Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті


Семей полигоны – Қазақстанның ядролық қасіреті



Pdf көрінісі
бет40/63
Дата02.11.2023
өлшемі2,22 Mb.
#121425
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин

Семей полигоны – Қазақстанның ядролық қасіреті 
Семей ядролық полигоны, Семей сынақ алаңы – КСРО Қорғаныс министрлігі мен 
Атом өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен құрылған, ядролық жарылыстар жүргізілген 
сынақ аймағы. Полигон бұрынғы Семей облысы, Абыралы ауданы, сонымен қатар Павлодар 
және Қарағанды облыстарының біраз жерін қамтыды. Сынақ аймағында 1949–1989 жылдар 
аралығында 470-тей қуаты әртүрлі ядролық жарылыстар жасалды. Әуеде – 90, жер үстінде – 
26, жер астында – 26. 


58 
Алғашқы атом сынағы үшін әскери құрылысшылар көлемі 300 шаршы километр 
«тәжірибе алаңын» дайындады. Алаңның қақ ортасындағы 30 метрлік темір мұнараның 
төбесіне қуаты 20 килотонн ядролық заряд орнатылды. Айнала темірбетон қорғаныштар, 
бронды мұнаралар мен доттар бой көтерді. Орталықтан әр түрлі қашықтықта әскери техника, 
артиллерия қаруы, танктер, ұшақтар, автомобильдер, бронемашиналар орналастырылды. 
Одан сәл қашықтау тұтас бір қалашық – үш қабатты тұрғын үйлер, өнеркәсіп орындары, жер 
асты жолы, теміржол және автомобиль көпірлері салынып, оларда жанармай құйылған 
вагондар мен цистерналар тұрды. Мұның бәрі ядролық жарылыстың алапат күшінің, қуатын 
зерттеу үшін дайындалды. 
1949 жылы 29 тамызда таңертеңгі сағат 6.30-да Абай және Абыралы аудандарында 
халыққа алдын ала ескертілместен қуаттылығы 30 килотонна болатын бірінші жарылыс 
жасалды. Мұнда 1951 жылы 18 қазанда уран бомбасы, 1953 жылы 12 тамызда жер үстінде 
дүние жүзінде алғаш рет қуаттылығы 500 килотонна болатын сутек бомбасы сыналды. 
Семей ядролық полигонындағы жергілікті тұрғындарды медициналық тексеруден 
өткізгенде тұқым қуалайтын ауруға шалдығуына байланысты адамдарды, әсіресе, 
жасөспірімдердің арасында ерте қайтыс болу жиі кездесетіні анықталған. Сондай-ақ қатерлі 
ісік, сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуына 
байланысты ауруға шалдыққандар көп.
1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 
Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. 
http://www.tarih-begalinka.kz/kk/timetravel/page3255/
 
Оқылым 
Мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
[10] 
Қазақстанның антиядролық бастамалары көпке аян, өзгеге үлгі. Біздің еліміз – 
қарусыздану және жаппай қырып жою қаупі зор қаруды таратпау жөніндегі жаһандық 
қозғалыстың көш басында келетін мемлекеттердің бірі. Бұны дүниежүзі мойындап отыр. 
Елдің бейбіт әлем құру төңірегіндегі беделі басым дейді халықаралық сарапшылар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет