103
саванналардың
қызыл
және
тұрақты
ылғалды
тропик
ормандарының қызыл сары темірлі топырақтары.
Осыған ұқсас топырақ
зоналары Африканың жазық
экватор мен тропиктерінде, экватордан терістікке де және
оңтүстікке де қарай да кездеседі. Ал шығыс, таулы Африкада
бұл жүйе бұзылады. Оңтүстік Америкада экваторлық,
субэкваторлық тропиктік топырақ зоналар жүйесі
шамалы
сақталған.
Шығыс мұхит жағалау секторында қызыл сары темірлі,
қызыл және саваннаның қызыл құба топырақтарының жоғарғы
ендіктерге
тарағаны
байқалады.
Ендік
зоналар
мұнда
қайырылып меридианды бағыт алады, зоналардың ауысуы
терістіктен оңтүстікке емес, батыстан шығысқа қарай жүреді.
Қызыл сары темірлі топырақтар мұхит жағалауларындағы
ылғалы мол тропик ормандарында тараған.
Батысқа қарай олар
кезегімен саванналардың қызыл, қызыл құба және тропиктердің
шөл-дала,
шөл
топырақтарымен
алмасады.
Осындай
биоклиматтық облыстардың ауысуы Азияның тропикалық
муссонды алқаптарында байқалады. Мұнда қызыл темірлі
топырақтар Индоқытайдың шығыс жағалауында терістік
тропиктерге шейін созылып жатыр.
Осыған байланысты саванналардың қызыл және қызыл-
құба топырақтары да біршама жылжыған. Ал олар ішкі құрғақ
жазықтарда Үндіқытай мен Үндістанда
орын алып, оңтүстік
ендіктерде жатыр. Олардың батыс жағында осы ендіктерде
(Араб түбегі) қызыл құба топырақтар тіпті тропиктің шөл
топырақтарымен алмасады.
Қызыл
сары
темірлі
топырақтардың
терістік
тропиктерге шейін жылжуы Орталық Американың шығыс
жағалауында
да
байқалады.
Осы
ендікте
орналасқан
Калифорния шығанағында құрғақ саваннаның қызыл құба
топырақтары, Калифорния түбегінде тропик шөлдері орын
алған.
Жоғарыда келтірілген терістік және оңтүстік
жарты
шарларындағы топырақ зоналарының сипаттамасы олардың әр
түрлілігін көрсетеді. Олардың бір-біріне ұқсастығы тек экватор,
тропик және аздап субтропик белдеулерінде ғана байқалады, ал
басқа белдеулерінде сәйкессіздікті көптеп кездестіруге болады.
Мысал ретінде оңтүстік жарты шардың суббореалды белдеуінің
мұхит жағалау секторындағы Оңтүстік Американы алайық.
Оңтүстік Американың ең оңтүстік-шығыс жағалауындағы
104
жартылай шөл топырақтарының арасы әр алуан. Мұндай
өрескел сәйкессіздіктің себебі - Патагонияның шығыс
жағалауындағы Фолкленді салқын ағысы мен Тынық мұхиттың
ылғалды ауасын жібермей тұрған Анды тауы.
Терістік жарты шарда
бореалды белдеу кең алқапты
орманды (тайга) зонасын алып жатса, оңтүстік жарты шарда
бұл белдеудің құрғақ жерлері тек кіші-гірім аралдармен (Отты
жердің оңтүстігі, Фолклен, оңтүстік Георгий және оңтүстік
Сандывич) шектеледі. Бұл аралдарда ауаның салыстырмалы
ылғалдығы өте жоғары, сондықтан мұнда мұхиттың шалғынды,
шымды-шалғынды жерінде батпақты топырақтар түзілген.
Оңтүстік жарты шарда тундра топырағы да орын алмаған.
Антарктида мұздары бүкіл континентті басып жатыр.
Мұхит
жағалауларындағы аздаған мұзсыз кеңістіктер - поляр жалаң
аймақтары карбонатты, кейбір жерлері сорланған топырақтар
(8-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: