Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет151/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   170
Э. Оразалиева 
 ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару
академиясы, Мемлекеттік жəне шет тілдер 
кафедрасының меңгерушісі, филол.ғ.д., профессор
ОРДАЛЫ ОЙДЫҢ БИІГІ...
Қ.Жұбанов: «Тілдің  тарихын  білу  деген  сөз – оның  өніп-өскен 
жолын  білу  деген.  Демек,  тіліміздің  сонау  ұзақ  жолда  қандай  өзге-
рістерге ұшырағанын, оған неге ұшырағанын білу керек. Бұрынғыны 
білу  жай  əншейін  мақсат  емес,  тілді  меңгерудің  бір  амалы»,  –  деп 
атап  көрсеткендей,  тіл  ғылымы  мен  тарихтың  байланысы  тілді  зер-
делеудің  өзегін  құраумен  қатар,  ғылыми  өріс  кеңістігін  ұрпақтар 
сабақтастығы  ұғымымен  тоғыстыруға  мүмкіндік  берері  анық.  Қазақ 
топырағында  қалыптасып,  ғылымдар  тоғысында  шешімін  тауып 
келе  жатқан  тілтаным  теориясының  ғылыми  негізде  дəйектелуі  де 


307
Тіл-ғұмыр
бүгінгі күні тіл табиғатын адам болмысымен, оның қимыл-əрекетімен 
ұштастыра  талдау,  шынайы  өмірді  қабылдау,  оның  қыр-сырын  ой 
таразысынан  өткізе  пайымдау,  жинақталар  ақпараттар  мен  мəлімет-
терді  жадыда  сақталар  қор  ретінде  жүйелеу  арқылы  ғылыми  таным -
ның  ажырамас  бөлшегіне  айналып  отыр.  Əр  ұрпақтың  өзіне  жеткен 
мұраны  толықтырып,  нығайту  негізінде  тілдің  қоғам,  ғылым,  мə -
дениет,  өндіріс  қажеттіліктерін  өтер  қабілетін  назардан  тыс  қалдыр -
мауы  ғалымдардың  тілді  қоғамдық  құбылыс  ретінде,  ал  тіл  білімін 
қоғамдық  ғылым  ретінде  қарастыруына  себепкер  болды. «Қоғам 
өмірімен  етене  қабысқан  тіл – сөйлеу  тəжірибесі,  оның  лексикасы 
сол  қоғамның  тыныс-тіршілігіне  орай  əр  алуан  тематикалық  серия-
ларға  бөлініп,  бірқатарының  мағыналары  өзгеріп,  енді  бірсыпырасы 
тұрақталып,  терминденіп  жатады.  Қысқасы,  лексиканың  белгілі  бір 
топтары сол қоғамның сол дəуірдегі мазмұн-мəнін көрсететіндей дə-
режеде қызмет етеді» [1, 141], – деп ғалым Р.Сыздық атап көрсеткен-
дей,  тілдің  дамуы  тек  оның  ішкі  мүмкіндігі  арқылы  ғана  емес,  оған 
сырттан  əсер  етуші  өзге  фактілердің  ықпалымен  де  айқындалуы 
тілге  тиек  болған  ұғымдардың  бірлікте  зерттелуіне  əрітіл  ғылымы -
ның соны бағыттарын анықтауға мүмкіндік беретіні даусыз.
Қазіргі  тіл  білімі  өзге  ғылымдармен  тығыз  байланыса  келе, 
пəлсапалық,  қоғамдық,  психологиялық  терминдерді  тілдік  ізденіс-
терге  арқау  ету  арқылы  ғасырлар  тоғысында  жаңа  міндеттер  шешу-
ге  бетбұрыс  жасап,  ғылыми  тұтасудың  өзгеше  үрдісінанықтары – 
шындық.  Құрылымдық  принциптердің  пəлсапалық,  логикалық  жəне 
танымдық  қағидаларға  ұласуы  тілдің  қазақ  халқының  төл  қазына -
сына  зер  сала  тану,  өзгеше  ойлар  көкжиегімен  танысу,  жаңару  мен 
жаңғыру  процестерін  дəстүрлі  жолдың  жалғасы  деп  білу  мəселеле -
рінен  бастау  алар  адам  ойының  əрекеті,  үздіксіз  тануы  мен  пайым-
дауының келбеті сияқты «этюдтермен» одақтасуға мүмкіндік береді. 
Белгілі  ғалым  Ə.Қайдардың  айтуына  қарағанда, «этюд»  дегеніміздің 
өзі «түсініктемелер, анықтамалар, мағлұматтар, топшылаулар» [2, 27] 
тізбегі  болып  табылатындықтан,  тіл  білімі  бір  жүйеге  түскен  тео -
риялық  тұжырымдар  тоғысында  ғана  емес,  сол  теориялардың  да -
муына  түрткі  болған  ішкі  рефлекстік  негіздерді  талдау  арқылы  да 
зерттелетіні  сөзсіз.  Ішкі  ғылыми  рефлекстердің  қалыптасуы  объек -
тивті  жəне  субъективті  уəждерден  туындайтын  диалектикалық 
дамудың  нəтижесі  болып  табылса,  ғылыми  ұстанымдардың  негізін-
де  қоғам,  заман,  уақыт  сияқты  өлшемдер  мен  зерттеушінің  жеке 
танымдық, логикалық, пəлсапалық пайымдары көрініс табары хақ. 
Зерттеушінің  жеке  тұжырымдары  арқылы  қалыптасатын  автореф-
лекстік  принциптер  ғылымның  онтологиялық  негіздерінен  жоғары 


308


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет