Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер


Дәуір — қоғамның, табиғаттың, саясаттың, ғылымның, жалпы өзіндік ерекшеліктері бар ұзақ кезеңі. Деидеологизация



бет41/73
Дата19.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#84569
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   73
Байланысты:
lektsii po politologiya

Дәуірқоғамның, табиғаттың, саясаттың, ғылымның, жалпы өзіндік ерекшеліктері бар ұзақ кезеңі.


Деидеологизация идеологияның әсерінсіз, еркін, таза ғылымды жасауға, қоғамдық прогресті идеологиядан аластатуға тырысушылық. Оның негізін біздің ғасырымыздың 50—60 жылдарында Р. Арон, Д. Белл, Т. Парсонс сияқты Батыстың ірі әлеуметтанушылары салды.
Декларация — үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай болмасын негізгі қағидаларды, мақсат-мүдделерді жариялайтын мәлімдеме.
Делегат — съезде, конференцияда, конгресте және т.с.с. мемлекеттің, ұйымның, ұжымның, партияның мақсатын көздейтін өкілі.
Делогирование — бір субъектінің екінші субъектіге билікті беруі, сенім білдіруі.
Демагогия — өз мақсатына жету үшін адамдарға жалған уәделер беру, деректерді бұрмалау және т.т. арқылы әсер ететін саяси әрекеттің түрі. Күнделікті тұрмыста бос сөз, шатпақ деген мағынаны білдіреді. Демократиялық партиялар — басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, пікір алалығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға онша мән бермейді.
Денонсация — келісілген екі жақты халықаралық шарттың бұзылғандығын мәлімдеу. Әдетте, ол туралы екінші мемлекетке алдын ала ескертіледі.
Деполитизация белгілі бір ұйым, органдардың және т.б. жұмысын саясаттың ықпалынан шығаруға тырысушылық.
Депортация — жеке адамдарды, халықтарды (олардың бір бөлігін) еріксіз, күшпен жер аудару. Мысалы, Кеңес Одағы кезінде немістер, шешендер, ингуштар, Қырым татарлары, месхеттік түріктер, кәрістер және т.б. осындай халге душар болды.
Деспотизм — 1) өкіметтің толық бассыздығына, қол астындағы азаматтардың еріксіздігіне негізделген мемлекеттік құрылыстың жүйесі; 2) жеке адамның бостандығын мейірімсіз, қатал басып-жаншу тәсілі.
Деспотия — шексіз және дара билеудін бір түрі.
Децентрализация — орталық басқару жүйесінің жергілікті жерге өз билігінің бөлігін беруі.
Диверсификация — мәселенің, әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көп түрлілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет