Жамалбеков Е.Ү


Топырақтың  органо-минералдық



Pdf көрінісі
бет24/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   104
Топырақтың 
органо-минералдық 
құрамы
Топырақтағы органикалық заттар оның минералды бөлігімен 
белсенді арақатынаста болады. Осы арақатынастың түрлеріне 
байланысты топырақтағы органо-минералдық құрамдар үш 
топқа бөлінеді: 
1. Топыраққа тән емес органикалық сірке, құмырсқа, 
лимон, қымыздық қышқылдары мен топыраққа тән жоғарыда 
айтылған гумин қышқылдарының сілтілі (Na) және сілтілі -
жерлік металл (Ca, Mg) катиондарымен қосылған тұздары.
2. Айтылған қышқылдардың көп металл элементтерімен 
(темір, алюминий, цинк т.б.) қосылған комплексті тұздары.
3. Адсорбцияланған органо-минералдық қосылыстар
яғни алюминий және темірлі қара шірінді комплекстері.
Сілтілі металдармен алюминийдің гумат және фульват 
тұздары суда жақсы еритіндіктен топырақ қабаттарында оңай 
жылжиды, ал кальций гуматы суда берік болғандықтан
топырақта тұрақты шоғырланады. 
Топырақтардың гумус жағдайлары. Топырақтың гумус 
жағдайлары - органикалық заттардың барлық морфологиялық 
белгілерінің, жалпы қорларының, қасиеттерінің, олардың түзілу, 
өзгеру, трансформация және топырақ қабаттарында жылжу 
көрсеткіштерінің жиынтығы. 
Топырақтың 
гумус 
көрсеткіштерінің 
жүйелерін 
Л.И.Гришина, Д.С.Орлов (1977) ұсынған. Сол көрсеткіштер 
арқылы топырақтың әр түрінің гумус жағдайларына сипаттама 
беріледі. Осыған қарап топырақтың құнарлылығы туралы 
айтуға болады. Топырақтардың гумус жағдайларын жақсарту 
үшін органикалық тыңайтқыштар қолдану керек.


44 
1.7. Топырақ ылғалы 
Топырақ 
ылғалы. 
Топырақ 
қопсытылған 
су 
сыйымдылығы бар дене болғандықтан, оның құрамында әр 
уақытта азды-көпті ылғал болады.. Ылғал топыраққа ауадан 
түскен жауын-шашын мен жер бетіндегі судан және жер 
астының ыза суынан келеді. Топырақ ылғалының мөлшері әр 
жерде әрқилы. Бір жерлерде топырақтың ылғалдылығы мол 
болса, екінші жерлерде аз. Топырақта кездесетін ылғалдың 
түрлері де өсімдіктерге сіңімділігі де әр түрлі болып келеді. 
Ылғалдың кейбір түрлері өсімдіктерге тіпті сіңбейді. Жалпы 
топырақтағы ылғалды төмендегідей бірнеше түрге бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет