1 типті ҚД кезіндегі көмірсу алмасуының компенсация дәрежесін анықтау
Көрсеткіш
Компенсация
Субкомпенсация
Декомпенсация
HbA1c, %
6,0-7,0
7,1-7,5
>7,5
Капилляр қанындағы глюкозаны өзіндік бақылау , ммоль/л
Аш қарындағы гликемия
5.0-6.0
6.1-6.5
>6.5
Постпрандиальды гликемия (2 сағ тамақтан соң)
7.5-8.0
8.1-9.0
>9.0
Ұйқы алдындағы гликемия
6.0-7.0
7.1-7.5
>7.5
Емі
Инсулин препараттарын қолдану,диета сақтау,және физикалық күш түспеуін қадағалау. Стол №9 диета тағайындалады: кәмпит,қант,бидай ұны,құрма алынып тасталады. Беруге болмайды: қара нан,қарақұмық,арпа,сұлы,картоп,капуста,сәбіз,қызылша. Майлар,әсіресе жануар майлары. Күніне 6 рет тамақтандыру қажет: үшеуі негізгі тамақ (таңертеңгілік,түскі,кешкі ас әрқайсысы 25% күндік калориядан) және үш рет қосымша тамақтандыру. Тамақтану уақыты мен тамақ мөлшері үнемі тұрақты болуы керек. Науқастарға диетотерапия принциптерін,күндік калорияны,тамақтануды реттеу және жоспарлауды үйрету қажет. Негізгі ем – инсулинмен емдеу. Инсулин дозасы аурудың ағымына,ауырлығына байланысты. Орташа күндік қажеттілігі 0,25 – 0,5 – 1Б/кг дене салмағына. Күніне зәрмен бөлінген қантты анықтап, 4 – 5гр қантқа – 1Б инсулин тағайындайды. Инсулиннің дозасы дәл болу үшін арнайы инсулин шприцтері болады. Инсулин теріастына салынады. Инсулин салатын жерлерді ауыстырып тұру қажет.