65
Ә мәтіні
Бір жауынгер өзінің ең жақын досының ауыр жараланып жерге құлағанын көреді. Қызу
шайқас кезі. Капитанына жүгіріп келген жауынгер:
– Жолдас капитан, досыма барып оны алып келуге рұқсат беріңіз, – деп өтінеді.
Капитан жынды болдың ба дегендей әскерге қарап:
– Баруға тұрмайтын сияқты ғой! Досың ауыр жаралы, өліп те қалған болар. Өз өміріңді
қауіп-қатерге қоюшы болма!
Жауынгер баруым керек деп тұрып алады да, капитан:
– Жарайды, барсаң бар, – деп рұқсат береді.
Жауынгер қатты оқтың астымен жүгіріп барып, досын арқалап торуыл жаққа әрең дегенде
жетеді. Капитан жаралы жауынгердің жүрек соғысын тыңдайды да:
– Саған “өміріңді қауіпке қойып баруға тұрмайды” демедім бе? Досың бәрі–бір өліп қалды, –
дейді.
– Жоқ, жолдас капитан, баруға тұрарлық болды, – дейді демін алған жауынгер.
– Қалайша тұрарлық дейсің? Бұл жігіт өлді, көріп тұрсың ба?!
– Бәрі–бір тұрарлық. Өйткені, досымның қасына барғанымда ол әлі тірі еді. Оның соңғы
сөздерін есту мен үшін өте маңызды болды, – деді де жылап жіберіп, досыңның соңғы
сөздерін қайталады: – “Келетініңді біліп едім! Келетініңді білдім! Рақмет.”
Достарыңызбен бөлісу: