездеседі.
Педагог білім алушыға сөздердің мағынасын және тұрақты тіркестерді
тексеру үшін әртүрлі электрондық және қағаз ресурстарын пайдалануды үйретуі
керек. Үлгілік оқу бағдарламасында 9.4.8.1 мақсаты осы дағдыны дамытады:
9.4.8.1 use a range of familiar and unfamiliar paper and digital reference
resources to check meaning and extend understanding
Педагогке ана тіліне аударманы қолдануға жүгінбеуге ұсынылады, бірақ
мақсатты тілдің анықтамаларымен жұмыс істеуге ынталандырылады, өйткені бір
сөз контекстке байланысты әр түрлі мағынаға ие болуы мүмкін.
Сөздерді және тұрақты өрнектерді тексеруге арналған сенімді
дереккөздердің мысалдары:
https://dictionary.cambridge.org/
;
https://www.oxfordlearnersdictionaries.com/
https://www.merriam-webster.com/
Тарих оқулықтарының мазмұнындағы қателіктермен жұмыс істеу
бойынша ұсыныстар:
− оқулықтағы тарихи даталардың сәйкес келмеуіндегі олқылықтар орын
алғанда мұғалім дұрыс ақпарат берілген дереккөздерді талдау арқылы түсіндіру
ұсынылады;
− оқулық мәтінінде мемлекеттер мен империялардың аумағымен
байланысты олқылықтар туындаған кезде тарихи картамен жұмыс жасай
отырып, дұрыс ақпарат беру ұсынылады;
− оқулықта тарихи терминдердің анықтамасы берілмесе, педагогке сабақ
барысында терминдермен жұмыс жүргізу ұсынылады;
− оқулықтағы тапсырмалар оқу мақсаттарына сәйкес келмеген кезде
педагогке оқу мақсатына жетуді тексеруге арналған тапсырмаларды тұжырымдау
ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: