Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет33/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

Топырақтың түсі - топырақтың морфологиялық 
көріністерінің ішінде ең негізгі белгі. Топырақ аттарының өзі 
де осы түстеріне қарай қойылған. Топырақтың және оның 
қабаттарының түстеріне әсер ететін негізгі құрамдар:
1. Гумус заттары. Олар топыраққа қара немесе қара 
қоңыр түс береді. 
2. Темір және марганец тотықтары. Сары, қызыл, сия 
түстер береді. 
3. Кремний қосылыстары, әк, каолинит, алюминий 
гидроксиді және суға тез ерігіш тұздар (хлоридтер және 
сульфаттар). Олардың түстері - ақ. 
4. Темірдің шала тотығы. Ол көкшіл, сұр сия түсті 
келеді. 


61 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
(10-сурет). 
С.А.Захаров бойынша топырақ түсінің үш бұрышы


62 
Топырақтарда ең көп тараған түстер 9 -суретте 
көрсетілген. Үш бұрышта ақ, қара, қызыл түстер, ал ола рдың 
араларында 
осы 
үш 
негізгі 
түстердің 
азды -көптігіне 
байланысты неше түрлі түстер болады. Топырақтың түсін анық 
бір түспен айту қиын, сондықтан да негізгі түске анықтама 
қосылады.Оның басым түсі соңына қойылады. Мысалы, қара 
қоңыр, сары құба, ашық сары деген сияқты
Топырақ түсінің практикалық маңызы үлкен. Топырақ 
қабатының қалың қара түсті болуы гумустың молдығын 
көрсетеді. Көкшіл немесе көк түс -топырақтың батпақтануы. 
Мұндай 
жерлерді 
пайдалану 
күрделі 
мелиоративтік 
жұмыстарды қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет