Сонымен, доминанта деп бір уақьпта адам санасына эсер
еткен бірнеше тітіркендіргіштің ішінен беруінің басқаларға
үстемдік етуін айтады. Академик А.А.Ухтомский зерттеулері
бойынша жүйке
жүйесіне эсер еткен көп теген
тітіргендіргіштердің ішінен біреуінің жеңіп шығып, күшті
эсер етуі. Бас ми алабында қозудың бірнеше орталығы пайда
болады. Бүл жағдайда қозудың әрбір орталығы барлық бас
мидың алабында жайылу (иррадиация) жағдайында болады.
Сондықтан да қозудың жекелеген орталықтарының арасында
қайшылық, күрес туындайды. Осы күрестің нәтижесіңде
осы орталықтардың біреуі жеңіп, үстемдік етеді, академик
Ухтомский оны доминанта деп атаған еді.
Доминанта бар кезінде қозудың басқа орталықтары (элсіз
тітіркендіргшггер - “субдоминанталар”) кэп жағдайда жоғалып
кетпейді. Олар доминантамен бірігіп кетеді, оны күшейтеді
немесе доминантаға қарсы күреседі. Осы күрестің нөтижесінде
субдоминангалар өздері доминанта болуы мүмкін, ал бүрынғы
доминанта субдоминантаға айналады. Доминанта қозудың
үстемдік орталығы ретінде біздің зейініміздің белгілі бір
затқа бағьпталуы мен жинақталуының физиологиялық негізі
болып табылады.
Зейін коп жағдайда организмнің ерекше бейімделуі
озгерістеріне байланысты аңғарылады. Мәселен, затгар мен
қүбылыстарды көру қабылдауы арқылы зейін қоюда біздің
козіміз затқа немесе қүбылысқа ерекше бағытталады, көзді
алмай қарайды. Дыбысты қабылдауда да зейін салып
тыңдаймыз, біз мойнымызды бүрып, үйып тындаймыз. Егер
де зейін шығармашылық қиялмен байланысты болса, адам
көзі алысқа бағытталған болады. Ой үстінде зейін салудың
ерекшеліктері бар. Зейіннің күшеюіне байланысты тыныс
алу да сирекгейді немесе үзара бастайды. Зейін қою кезінде
бүлшық ет жүйесінде де өзгерістер іске асады. Барлық артық
қозғалыстар азаяды. Бүлшық ет жүйесі ерекше жағдайда
болады.
Достарыңызбен бөлісу: