Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып Қазақ тілі



бет58/65
Дата22.10.2022
өлшемі1,59 Mb.
#44860
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65
Байланысты:
5- сынып қазақ тілі Абишева К

Барлығы 40 минут

30



4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Аспан әлемінің құпиялары
Саяхат және демалыс. Синтаксис


І нұсқа
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1.Мәтінді тыңдап (оқып), көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызға тыңдаушыны сендіру үшін, нақтылы мәтін ақпаратын, қыстырма, қаратпа сөздерді қолданыңыз.
2.Жұбыңызды мұқият тыңдап, мәтін бойынша сұрақ қойыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіру не толықтыру мақсатында жұбыңыздың сұраққа жауап беруі кезінде келісу, келіспеуіңіз бойынша диалогке қатысыңыз.
[10]
1-мәтін
Әлемді шарлаңыз

Алты құрлықты аралауды армандамайтын жан кемде-кем шығар. Әлемнің керемет мекендеріне табан тіреп, алып шаһарларды шарлау кім-кімнің болмасын ойында жүрген игі мақсаттарының бірі. Өз тарапымыздан, жер шарын аралау кезінде кәдеге жарар кеңестерімізді ұсынамыз.


Стратегия мен жоспар
Әуелі жер картасына бір қарап, сапар бағдарын сызып, жазып алыңыз. Сапар бағдарын жасаған соң, аралайтын мемлекеттердің ауа-райы, мереке күндері, тіл білімі, маусым ерекшеліктері, саяси тұрақтылығы, жергілікті заңдары мен ережелері, пәтер бағасы, туралы мәлімет жинастырыңыз.
Бюджет пен қаржы
Сапарды жайлы өткізгіңіз келсе, турагенттердің қызметіне жүгінсеңіз болады. Олар сіздің сапарбағдарыңызға қарап, жақсы қонақүйлерді таңдап береді.
Құжаттар
Сапар біраз уақытты алады. Сондықтан да, жолға шықпас бұрын, құжаттарыңызды реттеп алыңыз. Шетел төлқұжатының жарамдылық мерзіміне, таза беттеріне (виза үшінқажет) жіті назар аударыңыз. Әр елдің өзге мемлекеттердің азаматтарын қабылдау туралы тәртібін ескере отырып, алдын ала қажетті құжаттарды тапсырып, виза рәсімдеңіз. (129 сөз)
(https://massaget.kz)

2-мәтін
Шоқ жұлдыздар


Жұлдыздар ежелгі ғалымдардың қызығушылығын туғызды, бірақ телескоптар жоқ болғандықтан, олар көзге көрінетіндерге ғана атау берді. Шоқжұлдыздардың пішіндері мен өлшемдері әр түрлі болып келді. Егер шоқжұлдыздарды құрайтын жұлдыздары сызықтармен біріктірілмесе, аты берілген жануарды немесе заттарды тану әрдайым мүмкін бола бермейді. Кейбір шоқжұлдыздардың екі немесе одан да көп атауы бар. Ежелгі гректер Орион шоқжұлдызын Аңшы шоқжұлдызы деп атаса, ежелгі мысырлықтар Осирис деп атаған.


Жұлдыз – өте күшті қызған газдан (плазмадан) тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денесі.
Вавилон, Мысыр, Қытай және Грецияның алғашқы астрономдары жұлдыздарды қарастырған кезде олардың кейбірінің жануарларға немесе аңыз-әңгімелердің кейіпкерлеріне ұқсас екенін аңғарған. Сөйтіп,оларға Торпақ (өгіз) немесе Персей (грек кейіпкері) деген сияқты атаулар берді. Кейіннен Телескоп сияқты өзге шоқжұлдыздар табылып, ат қойылды. Көптеген шоқжұлдыздарды осыдан 2000 мың жылдан астам уақыт бұрын алғаш тапқан Қытай мен Вавилонның астрономдары еді. (132 сөз)
(https://prezi.com/)
Оқылым
Тапсырма
Мәтіндерді оқып, олардың жалпы қысқаша мазмұны мен нақты ақпараттарды ажыратып көрсетіңіз.

А мәтіні




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет