Олай жасар бауыры жоқ адам ғана
Тіпті олар да өйтуге құқылы емес,
Бар қазағың бауырың саған дара.
Жамандама, бауырды жамандама,
Жатсаң, тұрсаң жақсы көр санаңда да,
Әкең сені баулыды дәл осылай,
Болды емес пе сол тілек анаңда да.
Жамандама, бауырды жамандама,
Сондай бауыр бұйырған саған ғана
Әр бауырды құрметтеп, ерекше сүй,
«Аллам сені берді» деп маған ғана.
Жамандама, бауырды жамандама,
Қиыныңда сол ғана саған пана.
Өз бауырын жек көріп жақтырмайды,
Санасы жоқ жетесіз надан ғана.
Жамандама, бауырды жамандама
Онда саған орын жоқ қоғамда да
Құран оқып, артыңнан бағыштайтын
Жоғыңда да керексің соған ғана
Ал, ендеше бауырдан біз кетпейік
Бауырларға сезімді кірлетпейік
ҚАНЫҢ, ЖАНЫҢ, ЖҮРЕГІҢ бір соғатын
Бауырға алып БАУЫРДЫ құрметтейік