Бағалау критерийі:
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Білім алушы
Жағдаятқа сай пікірі мен көзқарасын дәлелмен жеткізеді;
Төл сөздерді төлеу сөзге айналдырады.
Жоғары деңгей дағдылары
|
Орындау уақыты:
|
20 минут
|
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, төменде берілген тапсырмаларды орыңдаңыз.
Үркер
Үркер қазақша «үркек» деген сөзден шыққан. Баяғы замандарда жер бетінде тек қыс болып тұрған екен. Осы кезде Үркер шоқжұлдызын құрайтын шағын он екі жұлдызшалар жерде ұйықтап жатады екен. Бірде бір данышпан суықтан қажыған жануарларға: «Егер осы шоқжұлдыздарды түгелімен қырып салсаңдар, жайма-шуақ жазға кенелесіңдер», – деген өсиет айтады. Сонымен түйе, жылқы, сиыр үшеуі жиналып, үркердің көзін жоймақ болып келіседі.
Әуелі жылқы төрт жұлдызшаны, түйе тағы екеуін табанына салып таптапты. Алты жұлдызша сиырдың еншісіне тиіпті. Бірақ жұлдызшалар оның аша тұяғының арасынан сытылып шығып, көкке ұшып кетіпті. Содан бері жерде алты ай суық, алты ай жылы болады екен.
Жануарлар сиырға өкпелепті. Оларға суықтан қорықпайтын сиыр: «Қыста сықырлатып қар басып жүрген жаман ба? Ыстықтан дымымыз құрып, қаталағанымыз жетер!» – деп жауап беріпті. (117 сөз)
(https://aruna.kz/)
«Неге? Неге?» әдісі арқылы жұбыңызбен диалог құрыңыз.
Диалог құруға нұсқау:
а) 1-оқушы мәтіндегі ойға байланысты пікір білдіреді де сөйлемді «Неге?» деген сұрақпен аяқтайды.
ә) 2-оқушы оқушы сол сұраққа жауап береді де, 1-оқушыға «Неге?» деп аяқталатын өз сұрағын қояды.
(Әр оқушы 3 сұрақ қояды)
2. Мәтіннен төл сөзді тауып, төлеу сөзге айналдырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |