Жамалбеков Е.Ү


Топырақтардың орташа химиялық құрамы, %



Pdf көрінісі
бет30/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   104
Топырақтардың орташа химиялық құрамы, % 
(А.П.Виноградов, 1962) 
 
O – 49 
K - 1,36 
Р - 0,08 
Sі – 33 
Mg - 0,63 
Zn - 0,005 
Al - 7,13 
Tі - 0,46 
Cu - 0,002 
Fe - 3,80
C - 2,00 
В - 0,001 


55 
Ca - 1,37
N - 0,10 
Мо- 0,0003 
Na - 0,83 
S - 0,085 
Co - 0,0008
Топырақтағы химиялық элементтердің мөлшеріне қарай 
бірінші орында О мен Sі, екінші Al мен Fe, үшінші Са мен Mg, 
солардан кейін Na, K т.б. элементтер орналасқан. Топырақтың 
химиялық құрамы өзін түзген тау жыныстарының химиялық 
құрамынан айырмашылығы көрінеді. Мұнда органикалық 
элементтердің мөлшерлері көп: көміртегі 20 есе, азот 10 есе 
артық. Сонымен қатар оттегі және сутегі мөлшерінің көп, ал 
алюминий, темір, калий, кальций, магнийдің аз еке ні 
байқалады. Осы элементтер әр түрлі химиялық қосындылар 
түрінде топырақ құрамына еніп, топырақ типтерін анықтайды. 
Өсімдіктер 
мен 
топырақ 
арасындағы 
қарым-қатынасты 
белгілеуде бұлардың биологиялық маңызы өте зор. Көміртегі, 
сутегі, оттегі топырақтың органикалық заттарының құрамына 
кіреді, минералды түрде олардың карбонатты тұздары 
кездеседі. 
Оттегі су құрамында, гидроксидтер, алюмосиликаттар, 
бос қышқылдар және олардың тұздарының құрамында болады.
Топырақтағы тағы бір үлесі мол элементтің бірі - 
кремний . Ол жер қабатындағы минералды қосындылар 
құрамына кіріп, органикалық заттар құрамындағы көміртегі 
сияқты маңызды рөл атқарады. Топырақта ең көп тараған 
кремний қосындыларының бірі - кварц минералы SіO2. 
Кремний және кремний қышқылдарының тұздары силикаттар
мен 
алюмосиликаттар 
құрамына 
кіреді. 
Өсімдіктердің 
құрамында да кремний бар, мысалы, ол дәнді дақылдарда 10% -
дан 60%-ға дейін жетеді. 
Алюминий алюмосиликаттар балшықты минералдар 
құрамында кездеседі. Бұлардың биологиялық маңызы онша 
емес. Al2O3-тің топырақтағы жалпы мөлшері 1-2%-дан 15-20%-
ға дейін, ал ферралитті топырақтарда 40%-ға дейін жетеді. 
Темір әр түрлі оксидті, гидроксидті және шала күкіртті 
қосындылардың құрамына кіреді. Бұл элемент биологиялық 
жағынан өсімдіктердегі хлорофильдің түзілуіне қаты сады. Егер 
өсімдіктерге темір жетіспесе, олардың жапырақтары сарғайып 
хлороз 
деген 
ауруға 
шалдығады. 
Топырақтағы 
темір 
элементінің мөлшері әр түрлі. Мысалы құмдақ топырақтарда 


56 
0,5-1,0%, лесс жыныстарында түзілген топырақтарында 3 -5, ал 
ферралитті топырақтарда 20-50%. 
Кальций мен магний топырақта слюдалардың немесе 
басқа минералдардың құрамында кездеседі. Бұлар тұздар 
түрінде бөлініп, басқа минералдың қосындыларымен реакцияға 
түсіп, күкірт, фосфор қышқылдарының тұздарын құрайды. Бұл 
екі элемент те өсімдіктерге өте қажет. Топырақта ол 1-3% 
мөлшерінде болады. 
Калий мен натрий дала шпаттарының ортоклаз, 
микроклин, альбит құрамында бұзылу нәтижесінде минералды 
қышқылдардың тұздарын құрайды. Бұл тұздар суда жақсы 
ериді. Калий - өсімдіктердің қоректік элементтерінің бірі. Оның 
топырақтағы мөлшері - 2-3%. Na
2
O-ның мөлшері - 1-3%. 
Натрийдің жылжымалы түрі топырақта жоғары болса, ол 
физикалық және химиялық жағынан қолайсыз қасиеттер 
туғызады. 
Титан көбінесе алғашқыда үгілуге аз берілетін 
минералдардың құрамына жатады (ильменит, рутил, сфен). 
TіO2 мөлшері топырақта көп болмайды. 
Марганецтің топырақтағы мөлшері өте аз. Пиролюзит, 
баунит, оливин сияқты микроэлементтер өсімдіктердің өсуі мен 
сапалы дамуына өте қажет. Бұл тақырыпқа әріректе 
тоқталмақпыз. 
Күкірт 
өсімдіктердің 
немесе 
жануарлардың 
қалдықтарынан түзілген органикалық заттардың құрамында 
болады Пирит деген минерал түрінде де кездеседі: Fe
2
S. 
Топырақта SO
3
мөлшері проценттің оннан бір бөлігінен 
аспайды, кейбір сульфатты тұздар топырақта көп болуы 
мүмкін. Егер де күкірттің топырақта жылжымалы түрі мол 
болса, оның себебін осы төңіректе ыластаушы өндіріс 
орындарынан іздестірген жөн. 
Көміртегі, сутегі, азот, фосфор - органогендік 
элементтер. Олардың топыраққа тигізер пайдасы көп. Көміртегі 
гумустың, органикалық қалдықтардың құрамында, сутегі 
газдардың, 
өсімдік 
пен 
жануарлардың 
денелеріндегі 
органикалық заттарда болады. Көміртегі органикалық заттарға 
бай топырақтарда 3-10%, сутегі 3-6% мөлшерде. Азот 
өсімдіктің өсуінде, жануарлардың тіршілігінде зор рөл 
атқарады. Оның мөлшері топырақта көбіне органикалық 
қосындылар, аммиак, азот және азотты қышқылдардың тұздары 
күйінде кездеседі (0,3-0,4, кейде 0,1%). Топыраққа азот екі 


57 
жолмен келеді: 1) үлкен қысым, әрі катализатор (найзағай) 
қатысуы арқылы аммиак NH
3
түзіліп, жауын-шашынмен түседі; 
2) азот сіңіруші бактериялардың (бос немесе бұршақты 
өсімдіктер тамыр түйіндеріндегі) қатысуымен шоғырланады.
Фосфор апатит, фосфорит минералдары құрамында 
және топырақ шіріндісінде, органикалық қосындыларда 
кездеседі. Топырақта фосфор - фосфор қышқылының тұздары 
фосфаттар түрінде болады Na мен Ca бір фосфаты NaHPO
4

Ca(H2PO4)2, натрий мен кальций екі фосфаты Na
2
HPO
4

CaHPO
4
.2H
2
O, натрий мен кальций үш фосфаты - Са
3
(РО4)
2

Na
3
PO
4
. Топырақта көбінесе суда еритін, өсімдікке сіңімді 
Са(Н
2
РО
4
)
2
түрі болуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет