Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті


Семей полигоны – Қазақстанның ядролық қасіреті



Pdf көрінісі
бет45/63
Дата02.11.2023
өлшемі2,22 Mb.
#121425
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин

Семей полигоны – Қазақстанның ядролық қасіреті 
Семей ядролық полигоны, Семей сынақ алаңы – КСРО Қорғаныс министрлігі мен 
Атом өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен құрылған, ядролық жарылыстар жүргізілген 
сынақ аймағы. Полигон бұрынғы Семей облысы, Абыралы ауданы, сонымен қатар Павлодар 
және Қарағанды облыстарының біраз жерін қамтыды. Сынақ аймағында 1949–1989 жылдар 
аралығында 470-тей қуаты әртүрлі ядролық жарылыстар жасалды. Әуеде – 90, жер үстінде – 
26, жер астында – 26. 
Алғашқы атом сынағы үшін әскери құрылысшылар көлемі 300 шаршы километр 
«тәжірибе алаңын» дайындады. Алаңның қақ ортасындағы 30 метрлік темір мұнараның 


63 
төбесіне қуаты 20 килотонн ядролық заряд орнатылды. Айнала темірбетон қорғаныштар, 
бронды мұнаралар мен доттар бой көтерді. Орталықтан әр түрлі қашықтықта әскери техника, 
артиллерия қаруы, танктер, ұшақтар, автомобильдер, бронемашиналар орналастырылды. 
Одан сәл қашықтау тұтас бір қалашық – үш қабатты тұрғын үйлер, өнеркәсіп орындары, жер 
асты жолы, теміржол және автомобиль көпірлері салынып, оларда жанармай құйылған 
вагондар мен цистерналар тұрды. Мұның бәрі ядролық жарылыстың алапат күшінің, қуатын 
зерттеу үшін дайындалды. 
1949 жылы 29 тамызда таңертеңгі сағат 6.30-да Абай және Абыралы аудандарында 
халыққа алдын ала ескертілместен қуаттылығы 30 килотонна болатын бірінші жарылыс 
жасалды. Мұнда 1951 жылы 18 қазанда уран бомбасы, 1953 жылы 12 тамызда жер үстінде 
дүние жүзінде алғаш рет қуаттылығы 500 килотонна болатын сутек бомбасы сыналды. 
Семей ядролық полигонындағы жергілікті тұрғындарды медициналық тексеруден 
өткізгенде тұқым қуалайтын ауруға шалдығуына байланысты адамдарды, әсіресе, 
жасөспірімдердің арасында ерте қайтыс болу жиі кездесетіні анықталған. Сондай-ақ қатерлі 
ісік, сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуына 
байланысты ауруға шалдыққандар көп.
1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 
Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. 
http://www.tarih-begalinka.kz/kk/timetravel/page3255/
 
Оқылым 
Мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
[10] 
Каспий теңізі – ежелден балық ауланатын маңызды су айдыны. Бекіре тәрізділердің 
дүниежүзілік өнімнің 90%-і осында ауланады. Соңғы кезде балықтардың уылдырық 
шашатын жерлеріне жетуге кедергі келтіретін өзендерге салынған бөгеттер, судың 
радиациялық және хим. жолмен ластануы және қаскөйліктің (браконьерлік) етек алуы 
бекіренің қорын азайтуда. Сондай-ақ, мұндағы қортпа, пілмайдың жылдан-жылға саны кеміп 
бара жатыр. Каспий миногасы, Еділ майшабағы, Каспий албырты, ақбалық, күтім – 
Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Қазіргі заманның балық шаруашылығы – балық 
аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр және пілмай) табиғи және 
жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық з-ты (Ресейдің, 
Әзірбайжанның, 
Қазақстанның) 
Каспий 
теңізіне 
75 
млн. 
балық шабақтарын 
жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық зауыты жылына 6 млн. бекіре балығының 
шабағын дайындайды. Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау үшін тұзды 
суға шығады. Мысалы, шортан, оңғақ, қызылқанат балық, алабұға теңіздің атырауына 
(дельта) дейін өрістесе, қаракөз, табан, көксерке тұзды суда (тұзд. 10 – 11‰), ал бекіре 
тәрізділер судың өте тұзды жерінде тіршілік етуге бейімделген. Каспий т-нде 2 тропиктік 
жүйе қалыптасқан (2-сурет). Солт.-Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі 
мекендейді. Соның ішінде Қазақстанның және Ресейдің “Қызыл кітабына” енгізілген өте 
сирек кездесетін қалбағай, қарабай, сары құтан, бұйра бірқазан, тағы басқа бар. Ал Каспий 
итбалығы – тек қана Каспий т-нде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 жылы1 млн-нан астам 
итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360 – 450 мыңға дейін азайған 
итбалықтың – 27 мыңы, 1990 жылы– 13,8 мыңы, 1996 жылы– 8 мыңы ауланған. 2000 жылы 
сәуір – тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды. Каспий итбалығының жаппай 
қырылуы – Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометеорология және экология жағдайлардың 
нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін
көрсетеді. 
https://kk.wikipedia.org/wiki/
 


64 
Табиғатты қорғау – қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, 
болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы 
шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі. 
Табиғатты қорғау – бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, 
сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, 
әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. 
Қазақстанның 
табиғи 
ресурстарын 
қорғау 
және 
ұтымды 
пайдалану. Қазақстан 
Республикасының 
Мәжілісі және 
Үкіметінде 
табиғатты 
қорғауды 
күшейтуге, 
республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық 
актілер қабылданып, пайдаланылуда. Әрбір облыстардың жанында осы актілердің 
орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. Республикада табиғат қорғау 
прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы 
заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы 
құрылған, олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен аумақты 
барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. Бұл ұйымдар - қорықтар, ұлттық табиғи 
саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар. Қазақстан Республикасында 2003 жылы ерекше 
қорғалатын 25 аумақ бар деп есептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи ұлттық саябақтары - 
10. Бұл табиғат қорғау мекемелері шамамен 3 млн гектар ауданға орналасқан. 
https://kk.wikipedia.org
 
А мәтіні 
Ә мәтіні 
Тақырыбы 
Автор көзқарасы 
Қызметі 
Құрылымы 
Тілдік ерекшелігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет