Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті



Pdf көрінісі
бет57/63
Дата02.11.2023
өлшемі2,22 Mb.
#121425
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин

 
 
 
2-мәтін 
 
Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмнің еліміздің өзге аймақтарынан ерекшелігі 
бар. Бұл облыста тарихи-мәдени орындар, көне қалашықтар мен әулиелі жерлер көп. 
Сондықтан, мұндағы туристердің дені – зиярат етушілер. Оңтүстік Қазақстан облысының 
орталығы саналатын Шымкент қаласы да ертеден-ақ ғалымдар мен саяхатшылардың 
назарында. Өйткені барлық туристік маршруттар осы жерден басталады. Қазірдің өзінде 
туристік қызмет көрсетумен қалада 20-дан астам арнайы орындар мен фирмалар 
айналысуда. Тарихи және киелі орындарға саяхат ету үшін Түркістан қаласында бағзы заман 
мәдениетінің көріністері ретінде танылған әлемге әйгілі тас ескерткіштерді, көне Сайрамның 


84 
ескерткіштерін, Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда-саттық пен қолөнершілердің ордасы 
Отырар қаласын, Қожа Ахмет Яссауи кесені мен Арыстанбаб кесенесін тамашалауға болады. 
Оңтүстік Қазақстан мен Тянь-Шань таулары арасында орналасқан Қызылқұм бір күн ішінде 
ыстық құмнан мұз қапталған тауға жетуге мүмкіншілік береді. Осыдан келіп бір облыстағы 
түрлі табиғи-климаттық ерекшеліктерді байқауға болады. Сондай-ақ, бұл өлке жануарлар 
мен өсімдіктер дүниесіне толы.
Оңтүстікте орын тепкен киелі Түркістан қаласы да туризм орталығына айналуға 
әбден лайықты. Негізінен, жыл сайын Түркістанға 800 мыңға жуық турист табан тірейді 
екен. Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне келіп тәу 
ететіндердің қатары да тым көп. Түркістан туристерді көптеген тарихи орындарымен 
тартады. Бұл жердің аса қызықты археологиялық ескерткіштері ежелгі қала Отырардың 
гүлденген кезеңіне жатады, бұл ескерткіштер Отырар оазисі тарихи-мәдени қорығының 
құрамына енгізілген. Сонымен қатар, моңғол шапқыншылығы кезінде Отырар қаласының 
ерлікпен қорғанғанын түрлі экспонаттармен көрсетіп сипаттайтын тарихи мұражай бар. XII-
XX ғасырлар ескерткіші, Қожа Ахмет Йассауидің ұстазы Арыстан-баб кесенесі де барып 
көруге тұрарлық көрнекті орындардың бірі. Туризмді дамытып, саяхаттап келушілерге 
сапалы қызмет көрсету мақсатында жергілікті билік бірнеше жобаларды қолға алған.
Ә
сел 
Ә
нуарбек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет