Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет149/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   170
қаламөзек  (грифель),  өсімдіктек,  жануартек,  қайнаркөз,  дереккөз, 
əділсот,  кеппешөп  (гербарий),  себетгүл,  бітеугүл,  гүлсағақ,  шəкірт-
ақы, сыйақы, жəрдемақы, айлықақы (оклад), үстемеақы, мағлұмхат, 
ықтиярхат  (вид  на  жительство),  жазбахат,  баянхат,  тұрақжай, 
сапаржай  тəрізділер  жасалып,  ақы,  хат,  жай,  гүл,  қап  типтес 
сөздерінің  терминдік  ұғымды  нақтылай  түсетін  демеуші  тұлғаға 
айнала бастағанын танытады.
-  бекітілген  терминдер  сөздігі  мен  мектеп  оқулықтарында  дағ -
дыға  айнала  бастаған  жазу  нысанының  тағы  бір  түріне  кейбір 
ұғымдардың  орыс  тілінен  аударылуы  себепкер  болып  отыр.  Тілдік 
фактілер іріктелген сөздіктер мен мектеп оқулықтарында дыбыселік -
теу (звукоподражание), дыбысбейнелеу (звукосимволизм), əлемитүй-
сік  (мироощущение),  өмірсезіну  (мироощущение),  өміртүсінік  (ми-
ропонимание),  орынбасу  (замещение),  кітапбасу  (книгопечатание), 
жібекөндіру  (шелководство),  жалқытақырыптылық  (монотема-
тизм),  үшендыбыстылық  (троезвучие),  дауысзорайтқыш  (мегафон), 
қаналмасу,  тынысалу,  қанайналым,  асқорыту,  жылуреттеу  қыз-
меті,  жұтқыншақмаңы,  қалқаншамаңы  бездері,  тұқымбастама, 
бұл шықет,  ұсақағза  (микроорганизм),  біржасушалы,  сызбанұсқа, 
құрамбөлік,  деркезінде,  кезкелген  тəрізді  сөздер  орын  алған  (мектеп 
оқулықтарындағы  қолданылу  жиілігі  жоғары  мысалдар  көрсетіліп 
отыр).
-  бекітілген  терминдер  қатарынан  бірге  жазылуы  қарқынды  бола 
бастаған  төмендегідей  нысандарды  да  көрсете  кетеміз;  олар:  ақау-
тапқыш  (дефектоскоп),  арақашықтық,  баспатабақ,  дыбысқұжат, 
əміртыйым  (вето),  əралуандық  (плюрализм),  əріпсан  (индекс),  баға-
көрсеткі  (прейскурант),  баяндаухат,  бейнеүнхат,  бейнехат,  бетба-
ғыт (тенденция), дəлбедер (муляж), дерексөздік (тезаурус), келемеж-
сурет, жеделақпар (депеша), заңсыйлаушылық (законопослушность), 
заттаңба//затбелгі  (этикетка),  қалаулеп  (кондиционер),  қолдаухат, 


304
Рəбиға Сыздық
маңдайшажазу  (вывеска),  пікірсарап  (рецензия),  ықпалшара  (санк-
ция),  сəулебелгі  (водяной  знак),  сыйқұжат,  заңқұзыреті  (юрисдик-
ция),  жөнсілтер  (путеводитель),  ұсақтауарлы,  үзіксызық//көпноқат 
(пунктир), үнқұжат, телқұжат, түпқұжат, шағынфильм. Дей тұр-
ғанмен  осылар  мазмұндас  жəне  құрылымдас  атаулар  сөздіктерде 
əр  басқа  таңбаланған  (мысалы,  құдайіздемпаздық  кей  сөздіктерде 
босаралықпен, тіркес ретінде берілген, жеке меншік, кіші пейілділік, 
қоғам  тану,  заң  құзыреті,  заң  сыйлаушылық  типтестер  сөздіктің  əр 
салалық томдарында бірде бірге, бірде бөлек жазылған).
-  бірден-бір  сүйеніш  боларлық  орфографиялық  сөздіктің  соңғы 
басылымдарының  бірінде  біріккен  сөздер  қатарынан  ақниетті,  ал-
ғышарт,  ақылсерік,  алтынтой,  арызқағаз,  асылтұқым,  аяқмəшине, 
аяқарба,  аяқтабақ,  аяқбəйге,  əуежол,  беткеұстар,  беткешығар, 
көкшай,  қансонар,  қаражарыс,  екіарада,  жазғасалым,  күніұзаққа, 
күнібұрын, күнілгері тəрізді тұлғаларды кездестіреміз, сондай-ақ осы 
аталғандарға  семантикасы  мен  құрылымы  жағынан  барынша  ұқсас 
арам ниетті, алғы сөз, қара дүрсін, қара шай, қара торы, қара жаяу, 
арғы  күні,  күні  бүгін,  күні  ертең,  күні  бойы,  ат  қора,  қой  қора  тип -
тестер бөлек таңбаланған; жұрнақ жалғану арқылы бір ұғымды білді-
ретін сөзге айналған тұрақты тіркестердің легінде бұғышаруашылық, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет