Рəбиға Сыздық
іргетасын қалаушы» тұлға ретінде танытады [2, 10]. Аталған еңбек -
терде ғалым Абайдың жаңа бағыттағы жазба əдеби тілді дамыту-
дағы орнын айқындап қана қоймай, ұлттық көркем дəстүрге қосқан
жаңалықтарын саралап көрсету арқылы Абайдың рухани əлемінің
моделі қаланады. Ал мұндай талдаулар жүргізуге тек лингвистикалық
түйсіктің жоғары дəрежеде болуы жеткіліксіз, кең құлашты, күллі
көркемсөз дүниесін қамтырлық қарымды əдеби түйсіктің болуын
қажет етеді.
Ғалымның Абайға қатысты еңбектері – қазақ руханиятындағы
«Тұлғатану» іліміне қосылған сүбелі үлесі екені даусыз, мұндай терең
талдаулар кейіннен Қадырғали Жалайри, Қожа Ахмет Ясауи, Дулат
Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы, Шəкəрім Құдайбердіұлы, Халел
Досмұхамедұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Құдайберген Жұбанов, Жам-
был Жабаев, Мұхтар Əуезовтердің тіліне қатысты зерттеулері ар -
қылы толыға түсті.
Əр ғалымның шығармашылық лабораториясында өзі қанағатта-
натын, қалың қауым ықыласпен қабылдаған айрықша туындыла-
ры болады. Сондай туындыларының бірі ретінде Р.Сыздық «Ясауи
«Хикметтерінің» тілін» атайды: «Өзімнің көп жылғы еңбегіме разы
болатын тұсым болса, ол осы кітап дер едім. Мəдени мұрамыздың,
тілдік ескерткішіміздің бірі деп осы Ясауи мұрасын айтуға бо -
лады», – деп көрсетеді. «Диуани хикметтің» тілін тек бір халықтың
тіліне телуге болмайды. Өйткені шығармада қазақ пен өзбектің,
ұйғыр мен татардың, тағы басқа түркі тектес халықтардың тіліне
ұқсастық бар. Қожа Ахмет Ясауи өмір сүрген дəуірде бұлар əлі жеке
ұлт болып қалыптаса қоймаған еді, тек түрік елі, түркі тілі деген
ұғым ғана болатын. Қ.А. Ясауиды ұлтқа бөлуге болмайды, өйткені
ол кезде қазақ, өзбек, түрікпен ұлттары əлі жоқ еді. Олар əлі де
ұлыс болатын» [3], – дей отырып, ғұлама тұлғасын бір ғана ұлтқа
телудің жаңсақтығын дəлелдеп, «Хикмет» тілінің көркемдік, бейне -
лік, тілдік ерекшеліктеріне талдау жасайды.
Қазіргі кезде əдебиетшілер арасында академик М.Мырзахметов
айтты дейтін: «Əдебиет тарихына «Абайтану» курсын енгiзу арқылы
«Абайтануды» тұлғатану аясында ғылыми кең панорамалы аренаға
алып шыққан М.Əуезов болды», – деген қанатты сөз бар, сол
секілді Р.Сыздық та қазақ лингвистикасы тарихына «Ахметтану»,
«Жұбановтану» курстарын алғаш енгізуші, жай ғана енгізіп қоймай,
мұндай тарихи тұлғалардың бүкіл мұрасын түгендеуші əрі «сөз
сүзгіден өтетін» қиын кезеңде ғылыми қауыммен қайта қауышты -
рушы қайраткер тұлға ретінде танылды.
Ғалымның өз сөзімен айтсақ, Кеңес дəуірінің қызыл саяса-
ты дəуірлеп тұрған заманда, дəлірек айтсақ, 1977 жылы «Қазақ тіл
317
Тіл-ғұмыр
білімі 60 жылда» атты ғылыми конференцияда: «Идеологиялық тұр-
ғыдан біздің жауымыз ба, жоқ па, оны білмеймін. Ғалым əрі ком -
мунист ретінде шындықты айтар болсам, ұлттық тіл білімінің
негізін қалаушы – Ахмет Байтұрсынұлы», – деп ащы шындықты қай-
мықпай айту арқылы еңбегін айтпақ тұрмақ, есімін атауға тыйым
салынған алаш қайраткерінің екінші ғұмырының бастауына жол
ашты. А.Байтұрсынов еңбектерін жинап, жүйелеп қана қоймай,
ғылыми талдамасы мен танымдық қуаты мол əлденеше мақала жа-
зып, монография жариялады. Ғалым жоғарыдағы мақаласында:
«Негізі, бағалауға тұрарлық үлкен еңбектерім 20-ның үстінде. Ал
шəкірттерімнің есептеуінше, олар 40-тан асады екен. Оның ішінде
ең үлкені – Ахмет Байтұрсынов туралы монографиялық еңбегім», –
деп көрсетеді. «Ахметтану» – тек бір ғана қайраткерді танып-білу
мақсатын көздемей, тұтас бір кезеңге қатысты мəселелерге баратын
таным тармағы болуы тиіс» [4], – дей отырып, «Тұлғатану» ілімінің
басты қағидасын да айқындап береді. Осы еңбегіде Ахмет Байтұр-
сыновты қазақ тілінің тұңғыш əліппесі мен оқулықтарының авторы,
жаңашыл ағартушы ретінде ғана емес, оның араб графикасына
негізделген қазақ жазуының реформаторы, қазақ əдебиеті мен мəде-
ниетін зерттеуші тұңғыш филолог-ғалым жəне Қазақстан ғылымын
алғашқы ұйымдастырушылардың бірі жəне ұлтына адал қызмет
еткен ірі қоғам қайраткері ретінде жан-жақты баяндау арқылы
«Ахметтану» ілімінің көпаспектілі, сан салалы зерттеу нысанына
айналуы тиіс кешенді ілім екенін көрсетеді.
Р.Сыздықтың «Тұлғатану» іліміне қосқан тағы бір үлесі қазақ тіл
білімін дамытуға зор үлес қосқан, филология саласындағы тұңғыш
профессор Қ.Жұбанов есіміне байланысты. Ғалым өткен ғасырдың
алпысыншы жылдарының ортасында Құдайберген Жұбанов туралы
алғашқылардың бірі боп баяндама жасап, кейінірек оған арналған
«Ғалым-азамат» [5] атты кітап шығарады. Р.Сыздықтың танымында
тұлға тек белгілі бір ғылым саласына айтулы үлес қосқан ғалым ғана
емес, ол, алдымен, азамат. Сондықтан да болар, ғалымның зерттеу
нысанына алған тұлғаларының өмірбаяндық жолы мен шығармашыл -
дығы жалаң баяндалмайды, керісінше, олардың адами бейнесі мен
бітім-болмысы қоғам шындығымен, сол кезеңдегі тұлғаның прог -
рессивті идеяларымен астастырыла талданады. Айталық, Қ.Жұбанов-
тың қазақ тілінің фонетикасы, грамматикасы, ұлттық əдеби тіліміз -
дің дамуы мен тарихы, жалпы тіл білімі мəселелеріне қатысты терең
талдаулары мен озық идеяларының туындауына оның өскен орта-
сының, əсіресе əкесі Қуанның ықпалы, ерекше табиғи қабілетінің
арқасында небары екі-үш жыл орыс сыныбына барып, ғылыми ең-
318
Достарыңызбен бөлісу: |