Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім-түсіну және жауап беру, екінші бөлім – анализ және интерпретация, үшіншісі – бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Тапсырма
Қамтылатынмақсаттар
Тапсырмалартүрлері
Тапсырмаларсипаттамасы
Орындаууақыты, минут
Балл
1-2
6.1.2.1. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік- қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;
6.1.3.1.Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар 240 сөзден тұратын мәтін тыңдап, мәтін негізінде шығармадағы негізгі мәселені идеясы арқылы анықтайды, өз ойын 3-4 сөйлеммен кестеге жазады.Кейіпкердің сыртқы келбеті, іс-әрекеті, шығармадағы алатын орнына сипаттаманы кестеге жазады.
5
5
3-5
6.2.1.1.Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау; 6.2.2.1.Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.
6.2.3.1.Шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, антитеза, градация, арнау)
анықтау.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Оқушылар шығарма эпизодының маңызы мен сипаттамасына 4-5 сөйлем шамасында сипаттама береді. Ақын өлеңінің айшықты тұстарын негізге ала отырып, оның өзіндік көзқарасын, ойын анықтайды.Ақын өлеңіндегі
троптарды анықтап, өз ойын бір сөйлеммен жазады.
15
10
6
6.3.3.1 Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық
тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
Жазбаша толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Берілген тақырыпқа қатысты өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.