§4. Қабылдауды дамыту
Балаларда қабыдцаудың дамуы туралы айтқанымызда, онда
қабылдаудың анықтығын, мазмүндылығын, мағыналығын,
сонымен қатар бақылағыштығын дамыту туралы соз болады.
Қабылдауды дамыту сезім органдары мен жалпы
анализаторларының дамуымен байланысты. Бул жағдайда
сезім органдарының озі жогарыда “Түйсіктердің дамуы”
тақырыбында айтылғандай, көп жағдайда қабылдаудың
дамуына байланысты.
Қабылдаудың дамуы тәрбиенің осерімен, тәжірибенің
кеңеюімен, білімді меңгерумен бірлікте жоне езара
байланыста, ойлаудың, қиялдың, зейіннің, сезімнің, ерік-
жігердің дамуымен жэне жалпы түлғаның дамуымен іске
асады.
Сәбилік кезеңнің алгашқы сәттерінде, бала олі де бір
орыннан екінші орынға қозғала алмайтын кезінде оның
қабылдайтын заттарының колемі оте аз болады. Ал көру
мен есту органдарының көмегімен қоршаған ортадағы заттар
мен қүбылыстардың ішінен ерекше көрінетін ашық, әсерлі
дыбысты, көз алдында қозғалатын заттарды, қабылдай
бастайды.
Егер ол заттарды қолына үстап, оны қозғаса баланың
қабылдауы сол уақытта мазмүнды болады. Онымен бірге
оның керу жөне есту түйсіктері сипай сезу, дом, температура
түйсіктерімен байланысты іске асады.
Өмірінің алғашқы жарты жылдығында сәби озін қоршаған
заттарды, өзіне жақын адамдарды тани бастайды. Оның өзі
корсеткеңдей, бала басқа затгардың ішінен боліп алып, керек
заттарды қабылдай алады.
Бала озі қозғала бастағанда (еңбектеу, жүру, жүгіру)
қабылдайтьш заттарының шеңбері арта түседі. Сонымен катар
балада қолының қозғалысы дамиды, сипай сезуі жетіледі.
Бала заттарға белсенді эсер ете отырып, олардың эртүрлі
қасиетгерін — ауырлығын, қаттылығын, түрін, көлемін жақсы
және дәл танып біледі.
Заттардың барлық қасиеттерін бала осы заггарға белсеңді
эсер ету нәтижесінде танып біледі, болашақта кору
қабылдауларының қүрамына кіреді. Мысалы, сәби 2-3
жасында алманы коре отырып, осы алманың түсін, дәмін,
түрін, колемін танып біледі. Бала оте ерте музыкалық ритмдер
мен қарапайым әуендерді, мысалы, бесік жырын санасына
сіңіреді. Үш жасқа Караганда бала жай әуендерді озі айтып
бере алатын дәрежеге жетеді.
Екі жасында балалар заттарды суреттерде бейнелеуді
қабылдай бастайды.
Сонымен, балабақша алды жас кезеңінде балалардың
қабылдаулары жан-жақты болады. Мысалы, балабақша алды
жас кезеңінде әлі де уақытты қабыддауы жеткіліксіз дамыған.
195
Олар уақытгың жекелеген аралағының ұзақтығын айыра
білмейді, уақыт тез немесе жай етіп жатыр ма оны ажырата
бермейді.
Қабылдаудың түрақтылы ғы , толы қты ғы жөне
мағыналылығы балаларда олардың ойлауы және сөйлеуімен
бірге ойын өрекетінде дами бастайды.
Мектепке дейінгі кезеңцегі балалардың өмірінде ойын
ерекше орын алады, іс-өрекетке танымдық, әлеумеггік жөне
эстетикалык қажетгіліктермен ынталандырылыгі отырьшады.
Балалар оздерінің ойынында үлкевдердің іс-әрекетгеріне
еліктейді. Сонымен, ойын үрдісінде балалардың одан да
коп қабылдайтын заттарының шеңбері және мазмүны арта
түседі.
Балалардың қабылдауында сойлеуі ерекше орын алады.
Басқаның сөзін қабылдай отырып, бала өзін жақын
қоршагандардан тыс жатқан заттар мен қүбылыстар туралы
танып біледі. Сойлеу қабылдаудың мәнділігін дамытуда
ерекше мәні бар. Бала заттардың аттарын естиді және озі
қабылданатын затгарды атайды. Бүл кезенде қабылдаудың
магьгналылыгын дамыту туралы айтқанда, балалар таныс емес
затгарды кездестіре отырып, көп жағдайларда үлкендерге
“бүл не?”, “бүл қалай аталады?” деген сүрақтарды қояды.
Мектепке дейінгі кезендегі балаларда үлкендердің әсерімен
үй еңбегіне қатысуда жене ойында ерікті қабылдаулар
дамиды. Ерікті қабылдаудың қалыптасуы ойлаудың, ерік-
жігердің және еріксіз зейіннің дамуына байланысты іске
асады.
Мектепке дейінгілерде бақылағыштық аңғарылады.
Табигат бүрыштарындағы, серуенмен экскурсиялардағы
жүмыстар балалардың бақылағыш тыгын дамытуға
көмектеседі.
Мектепке дейінгілерде кеңістікті қабылдауы айқын көріне
бастайды. Ойындарда, үйде мектепке дейінгілерге өртүрлі
заттар мен ержақты ерекетгерді орындауға тура келеді. Олар
сызады, сурет салады, жапсырады, қүрастыра біледі. Осьшьщ
бәрі оларда кеңістіктегі қабылдауын дамытуға комектеседі.
Бүл кезевде уақытгы қабылдау жетіле түседі.
Мектеп жасындағы шекірттерде негізінен оқыту мен
тәрбиенің арқасында өзінің мазмүндылығы, анықтығы жене
дәддігі бойынша қабылдаудың барлық түрлері дами бастайды.
Оқыту жене тәрбиелеу үрдісінде шәкіртгердің ерікті
қабылдауы мен бақылағыштығы дамиды.
Мектеп жасында кеңістікті қабылдау ерекше жетіледі.
Меселен, І-ІІ сыныптардың шекірттерінде кеңістікті
қабылдау әлі жеткіліксіз дамығандығын көреміз. Мысал
келтіретін болсақ, І-ІІ сынып шәкірттерінде тақтаға жазу
дағдыларының өлі де қалыптаспағандығын аңғарамыз.
Тақтаға анық, түзу сызық жол болғанмен I сыныптың
шекірттері төменнен жоғарыға қарай қисық жазады немесе
жоғардан төменге қарай қисық кетеді. Бүл жерде бастауыш
сынып шәкірттерінде өлі де кеңістікті қабылдауының
жеткіліксіз дамығанын аңғару қиын емес.
Мектеп жасында уақытты қабылдау жетіле түседі.
Шәкірттер уақыттың не екенін, не үшін керектігін жақсы
біледі. Бастауыш мектеп кезеңіндегілер уақыттың тездігін
немесе жайлығын жақсы біледі. Сабақта және сабақтан тыс
уақыттарда дәл қабылдай білуге үйренеді, оқу жүмысын
үйымдастыруда қатаң тәртіппен сабақтарды сағаттарға бөлу
жене өзінің белііленген мерзімінде жекелеген тапсырмаларды
орындайды.
Қабылдаудың оқу үрдісінде мәні еркше. Сондықтан да
шәкірттердің қабылдауларын тәрбиелеп, дамыту үстаздар
үшін бірден-бір қажет мәселе болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |