Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып Қазақ тілі



бет8/66
Дата21.04.2023
өлшемі1,59 Mb.
#85360
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66
Байланысты:
5- сынып қазақ тілі

Бағалау критерийі:
Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білім алушы

  • Мәтіннің жалпы мазмұны мен нақты ақпараттарға сүйене отырып сұрақтар құрастырады;

  • Мәтіндегі орфографиялық нормаға сай жазылмаған сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды;

  • Анықталған қателерді сөздіктерге сүйеніп, түзетеді.

Қолдану

Орындау уақыты:

20 минут



Тапсырма
1. Берілген сұрау есімдіктерін қатыстыра отырып, мәтін мазмұнын түсінуге 2 сұрақ, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған 3 сұрақ құрастырыңыз.



Кім?




Не?




Қандай?




Неге?




Қалай?




Мәтін
«Берік Исмаилов» сән үйінің сәнгері - Аяулы Дәменовамен сұхбат.


Тілші:
Сән дегеніміз - киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі ортасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі деп жатамыз. Келісесіз бе? Өзіңіздің кәсіби сәнгер ретінде киім кию мәдениеті туралы ойыңызды айта аласыз ба?
Сәнгер:
– Жалпы киім ұғымы адамдардың қоғамдық жағдайларға және уақытқа сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен (мода) тығыз байланыста болады. Қоғам дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни әрдайым жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсімен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Қысқаша айтқанда, сән, мода әрдайым өзгеріс үстінде болғандықтан оны қуып жету мүмкін емес, сондықтан адам өзіне қонымды, жарасатын киім үлгісін таңдап сән ағымымен ұштастыра білсе, ешқашан ұтылмайды деп ойлаймын. (147 сөз)
(https://massaget.kz)
2. Мәтіннен орфографиялық нормаға сай жазылмаған сөздер мен сөз тіркестерін анықтаңыз. Қателерді сөздіктерге сүйеніп, орфографиялық нормаға сай түзетіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет