2-мәтін Денсаулық – адам өміріндегі баға жетпейтін ең бағалы дүние. Адамның денсаулығы –
қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені
сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз
«Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне
байланысты. Дегенмен оған қоршаған ортаның, жұтқан ауаның, ішкен-жеген тамақтың,
судың құрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінетін болсақ, адам
денсаулығының 40% экологияға, 40% өзінің өмір сүру дағдысына байланысты болса, 18-20%
ғана дәрігерлік-медициналық көмекке тәуелді екен. Денсаулық сақтаудың алдын алуға
болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп
көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды.
Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дұрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс
тамақтанудың маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек.
Сонымен қатар жеміс-жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам
денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Шамадан тыс көп тамақтану да ағзамызға зиян.
Ал, спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру.
Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағатгай жүгіруе болады. Егер
жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар
жасауға болады.
Денсаулық — табиғаттың ең қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз са у
болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз.