Жалпы психологияның зерттеу әдістері


Обьективтік бақылау әдісіне ғылыми әдіс болу үшін қойылатын шарттар



бет2/8
Дата13.02.2023
өлшемі3,14 Mb.
#67482
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№3 Лекция Жалпы психологиясының зерттеу әдістері (копия)

Обьективтік бақылау әдісіне ғылыми әдіс болу үшін қойылатын шарттар:

  • Бақылау алдында мақсат қойылып, байқаудағы көздеген міндеттер мен байқауды жүргізу ережелерін алдын белгілеу керек;
  • Бақылау жүргізбестен бұрын жоспар жасап,онда байқаудың қалай жүргізілетінін толық түрде анықтап алған жөн;
  • Бақылау дәл және толық болуы шарт;
  • Бақылаудың таңдамалы болуы;

Бақылау әдісіне қойылатын негізгі талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын талаптардың бірі – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.).
Бақылау процесінде зерттеуші адам мінез-құлқындағы сыртқы белгілерді ғана оның әр түрлі заттармен іс-әрекетін, сөйлеген сөздерін, мәнерлі қимылдарын т. б. қадағалай алады. Бірақ психологты сыртқы көріністер ғана емес, сонын астарында жасырынған психикалық процестер, сапалар, көңіл-күйлер де қызықтырады. Өйткені белгілі бір көріністердін өзі түрлі ішкі жай-күйде білдіруі мүмкін ғой.

Бақылау әдісінің ерекшелігі: зерттеу объектісін тікелей өз көзімен көріп, құлағымен есту арқылы мағлұмат жинау, мәліметтерді сұралушының еркіне қарамай алуына мүмкіндіктер беру, зерттеуші мен объектінің арасында тікелей байланыстың болуы арқылы шапшаң ақпараттар алып тұру мүмкіндігі. Бақылау бақыланушының түрлі жағдайлардағы іс-әрекеттерін, мінез-құлқын дәл және кеңірек ұғынуға, олардың болып жатқан оқиғаларға реакциялары мәнін түсінуге көмектеседі. Бақылаудың түрлері: Жеке бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісін өзінше жеке бақылауы; Топтық бақылау – зерттеу объектісін бақылауға құрылған арнайы топ; Іштей бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісіне қатысу арқылы мәлімет жинауы; Сырттай бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісіне араласпай сыртынан бақылауы; Табиғи бақылау – табиғи ортада, табиғи жағдайларда жүргізілетін зерттеу; Зертханалық бақылау – арнайы құрылған, жасанды жағдайдағы бақылау.

  • Бақылау әдісінің ерекшелігі: зерттеу объектісін тікелей өз көзімен көріп, құлағымен есту арқылы мағлұмат жинау, мәліметтерді сұралушының еркіне қарамай алуына мүмкіндіктер беру, зерттеуші мен объектінің арасында тікелей байланыстың болуы арқылы шапшаң ақпараттар алып тұру мүмкіндігі. Бақылау бақыланушының түрлі жағдайлардағы іс-әрекеттерін, мінез-құлқын дәл және кеңірек ұғынуға, олардың болып жатқан оқиғаларға реакциялары мәнін түсінуге көмектеседі. Бақылаудың түрлері: Жеке бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісін өзінше жеке бақылауы; Топтық бақылау – зерттеу объектісін бақылауға құрылған арнайы топ; Іштей бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісіне қатысу арқылы мәлімет жинауы; Сырттай бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісіне араласпай сыртынан бақылауы; Табиғи бақылау – табиғи ортада, табиғи жағдайларда жүргізілетін зерттеу; Зертханалық бақылау – арнайы құрылған, жасанды жағдайдағы бақылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет