Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып Қазақ тілі


-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет56/66
Дата21.04.2023
өлшемі1,59 Mb.
#85360
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66
Байланысты:
5- сынып қазақ тілі

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Қиял әлемі.
Көлік және жол белгілері.
Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология.


ІІ нұсқа
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма

  1. Мәтінді оқып шығып, негізгі ойды білдіретін кем дегенде 5 тірек сөзді анықтаңыз. Анықтаған тірек сөздерді жұбыңызға оқып немесе айтып беріңіз.

  2. Тірек сөздер негізінде жұбыңыздың мәтін мазмұнына жасаған болжамын мұқият тыңдаңыз және ақпараттың түпнұсқаға қаншалықты жақын болғандығы туралы кері байланыс беріңіз.

[10]
1-мәтін
Ғажайып планета

Экипаж мүшелері түгел дерлік шаршап-шалдыққан. Ойда жоқта кез болып, басқа түскен сергелдең бұларды бір мезгіл асып-састырып абыржытса, енді бірде көңілдеріне қаяу түсіріп, жабырқатқан секілді. Әркім өз ойымен әуре. Командирдің аты командир ғой. Қалай бұйрық берсе, басқасы солай жүрмек. Не дер екен қазір мына ғалым?


Бұл жерде экипаждың барлық мүшесі бірдей жабырқаулы деуіміз артықтау да болар. Өйткені, кемеде бесінші мүше де бар болатын. Ол кеудесін шамасынша көріп көңілді тұрған секілді. Екі көзі жасыл от шашып жарқ-жұрқ етеді. Бұл жасанды адам физиомеханикалық «Кибер» еді.
Кибер маймаңдап басып тақап келді.
– Қастерлім, – деді ол биологтың иығына қолын салып. (Оның әрқашан осылай сөйлейтін әдеті еді). Сіздер мына мен болмағанда бағанағы космос айдаһарының аузына түсіп, тәтті тағамға айналған болар едіңіздер. Мен білмейтін өнер сіздерде көбірек. Бірақ осы бір қызықты жұмбаққа миларыңыз қалайша жетпей тұр? Оның үні электронды музыкадағыдай әсем де нәзік естілді. Бұл кибер түп табиғатында әзілқой боп жаратылған-ды. Оның кез келген нәрсені әзілге айналдыратынын космонавтар жақсы біледі. Сол себепті ешкім тіс жармағанды. Барлығының көзі Турановта. (160 сөз)
(Т.Сұлтанбеков «Ғажайып планета»)
2-мәтін
Бақша ағаштары


Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
– Мынау ағаш неге тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? – деп сұрады баласы.
– Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш қараусыз, өз шығу қалыбымен өскен, – деді атасы.
– Олай болса, бағып-қағуда көп мағына бар екен ғой, – деді баласы.
– Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе ғибрат алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды түсініп, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, – деді. (121 сөз)

Ы.Алтынсарин «Бақша ағаштары»
Оқылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін көрсетіп, кестені толтырыңыз. [5]

Жаяу жүргіншілерге жолды кесіп өтуге арналған нұсқаулық


1. Екі көшенің қиылысқан әрі «Өтетін жер» деп жазылған түсті, асфальтта сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерде, қарсы алдыңдағы бағдаршамның жасыл шамы жанған кезде ғана көшеден өтуге болады.
2. Жүріп келе жатқан машиналардың алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше күте тұр.
3. Көшеден өтерде алдымен сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда, ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
4. Көше қиылыстарында бағдаршамда жасыл шам жанған кезде не болмаса өтіңіздер деген сөз көрінгенде ғана көшені кесіп өтуге болады.
5. Аялдамада тұрғанда автомобиль, автобус, троллейбустың тек ары жағынан айналып өт, сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны дәл уақытында көре аласың.
6. Жолдың арғы бетіне тек бағдаршам тұрған немесе жаяу жүргінші өтетін жерден өт.
7. Тек қана бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана жолдан өт.



Мәтін не туралы?






Құрылымы






Қалай рәсімделген?






Жанры және жанрлық ерекшелігі неде?






2. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтауға бағытталаған сұрақ (3-5) құрастырыңыз. [5]



1


2


3


4


5




Жазылым
Төменде берілген суреттердің бірін негізге ала отырып, әңгіме жазыңыз. Әңгімеңіздің белгілі бір сюжетке құрылуын, қызықты эпизодтың, шағын кейіпкерлер жүйесінің болуын ескеріп, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз. Сөз саны шамамен 120-150.
[10]

1) Жолда жүру ережесіне байланысты өмірде болатын оқиғаға сүйене отырып, әңгіме құрап жазыңыз. Кейіпкерлері: ұл бала, қыз бала (есімдерін ойластырыңыз).






2) Мінез-құлықтарына қатысты туындайтын достар арасындағы қарым-қатынастарды негізге ала отырып шағын әңгіме құрастырыңыз.




3) Кейіпкерлері әлемді жойғысы келген өзге ғаламшарлықтар болатын қиял- ғажайып әңгіме жазыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет