Байланысты: Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабин-emirsaba.org
ҚОРЫТЫНДЫ «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей,
бүгінгі таңда жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымын
қалыптастыруға, әлемдік сапа деңгейін, білім негіздерін меңгеруіне, яғни жас
ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беруге ықпал ететін
жаңаша білім мазмұнын құруға бағытталған. Құрастырылған көмекші құрал оқушылардың функционалдық дағдыларының дамуына, атап айтқанда:
- сын тұрғысынан ойлауға;
- білімін шығармашық тұрғыда қолдануға;
- зерттеу дағдыларына;
- АКТ дағдыларына;
- жеке және топта жұмыс істей білуіне;
- коммуникативті дағдыларға;
- қойылған міндеттер мен мәселелерді шеше білу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар -
9-сыныптың «Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы және 9-сыныптың «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстары.
Көмекші құралдағы тапсырмалар оқушылардың айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдыларымен қатар түсіну және жауап беру, анализ, салыстыру және бағалау дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытады. Тыңдалым және айтылым дағдылары бойынша білім алушы қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени салалардағы мәтіндерін мақсатқа сай қолдануды үйренеді. Сондай-ақ ғылыми және бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын (газет-журналдар т.б.) сын тұрғысынан оқи отырып, танымдық дағдыларын арттырады. Тапсырмалар мәтіннің тақырыбы/басы/соңы бойынша мәтін мазмұнын болжау, өз сөздерін ресімдеу кезінде грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтауға бағытталған.
Оқылым дағдысын жетілдіруде білім алушының әр түрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және аралас(мәтіндік, сандық, графикалық) мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасауды көздейді.
Жазылым дағдысын дамытуда білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; Сондай-ақ ақпаратты ұсынудың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, мәтін құрастыруға, ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсетуге бағытталған сипаттағы мәтін (мақала, эссе, хат және т.б.) жаздыруға бағыттайды.