Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 9-сынып Қазақ тілі



бет3/82
Дата03.02.2022
өлшемі2,04 Mb.
#24803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
9 сынып Мырзабекова Қ

Тараз қ. 2020

КІРІСПЕ

Жинақ «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын», «Оқу бағдарламасына», «Оқу жоспарына, «Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулыққа», «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы», «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарға» негізделіп дайындалған.

Республикасының «Білім туралы Заңы (24.11.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтыруларымен). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты». «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары.

«...Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» [6], – деп айтып өткен болатын. Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептердегі қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасы Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасына негізделіп, жаңартылуда. Жаңартылған оқу бағдарламасы оқушының іс-әрекетіне, күнделікті өмірде қажетіне жарата білуіне қарай бағытталған, сондай-ақ күнделікті өмірімен сабақтасады.

Осы бағдарлама аясында жиынтық бағалауға арналған әдістемелік құрал мұғалімге, 9-сынып білім алушыларына, «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік құралда оқу бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулық, тоқсан сайынғы оқу мақсаттары басшылыққа алынған. Оқу мақсаттарындағы тұтас, аралас мәтіндер мен графиктік мәтіндік ақпараттарды салыстыру сияқты күрделі тапсырмаларға басымдық берілген.

1-тоқсанда «Мәңгілік Ел – мұратым», «Жаһандану мәселелері» бөлімі, 2-тоқсанда «Тәуелсіз жылдардағы Қазақстан. ЭКСПО – 2017», «Адам құқығы және бостандығы» бөлімі, 3-тоқсанда «Отбасы және демографиялық өзгеріс», «Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары», 4-тоқсан бойынша «Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік», «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары білім алушының деңгейін ескере отырып 2 нұсқада құрастырылған.

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған.

Көмекші құралды дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды.



МАЗМҰНЫ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар...........6

«Мәңгілік Ел – мұратым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.............7

«Жаһандану мәселелері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.............15
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар..........25

«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО – 2017» бөлімі бойынша жиынтық бағалау....................................................................26

«Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау......................................................................................................32
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар.........46

«Отбасы және демографиялық өзгеріс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау......................................................................................................47

«Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау ...................................................................................................................57
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар.............................................................................................69

«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .....................................................................................................70

«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .....................................................................................................87
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы ......................94

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы ....................113

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы ................... 130

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы.....................147


Қорытынды.............................................................................................163
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................164



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет