138
Рəбиға Сыздық
жарық көрді. Бұл аталмаш еңбектерде Абай шығармаларының тілі
жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттелді. Абайдың өмір сүрген дəуірі,
ақын шығармаларының тілдік ерекшеліктері, синтаксистік құрылы-
сы айрықша сөз болды. Ол Абай жөнінде бұрынды-соңды айтылған
пікірлерге түбегейлі талдау жасап, тұжырымды пікірлер айтты. Əсі-
ресе М.Əуезов, Қ.Жұбанов, Қ.Жұмалиев еңбектері арнайы сөз бол-
ды. Ғалым ол еңбегінде Абайға дейінгі қазақ əдеби тілінің дəреже -
сін, ақындардың қазақ əдеби тіліне қосқан елеулі үлестерін көрсете
келіп, жалпы қазақ поэзиясының ұлы ақынға игілікті əсері болған-
дығын өте орынды жəне дұрыс көрсете білді.
Осы жоғарыда көрсетілген еңбектеріне орай Р.Сыздықова 1971 жы -
лы «Абай шығармаларының тілі» деген тақырыпта диссертация
қорғап, филология ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесін алды.
Р.Сыздықова мектепке арналған көптеген оқулықтар, методика-
лық жəне анықтама құралдарының авторы. Ол жоғары оқу орында-
ры студенттері үшін «Қазақ əдеби тілінің тарихы» атты оқулық та
құрастырды. Ғалымның жазғанынан əлі жазары көп. Жақын уақытта
Р.Сыздықованың «XVIІ–ХVIII ғасырлардағы қазақ əдеби тілінің
тарихы» атты көлемді еңбегі жарық көрмекші.
Р.Сыздықова отандық түркология ғылымына қосқан елеулі еңбегі
үшін «Құрмет белгісі» орденімен, көптеген медальдармен наград-
талды.
Рəбиға Сыздықова: «...Əрине, ғылыми дəрежелер үшін жұмыс іс-
тегенім жоқ, ана тілім – қазақ тілі үшін қызмет еттім. Өйткені қазақ
тілін зерттеу – менің өмірімнің алға қойған мұраты жəне мақсаты
болды», – дейді. Өте орынды айтылған сөз.
«Коммунистік жол» газеті, 1984, 9 август.
Достарыңызбен бөлісу: