«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


ҰЖЫМДЫҚ ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ



Pdf көрінісі
бет179/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   188
Байланысты:
материал пед

ҰЖЫМДЫҚ ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ 
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНА БАУЛУ 
 
Пшембаева Замира Уменовна 


425 
 
Нұра ауданы, Қарой жалпы білім беретін мектебі 
«Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған
сайын одан әрі жақсы оқи түседі»
Питер Клайн. 
Аңдатпа 
Бүгінгі күні білім берудің басты мақсаты оқушыларды біліммен 
қаруландыру емес, оларда жалпы оқу біліктілігі мен дағды, құзіреттіліктерді 
қалыптастыру, басты міндеті оқушы тұлғасының жан-жақты, үйлесімді дамуы 
үшін жағдай туғызу деген түйін шығара аламыз. Ол үшін әрбір баланың қандай 
да бір өзіне тән қабілетін ашу және дамыта түсу керек. Барлық баланың 
табиғатынан зерттеуші болуға, оқуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылысы 
жоғары болғандықтан, бала қабілетін ашу және дамыту құралдарының бірі, 
біздің ойымызша, зерттеушілік әрекет болып табылады.
 
Аннотация 
Сегодня основной целью образования является не вооружение учащихся 
знаниями, а формирование у них общих учебных умений и навыков, 
компетенций, главной задачей которых является создание условий для 
всестороннего, гармоничного развития личности ученика. Для этого 
необходимо раскрыть и развить в каждом ребенке какие-то присущие ему 
способности. В силу того, что от природы всего ребенка велико стремление 
быть исследователем, учиться и самореализоваться, одним из средств 
раскрытия и развития способностей ребенка, на наш взгляд, является 
исследовательская деятельность.
 
Ұжымдық оқыту арқылы оқушыларды ғылыми ізденіске, зерттеу 
жұмыстарына баулуға болады. Ол үшін жұптық жұмыс әдістемесіне қысқаша 
түсінік берейік. 
І кезең
. Дайындық кезеңі. Оқушылар сынып санына қарай топқа бөлінеді. 
Мұғалім тапсырмалармен таныстырады, көмек-нұсқау жазылған үлестірме 
қағаз таратады. Шешілетін проблемаға назарларын аударады. Топ спикері 
түсінік береді. 
 ІІ кезең
. Жұптағы, топтағы жұмыстардың жүруі. Оқушылар тапсырманы 
жеке-жеке орындайды. Кезектесе отырып бір-бірінің жұмысын тыңдайды, 
ортаға салады, бір-біріне сұрақ қояды, қорытындылайды. Бағалайды, 
коррекциялық жұмыстар жүргізеді, бір-бірін оқытады, бір-бірінен үйренеді, 
бір-біріне түсіндіреді. 
ІІІ кезең.
Жұмыстарын, қорытындыларын, жасаған жобаларын спикер 
хабарламасы арқылы мұғалім тыңдап танысады. Жауаптарының дұрыс-
бұрысын сараптайды, саралайды. 
IV кезең
. Мұғалім ұжымы жұмыстың орындалу сапасымен таныстырады. 
Ұжым таңдайды, талқылайды, пікірлеседі. 


426 
V кезең
. Бақылау жұмысы. Жұмыс оқушылардың алған білімін, ұғымын 
тексеру мақсатында жүреді. Бақылаудың түрі көп, тиімді дегенін мұғалім 
таңдап алады. Соңында мұғалім бақылау жұмысының қорытындысын 
хабарлайды. Коррекциялық жұмыстар жүргізеді. Кемшіліктерді түзету үшін 
жаңа мақсаттар белгілейді. Топтың спикерін де мұғалім дайындайды, олар да 
ауысып отырады. Спикерлер ең алдымен мұғалімнің де, достарының да 
көмекшісі қызметін атқарады. Олардың өз қызметін толық түсінуі әрі ұжымды 
жемісті еңбекке жұмылдыруы үшін төмендегідей көмек-нұсқау берудің 
тиімділігі бар. [1, 56-б.] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет