Жалпы тәжірибелік дәрігер



бет5/26
Дата24.12.2022
өлшемі1,16 Mb.
#59427
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Жалпы т жірибелік д рігер

НЕВРОЛОГИЯ
!Қандай нейрон немесе ағзаның зақымдалуы бұлшықет гипотрофиясымен сипатталады?
*Орталықтанған қимыл нейроны
*+Перифериялық қимыл нейроны
*Мишық
*Ішкі капсула
*Алдыңғы ортылық қатпар
!Төменде келтірілген рефлекстердің қайсысы бүгілу типіндегі негізгі патологиялық рефлекс болып табылады?
*Бабинский
*Оппенгейм
*+Россолимо
*Гордон
*Чеддок
!Ауылдық амбулаторияның қабылдау бөлімшесіне 42 жастағы ер кісі жеткізілді, эмоциональды күйзелістен кейін есін жоғалтқан. Объективті: беті қызарған. Артериальды қысымы 170/100 мм сын. бағ, Керниг және Брудзинский симптомдары екі жақтыоң. Жарыққа қарашықтыңреакциясы жоғалған. Беті симметриялық, тілі ортаңғы сызық бойымен. Тонусы өзгермеген, рефлексте біркелкі екіжақты жоғарылаған.
Қандай ауру осы аурудың дамуына алып келді?
*Жүректің ишемиялық ауруы
*+Бас ми тамырларының аневризмасы
*Анемия
*Қант диабеті
*Ревматизм
!42 жастағы ер кісі, естуінің төмендеуіне, құлағындағы шуылға, сыбырлаған сөздерді нашар естуіне, кезеңдік бас ауруына, бас айналуына шағымданып қаралды. 7 жыл аралығында экскаваторда машинист болып жұмыс жасайды. Қарап тексергенде: естудің әлсіз төмендеуі – сыбырлаған сөздерді екі метрлік қашықтықтан қабылдайды. Басқа бұзылыстар анықталмады.
Қандай алдын ала қойылатын диагноз дұрыс?
*Вибрационды ауру.
*+Профессиональды кереңдік.
*Меньер ауруы
*Миелит
*Энцефаломиелит
!43 жастағы ер кісі тер шаршағыштыққа, жүрек соғуының жиілеу ұстамаларына, ауа жетпеу сезіміне, қозғыштыққа, кезеңдік қатты бас ауруына, бас айналуына, жалпы жүдеуіне, әсіресе иық және қолының жүдеуіне шағымданып қаралды. 12 жыл бойы шахтада бұрғышы болып жұмыс истейді. Қарап тексергенде: науқас астенизирленген, саусақтар мен табанның акроцианозы. Сухожильды рефлекстері біркелкі төмендеген. Барлық сезімталдық түрлерінің бұзылыстары, әсіресе айқын вибрационды. Ромберг қалпында тұрақсыз. Координаторлық сынамасы жеңіл интенциямен.
Қандай алдын ала қойылатын диагноз дұрыс?
*Гийена-Барре синдромы
*Бүйірлі амиотрофиялық склероз
*+Вибрационды ауру
*Полиомиелит
*Сәулелік ауру
!37 жастағы ер кісі, естудің төмендеуіне, сыбырлаған сөздерді нашар естиді, сөйлесу кезіндегі жақсы қабылдаумен, кезеңдік бас ауруына, бас айналуына шағымданып қаралды. 9 жыл бойы авиационды моторист болып жұмыс жасайды. Қарап тексергенде: естудің әлсіз төмендеуі, сыбырлау сөздерін екі метрлік аралықтан қабылдайды. Басқа бұзылыстар анықталмады.
Қандай алдын алу диагнозы дұрыс?
*+Кохлеарлы неврит
*Меньер ауруы
*Миелит
*Энцефаломиелит
*Омыртқаның мойын бөлімінің остеохондрозы
!63 жастағы ер кісі. Ертеңгісін ұйқыдан кейін, бас айналуы мен сол қолы мен аяғындағы әлсіздікті сезінген. Әлсіздік үдеген және үш күн аралығында сол аяқ қолының салдануы пайда болған, сонымен қатар оң көзімен көруі нашарланған. Объективті: АҚ 110/70 мм сын. бағ. Пульс жүйелі минутына 80 соққы, толуы мен қуаты қанағаттанарлық. Жүрек үндері көмескі. Оң жақ ұйқы артериясының соққысы төмендеген. Сол жақ мұрын ерін қатпары тегістелген, тілін сыртөа шығарғанда солға қисайған. Сол жағының аяқ қолының белсенді қимылы шектелген, ондағы білектің бүгілу және жіліншіктің жазылу бұлшықеттерінің тонусы жоғарылаған. Сол жақты Бабинский патологиялық рефлексі шақырылады.
Қандай топикалық диагноз дқрыс?
*Мидың сол жақ жарты шары зақымданған және оң көру нерві
*Ми қабықтары зақымдалған
*Екі жарты шар да зақымдалған және сол жақ көру нерві
*+Бас миының оң жақ жарты шары зақымдалған және оң көру нерві
*Бас миының қытысы зақымдалған
!Науқас 25 жаста, ағаш кесуші. Көктемде орманда жұмыс жасап жүріп, кене шағуына жол беріп, оған мән бермеген. 10 күннен кейін кенеттен бас ауруы, жүрек айнуы, құсу пайда болған. Дене қызуының 39°жоғарылауы, қалтырау, мойын аймағында ауру сезімі пайда болған. Тұмауратқан науқас ретінде амбулаторлық жағдайда ем қабылдаған. Науқастың жағдайы нашарлаған және 2—3 күннен кейін қолында және мойын бұлшықетінде әлсіздік пайда болған. Неврологиялық статусында: мойын және қол бұлшықеттерінің әлсіз салдануы.
Қандай алдын ала қойылатын диагноз дұрыс?
*Масалық энцефалит
*Экономо энцефалиті
*+Кенелік энцефалит
*Тұмаулық энцефалит
*Шильдер лейкоэнцефалиті
!33 жастағы әйел кісі оң жақ білегіндегі күйдіретін сипаттағы ауру сезіміне, жұмыс кезінде оның күшеюіне шағымданып қаралды. Жоғарыда айтылған шағымдар 2-3 апта аралығында мазалайды. Қарап тексеруде: бұлшықет және оның беку орны ауру сезімімен, ісінуі анықталады, крепитациясы, оң иық буынының қимылы шектелген.
Қандай алдын ала қойылатын диагноз дұрыс?
*Бүйірлі амиотрофиялық склероз
*+Миозит
*Миастения
*Плексит
*Миелит
!46 жастағы ер кісі. Соңғы 1,5 жыл бойы қолындағы ауру сезімі және парестезиялар, жалпы жүдеу, кезеңдік бас ауруы, бас айналуы, ашуланшақтығы мазалайды. Көңіл күйі кешке қарай нашарлайды. 10 жыл аралығында құрылыста бетонщик болып жұмыс жасайды. Қарау кезінде: қолындағы беткей және терең сезімталдықтың төмендеуі, сіңірлік рефлекстердің төмендеуі анықталады. Ромберг қалпында теңселу.
Қандай алдын ала қоятын диагноз ең ықтимал?
*Миастения
*+Вибрационды ауру
*Паркинсонизм
*Полинейропатия
*Гиена-Барре синдромы
!38 жастағы әйел кісі лет, жедел ауырды, тұмаудан кейін сол төменгі жақ аймағындағы ауру сезімі пайда болды, ұстама тәрізді сипатта, ұзақтығы 2-3 сек. Ұстамалар сөйлеу кезінде, түшкіргенде, шайнау және жуынғанда күшейеді.
Неврологиялық статусында: ауру сезімі оң жақты V нервтің III бұтағының шығу нүктесінде, курковая зона сол жақты ауыз бұрышында. Басқа неврологиялық симптоматика жоқ. Көз түбі патологиясыз. Бас миының МРТ патологиясыз.
Қандай препарат тағайындау ең ықтимал?
*Циклодол
*Клоназепам
*+Финлепсин
*Глицин
*Фенозепам
!42 жастағы әйел кісі, жедел ауырды, суықтанудан кейін беті қисайған, оң көзін жұму мүмкін емес, оң жақ құлақ артындағы аймақта ауру сезімі пайда болған.
Неврологиялық статусында: оң жақ маңдай қатпары тегістелген, лагофтальм, Белла симптомы, оң көзінен жас ағу, оң жақ бетінің жартысында қимыл шектелген (маңдай, қас, жақтары),оң ауыз бұрышы түскен, ауыз ақсайту кезінде оң ауыз бұрышы қимылсыз.
Қандай препарат тағайындау бірінші кезекте?
*Антибиотиктер
*+Кортикостероидтар
*Тамырлық
*Вирусқа қарсы
*Диуретиктер
!25 жастағы ер кісі. Өткерген отиттан кйін, беті қисайған, сол жақ құлақ арты аймағында ауру сезімі пайда болған. Ертеде ештеңемен ауырмаған.
Неврологиялық статусында: сол жақ маңдай қатпары тегістелген, көз қатпары S>D, сол жақ ауыз бұрышы түскен, аузын ақсайту кезінде ауыз бұрышы қимылсыз, сол көзінен жас ағады. Басқа неврологиялық симптоматика анықталмады.
Лайықты емді тағайындаңыз.
Қандай препарат тағайындау лайықты?
*Финлепсин
*Пирацетам
*Маннитол
*+Дексаметазон
*Мексидол
!27 жастағы ер кісі, клиникаға сол бетінің жартысының ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданып түсті. Ауру сезімі кенеттен, күйдіретін , ұстаманың ұзақтыңы бірнеше секундтан минутқа дейін. Ауру сезімі сол жақ жоғарғы ерін аймаңынан басталады , шайнаумен, жуынғанда, қырынғанда күшейеді. Ауру сезімі гиперемиямен, сол жақты жас ағумен жүреді.
Қандай препарат тағайындау бірінші кезекте?
*Актовегин
*+Карбамазепин
*Тиамин
*Церебролизин
*Милдронат
!56 жастағы ер кісі, кенеттен эмоциональды жүктемеден кейін оң аяқ қолындағы әлсіздікті және жансыздануды, сөйлеудің қиындауын сезінді. Көп жылдар бойы артериальды қысымның жоғарғы сандарымен жүретін гипертониялық аурумен ауырады.
Неврологиялық статусында: моторлы афазия элементтері, оң жақты мұрын ерін қатпары тегістелген, тілі оң жаққа қисайған, жеңіл оң жақты гемипарез. Барлық көрсетілген белгілер үш сағаттың ішінде шешілген.
Қандай тактика жүргізу дұрыс?
*Жоспарлы түрде стационарға госпитализация
*+ Шұғыл түрде стационарға госпитализация
*Амбулаторлы жағдайда ем алу
*Хирургиялық ем
*Жоспарлы түрде поликлиникаға қаралу
!57 жастағы ер кісі ертеңгісін кенеттен артериальды қысымның 150/100 мм рт.ст. жоғарылау фонында пайда болған қатты бас ауруына, құсуға, оң аяқ қолының жансыздануына және ілсіздігіне, сөйлеудің бұзылуына шағымданады. Объективті АҚ- 200/115 мм рт. ст., пульс – минутына 94 соққы. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 3 көлденең саусақпен, Керниг және Брудзинский симптомдары екі жақты. Бет және оң жақты тіл мимикалық бұлшықеттерінің орталық салдануы, тонусы мен рефлекстердің жоғарылауымен оң жақты гемиплегия және гемигипестезия.
Қандай препарат тағайындау ең лайықты?
*+Сульфат магния
*гепарин
*Аспирин
*теофиллин
*Пентоксифиллин
!33 жастағы ер кісі, қатты бас ауруына , бас айналуы шағымдарымен жеткізілді. Қарау кезінде: шүйде бұлышқеттірінің ригидтілігі, Керниг симптомы, жалып интоксикация көріністері, қандағы Вассерман реакциясы оң, ликворда лимфоцитарлы плеоцитоз.
Бұл жағдайда қандай емдік тактика ең лайықты?
*Преднизолон
*Изониазид
*Грамицидин
*+Пенициллин
*Тетрациклин
!40 жастағы әйел кісі, кенеттен ауырды, өткерген тонзиллиттан кейін, толқын тәрізді қызба, петехиальды бөртпе, мұрнынан қан ағу, жалпы улану көріністері, буындарындағы ауру сезімі мазалаған . Неврологиялық статусында: есінде, сұрақтарға әлсіз жауап береді. Горизонтальды нистагм. Бұлшықет тонусы төмендеген. Гипергидроз түріндегі айқын вегетативті бұзылыстар, аяқ қолдың акроцианозы. Райт-Хеддельсон реакциясы оң нәтижелі.
Қандай препарат тағайындаған бірінші ретті болып табылады?
*Преднизолон
*+Рифампици
*Изониазид
*Маннитол
*Тиамин
!34 жасар ер кісі, дене қызуының 37,5° градусқа жоғарылауымен, айқын бас ауруына, бас айналуына, тәбетінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуына шағымданып қаралды. Симптомдар 2 апта ағымында пайда болды және біртіндеп күшейді. Неврологиялық статусында: сол жақты айқаспалы қылилық, сол жаққа қарағандағы диплопия, шүйде бұлшықетінің ригидтілігі 3см, Керниг симптомы 120°градуспен, аяқ қолдың салданулары жоқ.
Осы жағдайда қандай емдік тактика ең лайықты?
*Терапевтикалық бөлімшеге жатқызу.
*Пульмонологиялық бөлімшеге жатқызу.
*+Арнайы емдік мекемеге жатқызу.
*Емді амбулаторлы жүргізу
*Инфекционды ауруханаға жатқызу
!43 жастағы ер кісіде, толық дені сау фонда дене қызуының 38° градусқа жоғарылауы, бас ауруы және құсу, көз алмасында ауру сезімі пайда болды.
Неврологиялық статусында: қарашықтары D=S, Манн-Гуревич симптомы оң, шүйде бұлшықетінің ригидтілігі 2 см, Керниг симптомы 120°градуспен, ошақты неврологиялық симптоматика анықталмады.
Қандай терапия тағайындау бірінші кезекте болып табылады?
*+Вирусқа қарсы терапия
*Дегидратационды терапия
*Гипотензивті терапия
*Антибактериальды теапия
*Антигистаминдітерапия
!33 жастағы ер кісі жұмысқа барар жолда, жығылып, құлады, желкесімен бордюрға басын соғып алды. Есін бірнеше секундқа жоғалтқан, өздігінен тұрып, жұмысқа жеткен, жұмысында бір сағаттан кейін қатты бас ауруы, бас айналуы және жүрек айнуы пайда болған. Медпунктке қаралды. Қарау кезінде: жұмсақ тіндердің жарақаттары жоқ. Пульсі ритмді, мин 82 соққы., АҚ—110/70 мм.рт.ст. Есі анық. Өзін ұстауы дұрыс. Есте сақтауы сақталған. Менингеальды және ошақты неврологиялық симптомдар жоқ. Қандай диагностикалық әдіс бірінші ретте тағайындалады?
*Люмбальды пункция
*Ульразвуковая доплерография
*+Компьютерная томография
*Допплерография
*Реоэнцефалография
!Комадағы Глазго шкаласы келесі критерийлер бойынша баға береді:
*Көздерді ашу, қозғалу реакциялары
*Қозғалу реакциялары, сөздік жауап
*Көздерді ашу, сезімталдыққа проба, сөздік жауап
*+ Көздерді ашу, қозғалу реакциялары, сөздік жауап
*Көздерді ашу, мишық сынамалары, сөздік жауап
!Қабылдау бөліміне туыстарымен 37 жастағы науқас ессіз жағдайда келіп түсті . Айтулары бойынша, көп жыл бойы ішімдікті шамадан тыс қолданады, бүгін бір сағат көлемінде науқаста 5 эпиұстама болған, науқас есін жинамаған.
Науқасты жүргізу тактикасы қандай?
*Неврологиялықбөлімшеге госпитализация
*Психиатриялықбөлімшегегоспитализация
*+ПИТ- ке госпитализация
*Нейрохирургиялықбөлімшегегоспитализация
*Наркологиялық бөлімшегегоспитализация
!Науқаста оң жаққа қарағанда горизонтальды нистагм, оң жақта мұрын саусақ сынамасында интенционды тремор, мегалография, скандирленген сөйлеу. Патологиялық ошақ қайда орналасқан?
*Мишық құртшасының оң жақ бөлігінде
*Мишық құртшасының сол жақ бөлігінде
*+Мишықтың оң жақ жарты шарында
*Мишықтың сол жақ жарты шарында
*Ішкі капсулада
!Науқас П.,56 жаста,тракторист, сол жақ қолға берілетін мойын аймағындағы ауырсынуға шағымданады.Анамнезінде:мойын аймағындағы ауырсыну 3 жыл бойы мазалаған.Соңғы 3 айда жағдайы нашарлаған.Ауырсыну сол жақ қолға беріліп,басын қозғалтқанда ауырсыну күшейген.Қарап тексергенде:С2-С3 омыртқаларының қылқанды өсінділерінің ауырсынуы,корпорадиальды рефлекс төмендеген,иықтың алдыңғы сызығы бойынша жолақ түріндегі гипестезия,шынтаққа және 5 саусаққа дейін созылған.Клиникалық диагноз қойыңыз:
*+Мойындық остеохондроз,C8 түбіршелік синдром
*Мойындық остеохондроз,C6 түбіршелік синдром
*Мойындық остеохондроз,кіші кеуде бұлшықеттік синдромы
*Мойындық остеохондроз, иықжауырындық периартроз
*Мойындық остеохондроз,алдыңғы сатылы бұлшықеттік синдром
!Науқас, 50 жас,беттің оң жақ бөлігіндегі ұстама тәрізді ауырсыну шағымымен келіп түсті.Ауырсыну кенеттен пайда болады және өткір,кеселіген тәрізді сипатта,10-15 секундқа созылады.Ауырсыну ұстамасы сөйлеу,шайнау және жұтыну кезінде пайда болады.Ауырсыну ұстамасы кезінде бетін тері жабындыларының қызаруымен мимикалық бұлшықеттерінің спазмы байқалады.Ұстамадан тыс уақытта инфраорбитальды нүктенің ауырсынуы,оң жақ жоғарғы жақ аймағының гиперстезиясы.Науқасқа қандай топтағы препаратты тағайындау керек және неге?
*Антибиотиктер, қабынуға байланысты
*Антиоксиданттар,ишемия аймағы бар
*Тырысуға қарсы препараттар,эпиприпадканың болуына жоғары мүмкіндік
*+Тырысуға қарсы препараттар,невропатиялық ауырсыну орыны бар
*Спазмолитиктер,негізгі патогенезі спазмға байланысты болуы
!Науқас 20 жаста, стационарға аяқтарының әлсіздігіне, көруідің нашарлауына - кітап оқығанда әріптер екі еселенеді, оң жақ бетінің ұйып қалуына шағымданып түсті. Анамнезінен: жиі ЖРВИ. Обьективті: есі анық, контактіге түседі. БМН: қарашық OD=OS, фотореакциялар сақталған,көзин сыртқа қарауды өтингенде екі жақтада мұрынға қарай бағытталу анықталмайды , аккомодация мен конвергенция бұзылмаған, оң жақта горизонтальды крупноразмашистый нистагм. Оң жақ бет бөлігінде сезімталдық төмендеген. Аяқтарындағы бұлшықет күші 3 балл, тонустары төмендеген, қолдарында- анықталады D=S, аяқтарында- жоғары. Екі жақтан да Бабинский, Россолимо, Шеффер симптомдары оң. Аяқтарында терең сезімталдық төмендеген. Абдоминальды рефлекстер-анықталмайды. Ромберг кейпінде аздап теңселу. Классификациясы бойынша диагнозын анықтаңыз.
*+Шашыранды склероз,ремиссия ағымы, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, әлсіз спастикалық парапарез.
*Шашыранды склероз, интермиттирленген ағымда, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, әлсіз спастикалық парапарез.
*Шашыранды склероз, біріншілік-прогредиентті ағым, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, әлсіз спастикалық парапарез.
*Шашыранды склероз, екіншілік-прогредиентті ағым, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, терең спастикалық парапарез.
*Шашыранды склероз, прогрессирленген ағым, артқы монокулярлы интернуклеарлы офтальмоплегия, диссоциациялы клиникалық синдромы, әлсіз спастикалық парапарез.
!Шашыранды склерозбен ауыратын науқаста жұлын-ми сұйықтығының көріністері?
*Жасушалы-ақуызды диссоциация
*+Гамма глобулиндер деңгейінің жоғарлауы
*Нейтрофильді плеоцитоз
*Лимфоцитарлы плеоцитоз
*Лайлы
!25 жатағы ер адам бас ауыруына және дене температурасының 37,5° С соңғы екі күн ішінде көтерілуіне шағымданады. Ауырардан бұрын өзін толық саумын деп санаған. Тексергенде: есі анық, бағыт-бағдары сақталған, желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг симптомы екі жақтан оң, басқа неврологиялық бұзылыстар жоқ. Диагностикалық мақсатта люмбальды пункция жүргізілген. Цереброспинальды сұйықтықты зеррттеу барысында мкл да 150 клетка лимфоцит анықталған, белок — 0,65 г/л, глюкоза қалыпты. Болжам диагнозы:
*Менингококкты менингит
*Пневмококкты менингит
*Іріңді менингит
*+Серозды менингит
*Ревматикалық менингит
{Дұрыс жауап}= D
$$$0029
Науқаста келесі симптомдар байқалады: бұлшықет тонусының төмендеуі, еркінен тыс ретсіз қозғалыстар, бір бірімен алмасып отыратын. Науқас бірде көзін жұмады, бірде тілін шығарады, бірде қолын лақтырады, бірде жұлқынады, түрін бұзады, бұл тән:
*Тик
*Паркинсонизм
*Атетоз
*+Хорея
*Гемибаллизм
!3 жастағы балада тексеру барысында аяқтары тізе буынында жазылған, бүгілуі қиындаған, жүру кезінде аяқтары айқасады, сіңір рефлекстрі жоғарылаған. Осы науқастың жүрісі қай патологиялық жүріске жатқызылады және неліктен?
*Штамптелген, терең сезімталдықтың жоғалу салдарынан вследствие выпадения глубокой чувствительности
*Гемипаретикалық, сол жақтан бұлшық ет күшінің әлсіреуінен
*Қуыршақ жүрісі, дофамин жеткіліксіздігінен
*Атактиялық, мишықтың зақымдану салдарынан
*+Спастико-паретикалық , аяқ бұлшықетінің тонусының жоғары болу салдарынан
!Науқас 23 жаста, аяқ-қолдарының әлсіздігіне, қол білезіктері және табандары ұйуына, жүргенде теңселетініне шағымданады. Науқастың айтуы бойынша екі апта бұрын грипп тәрізді жағдай болған. Тексергенде аяқ қолдарының бұлшықет тонустары төмендеген, білезік және табан бұлшықет күштері 1 баллға дейін төмендеген, «шұлық және қолғап» тәрізді сезімталдықтың төмендеуі, карпорадиальды және ахилл рефлекстері анықталмайды, аяқ қолдарының терісі өзгерген. Ликвор түссіз, мөлдір, цитоз 10 лимфоцит, белок- 20 гр/л. Қандай ем тағайындаймыз және не себепті?
*Церебролизин, себебі ишемия
*Прозерин, себебі аутоиммунды процесс
*Кавинтон, себебі ісіну және бейспецификалық қабыну
*Преднизолон, себебі ісіну және бейспецификалық қабыну
*+Плазмаферез, себебі аутоиммунды процесс.
!Науқас Т 18 жаста. Жедел ауырған. Тексергенде: жалпы жағдайы ауыр, есі күңгірттенген, бір жақ қырынан басы мен аяғы ішіне қарай бүгілген. Кеудесінде, ішінде, арқасында, аяқ қолдарында көптеген жұлдызша тәрізді геморрагиялық бөртпелері бар, балтыр және тізе аймағында бірігіп гемморрагия мөлшері 2 см ге дейін жетеді. Желке бұлшықеттерінің ригидтілігі мен Керниг симптомы бірден білінеді. Қан анализінде: Л - 1 мкл да 18000, ЭТЖ – 40 мм/сағ. Люмбальды пункцияда: лайлы сұйықтық, нейтрофильді плеоцитоз - 1 мм клеткада 442, белок - 1,32, қант- 0,99 г/л, хлоридтер – 122 ммоль/л. Науқасқа қандай топтағы антибиотиктер тобын тағайындаймыз және неге?
*Пенициллиндер, себебі тез регрессия симптомына әкелетін айқын бактерицидті әсер көрсетеді.
*Пенициллиндер, себебі эндотоксин босауын алдын алуына бактериостатикалық әсер көрсетеді
*Левомецитиндер, себебі тез регрессия симптомына әкелетін айқын бактерицидті әсер көрсетеді.
*Левомецитиндер, себебі эндотоксин босауын алдын алуына бактериостатикалық әсер көрсетеді
*Цефалоспориндер, себебі тез регрессия симптомына әкелетін айқын бактерицидті әсер көрсетеді.
!Мына жүйке зақымданғанда амавроз дамиды:
*Көру трактысы
*Иіс сезу трактысы
*Көру төмпешігі
*+Көру нервісі
*Ішкі капсула
!Қарашықтардың әр түрлі болуы аталады:
*Миоз
*+Анизокория
*Мидриаз
*Амблиопия
*Амавроз
!68 жастағы әйел адамда ми инсульты дамыды. Неврологиялық статуста: оң жақты гемиплегия, гемианестезия және гемианопсия. Патологиялық ошақ қайда орналасқан:
*Маңдай бөлігі сол жақтан
*Маңдай бөлігі оң жақтан
*+Ішкі капсула сол жақтан
*Ішкі капсула оң жақтан
*Ми бағаны
!Науқаста дерттің нәтижесінде жүрген кезде атаксия, саусақ-мұрын және тізе-өкше сынамасын жасағанда интенционды тремор, оңға қарағанда нистагм пайда болды. Бұл клиника оң жақтан айқын көрінеді. Ромберг позасында науқас оңға құлайды. Патологиялық ошақ орнын көрсет:
*Мишық құрты
*Мишықтың сол жақ шар жартысы
*+Мишықтың оң жақ шар жартысы
*Мищықтың жоғарғы аяқшалары
*Мищықтың төменгі аяқшалары
!Науқаста кенеттен басының ауру сезімі, құсу, жүрек айну симптомдары пайда болды. Объективті тексергенде: горизонтальді нистагм, солға қарағанда айқын, сол жақтан адиадохокинез, скандирленген сөйлеу, атаксия, Ромберг позасында солға құлайды. Зақымданған ошақ аймағын тап:
*+Мишықтың сол жақ жарты шары
*Мишықтың жоғарғы аяқшалары
*Мишықтың төменгі аяқшалары
*Мишықтың оң жақ жарты шары
*Мишық құрты
!42 жасар ер адам, 3 жыл бұрын бас-ми жарақатын алды. Жүрісінің бұзылуына, оң жақ қол мен аяғының қозғалыстарының бұзылысына шағымданады. Қарағанда – орталық тип бойынша оң жақты пирамидалы жетіспеушілік, координаторлы сынамаларды сол жақтан интенциямен жүргізеді, адиадохокинез сол жақтан, сол жақтан бұлщықет гипотониясы. Зақымданған құрылымдарды көрсет:
*Жұлын-церебелярлы жол сол жақтан, руброспинальды оң жақтан
*Алдыңғы ортаңғы иірім сол жақтан, сол жақты маңдай-мишықты жол
*Алдыңғы ортаңғы иірім оң жақтан, оң жақты маңдай-мишықты жол
*Жұлын-церебелярлы жол оң жақтан, руброспинальды сол жақтан
*+Алдыңғы ортаңғы иірім сол жақтан, мишықтың сол жақ жарты шары
!Науқаста атаксия, оң жақтан интенционный тремор, адиадохокинез, горизонтальды нистагм. Зақымдану ошақ қайда орналасқан:
*Мишық құрты
*Оң жақ ми аяқшасы
*Мишықтың сол жақ жарты шары
*+Мишықтың оң жақ жарты шары
*Сол жақ алдыңғы ортаңғы иірім
!Гипертониялық аурумен ауыратын 54 жасар ер адамда кенеттен сөйлеу қабілетінің бұзылуы байқалды. Оған айтқан сөзді түсінеді, қарапайым инструкцияларды орындайды, экспрессивті сөйлеу қабілеті тежелген. Қандай аймақ зақымданған:
*+Брок аймағы
*Вернике аймағы
*Шетүстілік иірім
*Аралшық
*Супрамаргинальды иірім
!48 жасар ер адам, оң жақ шайнау бұлшықеттерінің әлсіздігіне шағымданады. 1 жыл көлемінде ауырады. Объективті: ауызын ашқанда төменгі жақ оң жаққа ығысады. Оң жақ шайнау бұлшықеттерінің гипотрофиясы және гипотониясы. Төменгі жақ рефлекстері оң жақтан төмендеген. Сезімталдық бетте сақталған. Патологиялық процесстің орналасқан жері:
*Тілжұтқыншақ нервтің оң жақ қозғалыс ядролары
*+Үшкіл нервтің оң жақ қозғалыс ядролары
*Үшкіл нервтің III тармағы
*Бет нервісі оң жақтан
*Кезбе нерв оң жақтан
!Әйел адам, 43 жасар, невропатологқа бетінің асимметриясына шағымданады. Жуынып жатқанда байқады: ауыз қуысында суды ұстай алмайды, ұртын үрлей алмайды. Өзінің ауруын суықпен байланыстырады. Объективті: көз саңылауы сол жақтан ұлғайған, көзі жабылмайды. Қасын түйгенде қыртыс пайда болмайды. Сол жақ мұрын-ерін бұрышы тегістелген. Белл симптомы сол жақтан оң. Көзінен жас ағады. Қасүсті рефлексі сол жақтан шақырылмайды. Мишықтық симптомдар және сезімталдық бұзылыстар анықталмайды. Науқаста қандай диагноз:
*Үшкіл нервтің невропатиясы
*Кезбе нервтің невропатиясы
*Тілжұтқыншақ нервтің невропатиясы
*+Бет нервтің невропатиясы
*Тіласты нервтің невропатиясы
!8 жасар қыздың анасы дәрігерге мынадай шағымдармен келді: соңғы 3 ай көлемінде қызы нашар оқи бастады. Сабақ үстінде қызда периодты түрде қатып қалған көзқарас, сол уақытта сұраққа жауап бермейді, өзінің атына тіл қатпайды. Талмалар еш уақытта болмаған. Неврологиялық қарауда ешқандай бұзылыс байқалмады. Науқаста қандай диагноз болуы мүмкін:
*+Абсанстар
*Синкопальды жағдайлар
*Тәрбие дефектісі
*Талу
*Джексонды талмалар
!26 жасар ер кісі емханаға айына 1-2 рет болатын талмаға шағымданып келді. Талмалар 6 ай көлемінде. Талмалар өздігінен пайда болады. Туыстары науқас талма болған кезде құлайтынын, денесі тырысып қалатынын айтады, кейін талма пайда болатынын, тілін тістейтінін, еріксіз зәр шығаратынын айтады. Клиникалық зерттеулерден кейін диагноз қойылып, ем тағайындалды. Қандай дәрілік заттар қолданған дұрыс:
*Диакарб
*Преднизолон
*+Депакин
*Энцефабол
*Прозерин
!Науқас бала 3 жаста отыра алмайды, басын әрең ұстайды, омыртқасы доға тәрізді бүгілген. Бұлшықеттік тонус төмендеген. Осы көрсетілген симптомдар қандай ауруды сипаттайды?
*Вердниг-Гоффман амиотрофиясы
*Шарко-Мари амиотрофиясы
*Томсен миотониясы
*+Ландузи-Дежерин ауруы
*Дюшенн ауруы
!8 жастағы науқас ұл балада жүргенде қиындық байқалады. Объективті: жалпы арықтау фонында балтыр-аяқ бұлшықеттерінің көлемінің ұлғайғаны айқындалады. Интеллект төмендеген. Жүрек ұшында систоликалық шу бар. Мына диагноз қойылады:
*Ландузи-Дежерин ауруы
*Ревматизм
*+Шарко-Мари ауруы
*Дюшенн ауруы
*Вильсон-Коновалов ауруы
!Науқас 13 жаста, ешбір себепсіз дене қызуы 39 ° көтерілді, жалпы әлсіздік, бас ауруы, құсу, психомоторлық қозумен ауысып отыратын естің өшуі, жарықтан қорқу пайда болды. Менингеальді симптомдар айқындалған. Бактериялық менингит диагностикаланған. Қандай іс-әрекет жасалады:
*Үйге шақырылған невропотолог кеңесімен үйде қалдыру.
*+Шұғыл интенсивті терапия бөлімшесіне жатқызу.
*Шұғыл инфекциялық бөлімшеге жатқызу.
*Эндолюмбальді 5% глюкозы ерітіндісін 50 мл енгізу.
*Эндолюмбальді преднизолон енгізу (30мг).
!10 жастағы балада аяқ жақтардың, бет және дененің бұлшықеттерінің еріксіз тартылуы пайда болды. Еріксіз қозғалыс тыныштық кезінде де, сол сияқты өзіндік қозғалыс кезінде де болады. Науқас біресе көзін қатты жұмады, біресе тілін шығарады, бет-аузын қозғалтады, біресе аяғын, біресе қолын лақтырады. Бұлшықеттік тонус төмендеген. Қандай синдром болады?
*Гемибаллизм
*Атетоз
*+Xореялық гиперкинез
*Торсиондық дистония
*Миоклония
!8 айлық балада омыртқаның белсегізкөздік бөлімі деңгейінде жұлынмилық жарық бар, неврологиялық симптоматика аяқ жақтардардың тарамыстық рефлекстерінің кішкене жандануымен сипатталады. Интраоперационды: жұлын ми қыртысының омыртқа ақауының ісінуі. Болжаулы диагноз.
*Миеломенингоцеле
*Менингорадикулоцеле
*Миелоцистоцеле
*+Менингоцеле
*Миелоцеле
!1 айлық науқас балада ыңырсып жылау, дисфония, дисфагия, кенеттен тоқтап қалатын демалудың бұзылуы, спастикалық тетрапарез бар. Анамнезінде щипцының көмегімен тууға көмектесілген. Зақымдану ошағы:
*Омыртқаның мойын бөлімі
*Омыртқаның бел бөлімі
*+Краниоспиналдық бөлім
*Омыртқаның кеуде бөлімі
*Омыртқаның мойын-кеуде бөлімі
!Аталған симптомдардың қайсысы сезімталдық бұзылысына жатады?
*Афазия
*Анартрия
*+Дизестезия
*Прозоплегия
*Апраксия
!Бұлшық ет тонусының спастикалық түрі бойынша жоғарылауына тән:
*«Тісті доңғалақ» симптомы
*Аяқ-қолдардың берілген кейіпінде қатайып қалуы
*+«Бүктемелі пышақ»симптомы
*Аяқ-қолдардың жазғыш бұлшық еттерінің гипертонусы
*Аяқ-қолдардың бүккіш бұлшық еттерінің гипертонусы
!Науқас А. қосарлана көрінуіне шағымданады. Объективті түрде қарағанда ішке қарай қитарлану, көз алмасын сыртқа қарай әкету қызметі бұзылған. Бас сүйек нервтердің қайсысы зақымданған?
*+Әкеткіш
*Көзқозғалтқыш
*Үшкіл
*Бет
*Шығыр
!Н. науқаста объективті түрде қараған кезде гиперакузия анықталады. Қандай бас сүйек нервтің зақымдануына бұл симптом тән болып келеді?
*Кезбе нерві
*Тілжұтқыншақ нерві
*Кіреберіс-ұлу нерві
*+Бет нерві
*Үшкіл нерві
!Науқаста сол жақты орталық гемипарез анықталалды. Бұл синдромға қандай патологиялық рефлекс тән болып келеді?
*Мацкевич симптомы
*Нери симптомы
*Васссерман симптомы
*Шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі
*+Россолимо симптомы
!60 жастағы науқаста келесі симптомдар анықталады: дисфагия, дисфония, дизартрия. Бұл жағдайда қандай синдром туралы ойлауға болады?
*Таламикалық синдромы
*Джексон альтернирлеуші синдромы
*+Бульбарлы синдром
*Вебер альтернирлеуші синдромы
*Мийяр-Гублер альтернирлеуші синдромы
!Науқаста гиперкинетикалық синдромы анықталады. Бұл жағдайда қандай жүйенің зақымдануы туралы ойлауға болады?
*+Экстрапирамидтік
*Пирамидтік
*Вегетативті
*Сезімталдық
*Бас ми қыртысы
!А. науқас бас айналу, қозғалыс координациясының бұзылуына, аяқтардағы әлсіздікке, жүрісінің қиындауына, зәр мен нәжіс шығаруының тоқталуына шағымданады. Анамнез мәліметтері: үш ай бұрын көз көру қабілетінің кенет жойылып, бірақ содан соң спонтанды түрде қайта қалпына келгені анықталған. Жағдайның нашарлауы 2 аптаның ішінде пайда болған. Объективті түрде төменгі спастикалық парапарез және мишықтық атаксия анықталған. Қандай қосымша зерттеу әдісі диагнозды дәлелдейді?
*Ангиография
*Краниография
*+Контрасттеумен өткізілетін бас мидың МРТ-сы
*Бас ми қан тамырларының УДДГ-сы
*Спондилография
!АҚҚ қысымы с.б. бойынша 200/120 мм-ге дейін жоғарылайтын артериялық гипертензиямен ауруатын 45 жасар науқас, кенет, эмоциялық стресстен кейін оң жақтағы аяқ-қолының әлсіздігі мен сөйлеу қабілетінің бұзылуын сезген. Неврологиялық статуста: моторлы афазияның элементтері, оң жақты мұрын-ерін қыртысы тегістелуі, тілдің оң жаққа қарай девиациясы, жеңіл дәрежелі оң жақты гемипарез анықталады. Бұл симптомдар үш сағаттың ішінде регрессияланған. Қандай профилактика әдістерін тағайындайсыз?
*Витаминотерапия
*+Гипотензивті терапия
*Антибиотикотерапия
*Седативті терапия
*Спондилография
!32 жасар А. науқас көздің қосарланып көруіне, бастың айналуына, жүрген кезде шайқалуына, аяқтардағы әлсіздікке, жүрісінің қыиндауына шағымданады. Неврологиялық статуста: сол жақтағы ішке қарай қитарлану, мишықтық атаксиясы және төменгі спастикалық парапарез. Бас мидың МРТ-сында демиелинизация ошақтары анықталады. Патогенетикалық емі ретінде қандай препаратты тағайындау қажет?
*Маннит
*Пирацетам
*+Бетаферон
*Цераксон
*Актовегин
!40 жастағы науқаста, ЖРВИ-дан 2 апта өткен соң аяқтарында әлсіздік және жансыздану байқалды. Бұлшықеттерінің әлсіздігі тез арада қолдарына жайылып, дауысы өзгеріп, жұтынуы киындай басталды. Зерттеу кезінде: тетрапарез, терең рефлекстерінің жойылуы, гипалгезия «шұлық» және «қолғап» түрінде, Ласег симптомы анықталады. Дисфагия, дисфония. Жұтыну рефлекстің жойылуы. Сіздің емдеу тактикаңыз:
*Трентал
*Финлепсин
*Мильгамма
*+Плазмаферез
*Аскорбиновая кислота
!20 жастағы науқас әйел. Ауруы жедел түрде басталған, босанғаннан кейін оң жаққа қараған кезде қосарлану (диплопия) пайда болды. Диплопия екі аптадан кейін регрессияланған. Бір жылдан соң жүрген кезде теңселу, аяғында әлсіздік пайда болып, дизартрия байқалды. Объективті түрде қарағанда: эйфория, горизонталды нистагм. Құрсақ рефлекстері жойылған. Төменгі спастикалық парапарез. Бабинский симптомы екі жағынан анықталады. Саусақ-мұрын сынамасында интенционды діріл және теңселу, дисдиадохокинез, дисметрия байқалады. Ромберг сынамасында теңселеді. Несеп шығаруында императивтік білінуі (позы* бар. Ең маңызды параклиникалық зерттеуді тағайындаңыз:
*Бас сүйектерінің рентгенографиясы
*+Бас мидың МРТ-сы
*қанның жалпы анализі
*Бас ми қан тамырларының УДДГ-сы
*Электромиография
!Науқас оң білегіндегі әлсіздікке шағымданады. Бақылаған кезде: білезік пен саусақ бүгушілердің күші нольге тең, бұлшық ет тонусы түскен, оң жақтағы карпорадиальды және шынтақ-бүгу рефлекстері жоқ. Білезік пен саусақтарды бүгу мүмкіндігі бар. Топикалық диагноз қойыңыз:
*Оң жақтағы кеуде бөлігіндегі жұлынның жарты бөлігінің зақымдануы
*+Оң жақтағы перифериялық нервтің зақымдануы
*Оң иық өрімінің зақымдануы
*Оң жақтағы алдыңғы орталық қатпардың зақымдануы
*Сол жақтағы ішкі капсуланың зақымдануы
!Науқаста келесі симптомдар анықталған: бұлшық ет сіреспелігі, брадикинезия, ахейрокинезия, пропульсия, брадилалия, парадоксальды кинезия, білезік пен бастағы ұсақ ритмді діріл, брадипсихия. Бұл синдром қалай аталады:
*Мишық атаксиясы
*Джексон синдромы
*+Акинетикалық-сіреспелі синдром
*Гиперкинетикалық-гипотоникалық
*Тетраплегия
!Науқаста екі жақ бойынша ДIV-ДVII дерматомдары шегінде ауырсыну және температуралық сезімталдық бұзылуы байқалады. Науқаста сезімталдық бұзылуының қай түрі көрсетілген:
*Перифериялық
*Артқы мүйізді-сегментарлы
*+Комиссуральды-сегментарлы
*Өткізгіштік
*Полиневритикалық
!Науқаста тетрапарез анықталған: қолда тонус төмендеген, аяқта жоғарылаған, қолдағы рефлекстер төмендеген, аяқта жоғарылаған, бұғана деңгейінен бастап сезімталдықтың барлық түрі төмендеген. Топикалық ошақты анықтаңыз:
*Жоғарғы мойын бөлігіндегі жұлынның зақымдануы
*Мойынның жуан бөлігіндегі жұлынның зақымдануы
*Кеуде бөлігіндегі жұлынның зақымдануы
*Бел-сегізкөз аймағындағы жұлынның зақымдануы
*Жұлынның жартылай зақымдану синдромы
!Науқаста тілдің оң бөлігіндегі атрофия, тілдің оң жақтағы бұлшық еттерінің фасцикулярлы жыбырлауы, тілді шығарғанда оңға қарай қисаюы байқалады. Қандай нерв зақымданған:
*Тіл-жұтқыншақ
*Кезбе
*Үшкіл
*+Оң жақтағы тіл асты
*Сол жақтағы тіл асты
!Орталық жүйке жүйесінің қай бөлігі ішімдікпен зақымдағанды?
*Супраорбиталық бұралаң.
*Вернике зона.
*Бұрыштық бұралаң.
*Фоллуккулюс.
*+Мишық құрты.
!17 жастағы науқас қыз, көңіл-күйі жабырқаңқы, мұңайған, жиі жылайды, өзінің ешкімге керексізідігі және пайдасыздығы туралы айтады. Өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойларын білдіреді. Бұзылушылықтың қай түрі екенін анықтаңыз?
*эйфория
*+депрессия
*дисфория
*жігерсіздің
*эмбиваленттілік
!45 жастағы әйел, күндізгі дене жүктемесінен соң пайда болған қарқынды бас ауруымен, жүрек айну және қайталама құсумен ауруханаға жеткізілді. Ауырғанға дейін өзін сап-саумын деп есептеген. Қарап тексеру кезінде: санасы айқын, артериалды қысымы – 160/100 мм сын. бағ., тамыр соғысы – минутына 70, ырғағы дұрыс, көзі қарығады, мойын бұлшықеттерінің сіреспелілігі, жартылай салдану және басқа неврологиялық бұзылыстар жоқ. Ең ықтимал қандай диагноз?
*ми инфаркты
*субарахноидалды қан құйылу
*+жедел менингит
*транзиторлы-ишемиялық шабуыл
*дискогенді радикулопатия
!20 жастағы ер адамда, соңғы 5 жол бойы бірнеше секунд ішінде жағымсыз иіс сезімінен басталатын есінен танып қалу ұстамасы пайда болды. Есінен танып қалу, аяқ-қолдарындағы үндескен және клонусты құрысу, тіл тістемі және зәрі тоқтамау. Ұстама бірнеше минут бойына жалғасады, ұстамадан кейін әдетте бас ауруы мазалайды, талма кезіндегі оқиғалар науқастың есінде жоқ. Бастапқыда талмалар жарты жылда бір рет болса, соңғы жылы олар айына бір ретке дейін жиілеп кетті. Қарап тексеру кезінде неврологиялық статуста өзгерістер байқалмады.
*+генерализацияланған қояншық талма
*идиопатиялық эпилепсия
*қамығулар
*қояншық ұстамасы
*кіші құрысу талмасы
!36 жастағы пациент түнгі уақытта күшейетін үдемелі бас ауруына, сондай-ақ жүрек айну, ауырсынумен құсуларға шағымдарымен келді. Анамнезінде – 4 жыл бұрын сифилис бойынша ем қабылдаған. Неврологиялық статусында нағыз Аргайл Робертсон белгілерінің кешені, сол жақ бетінің асимметриясы, орталық тип бойынша жеңіл сол жақтың гемипарезі, гемигипестезия. Бас миының МРТ-сы жасалды, ми оң жақ жарты шарлардың конвекцитальды бетінің (сурет) көлемді құрылымы. Қанында – оң Вассерман реакциясы. Ең ықтимал қандай диагноз?
*нейробруцеллез
*созылмалы серозды менингит
*+нейросифилис
*ишемиялық инфаркт
*бет жүйкесінің невриті
!42 жастағы пациент, оң қолындағы ұдайы құрысуларға шағымданып келді, құрысулар оқтын-оқтын күшейіп тұрады және науқас есінен танып қалады. Анамнезінен: тайгада болған кезінен кейін дене қызуының көтерілуі және қол бұлшық еттерінің әлсіреуі дамуымен жедел инфекцияға шалдыққан. Қарап тексеру кезінде: бас сүйек жүйкесі жағынан IX, X, XI және XII бас сүйек жүйкелерінің перифериялық жартылай салдану белгілері. Қолдарының күші 3 баллға дейін төмендеген, олардың айқын солуы. D>S тізе рефлекстерінің анизорефлексиясы, 2 жақтан патологиялық табан рефлекстері. Тексеріп қарау кезінде оң қолында үздіксіз бұлшық еттің құрысуымен гиперкинезі байқалды. Ең ықтимал қандай диагноз?
*менингоэнцефалит
*+кене энцефалиті
*нейроревматизм
* паркинсонизм синдромы
* ұмытшақтық склерозы
!52 жастағы әйел адам, миастениямен азап шегеді, аяқ-қолдары бұлшық еттерінің әлсіреуінің үдеуіне байланысты, дәрігердің кеңесінсіз калимин мөлшерін тәулігіне 3 таблеткадан 6-8 таблеткаға дейін көбейткен. Осның салдарынан ішінде ауырсынулар және күшті сілекейдің бөлінуі пайда болған, аяқ-қолдарындағы әлсіздік үдеген. Тексеріп қарау кезінде: тері жабындылары бозғылт, артериалды қысым – 80/40 мм сын. бағ., тамыр соғысы – минутына 42, тыныс алуы минутына 25-ке дейін жиілеген, қарашықтары қысаң, симметриялы, аяқ-қолдарының күші 4 баллға дейін төмендеген, сіңір рефлекстері төмен.
*+миастениялық криз
*тимома
*холинэргиялық криз
* ишемиялық инсульт
*субарахноидалды қан құйылу

!Терең сезімталдықтың өткізгіш жолының үшінші нейрондарының денесі қайда орналасады?


*бас миы қыртысының артқы ортаңғы иірімінде
*+таламуста
*спинальды ганглийде
*жұлынның артқы мүйізінде
*сопақша мида

!40жастағы ер адам екі жақ аяғының ауыруына, жансыздану сезіміне және шаншуға, жүрісінің бұзылуына шағымданады. Объективті: аяқтарында «шұлық» түріндегі сезімталдықтың барлық түрлері төмендеген, тізе рефлекстері төмендеген, ахиллрефлексы жоқ,Ромберг сынамасында және жүрген кезде теңселу байқалады,науқас көзді жұмғанда теңселу үдейеді. Сезімталдықтың бұзылыс түрін анықтаңыз:


*спинальды өткізгіш,
*церебральды қыртыстық
*спинальды сегментарлы
*церебральды өткізгіш
*+шеткі

!Науқаста бетінің, денесінің, қолы мен аяғының оң жағында сезімталдықтың барлық түрлерінің бұзылыстары бар. Зақымдану ошағы қайда орналасқан?


*+сол жақтан қыртыстың артқы ортаңғы иірімінде
*сол жақтан ішкі капсула деңгейінде
*сол жақтан ми бағанының деңгейінде
*оң жақтан ми бағанының деңгейінде
*оң жақтан ішкі капсула деңгейінде

!23жастағы науқас заттардың екі еселенуіне, бас ауруына, дене қызуының 37, 50 С дейін жоғарылауына, түңгі тершеңдікке шағымданады. Неврологиялық статус: қарашық OD =OS, фотореакциялар аздаған сипатта,басы симметриялы, сіңірлік рефлекстер симметриялы шектелген сипатта, бұлшықеттік тонус жеткілікті симметриялы,бұлшық ет күші 5 б., сезімьалдық сақталған, координаторлы сынамаларды орындайды, мойынарты бұлшықеттер ригидтілігі 3 көлдеңең саусақ,Керниг пен Брудзинский симптомы оң. Синдромды диагноз қойыңыз.


*+менингеальды синдром
*паркинсонизм синдромы
*мишықтық атаксия
*Клод-Бернар-Горнер синдромы
*миоклоникалық синдром

!Науқасқа папиросты қалай тартатының көрсетуді өтінген, науқас папирос корапшасын сырып, сосын сіріңкені алып оны аузына апарады. Зақымдану қай жерде орналасқан


*доминантты жарты шардың самай бөлімінде
*сүйелді дененің зақымдануы
*+доминантты жарты шардың төбе бөлімінде
*маңдай бөлімінде, доминантты емес жарты шарда
*Сол жақ шүйде бөлімінде

!Науқас айтылған сөздерді түсінеді, бірақ сөйлей алмайды, тілдің, көмейдің, жұмсақ таңдайдың параличі жоқ. Бұл зақымдану қалай аталады және қайда орналасқан?


*сенсорлы афазия- сол жақ маңдай бөлігінің төменгі бөлімі зақымданады, орталық иірімнің алдыңғы жағында
*сенсорлы афазия- жоғарғы самай иірімінің артқы үштен бірі зақымданады
*моторлы афазия- жоғарғы самай иірімінің артқы үштен бірі зақымданады
*+моторлы афазия- сол жақ маңдай бөлігінің төменгі бөлімі зақымданады, орталық иірімнің алдыңғы жағында
*амнестикалық афазия- сол жақ маңдай бөлігінің төменгі бөлімі зақымданады, орталық иірімнің алдыңғы жағында

!62 жасар әйелде, кенеттен оң жақ аяқ қолында әлсіздік пайда болып, беті


« қисайды». Объективті: сол жағында қитарланған қылилық, сол көзі жабылмайды, сол жақты мұрынерін қатпары тегістелген, «желкен» симптомы, тісін ақситқанда сол ауыз бұрышы қалады, тілі ортаңғы сызық бойында. Оң жақты спастикалық гемипарез.
Зақымдалу ошағы қайда орналасқан?
*Iшкі капсулада
*Бас миының қыртысында
*Ортаңғы ми аймағында
*+Варолиев көпірі аймағында
*Сопақша ми аймағында

!40 жасар әйел. АҚ 210/130 мм рт. ст. жоғарылауы фонында бас айналуын, жүру кезіндегі теңселуді айқаған. Объективті: жанына қарағандағы нистагм, Ромберг қалпында тұрақсыздық, саусақ-мұрын және тізе –өкшелік сынамасыон орындау кезінде екі жақты атаксия байқалады. 10 минуттан кейін барлық патологиялық өзгерістер қалпына келді.


Қандай диагноз ЕҢ ЫҚТИМАЛ?
*Гипертониялық церебральды криз
*Жедел гипертониялық энцефалопатия
*+Транзиторлы ишемиялық шабуыл вертебро-базиллярлы бассейнде
*Транзиторлы ишемиялық шабуыл ортаңғыми артериясы бассейнінде
*Транзиторлы ишемиялық шабуыл алдыңғы ми артериясы бассейнінде

!Созылмалы алкоголизммен зардап шегетін 44 жасар ер кісі, жергілікті мекен жайы бойынша емханаға білезік және табанындағы күйдіретін ауру сезіміне шағымданып қаралды. Зерттеу кезінде «шұлық және қолғап» типі бойынша сезімталдықтың бұзылысы анықталады


Қандай диагноз ЕҢ ЫҚТИМАЛ?
*Невроз
*Невралгия
*Туннельді синдром
*Мононейропатия
*+Полинейропатия

!Ер кісі 64 жаста, жүрісі мен сөйлеуінің қиындауына, тыныштықтағы треморға шағымданып қаралды. Объективті: амимия, брадилалия, дауысы жай, бұлшықеттердің ригидтілігі, пластикалық типтегі тонусының жоғарылауы, гипокинезия.


Қандай дәрілік зат тағайындау қажет?
*+Л-Допа препараты
*Коагулянттар
*Цитостатиктер
*Антибиотиктер
*Иммуномодуляторлар

!20 жасар жасөспірім, клиникаға қысатындай бас ауру сезіміне, көпретті құсуға, дене қызуының жоғарылауына, қалтырауға шағымданып қаралды. Науқастың бетіқызарған, мұрынерін үшбұрышы көгерген, көз қантамырлары қанталаған, менингеальды синдром анықталады. Ликвор бұлыңғыр, сары-жасыл, нейтрофильды плеоцитоз.


Этиотропты терапия үшін қандай препарат ЕҢ ЫҚТИМАЛ?
*Антигипоксант
*Антивирусты препарат
*Антикоагулянт
*+Антибиотик
*Кортикостероид

!35 жасар әйел кісіні қарау кезінде: горизонтальді нистагм, дизартрия, эйфория, зәршығаруға императивті шақырулар, аяғындағы парестезиялар, аяқтарындағы спастикалық салданулар, құрсақтық рефлекстердің жоғалуы анықталды. Емделгеннен кейін барлық симптомдар жойылды. Ремиссия фазасында ем жүргізу қажет?


*Антибиотикпен
*+Бета-интерферонмен
*Нейропротекторлық препараттармен
*Гипотензивті препараттармен
*Антиагреганттармен




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет