Список литературы
1.
Об утверждении государственных общеобязательных стандартов
дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и общего
среднего, технического и профессионального, послесреднего образования Под
ред. В.П. Зинченко. Как построить свое «Я»./ М., 1991.
2.
Фопель К. Как научить детей сотрудничать. Часть 1,2.М., 1998.
3.
Шмаков С.А., Безбородова Н.Я. От игры к самовоспитанию. М.,
1995.
4.
Островская Л.Ф. Беседы с родителями о нравственном воспитании.-
М., «Просвещение», 1995 г.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ІЗДЕНІС
ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУДЕ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
Оспанова Жанат Нуроллаевна
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің
«№24 мектеп-интернаты»КММ
Оқушыны ізденущілікке баулу, оған ғылыми зерттеу дағдысы мен білімін
игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды мәселесі болып саналады.
Ғылымыи зерттеу дегеніміз әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір обьект
жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа
көзделген обьектілермен танысу.Оқушыларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану
қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығы қоршаған ортасына деген
құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі.Оқушы өз бетінше зерттеу
жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алуы, жаңа білімді дайын күйінде
қабылдамай, өз зерттеуі арқылы ізденіске қол жеткізуі.
Привлечение ученика к поисковой деятельности, овладение им научными
исследовательскими навыками и знаниями является важнейшей проблемой
современного образования. Научное исследование - это ознакомление с
объектами, предназначенными для системной и специальной цели,
заканчивающееся формированием новых знаний о том или ином объекте с
использованием методов
и приемов .Необходимость
использования
исследовательского метода в обучении учащихся объясняется преобладанием их
естественного интереса к окружающей среде. Ученик должен уметь
распознавать окружающую среду, самостоятельно проводя исследования, не
принимать новые знания в готовом виде и добиваться поиска через собственное
исследование.
396
Сапалы білім негізі-жан-жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі
құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана
отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беруболып
табылады.
Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны- жас ұрпақтың
біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері
іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін ,
жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға
қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру екені мәлім.
Оқушыны ізденушілікке баулу, оған ғылыми зерттеу дағдысы мен білімін
игерту
бүгінгі
білім
беру
саласының
маңызды
мәселесі
болып
саналады.Ғылымыи зерттеу дегеніміз әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, белгілі
бір обьект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және
арнайы мақсатқа көзделген обьектілермен танысу.Оқушыларды оқытуда
зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығы қоршаған
ортасына деген құштарлығының
басымдылығымен түсіндіріледі.Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның
өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді.
Зертеуге қызығушылықты тудырудың маңызды алғышарты ретінде іс-
әрекеттің кең әлеуметтік түрткілерін тәрбиелеу, оның мағынасын ұғыну, өз іс-
әрекеті үшін зерттеп отырған үрдістерінің маңыздылығын түсіну
болады.Осыған орай Аристотельдің мынандай сөзі бар: «Таң қалу арқылы
адамдар философияға жақындай бастайды, олар алдындағы қиын мәселені
шеше келе одан ары жолдың жалғасуында одан да қиын мәселелерді
қиындықтарды түсінеді», яғни қызығушылық зерттеу әрекетінің қозғаушы
күші. Қазіргі жас жеткіншектердің негізгі міндеті- білім алу, ғылымды игеру.
Білім -ғылымсыз ешбір қоғам алға баспайды, ешбір мемлекет күшеймейді.
Келешек мемлекетіміздің тағдыры білімді жастарға байланысты, білім
туралы Елбасымыздың «тұрақты дамуға қол жеткізу үшін біз интеллектуалдық
элитаға, жоғарға технологияға, еліміздің ғылыми әлеуетіне сүйенуіміз
қажет.Тек өзінің интеллектуалдық әлеуетінің арқасында ғана ел әлемдегі өзінің
орнын ала алады». Ал іздену жұмыстары оқушылардың зеттеу мәдениетін
қалыптастырады.
Себебі,
біріншіден, зерттеу барысында оқушылардың коммуникативтік
мүмкіндіктерін
дамытады:категориялық
ұғымдарды
қабылдау
үшін
базистік,арнайы терминдердің мәнін ұғыну керек. Мағлұматтарды түсініп
қабылдамайынша , оқушы басты мәселелер бойынша қандай да бір шешім
қабылдай аламайды.
екіншіден
,
зерттеу
әрекеті
ақпараттық
қызмет
атқарады:тақырыбына байланысты белгілі жүйелер және олардың құрамдас
бөліктерін, құрылымдары, заттар мен құбылыстардың арасындағы өзара
байланыстарды ашып көрсетеді.Сонымен қатар , Адам мен қоршаған ортамен
байланыс дағдысын игеру мүмкіндігіне ие болады.Біртіндеп ғылыми көзқарасы
397
қалыптасады.
үшіншіден, зерттеу оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға ең
басты, ой-өрісін, жауапкершілігін, еңбекқорлық, шыншылдық,өзара қамқорлық,
әдептілік пен сыпайылықты дамытуға үлес қосады.
Аталған негізі коммуникативтік , ақпараттық және тәрбиелік мақсаттарға
қол жеткізу үшін интеллектуалдық және шығармашылық қабілетті жоғары
балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Осы жерде оқушының
зерттеу мәдениетінің қалыптасуына көмек беру мұғалімнің негізгі міндетінің
біріне айналады. Бұл оқу -әдістемелік жұмысты жаңаша құруды талап етеді.
Зерттеуші – білім алушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім болып
келеді.Білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс,өзінше эсперимент жүргізу
баланың балалығымен жүретін процесс.Зерттеушілік , іздеу белсенділігі-
баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс. Зерттеушілік әдісін қолдану
қажеттігі
оқушының
білім
алу
процесінде
қоршаған
ортасына
қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қараумен түсіндіріледі. Оқушының өз
бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыру мен көкейінде
жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа, өз бетінше
зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау,
зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу
жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде
қабылдамай, өз зерттеуі арқылы алады.
Қазіргі әлемдік өркениетте әлеуметтік-экономикалық жағдайға сәйкес
білімділік мақсаттарды оқушылар , білім берудің бағыты тұлғаның құзіретін
жалпы дамыту үшін, ең алдымен оның жеке түйінді құзіреттілігіне негізделген
оқушының дарындылық , ғылыми ізденіс дағдыларын анықтай отырып ,
тәрбиелеу айқындалып отыр.
Бүгінгі оқушы –ертеңгі маман.Сондықтан оқушының шын мәнісіндегі
маман болып қалыптасуы зор еңбекті қажет ететін , ауқымы кең ,
жауапкершілігі мол жұмыс. Қазіргі заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеудің
түрлерін жедел игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыру парызымыз.Оқушының
тиянақты да, сапалы білім беру ол ізденіс арқылы , оқушының құштарлығы мен
қызығушылығы арқылы, сабақта жаңашылдық әдістерді пайдалану арқылы
оқушы өздігінен еңбек етуге , алған білімін жаңа материалдармен ұштастыра
білуге дағдыландыру. Ғылыми ізденіс дағдыларын қалыптастыру барысында
оқушы бойында ізденіс әрекетін ұйымдастыру, проблеманы тану және оны
шеше білу дағдысын қалыптастыру керек.
Ғылыми жоба жарыстарына дайындауда төмендегі мәселелерге ерекше
көңіл бөлу керек;
Тақырыпты қабілетіне қарай таңдау;
Аталған тақырыпты ашудағы шәкірт еңбегінің сипаты, қосқан жеке
үлесі;
Шешендік сөз саптауы, сөйлеу мәнері, ойын ұтымды, жағымды
жеткізе алуы, өзін ұстауы, аудиторияны тартуы;
Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;
398
Жұмыстың көркем безендірілуі;
Оқушылардың дарындылығын әлеуметтік қажеттілігіне сай ғылыми
дамытудың шарттарын анықтап, оқушының дайындық кезеңін жүйелі жүргізу
керек,себебі, ғылыми –ізденіс жұмысының екінші, үшінші, кезеңдері осыны
міндетті түрде талап етеді, өйткені ,бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне
байланысты.
Ғылыми–ізденіс
жұмысымен
айналысатын
оқушыны
қалыптастыру жолындағы басты мақсат қоғамдық өмірге бейімделген
интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Ғылыми ізденіс жұмысымен айналысатын дарынды оқушыға тақырыпты
талдауға ақыл кеңестер беру керек. Сонан қатар тақырыппен жұмыс жүргізу
жолдары, архив материалдарын пайдалану, газет журналдар тігінділерімен
жұмыс істеу, қариялар аузынан фактілерді жинауды ұғындыру қажет. Білім
ғана адамды адам етеді, жетілдіреді және сақтайды.Білім таусылмайтын
байлық.
Ғылыми ізденіс жұмыстары оқушыныың интеллектуалдық дамуының өсу
деңгейін арттырады. Ғылыми сипаттама беруді үйренеді. Ғалымдардың
тәжірибесіне негізделген материалдарды іздестіріп, танымдық белсенділігін
арттырады.Ғылыми еңбектермен жұмыс жасау әдістерін арттырады. Ғылыми
жұмыстардың
теориялық
және
тәжірибелік
аспектілерін
шешуге
шығармашылық белсенділік көрсетіп ғылыми нәтижесін алады. Қоғамдық
өмірге бейімделеген интеллектуалды жеке тұлға қалыптасады.Еліміздің
ғылыми дәрежесін жоғарғы деңгейде көтеретін ұрпақ даярланады.
«Халық пен халықты , адам мен адамды теңестіретін білім» - деп ұлы
жазушы М.Әуезов айтқандай Қазқстанның өркениетті әлемге қол созып,
бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына бірігудің басты тетігі-білім
екендігі айқын. Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту тәрбие мен
оқудың бірлігін сақтай отырып, сабақты шәкірт жанының ішкі куатының
оянуына ықпал жасаайтындай етіп ұйымдастыру, оқу процесінде әрбір
оқушының бойындағы жалпы азаматтық құндылықтарды қарым - қатынасына
түсіру арқылы дамыту және оларды білім - білік , дағдылар негізінде
қалыптастыру.
Қазіргі қоғам жеке адамның прогрессивті ойлай алатын белсенді
әрекетіне, жан-жақты болуды талап етеді. Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі
«шығармашыл» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі заман дәлелдеп
отыр.
Заман талабына сай білім алушылардың бойында түйінді құзіреттіліктерді
қалыптастыру болып табылады. Білім беру жүйесінде оқушының бойында
коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыруда ақпараттық-коммуникативтік
технологияның рөлі ерекше. Бұл технологияны қолдау оқушылардың
қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен
қабілеттіліктерін арттырады.
Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын жоспарлауға, өз бетімен
жұмыс істеуге үйретеді.Оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына,
білім сапасына тікелей әсер етеді.
399
Бұл болашақ мамандардың кәсіби жағынан шыңдалуына септігін тигізеді.
Сыныптан тыс және тәрбиелік шаралар мамандықтың қыр-сырын меңгеруге,
тұлғалық ерекшеліктерін ашуға бағытталады. Әр түрлі қашықтықта
ұйымдастырылатын оқушылардың ғылыми-практикалық конференцияларында
оқылатын баяндамаларды, әр пән бойынша өтілетін тақырыпты зерттеу
обьектісіне айналдыру жоба технологиясы арқылы мүмкін болады. Ол үшін
ғылыми жоба жасауға машықтандыру және ғылыми жоба қорғату курстық
жұмыстың өз дәрежесінде жазылып қорғалуына негіз болады.
Сапалы, тиімді, нәтижелі ізденіс ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы
болса керек. Оқу тәрбие үрдісінің дұрыс жүргізілуіне сабақта мұғалімнің әр
алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін білім алушылардың мүмкіндіктеріне
және жағдайларына қарай таңдап алуы да ізденістен жүзеге асатын шара
болмақ.
Әрине ізденіс нәтижесінде жүзеге асатын тиімді оқыту әдісі білім
алушыларды алғырлыққа, байқампаздыққа, шығармашылыққа еңбекке, ең
бастысы, ғылыми негізде ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. Білім
алушыларға саналы білім, сапалы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін ұжымның
әрбір мүшесі мектептің жаны болып саналатын ұстаздар қауымы үнемі
шығармашылық ізденісте, жаңа педагогикалық дамытуды кезек күттірмес
мақсаты деп есептелуі керек.
Әрбір күн өзгеріске толы қазіргі жауапты кезеңде заман көшінен қалмай,
уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше үйрену, оны білім алушыларға
үйрету ұстаздықты мұрат еткен әрбір кәсіп иесінің ең қасиетті борышы, абзал
парызы. Қазақ санасының шамшырағы Ахмет Байтұрсыновтың «Мектеп жаны
мұғалім» деген қанатты сөзінің мағынасы бүгінгі күн талабын күшейтіп отыр.
Білім алушыларды Отанды сүюге, адамдыққа, адалдыққа ізгілікке баулу
ұрпақ тәрбиешілерінің абыройлы парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға
лайық өзінің білімін беру ісінде рухани, парасатты шығармашылық ізденіспен
жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологияны меңгерген білігі мен білімі
жоғары ұлағатты тұлға болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |