Рəбиға Сыздық
деп есептеді. Көркем шығарма тіліне əсер ететін өзгеше фактор
ретінде ғалым əлеуметтік мəселелердің сипатталуын бөліп көрсетті.
«Тілдің əлеуметтік қызметіне қарай стильдік бөлінісіне келгенде
тіл элементтерінің: сөздердің, грамматикалық амалдардың, көріктеу
құралдарының əртүрлі қарым-қатынас саласында, яғни коммуника-
тивтік ортада жұмсалу тəсілдері, қолданылу жиілігі, тіркесу қа-
білеттері сияқты сыртқы факторлар ескеріледі» [4, 158], – деген
анықтамаға сүйенген ғалым кейіпкер сөзі, келбеті, қимыл-əрекеті
арқылы бейнеленетін ерекшеліктерді қоғамдық дамудың негізінде
айқындады. Ғалым сөзін: «Кейіпкерді жазушы əдетте өз заманының
немесе өмір сүрген кезеңінің тілімен сөйлетеді, сондай-ақ кейіпкер
өзінің мінезіне, алған тəрбиесіне, өскен ортасына, жасына, əлеумет-
тік орнына сай сөйлеуі қажет… Кейіпкер сөзі оның бейнесін жа -
сауға тікелей қызмет ететін көркемдік тəсілдердің бірі болып санала-
ды» [4, 34], – деп дəлелдеді.
Əр халықтың мəдени-танымдық ерекшелігі, тарихи өсу жолы
оның əдеби тілінің қалыптасуына тікелей əсер ететіндіктен, кейіпкер
сөзі арқылы қабылданатын мəліметтерді екі түрлі сипатта қарас -
тыру қажеттілігі де сол танымдық фактордың əсері деп есептеледі.
Мысалы: ұсынылатын хабарлар, біріншіден, шығарма тақырыбын,
идеялық мазмұнын, құрылымдық сабақтасуын жүйелейтін өзгеше
авторлық тəсіл ретінде; екіншіден, замана келбетін бейнелейтін
айрықша құрал немесе қоғамның саяси, əлеуметтік, экономикалық
жағдайын сипаттайтын дереккөзі есебінде түсіндіріледі. Осыған
орай, қазақ тіл білімінде ерекше өзектелетін лингвистикалық проб-
лемалар қатарын əдеби тіл мен оның функционалды-стильдік сипа-
ты сұрыптады. «Тіл – халық қазынасы. Тілдің əдеби түрі – ғасырлар
мен жылдардың, таңдау мен екшеудің, ізденіс пен табыстың же -
місі... Сөз – сол қазынаның байлығы» [8, 78], – дей келе, ғалым
маңызды үш мəселенің сабақтастығын өзектеді: тілдің ұлттық си -
паты мен халықтық ерекшелігі; əдеби тілдің функционалдық негіз -
дері жəне «сөз құдіреті».
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап дүниеге келген зерт-
теулердің басым көпшілігі танымдық ұғымдарды жан-жақты қолда-
нуымен, лингвистика мəселелерін экстрафакторлар негізінде түсін-
діруімен жəне тілдік материалды антропологиялық жəне ғаламдық
деректер арқылы меңгере талдауымен көзге түседі. Тілді тек қарым-
қатынас құралы ретінде ғана емес, барша ақпараттар мен хабарлар
жиынтығы, адамзат тіршілігінің негізі, тəжірибе мен білім арнасы,
таным өзегі деп қарастырған ғалымдар оның сөздік қоры мен сөздік
құрамын, стильдік тармақтарын, тарихи дереккөздерін, граммати -
313
Тіл-ғұмыр
калық бірліктерін əрі мағына мен пішін бірлігі тұрғысынан, əрі ұғым
мен таным арақатынасы негізінде дəйектеп көрсетуді мақсат етеді.
Аталған тілдік проблемалардың ішінде əсіресе тілдің лексикалық
қабаты танымдық ұстанымдармен жиірек уəжделіп айқындалып
отырған, себебі заттар мен құбылыстардың табиғатын танып қабыл -
дау, ең алдымен, сөздің мағыналық өрісіне, ұғымдық аясына зер са-
лудан басталары ақиқат, сондықтан тілдің қоғамдық қызметі де
оның қолданылу ерекшелігімен, қоғам мүшелерінің əлеуметтік
қажеттіліктерін өтеу мүмкіндіктерімен жəне кез келген қоғам мен
орта заңдылықтарына бейімделуге көмектесер функцияларымен са-
раланады. Бұл – тілдің жалпыға ортақ универсалды белгісі. «Адам
да табиғаттың бір бөлігі», «...адам өзін тануы керек» [9, 9], – деп
тұжырымдаған Р.Сыздық ойларының астарында да сол терең пəлса-
палы таным, тілдің əмбебап қызметі көрініс тауып отыр. «...қазақ
тілін тек коммуникативтік-қатынас құралы деп қана танымай, ұлттық
рухты, ұлттық сананы ұялататын, табиғат пен адамзат дүниесінің
əсемдігін танытатын коммуникативтік-идеологиялық-эстетикалық
құрал деп қарау керек, ол үшін қазақ тілін əдеби нормалары ор-
ныққан, сөз қазынасы өте бай, грамматикалық құрылымы жетілген,
экспрессиялық-эмоциялық қарымы күшті, əсерлі, құлаққа жағымды,
сындарлы тіл етіп жұмсауымыз керек, дамытуымыз керек, күресуіміз
керек» [10, 17] деген мақсаттың маңызы да осыдан туындайды.
Əдебиеттер:
1. Сыздық Р. Абай жəне қазақтың ұлттық əдеби тілі. – Алматы: Арыс, 2004. – 616 б.
2. Қайдар Ə. Қазақ тілінің өзекті мəселелері. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 304 б.
3. Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі. – Алматы: Арыс, 2004. – 208 б.
4. Сыздықова Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Санат, 1997. – 224 б.
5. Қайдар Ə. Халық даналығы (қазақ мақал-мəтелдерінің түсіндірме сөз дігі жəне
зерттеу). – Алматы: Тоғанай Т., 2004. – 560 б.
6. Байтұрсынов А. Шығармалары. Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. – Алматы:
Жазушы, 1989. – 320 б.
7. Сыздық Р. Қазақ əдеби тілінің тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 319 б.
8. Сыздықова Р. Сөзді орнымен қолдана білсек // «Сөз өнері» мақалалар жинағы. –
Алматы: Ғылым, 1978. – 184 б.
9. Сыздық Р. Ясауи «Хикметтерінің» тілі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2004. – 552 б.
10. Сыздық Р. Қазақ теледидарының тіл мəдениеті қандай? // Тіл жəне қоғам. –
2005. – №2 [4]. – 9-17-бб.
Түркітану мен қазақ филологиясының дамуы:
ғылыми мұра жəне ғалым феномені.
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
материалдары. – Алматы, 2014.
314
Рəбиға Сыздық
Достарыңызбен бөлісу: |