80
энергияны және асқан мұқияттылықты талап ететін процесс. Мұндай күрделі
процесті іске асыру жеке тұлғадан көп ресурс қажет етеді. Педагогтердің мұндай
қызметі өзге әріптестерімен, жоғары оқу орындарындағы зерттеушілермен, басқа
да қызығушылық танытқан тараптармен бірлесіп іске асыруы тиімді болмақ.
Педагогтің инновациялық қызметінің нәтижелілігін, сапалылығын бағалау
үшін
ол
талқылаудан,
сыннан
өтуі
тиіс.
Бұл
көп
жағдайда
конференцияларда/симпозиумдарда баяндама жасау, ғылыми басылымдарда
мақала жариялау және конкурстарға қатысу арқылы жүреді. Педагогтің өз
тәжірибесін немесе жетістігін әріптестерінің талқысына ұсыну үшін
ғылымипедагогикалық бағыттағы басылымдарды, конференциялар мен
семинарларды таңдау ұсынылады. Өз жаңалығын өзге әріптестерінің
талқылауына ұсынғысы келген педагог конференцияны, конкурсты, басылымды
таңдау барысында назар аударуы тиіс критерийлер төменде берілген.
Журнал таңдау барысында зерттеуші ол басылымның өз саласына,
бағытына сәйкестігіне назар аударғаны жөн. Бұл тұста, басылымды немесе
конференцияны таңдауда оның педагогтер арасында танымалдылығы, тұрақты
түрде жариялануы (өткізілуі), жарияланып (өткізіліп) келе жатқан жылының
ұзақтығы, осыған дейін жарияланған мақалалардың сапасы, мақалаға жасырын
рецензия жүргізетіндігі, тираж саны т.б. критерийлерге назар аудару маңызды.
Мүмкін болған жағдайда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім
министрлігі «Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын
ғылыми басылымдар тізбесі» ішіне енген басылымдарға мақала жариялау
маңызды. Бұл басылымдар тізбесін уәкілетті органның сайтынан алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: