«Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Мәңгілік Ел – мұратым», «Жаһандану мәселелері» бөлімдері бойынша
ІІ нұсқа
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
[10]
1. Мәтінді оқып, негізгі ойын анықтаңыз. Мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың қолданылуына сыни тұрғыдан өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Пікіріңізді жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дәлелдей сөйлеңіз.
2. Жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Мәтін бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Талқылауға белсенді қатысып, пікір білдіріңіз.
1-мәтін
Су тапшылығы әлемнің бас ауруына айналды
Бүгінгі күнде тұщы су тапшылығы ХХІ ғасырдың он жаһандық қатерінің қатарына еніп отыр. Ресми деректерге сүйенсек, дүниежүзiндегi 1 миллиард адам iшуге жарамды суға зәру.
Кейбір болжамдар бойынша, 2025 жылға қарай 50 ел ауызсу тапшылығының зардабын тарта бастайды.
Ауызсудың тапшылығы жаһандық климат өзгерістерімен қоса, адамзат баласының суға қажетті сұранысының артуынан да туындап отыр. Жер бетіндегі ауызсу құрлықтарға бөлінбеген. Бір құрлық судың ортасында немесе маңайында орналасса, екіншілері шөлейт және шөл аймақтарда жатыр. Мәселен, күллі адамзаттың 60 пайызы өмір сүретін Азияда ауызсудың үштен бірі ғана бар. Ақиқатында, суға қажеттілік артып отырған заманда ескеретін, үнемі еске алатын жайттар жеткілікті-ақ. Ең алдымен, біз суды үнемдеуді үйренуіміз қажет. 2050 жылға қарай адамдардың азық-түлікке сұранысы тағы да 70 пайызға көбейеді. Ауылды жерлерде таза суды пайдалану 19 пайызға артады. Осы уақытта барлық қажеттіліктерге жер бетіндегі барлық тұщы судың 90 пайызы қажет болады.
ЮНИСЕФ пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, бүгінде таза ауызсуға жер халқының 89 пайызы ғана қол жеткізіп отыр. Ең алаңдатарлық жағдай, 783 млн адам осы күнге дейін ластанған су көздерін тұтынуға мәжбүр. Олардың басым бөлігі, дәлірек айтсақ, 40 пайызы Африкада, Оңтүстік Сахарада тіршілік етеді. Бір қиыны, дәл осы құрлықтың тұрғындары Жер шарында ең үлкен қарқынмен көбейіп келе жатыр.
(195 сөз)
http://old.aikyn.kz/ru/articles/show/26485-su_tapshyly_y_lemni_bas_auruyna_ainaldy
2-мәтін
|