2.Сабаққа дайындалу мен өткізуге қосымша кеңес. 1. Әрбір сабаққа тек мектеп оқулығымен ғана шектелмей басқа да кітаптармен әртүрлі қызықты есептерді түсіндіру үшін, алған білімді баянды ету үшін нақты сұрақтарды таңдап ала білу қажет.
2. Қиынырақ материалдарды оқу алдында осы жаңа материалды игеруге проблемалар қоюға мүмкіншілік жасайтын және де оқушылардың өз бетінше заңдылықтар ашуына себепкер болатын жаттығулар таңдай білген дұрыс. 3. Оқушыларға қойылатын сұрақтар дәл нақты болуы керек. 4. Оқушыларды ықыласпен тыңдап, оның жауабын дәл сезініп дұрыс баға қоя білу керек. Жеке оқушылардың жіберген қатесін сынып алдында көрсете отырып ары қарай оқытуда оларды ескеріп отырған тиімді. 5. Мұғалімнің алдын-ала қандай білім мен дағдыны тексеретінін кімге қандай сұрақ қоятынын мұқият ойластырып алғаны дұрыс. 6. Жалпылама ауызша сұрау білімге үйретуге жетелейтіндей болуы керек. Бір ғана оқушының дұрыс білген жауабына қанағаттанбай, қалғандарының да қиын сұраққа берілген жауапты түсінгендігіне, меңгергендігіне көз жеткізу керек. Ең бастысы негізгі ойға ерекше көңіл аудару керек. 7. Қандай сұрақтан кейін оқушыларға ойлануға үзіліс беріп, қалаған оқушыдан сұрау керек екендігін қандай сұрақтарға бірден жауап талап етілетіндігін дұрыс ойластырған жөн. 8. Ұсынылған есептің шешімін әр оқушы ойластыруы керек. Сонан соң ғана тақтаға бір оқушыны шақыруға болады. Сонда әр оқушы өз шешімін салыстыра алады. Бұдан оқушылардың белсенділігі, ынталылығы, ізденімпаздығы, шығармашылығы тәрбиеленетіні айқын. 9. Оқушылардың дәптеріндегі жазуларын қадағалаған жөн. Нақты жүйелі түрде орындаған жазулар, дұрыс сызылған суреттер материалды дұрыс меңгеруге көмектеседі және үй жұмысын орындауға үлгі болады. 10. Мұғалімнің тілектестік үні оқушыларға деген сенімі және қажетті қаталдығы (талаптығы) болуы керек.