Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып Қазақ тілі
5- сынып қазақ тілі Абишева К-1
Оқылым 1-2 тапсырмалардың жалпы балл қою кестесі
Жазылым
ҚОРЫТЫНДЫ "Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы" атты нұсқаулық білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім алушылардың білімді пайдалануды, өз пікірін білдіре отырып, әңгіме нысанасына қатысты сөйлеушінің көзқарасын бағалауды, сұрақтар арқылы мәтін мазмұнын болжауды, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазуды және алынған білім мен дағдыларды шынайы өмірде пайдалануды үйретуге бағытталған. Жаратылыстану, әдебиет, музыка пәндерімен тығыз пәнаралық байланысты көздейді және оқушылардың қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аяларына қатысты мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстыруды, дәлелдер мен фактілерді ажырата отырып, ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалауды үйретуді негізге алады. Тапсырмаларды орындау барысында білім алушылардың орындаушылық және шығармашылық дағдылары қалыптасады. Бағалау критерийлері қолжетімді, оқу мақсатына сәйкес, нақты берілген. Дескрипторлар білім алушының тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтап, кері байланыс беруіне қолжетімді түрде құрылған. Жина0та5ы тапсырмалар сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары бойынша тапсырмалар оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттармен сәйкес жүйелі берілген. Білім алушының тілдік құзыреттілігін дамыту мақсатында әр түрлі мәтіндермен жұмыс жасау арқылы оның стильдік ерекшелігін ажырату, ақпаратты іріктеу, сұрақтар құрастыру, мәселеге байланысты пікірлесе отырып өз пікірін білдіру, баға беруге машықтандыруға арналған тапсырмалар түрлендіріліп берілген. Ойлаудың жоғары деңгейіндегі тапсырмалар әртүрлі контекстегі мәтіндерді өздігінен түсініп оқып, өзіндік қорытынды жасап, тың идеялар айтуға дағдыландырады. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Жинақ «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына», «Оқу бағдарламасына», «Оқу жоспарына», «Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулыққа», «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағына», «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарға» негізделіп дайындалған. Республикасының «Білім туралы Заңы (24.11.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтыруларымен). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты». «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары. Т.Н.Ермекова, Ж.К.Отарбекова, Р.Н.Мұнасаева Қазақ тілі. – Астана: Арман ПВ баспасы, 2017. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Бас редакторы Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясы, 1998. Исаев С. Қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы: Өнер, 2007. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: Ғылым, 1994. Адамбаев Б. Халық даналығы. – Алматы: Мектеп, 1976. Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. – Алматы, 2003. Балақаев М., Томанов М., Жанпейісов Е., Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы, 1974. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. – Алматы, 1984. Қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық сөздігі. - Алматы, 1998. Ж.Отарбекова, Б.Нұржанова, П.Байтымбетова Нормативті қазақ тілі. – Алматы, 2015. ЭЛЕКТРОНДЫ ҚОРЛАР https://massaget.kz/ http://old.aikyn.kz/ http://bilim-all.kz https://informburo.kz/ https://kk.wikipedia.org/ https://osken-onir.kz ttps://angimeler.wordpress.com/ https://aruna.kz/ http://old.baq.kz https://ziatker.kz/ https://qazaqadebieti.kz/ http://reactor.inform.kz/ http://bilimdiler.kz/ https://kitap.kz/book жүктеу/скачать 1,57 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |