Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 6-сынып Қазақ тілі



бет94/98
Дата22.09.2022
өлшемі1,53 Mb.
#39811
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98
Байланысты:
6-сынып қазақ тілі

Әлемге танымал кітапханалар
Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттардың Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Білесіз бе, мұндағы қызметкерлердің саны – 3000 адамнан асады екен.
Кітапханада 437 түрлі тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап пен құнды ақпараттар, 61 миллиондай қолжазба, Солтүстік Америкада сирек кездесетін кітаптар жинағы, 1 миллионнан астам мемлекеттік баспа, үш ғасырдан бері жиналып келе жатқан 1 миллионға жуық әлемдік газет, заңдық құжаттардың әлемдегі ең үлкен жинағы, фильмдер, 4,8 миллион карта, ноталар, 13,7 миллионнан астам сурет бар. Қазіргі таңда кітапхана басшысы – Джеймс Х.Биллингтон.
Ал, Британдық кітапхана – Ұлыбританияның ұлттық кітапханасы болып табылады. Кітапхана Лондонда орналасқан және әлемнің ең үлкен кітапханалары қатарында. Онда әлемнің ең танымал тілдеріндегі 150 миллионнан астам құнды ақпарат, кітаптар, газеттер, видеоақпараттар, әуенді жазбалар, карталар, суреттер жинақталған. Оған қоса 25 миллионға жуық сирек кездесетін қолжазба мен кітаптардың жинақтары бар. Аталған қолжазбалар б.з.д. 300 жылдардан хабар береді. Көлемі жөнінен әлемде АҚШ-тағы кітапханадан кейінгі екінші орында тұр. (168 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/2855

Ә мәтіні.


Әлемнің ең үлкен кітапханалары
Гейзель атындағы кітапхана – Сан-Диегодағы Калифорния университетінің басты кітапханалық ғимараты. Кітапхана сегіз қабаттан тұрады, биіктігі 33,5 м. Аты атақты америкалық балалар жазушысы әрі мультипликатор Теодор Сьюз Гейзельдің құрметіне қойылған.
Голландиядағы Делфт технологиялық университетінің кітапханасы. Ол 1997 жылы Mecanoo архитектуралық студиясының жобасы бойынша салынған. Бұл кітапхана шатыры үлкен конуспен аяқталатын ерекше үлгідегі әлемдегі бірден-бір ғимарат.
Хосе Васконселос атындағы кітапхана. Мексиканың астанасы Мехиконың орталығында орналасқан бұл кітапхана 2006 жылы ашылған. Кітапхана 1922-1924 жылдары Мексиканың білім министрі болған жазушы әрі пәлсапашы, мемлекет қайраткері Хосе Васконселостың есімімен аталады. Ол ХХ ғасырда Латын Америка философиясының дамуына зор үлесін қосқан тұлға.
Ванкувер кітапханасы – параллелепипед тәрізді тоғыз қабатты ғимарат. Сыртқы көрінісі римдегі Колизейді еске түсіреді.
Солт-Лейк-Сити кітапханасының басты бөлігі. Бұл бес қабатты керемет ғимарат Ванкувер кітапханасын салған архитектор Моше Сафдинің жобасы бойынша 2003 жылы салынған.
Британ музейінің оқырман залы – Ұлыбританиядағы ең үлкен кітапхана. 1997 жылға дейін кітапханаға кәсіби зерттеушілерге ғана кіруге рұқсат етілетін. Мұнда әр кездері Карл Маркс, В.И.Ленин, Махмат Ганди, Дж.Б.Шоу, Герберт Уэллс зерттеу жұмыстарымен айналысқан. 2000 жылдан бастап кітапхана есігі көпшілікке ашық. (162 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/2855

А) А мәтінінен негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет