Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 9-сынып Қазақ тілі



бет45/82
Дата03.02.2022
өлшемі2,04 Mb.
#24803
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82
Байланысты:
9 сынып Мырзабекова Қ

______________________________________________________________________

Жазылым


Балл

Сипаттамасы

9-10

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданады. Ойын еркін әрі толық беруде, күрделі әсерлерді жеткізе алады, тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.

7-8

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолданады. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір орфографиялық қателер түсінуді қиындатпайды.

5-6

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қанағаттанарлық деңгейде қолданады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, орфографиялық қателер, мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы жалпы әсерді бұзады.

3-4

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолдануға тырысады. Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама – қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.

Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.



1-2

Қолданған тілдік құралдары жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай емес. Сөздер кейде анық емес, орфографиялық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет