Диктатор— заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз билеп төстеуші.
Диктатура — қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік. Ол көбінесе әлеуметтік-экономикалық күйзеліс, саяси күрестің шиеленіскен шағында, өтпелі ке-зендерде, екімет басына күшпен келгенде және т.с.с. пайда болады.
Марксизм-ленинизм ілімінде негізгі мәселе — пролетариат диктатурасы. Оны жұмысшы табының социализм орнату мақсатында барлық еңбекшілер бұкарасымен одактаса отырып жүзеге асыратын өкімет билігі деп түсіндіреді. Ал КСРО-да ол іс жүзінде зорлық-зомбылык, бассыздыкты кең пайдаланып "казармалық социализм" құрды, сөйтіп өзін-өзі әшкереледі, нәтижесінде күйреп тынды.
Директива—жоғары органдардың төменгі басшыларға берген ұйғарымы, жарлығы.
Дискриминация—нәсіліне, ұлтына, дініне немесе саяси көзқарастарына және т.т. байланысты адамдарды құкығынан айыру я шектеу. Мысалы, сайлау құкығынан айыру, азаматтылықты бер-меу, жұмысқа кабылдамау не шығару т.т.
Диссидент—үстемдік етуші, билеуші идеологиямен келіспеген адам. 70 жылдарда КСРО-да қоғам өмірінің әр түрлі, әсіресе саяси жақтарымен келіспей ашық қарсы шыққан адамдарды айтады.
Догматизм — нақтылы жағдайда өмір және тәжірибенің жаңалык, жетістіктерін ескермей, қатып қалған бір жақты кағидаларға негізделген ойлау, дүние тану тәсілі. Саясатта ол бір кез-дерде қалыптасқан ой-пікірлерді, әдіс-тәсілдерді бұлжымайтындай көріп, ескірген ережелерді, қалыптасуды, көзкарастарды өзгертпей сақтағысы келеді. Сондықтан ол қоғамның әлеуметтік - экономикалық, саяси өзгерістеріне ілесе алмай, көбіне оның алға жылжуына кедергі жасайды, саяси ойдың тоқырауына әкеледі.
Доктрина — саяси, экономикалық, әскери мақсаттарды жинақталған түрде білдіретін саяси теория, ілім. Кейде оның негізін қалаған адамның атымен аталады. Мысалы, Монро доктринасы.
Еуропарламент— еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме, Оған кіретіндер: Бельгия, Германия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Ұлыбритания, Франция. Ол 5 жылда бір рет осы елдер халықтарының тура дауыс беруі арқылы сайланады. Оның мәжілісінде Еуропа кұрлығының дамуына байланысты негізгі мәселелер қаралады.