Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет161/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   170
Рəбиға Сыздық
ерекшелігі екендігін айқындау; риториканың қызметі – қоғамды бас-
қару,  мораль  қалыптастыру  болатындығын  түсіндіру;  бүгінгі  қоғам-
дағы  шешен  бейнесін  анықтау;  тұлғатануда  идея  мен  мəнердің 
бірлігін  көрсету;  адамның  қоғамдағы  орнын  сезіне  білуі – шешен-
дікке  апарар  жол  екендігін  түсіндіру;  қарым-қатынаста  əр  адамның 
бойындағы  ұшқынды  (искраны)  таба  білудің  қажеттігін  дəлелдеу; 
басқаларды тыңдай білушілік – пікірлесудің ұтымды тəсілі екендігін 
білгізу;  сөз  өнері  ғылымының  міндеті – жауапты  əрі  іскер,  отаншыл 
азаматтарды тəрбиелеу екендігін айқындау.
Р.Сыздықтың  шешендік  өнер  туралы  зерттеуінің  тағы  бір  ма -
ңызы мынада болатын: сөз мəдениеті жəне оған қойылатын талаптар 
тілдік  қарым-қатынастың  нормалары  ретінде  қаралып,  риториканың 
тарихи  мəні  жоғалып,  оған  деген  қызығушылық  төмендеген  сəтте, 
риторика  ғылымының  қарастыратын  мəселелерін  анықтаудың  жəне 
оның  қоғамды  гуманизациялаудағы  рөлінің  жоғары  екендігін  таны -
туында.  Ғалым  зерттеуіне  негіз  болған  шешендік  сөйлеу  өнерінің 
қазіргі қоғамдағы түрлері, қолданылатын орындары, олардың өзіндік 
нормалары,  сапалық  белгілері,  қоғамдық-тарихи  аспектілері  тек  тіл 
білімі  үшін  ғана  емес,  қазіргі  шешен  бейнесін  танып  білу  үшін  де 
маңызды.  Ғалым: «Шешендік  өнер  тіл  мəдениетін  көтеретін  шарт-
тардың  бірінен  саналады, – дей  келіп, – біздіңше, «шешендік  сөз» 
деген  терминді  шешендік  өнердің  іс  жүзіне  асқан  нəтижесін  атауға 
қалдыру  керек,  яғни  фольклор  мұрасының  бір  жанрын  жəне  қазіргі 
кезде  шешен  айтылған  сөзді  осылайша  атау  керек  те,  ал  шешендік 
өнердің,  сөзге  шеберліктің  өзін  сəл  болса  да  өзгеше  атау  қажет. 
Бұл  ұғымға  «шешендік»  деген  абстракт  есімді  теліп, «ол – шешен 
сөйлеу»  деген  актінің  атауы  болса  дейміз», – деген  еді.  Міне,  содан 
бері шешендік атауы бір ғылым саласының туып, қалыптасуына тірек 
сөз  болды.  Ол  қоғамның  барлық  салаларында  адамды  танытудың 
жəне  қоғамды  ізгілендірудің  жолы  ретінде  қарастырылатын  тірек 
ойдың тууына себепші болды.
Р.Сыздықтың  «Қазақ  əдеби  тілінің  ауызша  түрі»  деген  кітапқа 
енген  зерттеуінде  орын  алған  тірек  ойлардың  бірі – монологтік  ше-
шендік  сөйлеу  түрінің  сипаты.  Оған  дейінгі  жəне  кейінгі  біраз 
еңбектерде  шешендік  сөз  таласқа  түскен  дискурстық  сипаты  бар, 
тілдік қарым-қатынастағы сөз жарысы ретінде қарастырылды. Ғалым 
қазіргі  шешендік  сөздің  түрлерін  жіктеп,  əрқайсысына  тəн  белгі -
лерді  анықтағанда  зерттеу  материалы  ретінде  монологтік  сөйлеу 
үлгілерін  тілге  тиек  етті.  Монологтік  сөзде  дискурсқа  қарағанда  ше-
шен  бейнесі  айқынырақ  танылады.  Оның  себебі  мынада:  тілдік  қа -
рым-қатынастағы сөз мəдениеті шешеннің «МЕН-мен» тығыз байла-


327
Тіл-ғұмыр
нысты. Əрбір ойдың иесі сөйлейтін сөзін өз танымына сəйкес құрып, 
өзіне  тəн  əлемін  жасайды.  Адам  айналасындағы  шындыққа  бейім -
деліп, өзін қоршаған əлемді өз санасында қалыптасқан ұғым-түсінік-
пен  қабылдайды,  сөйтіп  өз  көзқарасын  қалыптастырады.  Қоршаған 
ортаға  өзіндік  көзқарасын  танытатын  шешеннің  ішкі  əлемі  əсіресе 
монологтік  сөйлеуде  айқынырақ  көрінеді.  Шешеннің  ішкі  əлемінен 
туындаған  мəтін  автордың  «МЕН-ін»  тануға  мүмкіндік  береді.  Кез 
келген мəтіннің негізгі мақсаты – тілдік жағдаяттарда пікіралмасуды 
іске асыру, тыңдарман не оқырманның жан дүниесіне əсер етіп, оны 
«ояту», «реакция  туғызу».  Бұл  əрекет  шешеннің  ішкі  таным  дүние -
сінің  дəрежесіне, «сөз  құдіретіне»  байланысты  болады.  Адамның 
түрлі  формада  қарым-қатынасқа  түсе  алу  қабілеті  оның  сана-сезім 
деңгейіне  байланысты.  Əрбір  шешен  тілдік  тұлға  болып  саналады. 
Тілдік  тұлға  деп  танылуы  үшін  сөйлеген  сөздердің  негізінде  жатқан 
құндылықтарды танып білуі керек.
Шешен өзінің коммуникативтік діттеміне сəйкес əлеуметтік «МЕН-
ін»,  интеллектуалдық  «МЕН-ін»,  психологиялық  «МЕН-ін»  жəне 
тағы  басқа  қабылдаушының  тұлғасын  құрайтын  əртүрлі  бірліктерді 
бағдарға  алады.  Шешеннің  алдына  қойған  мақсатына  жетуі,  оның 
коммуникативтік діттемін тыңдаушының дұрыс зерделеуі, ой елегінен 
дұрыс  өткізуі  тілдесудің  ойдағыдай  өтуінің  негізгі  шарты  болып  та-
былады. Тілдік қатынасқа түскен сөз иелері – шешен мен тыңдарман 
(оқырман) арасындағы тілдік қатынас олардың əлеуметтік мəртебесі, 
жас ерекшеліктері, жыныс айырмашылығы, таныс-бейтаныстығы не-
месе  тілдік  қатынастың  ресми-бейресмилігіне  байланысты  болып 
қана  қоймайды,  сөз  құрылымымен,  сөз  иелерінің  танымдық  сана -
сымен,  яғни  білім,  түсіну,  түйсіну,  ойлау,  пайымдау,  ой  қорыту  қа-
білеттерімен де байланысты.
Монологтік  сөз – аса  күрделі  коммуникативтік  құрылым.  Сөз 
айтылғанға  (жазылғанға)  дейін  де  шешеннің  айтсам,  жазсам  де-
ген  діттемі,  нені  айтсам,  қалай  айтсам,  кімге  айтсам  деген  мақсаты, 
қызығушылығы болады. Осы діттемі сөзді қабылдаушының белсенді 
іс-əрекетін,  назар  аудару,  ден  қою,  түсіну,  қабылдау  амалдарын  ту-
ғызуы  керек.  Қабылдаушының  түсіну  амалы  бірінен  кейін  бірі  ай-
тылған  сөз  тізбектерін  ой  елегінен  өткізуден  басталып,  шешеннің 
нені  айтпақ  болғанын  ұғынумен,  ой  қорытындысын  шығарумен 
аяқталады. «Шешеннің  сөзі  арқылы  берілетін  ойы  мен  сезімі  тың-
дарманға  белгілі  бір  жолдау  сияқты  түрткі  беруі  керек.  Тыңдаушы 
оны сезбесе, айтылған сөз оның жүрегіне жетпесе, мұндай шешеннің 
сөзі  сахарадағы  құмға  сіңген  сөзбен  бірдей  болады», – деген  Дейл 
Карнеги шешен сөзінің аса күрделі коммуникативтік құрылым екенін 


328


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет