Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 9-сынып Қазақ тілі



бет51/83
Дата21.04.2022
өлшемі2,03 Mb.
#31812
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   83
Байланысты:
9 сынып қазақ тілі

Оқылым

Тапсырма

[10]
Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.


ЭКСПО елімізге не берді?

ЭКСПО инфрақұрылымы көрмеден кейін ел игілігіне қызмет ететінін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құрылыс басталмай тұрып-ақ айтқан. Көрме аяқталған соң да халыққа нысандарды әрі қарай пайдалану жоспарын түсіндірді.

– «Нұр Әлем» және көрме тақырыбы көрініс тапқан басқа да бірқатар павильондар «ЭКСПО мұрасы» ретінде сақталады. Көрменің аяқталуы бірнеше ауқымды жаңа жобаларды бастауға мүмкіндік береді. Ең алдымен, мұнда «Астана» халықаралық қаржы орталығы орналасады. Ол қаржы хабына, инвестиция тартатын орталыққа айналып, халықаралық қаржы жүйесінде лайықты орынға ие болуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы халықаралық көрменің жабылу салтанатында.

Бір анығы, ЭКСПО-2017 – еліміз үшін ғылым мен технология, жасыл экономика салаларындағы озық үлгілерді үйренер тәжірибе алаңы ғана емес, өзінде барды өзгеге көрсететін орта болды. Бұрынғы әріптесімен ынтымақтастығын тереңдетіп, жаңа әріптесімен байланыс орнатуға жол ашқан да – осы көрме. Халықаралық көрме аясында 220 ресми шара ұйымдастырылса, оған 28 елдің президенті, 13 парламент спикері мен мемлекеттік хатшы, 10 премьер-министр, 26 премьер-министрлердің орынбасары, 70 министр мен 48 министрдің орынбасары, 22 халықаралық ұйымның өкілі қатысыпты. Жалпы, елордамызға «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушы 45 елдің делегациясы келген. Яғни, алдағы уақытта сол елдермен арадағы  алыс-беріс күшейіп, әріптестік нығая түседі деген сөз.

(176 сөз)

https://turkystan.kz/article/40820-ekspo-elimizge-ne-berd

1.Мәтіннен ақпаратты іріктеп, оған комментарий жасаңыз. [8]



Мәселенің оң жақтары



Іріктелген ақпарат

Комментарий

1.

2.






Мәселенің мүмкіндіктері


1.

2.





2.«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі әлемдегі және Қазақстандағы қандай өзекті мәселелерді шешуге жол ашты? ПСМТ формуласы арқылы пікіріңізді білдіруде мәтіннен авторына сілтеме жасай отырып, дәлел келтіріңіз. [2]


Пікір_______________________________________________________________________________________________________________________________________

Cебебі____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дәлел____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қорытынды_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет