Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 10-сынып Қазақ тілі


А мәтіні Кедейліктің психолгиясынан арылмай, қазақ қалай байысын



бет26/82
Дата20.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#119873
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82
Байланысты:
10 ҚГБ Қазақ тілі Зухра

А мәтіні
Кедейліктің психолгиясынан арылмай, қазақ қалай байысын
«Арамтамақ! Қиянатшыл! Қалтасы бар, түбі жоқ! Қанаушы!»- сұмдық-ай, қазақ неге бай десе, бірден осылай тітіркенеді де қалады? Әйтеуір, әл-ауқаттыларымыз жайлы жақсы сөзге сараңбыз, есесіне еңселі үйі мен оған кіріп-шыққан көліктерін көрген сайын көзімізге бәле көрінгендей, «осылар не істеп байыды екен?!.» - деп жыбыр ете қалатындарымыз аз емес. Сонда деймін-ау, кедейдің кедей болғанына бай жазықты ма? Яғни, байығанның бәрі жемқор ма? Санамызға бай жайлы, байлық жайлы осынша өшпенділік отын кім жақты екен?
Сананы тұрмыс емес, дұрысы – тұрмысты санаға билету.
Бүгінде біздерді осындай халықтың ұрпағы деп кім айтады? Бай көрсек, бәле көргендей жиырылып шығуымыз - сол ке­ңес­тік саясаттан. Байды қырып, «шолақ белсенді» етіп, кедей деген әлеуметтік топтың әлеуетін күшейту арқылы қазақтың психологиясына төңкеріс жасады. Содан не керек, «Ауруын жасырған өледі» демекші, ашығын айтуымыз керек, бүгін біз тәуелсіз ел болсақ та, әлі сол кедейлік психологиясынан арыла алмай отырмыз. Бізге бәрін біреу беру керектей: мәселен, жұмыс беруші жалақысын жоғарылатуы керек, мемлекет үй беруге тиіс, бағалар төмен болуы шарт, сондай-ақ көптеген қызмет тегін болуы тиіс! Ең арзан киім, арзан тамақ, әйтеуір, арзан атаулыны іздеп, кейде әлдебір затты сәл арзандау алу үшін сағаттап кезек күтуге бармыз. Таныс психо­логия ма? Көбіміздің осылай ойлайты­ны­мыз өтірік емес қой? Аталған қасиеттердің барлығы кедейлік психологиясына тән белгілер екен. Ал одан гөрі ақша табудың қосымша жолын қарастырып, әлгіндей кезекке кеткен уақытын одан да сол екінші жұмысқа кетірсе қайтер еді? Солай ете алса ғой, шіркін, «кедейлік психология­сынан» құлан-таза айығып кетер еді-ау!.. Қазақтың бай-қуатты болуына ең бірінші кедергі болып отырған – осы мәселе. (237 сөз)
Мариям Әбсәттәр «Алаш айнасы» газеті
http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=20&id=48526
Ә мәтіні
Әлеуметтік теңсіздік және әлеуметтік-құрылымдық өзгерістер
Қазіргі таңда Қазақстандағы теңсіздіктің ресми көрсеткіштеріне халықаралық, адамзат дамуының индексі және елдің өз көрсеткіштері жатқызылады. Ресми статистикалық деректер бойынша, Қазақстандағы теңсіздік жағдайы дағдарыстық емес және жыл сайын теңсіздік көрсеткіші төмендеп келеді. Осылайша, Джини индексі 2001-2015 жылдар аралығында 0,366 дан 0,278 – ге төмендеген.
Қазақстандағы теңсіздік бірнеше көрсеткіштер арқылы анықталады: аймақтық және елді мекендік тұрғыдағы ресми көрсеткіштер, жан басына шаққандағы ақшалай көрсеткіш, еңбекақы және жұмыссыздық көлемі, «кедейшілікте» өмір сүретін халық үлесі.
Қазақстандағы теңсіздік мәселесін шешу мақсатында аймақтар арасындағы дисбалансты теңдестіру, сонымен қатар, моноқалаларды дамыту, түрлі индустриалды жобаларды жасау сынды бірқатар шараларды жүзеге асыруға акцент қойылып отыр. Теңсіздік мәселесін шешу мақсатында жұмысбастылық пен еңбекақы көлемін арттыру мақсатында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы қолға алынды. Барлық аймақтағы жалақы көлемінің теңдей болуына қол жеткізу, сонымен қатар кедейшілікті түбімен жою мақсатында «Болашақ» бағдарламасымен мамандар оқытылуда. Яғни, Жапонияны мысалға алар болсақ, кедейшілікті төмендетудің ең тиімді шарасы – білім алу деңгейін жоғарылату екендігін түсінуге болады. 2014 жылы аз қамтылған қазақстандықтардың 10 мыңы осы бағдарлама арқылы білім алуға қол жеткізді. Осылайша, мемлекет теңсіздікті төмендету мақсатында бірқатар шараларды жүзеге асыруда. (169 сөз)
Спанқұлова Ләззат Сейтқазықызы Экономика ғылымдарының докторы, профессор
https://alashainasy.kz/economica/





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет