Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 7-сынып


  «Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет65/71
Дата14.10.2023
өлшемі2,07 Mb.
#114143
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71
Байланысты:
ҚТ 7-с

 


95 
«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 
 
Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология 
Ғылыми фантастика. Пунктуация 
 
Тыңдалым мен айтылым 
2-НҰСҚА 
Тапсырма 
1.
Мәтінді тыңдаңыз (оқыңыз). Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен 
деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беріңіз.
2.
Жұбыңыздың 
жауабын 
тыңдап, 
өз 
жауабыңызмен 
салысытырыңыз. 
Көзқарастарыңызда ұқсастықтар немесе айырмашылықтар бар ма?
[10] 
2-мәтін
Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық 
болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып 
алып тастаған. Тіпті, арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген 
қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына 
анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған қайсар 
жауынгерлеріміздің бірі – Бауыржан Момышұлы еді. Ұзын бойлы, қара сұр Момыштың ұлы 
Бауыржан сол кезде отыздың үстіндегі жас жігіт болатын. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген 
адам – опасыз, оңбаған адам», - деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын 
өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз 
халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Бауыржан Момышұлының тұлғасы кімге болса да 
мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейді. 
1941 жылы Мәскеу түбiндегi қанды шайқастарда теңдесi жоқ ерлiгiмен әлемдi дүр 
сiлкiндiрген қазақстандық 316-атқыштар дивизиясының батальон командирi ретiнде қапияда 
ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы 
атанды. Жеңiстiң 65 жылдық мерейтойы қарсаңында қаһармандық пен өшпес ерлiгі үшін 
Мәскеу халқы құрметтеп, үлкен сый жасады.
Сұрақ: 
Неліктен адамзат баласына ұлы есімдерді тудыру үшін бейбіт өмір жеткіліксіз болады 
да тұрады?
Соғыс жағдайында отанын сүю қандай әрекеттермен өлшенген, ал бейбіт өмірде немен 
өлшенеді деп есептейсіз? 
"Ел басына күн туған күн" деген сөздің мағынасын қалай ашар едіңіз? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет