Жамбыл облысы Газет 1937 жылғы



Pdf көрінісі
Дата19.01.2017
өлшемі5,24 Mb.
#2230

C

M

Y



K

18 наурыз       сәрсенбі         2015 жыл      №26 (7647)   

Сарысу ауданы (Жамбыл облысы)

Газет 1937 жылғы

5 мамырдан

шығады

 

www.gazeta-sarysu.kz



sarysu_02@mail.ru

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл 

облыстық  филиалы  төрағасының 

бірінші  орынбасары  М.  Беріктің 

үстіміздегі жылдың наурыз айының 

12  күнгі  №47  бұйрығымен  Қайрат 

Қостанайұлы  Аукенов  «Нұр  Отан» 

партиясы Сарысу аудандық фили-

алы  төрағасының  бірінші  орынба-

сары қызметіне қабылданды.

Қайрат  Қостанайұлы  Аукенов 

1978    жылы  3  тамызда  Жамбыл 

облысы,  Талас  ауданы  Қаратау 

қаласында  туған.  Ұлты  қазақ. 

Білімі жоғары.

М.Х.Дулати  атындағы  Тараз 

мемлекеттік  университетін  эконо-

мист  мамандығы  бойынша  1999 

Біз, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің жұмысшылар ұжымы, 

жаһанда қалыптасқан күрделі жағдайда кезектен тыс Қазақстан 

Республикасы  Президенті  сайлауын  өткізу  дер  кезінде 

қабылданған маңызды шешім деп білеміз және барша отанда-

старымызды осы тарихи сәттен тыс қалмауға шақырамыз.

Бүгінде еліміз гүлденіп, әлемнің алпауыттары санасатын сая-

си беделге ие болды. Тәуелсіздіктің 24 жылында мемлекетіміздің  

берік іргетасы қаланып, бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық 

моделі  қалыптасты.  Әлемде  баламасы  жоқ  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы  елімізде  тұрып  жатқан  130-дан  аса  ұлыстың 

ұйытқысы болып, ұлтаралық татулықтың тұтқасына айналды.

Мызғымас  ауызбірліктің  арқасында  мемлекетіміз  өзгелер 

ғасырларын сарп еткен асуларды аз уақыт ішінде бағындырып, 

дамыған  50  мемлекеттің  қатарына  қосылды.  Енді  алдымызда 

озық 30 елдің көшіне кіру міндеті тұр. «Қазақстан-2050» страте-

гиясы-осы  мақсатқа  бағыт  сілтер  басты  құжат.  Бағдарламада  

еліміздің әрбір азаматын сапалы біліммен, тұрақты жұмыспен, 

тегін  медициналық  қызметпен,  кедергісіз  келешекпен  және 

алаңсыз зейнетпен қамтудың нақты жолдары ұсынылған. Осы-

нау игі істерді жүзеге асыруға біз де атсалысуға әзірміз.

Біз,  «Қаратау»  тау-кен  өңдеу  кешенінің  жұмысшы  ұжымы, 

мемлекетіміздің әрбір азаматын 2015 жылғы 26 сәуірде өтетін 

Қазақстан  Республикасы  Президентін  сайлауға  қатысуға 

шақырамыз.

Бесінші  шақырылған  Сарысу  аудандық  мәслихатының 

кезекті  42-сессиясы  2015  жылдың  31  наурыз  күні  сағат 

11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.

Күн тәртібі:

1.  Аудан  тұрғындарына  мәдени  қызмет  көрсету 

жұмыстарының барысы туралы.

2.  Жайылма  ауылдық  округі  әкімінің  өзіне  жүктелген 

функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.

3. Игілік ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функци-

ялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.

4.  Аудандық  мәслихаттың  ауданның  әлеуметтік-

экономикалық дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған орта-

ны  қорғау  және  табиғатты  пайдалану,  әкімшілік-аумақтық 

құрылысы, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы мәселелері 

жөніндегі  тұрақты  комиссиясының  есепті  мерзім  ішінде 

атқарған жұмысы туралы есебі. 

5. Әр түрлі мәселелер.

Аудандық  мәслихаттың  тұрақты  комиссияларының 

мәжілісі  аудандық  мәслихатта  2015  жылдың    31    наурыз 

күні сағат 09.30-да  басталады.

         Депутаттарды тіркеу 2015 жылдың  31  наурыз күні 

сағат 09.00-де басталады.

                                           Аудандық мәслихат аппараты

Күн  тәртібіндегі  бірінші  мәселе  бойынша 

облыстық  мәслихаттың  депутаты,  «Қаратау» 

тау-кен өңдеу кешенінің директоры 



Мұратқали 

Сәрсенов баяндама жасады. Баяндамашы өз 

сөзінде  кешеннің  жұмысшы  қызметкерлерінің 

атқарған  жұмыстарына,  қол  жеткен  табыста-

рына  және  алдағы  міндеттеріне  жан-жақты 

тоқталды.  Сонымен  бірге  елімізде  26  сәуір 

күні өткелі отырған президенттік сайлауға бір 

кісідей  атсалысу  әрбір  азаматтың  абыройлы 

борышы екенін атап өтті. 

Күн  тәртібіндегі  екінші  мәселе  Қазақстан 

     26 сәуір-президент сайлауы күні

Осы АптАның дүйсенбісі күні 

«көксу» кешенінің мәжіліс зАлындА 

үлкен жиын  бОлып өтті. бАсқОсуғА 

АудАн әкімінің ОрынбАсАры ди-

нАрА АсАнОвА қАтысты. 160-қА 

жуық кенші қАтысқАн жиынды 

«қАрАтАу» тАу-кен өңдеу кешенінің 

бАс мехАнигі, «нұр ОтАн» пАртиясы 

«қАрАтАу» тАу-кен өңдеу кешені 

бАстАуыш пАртия ұйымының 

төрАғАсы А. жАқсылықОв Ашып, 

жүргізіп Отырды.

Кеншілер бірКісідей қатысады

Республикасы  Президентінің  сай-

лауына  қатысты  болды.  ОБФ  уча-

ске  бастығы  А.Сыздықов,  «Көксу» 

кешенінің  бастығы  А.Мақұлов,  ҰСФ 

кен  арту  машинасының  машинисі 

Б.Серік, бас кенші бөлімінің инженері 

А.Аріпбаевтар  жарыссөзге  шығып,  

«Нұр Отан» партиясының ұстанған са-

яси бағдары мен алған бағытын қызу 

қуаттады.  Сонымен  бірге  кеніштің 

жұмысшы-қызметкерлерін 

прези-


дент  сайлауына  ұйымшылдықпен 

қатысып, дауыс беруге шақырды.

Жиын  соңында  А.Жақсылықов 

«Қаратау»  тау-кен  өңдеу  кешені 

жұмысшылар ұжымының мәлімдеме-

сімен таныстырды.



камели сүлейменОвА, 

«сарысу»

Мы,  трудовой  коллектив  КГП  «Каратау»  отмечая 

судьбоносный для государства период, имеющий огром-

ное значение для будущего благополучия и сохранения 

стабильности в Казахстане, призываем всех казахстан-

цев принять участие в голосовании на выборах Прези-

дента Республики Казахстан 26 апреля 2015 года.

Решение о проведении в стране внеочередных выбо-

ров становится логически выверенным шагом в услови-

ях турбулентности на мировых рынках, валютных дисба-

лансов в соседних государствах.

Принятая  антикризисная  программа  «Нурлы  Жол» 

предполагает  масштабное  строительство  новых  инду-

стриальных и инфраструктурных объектов, что позволит 

создать  для  населения  тысячи  новых  рабочих  мест  и 

обеспечит  достойную  оплату  труда.  Наша  главная  за-

дача  сегодня-консолидироваться  для  успешного  дости-

жения  амбициозных  задач  перед  экономикой  страны  и 

создать предпосылки для вхождения Казахстана в трид-

цатку развитых государств.

Мы убеждены, что в этот важнейший период разви-

тия Казахстана каждый гражданин нашей страны должен 

принять участие в голосовании на выборах Президента 

Республики Казахстан!

«Қаратау» тау-кен өңдеу кешені 

жұмысшылар ұжымының мәлімдемесі 

(Жамбыл облысы, Жаңатас қаласы)

Заявление КГП «Каратау» 

(г. Жанатас, Жамбылская область)

тағайындау

жылы бітірген. 

Еңбек  жолын  1999  жылы  Жаңатас  қаласы  әкімі 

аппаратының маманы болып бастаған. 

2000-2005  жылдары  Сарысу  аудандық  қаржы  бөлімінің 

жетекші  маманы,  бас  маманы,  бөлім  меңгерушісінің  орын-

басары,  2005-2006  жылдары  Сарысу  ауданы  әкімиятының 

экономика  және  қаржы  бөлімі  бастығының  орынбасары, 

2006-2009  жылдары  Сарысу  ауданы  әкімиятының  қаржы 

бөлімі бастығының орынбасары, 2009-2010 жылдары Сары-

су ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджеттің атқарылуын 

қамтамасыз  ету  жиынтық  секторының  меңгерушісі,  2010-

2012  жылдары  Шу  ауданы  әкімдігінің  экономика  және 

бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы, 2012-2013 жылдары 

Сарысу ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2013 жылдың 

тамыз айынан бастап Сарысу ауданы әкімінің орынбасары 

қызметін атқарды.  



хроника 

Сарысу ауданы әкімінің өкімімен аудан әкімінің орынбаса-

ры Қайрат Қостанайұлы Аукеновтың басқа жұмысқа ауысуы-

на байланысты қызметінен босатылды.

АудАндыҚ мәслихАт 

деПутАттАрының нАЗАрынА

Очередная  42-сессия  районного  маслихата  пятого  со-

зыва состоится 31 марта текущего года в 11.00 часов в зале 

заседании районного акимата. 

Повестка дня:

1. О работе  проводимой  по оказанию культурных услуг 

для население района.

2. Отчет акима Жайылминского аульного округа о воз-

ложенных на него функциональных задач и обязанностей.

3.  Отчет  акима  Игиликского  аульного  округа  о  возло-

женных на него функциональных задач и обязанностей.

4. Отчет постоянной комиссии районного маслихата по 

вопросам социально-экономического развития района, фи-

нансов и бюджету, охраны окружающей среды и природо-

пользования,  административно-территориального  устрой-

ства, предпринимательства и сельского хозяйства.

5. Разное.

Заседания  постоянных  комиссий  состоятся    31  марта 

текущего года в 09.30 часов в районном маслихате.

Регистрация депутатов  31 марта  текущего года в 09.00 часов.

                                          Аппарат районного маслихата

К сведению деПутАтов 

рАйонноГо мАслихАтА



20 наурыз 

Сағат  10.00.  Мектеп  оқушылары  арасында  баскетболдан 

қалалық біріншілік (Абылай хан орта мектебі);  

Сағат  12.00.  «Наурыз  -  Ұлыстың  ұлы  күні»  атты  кітаптар 

көрмесі (Аудандық орталық кітапхана). 

21 наурыз 

Сағат 09.00-09.30. Тал отырғызу шарасы («Еңбек ерлері» ал-

леясы);  

Сағат  10.00-13.00.  Наурыз  мейрамына  арналған  мерекелік  кон-

церт, бұқаралық-спорттық іс-шаралар (Орталық алаң);  

Сағат 10.00-11.00. Алтыбақан ұлттық ойыны - ән салу, әзіл 

оспақ, айтыс (Орталық алаң).   

Сағат 10.00-11.00. «Наурыз көже» конкурсы (Орталық алаң).

Сағат 10.00-11.00. «Наурыз жастары!» флеш-мобы (Орталық алаң); 

Сағат 10.00-11.00. Этномәдени орталықтардың мерекелік іс-

шаралары (Орталық алаң); 

Сағат  10.00-13.00.  Сауда-саттық  жәрмеңкесі  (Аудандық 

мәдениет үйінің алды).   

Сағат 10.00-13.00. Волейболдан оқушылар арасында аудандық 

біріншілік (Бокс мектебінің спорт алаңы).    

22 наурыз 

Сағат 10.00-12.30. Наурыз мейрамына арналған концерттік бағдарлама, 

спорттық іс-шаралар, сауда жәрмеңкесі (Орталық алаң); 

Сағат 10.00. С.Сейфуллин атындағы орта мектебі, мерекелік 

іс-шара (Дегерес елді мекені);  

Сағат  11.00.  Ш.Уәлиханов  атындағы  мектеп-гимназиясы, 

мерекелік іс-шара (2-шағынаудан); 

Сағат  12.00.  М.Әуезов  атындағы  мектеп-гимназиясы, 

мерекелік іс-шара (3- шағынаудан); 

Сағат 13.00. Абылай хан атындағы орта мектебі, мерекелік 

іс-шара (6-шағынаудан); 

Сағат  10.00.  Абай  атындағы  орта  мектебі,  БШО,  мерекелік 

іс-шара (Бүркітті елді мекені); 

Наурыз мерекесіне 

арналған іс-шаралар 

Сағат  11.00.  «Айгөлек»  балабақшасы, 

мерекелік іс-шара (5-шағынаудан); 

Сағат  11.00.  «Балдырған»  балабақшасы, 

мерекелік іс-шара (3- шағынаудан); 

Сағат  13.00.  «Айгүл»  балабақшасы, 

мерекелік іс-шара (3-шағынаудан). 

23 наурыз

Сағат  11.00.  «Сарысу  аруы-2015»  байқауы 

(Саудакент ауылдық мәдениет үйі). 

23-24 наурыз

Сағат  10.00.  Кіші  футболдан  аудандық 

чемпионат (Жаңатас спорт кешені); 

ескерту: 22 наурыз күні сағат 10.00-

14.00 аралығында наурыз мейрамына  

арналған мерекелік іс-шаралар барлық 

ауылдық округтерде өтетін болады. 


№26, 18 наурыз, 2015 жыл

2

1951 жылы Алматыдағы 



зоотехникалық- мал дәрігерлік инсти-

тутын бітірген жас маман өзі туған 

ауылға жолдама алған соң отбасын 

құруды жөн көреді. Сонан кейін министр 

болған Иса Халилов деген азамат 

менің қайын әпкем Тыныбекова Күләнда 

Дінәсілқызымен таныстырады. Ол кезде 

әпкем Жамбылдағы мәдени ағарту 

училищесінде оқитын.

Әпкем  өте көрікті, көздері ботадай, 

аққұба, көркіне ақылы сай, сол кездегі 

жігіттердің талғамына  лайық қыз 

болған. Танысқан соң көп ұзамай алып 

қашып кетеді.

 - Қырықбайға 17 жасымда қосылдым, 

ештеңенің де парқын білмейтін кезім 

еді.Сондықтан менің  бойымда қандай 

жақсылық болса, соның бәріне де 

Қырекеңнің ақылымен, тәрбиесімен, 

көрсеткен үлгі-өнегесімен жеттім,- 

дейтін.

-Несін айтайын Қырекеңдей  

азаматқа жар болған менің маңдайымның 

бес елі бағы бар екен,- дейтін әпкем шын 

сезімін жасыра алмай.

-Біздің уақыттағы қыздардың арма-

ны басында кепкасы, қолында папкасы 

бар жігіт,- дейтін.

Әпкем бар ғұмырын Қырекеңнің үлкен 

қоғам қайраткері болып қалыптасуына  

арнады.

Жақсы әйел алдымен таза, ұқыпты, 

көңілдегіні көзден ұғатын, азды көптей 

ұқсата білетін берекелі адам болуы 

керек. Үйің жайнап, шайың қайнап, 

тамағың пісіп тұрса, қай уақытта 

қанша адаммен келсе де, қабақ шытып, 

қыңыр мінез көрсетпей, жарқылдап 

күліп қарсы алсаң, ер азаматтың бағы  

өрлегені деген осы емес пе?!

 Ал енді, өз үйінде сыйлы, ертіп кел-

ген қонағын да сыйлата білген азамат 

сыртқа шыққанда өзі де қадірлі болады.

Жездемнің үйі кісіден арылған емес. 

Бірін күтіп алып, екіншісін шығарып са-

      тағлым

Әйел бақыты



 АртынА АтАлы сөз қАлдырғАн қОғАм қАйрАткері жездем қырықбАй 

АсАнОв турАлы кітАп шығАтынын естіп, сОл ер АзАмАттың жАры 

бОлғАн қАйын әпкем тыныбекОвА күләндА жАйлы бірАз Ойымды 

білдіруді жөн көрдім.

Асылы, кісі өмірінің ұзАқтығымен қысқАлығы Оның қАншА 

жАсАғАнымен емес, не тындырғАнымен өлшенсе керек. жездем 

қырықбАй АсАнОв Аз ғұмырындА өз туғАн жеріне ғАсырлАрғА кететін іс 

тындырғАн АзАмАт еді.

лып жататын. Осының бәрін өз мойнына 

алып үй шаруасын үйлестіріп отыратын 

қайын әпкем еді. Оны айтасың тіпті 

таңертең жұмысқа барарда баладай 

баптап, өзі киіндіріп, папкасын қолтығына 

қыстырып, бәтеңкесінің бауына дейін бай-

лап беріп шығарып салатын. Жұмыстан 

келгенде  дәл солай күтіп алатын.

Жездем өте бейнетқор, шаруаға 

икемді азамат еді, үйінде сиыр, қойлар, 

тауық ұстайтын және бау- бақшаға  да  

көңіл бөлетін. Жұмыстан келе малдарын 

суарып, жем-шөбін беретін.

Бір күні әпкем маған үй шаруасын та-

стап қалаға кетті. Ауылда өскенмен әжем 

мен анамның арқасында сиыр саумаппын. 

Кешке сиыр сауатын кезде шелекті алып 

сиыр саууға кірістім. Жездем әдеттегідей 

шөбін салып, жемдеп жүр. Бір кезде: 

-«Рыскүл, қарағым сиырдың 

желінін жұлып алма» дегені. Мен дұрыс 

саумағаныма қатты қысылып, қолым 

тырысып әрең дегенде сүт көжеге 

жетерлік сүт алдым. Ертеңгісін әпкемнің  

тапсырмасы  бойынша сүт көже пісіріп 

бердім. Жездем рахметін айтып: «дәмді» 

деп мақтап қойды. Жездем қандай тамақ 

дайындалса да дайындаушының мерейін 

көтеріп, ішкен асын мақтап отырушы 

еді. Бір күні асау сиыр әкеліпті. Оның 

сырын білмеген әпкем сауа бергенде 

теуіп жіберген. Ауырған жеріне жыларман 

болып отырған әпкем,  жездемнің сиырды 

жазғырып- «Сен менің жалғыз әйелімді 

тепкенің үшін ертең көзіңді жоямын»- 

дегенін естіп күліп жіберген.

Екеуі өмірлерінің соңына  дейін 

тату – тәтті ғұмыр кешті, 3 ұл, 5 

қыз тәрбиеледі. Жездем балажан еді, 

ешқайсысын бетінен қақпады. Балала-

ры жаман болған жоқ. Бәрі жоғары білім 

алды. Бәрі де өз алдына үй болып, өмірден 

өз орындарын тапты. Әттең, дүние- ай 

бауыры бүтін кім бар дейсің. Тұла бойы  

тұңғыш қызы Дариға артына екі ұл 

қалдырып дүниеден өтсе, ұлдың үлкені 

Бейбіт үш балалы болған соң жол апаты-

на ұшырады.

«Орнында бар оңалар»- деген, 

қалғанына өмір берсін, қайтейін»- 

деп әпкем немерелерін көріп тіршілік 

жалғасқанына  шүкіршілік етті. Жездем 

мен әпкем өмірлерінің соңына  дейін баласы 

Саттар, келіні Шолпанмен бірге тұрды. 

Саттар мен Шолпан жас отау құрды, 

Шолпан келін болып түскенде 18 жаста 

еді.

Ойлап отырсам ақ жүректі, ақ тілекті 

әйел адамның пейілі мен мейірімінде шек 

жоқ екен. Әпкем аспайтын, таспайтын, 

дауыс көтеріп қатты сөйлемейтін. Адам 

атаулыны алаламайтын, мейірімді, үлгі 

тұтар қасиеті жетерлік еді. Осындай 

анаға тек бас иіп  өту керек деймін.

Үш ұлына да өзімен сырлас болатын 

туған қыздарынан кем емес, текті жер-

ден қыз алды.

«Айналайын келіннің аяғынан,

Деген сөзді айтамын баяғыдан.

Ұямның берекесін келтіретін,

Осыларды сүйеніш сая қылам»,

деп немерелерін бақса, Шолпан 

келіні енесінің қабағын бағып, көңілін 

тауып күтіп бақты. Бұл күнде келіндері 

Жанна, Шолпан, Гүлнәр өздері ене бо-

лар шаққа жетіп қалды. Саттар мен 

Шолпан жас кездерінде жолығып, сүйіп 

қосылған жұбайлар бір – біріне бәлкім 

кешірімшіл де болар. Соның қадір – 

қасиетін түсіне білгенге  не жетсін. 

Келіндеріме бақыттарың баянды болсын, 

енеге істеген сый – сияпат, сыйластық 

келіндеріңнен қайтсын  демекпін. Енелерің 

сияқты қадірлі, адамгершілігі мол, сабыр-

лы, салмақты, ақылды ене, немерелеріне 

мейірімді жылуы мол әже болыңдар – деп 

тілек айтамын.

Қыздары Дариға, Зәуреш әпкеме 

тартса, Лаура, Лариса, Динара әкелеріне 

ұқсайтын.

Сенейін бе, сенбейін бе ?!

Қырекеңнің бұл елесі ме өзі ме ?!

Ұлы адамнан айнымайтын бір адам

Тұр мінбеде елді ұйытып сөзіне»

Сенейін бе, сенбейін бе ?!- деген жыр 

жолдарындағы әсерді аласың.

   Лаура әке жолын қуып туған аулын-

да қалды. Қазір Байқадам ауылындағы 

орта мектептің директоры, бірнеше рет 

аудандық мәслихатқа депутат болып 

сайланды. Кейде талап ету, жинақтылық, 

қаталдығы мен ақылы әкесіне ұқсаса, 

бауырмалдығы, кішіпейілділігі, 

қайырымдылығы, әйелге тән жақсы 

қасиеттері анасынан дарыған. Балала-

ры да тәрбиелі, барлығы мемлекеттік 

қызмет атқаруда.

Кенже қыздары Динара мемлекеттік  

қызметте.Лариса мен Зәуреш жеке 

кәсіппен айналысуда. Саттар аудандық 

өрт сөндіру мекемесін басқарып зейнет-

ке шықса, Асқар кеден басқармасында 

қызметте. Балаларын, немере- 

шөберелерін  Аллам жездем мен әпкемнің 

аруақтары әр уақытта қорғап, қолдап 

жүрсін.

Жездем әпкемді қасынан 

қалдырмаушы еді.  Жылда ТМД – ның 

көптеген қалаларын көрсетті. Соның 

арқасында талай- талай тамаша, 

ақын- жазушылармен, ғұлама адамдар-

мен араласып, дәмдес болды. Әпкем 

жездеммен өткізген әрбір сәт, әрбір 

сағатын өзіндік бір бағамдары  мен әдемі 

бейнелеп отыратын.Үйіне қашан, қай 

уақытта барсаңда әпкем жарқын жүзбен 

қарсы алар еді. «Жоқпын» деп саспаған, 

«бармын» деп таспаған қолындағыны 

ұқсата білген, құттыхана шаңырағының 

босағасынан аттаған адамдардың 

ешқайсысын алаламай, кішіге анасындай, 

үлкенге баласындай болып, жайдары 

көңіл, жарқын қабақпен қабылдаған кең 

пейілді адам еді. Ағайын-туыстарының 

арасында сыйлы, керек кезінде қол ұшын 

бере білетін қасиеті тағы бар. Әпкем 

дастарханындағы құрт, ірімшік, май, 

сүт, айран өнімдерін өзі жасайтын, 

бақшасында көкөністері тағы табыла-

тын.

 «Исполкомның әйелімін»- деп 

шіренбей самаурынын ешкімге бермеуші 

еді. Ұзақ уақыт  тату – тәтті жара-

сымды өмір сүрген нақ сүйер асылынан 

айрылып артында қалудың қиындығын 

басынан өткерген әпкем сол күйзелісін 

бізге білдірмей жүрді. Барлық артта 

қалған ауыртпалықты мойнына алып 

басына ескерткіш «құлпытас» белгісін 

қойғызды.Аудандық мұражайға естелік 

заттарын өткізді. Сағынса  басына 

барып топырағын ұстап мауқын баса-

тын. Әр жұма сайын құран бағыштап 

отыратын. Құлпытасты дайындатқан 

Дариғаның зайыбы Бақыт еді. Құлпытас 

ойынан шықта ма әпкем «Бақыт-ау, 

маған да біреуін дайындат»- деп қалды. 

Бақыт та тапқыр, әзілқой азамат еді. 

«Мама, туған жылыңызды білемін екінші 

датаны қалай жаздырайын» деп қалды. 

Бәріміз осы бір әдемі қалжыңға күліп 

алдық. Жарынан айырылып айдалада 

адасқан адамдай болып отырғанын біз 

түсінбедік.

Өр тұлғалы азаматтың қосағы 

болып қатарласа еруге қарымы жеткен, 

ақылдың кені анамыздай болған аяулы 

әпкеміздің жаны жәннатта болсын!

            

келіні: рыскүл шолпанқұлова

Жуырда 


Жаңатас 

көпсалалы 

колледжінің  мәжіліс  залында  аудан 

әкімдігінің бөлім басшылары  «Қазақстан- 

білім  қоғам  жолында»    атты  тақырыпта 

білімгер  жастармен    кездесу  өткізді.  Ау-

дан    әкімдігі  ішкі  саясат  бөлімінің  «Са-

рысу    жастары»  КММ-ның  директоры 

Б.Байділдаевтың  төрағалығымен  өткен 

жиында  аудан әкімдігінің жұмыспен қамту 

және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімінің 

Осы орайда өткен аптада 

«Нұр Отан» партиясы қоғамдық 

бірлестігі Сарысу аудандық 

филиалының сайлауалды 

қоғамдық штаб отырысы өтті. 

Жиында «Нұр Отан» партиясы 

аудандық филиалының бірінші 

орынбасары, сайлауалды 

қоғамдық штабтың төрағасы 

Қ.Аукенов аудандық сайлауал-

ды қоғамдық штаб құрамымен 

таныстырды. Қоғамдық штабта 

әр саладан 14  азамат енгізілген. 

Қоғамдық штаб «Нұр Отан» 

партиясының атынан ұсынылған 

кандидатты қолдау, насихаттау 

жұмыстарын ұйымдастыратын бо-

лады. Қазақстан Республикасының 

елімізде 26 сәуір күні қАзАқстАн 

президентінің кезектен тыс сАйлАуы 

өтетіні белгілі. бАрлық жерде бұл Айтулы 

ОқиғАғА қызу дАйындықтАр жүруде

ПреЗидент сАйлАуы-

мАңыЗды оҚиғА

тиісті заңнамаларына және Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға  сәйкес 

үгіт-насихат жұмыстары 26 наурыздан басталады. Бұл басқосуда штаб мүшесі М.Тоқсанбаева  

қоғамдық штаб жұмысын жоспарлау, штабтың функционалдық міндеттерімен таныстырып, 

өзара міндет бөлісу жұмыстары  жөнінде айтып өтті.

гүлнара бАйбОсынОвА, «сарысу»

Сөз кезегін алған 

дәрігер Еркінтай 

Сауранбаев: 

- Психологтар-

дың пайымдауынша, 

өмірден гөрі өлімді 

таңдайтындардың 

19 пайызы қандай 

да бір жазадан 

қорыққандықтан, 

18 пайызы жан 

дүниесіндегі 

қайғыны көтере 

алмағандықтан, 

тағы 18 пайы-

зы отбасындағы 

жайсыздыққа төзе 

алмағандықтан, 

6 пайызы «ма-



    кездесу

Дәрістер оқыды

басшысы  Б.Үсембаев «Жұмыссыз жастар-

ды-қоғамға  тарту»,  экономика  және 

бюджеттік  жоспарлау  бөлімінің  басшысы 

А.Тойшыбекова    «Аудан  жастары  ізгі  жол-

да»  атты тақырыптарда дәрістер оқыды.

Дәріс оқушылар өздері жетекшілік еткен 

сала  бойынша    атқарылған  жұмыстарымен 

қатар алдағы міндеттерді де тілге тиек етті. 

Сөйтіп, білімгер  жастар ауданымызда жүзеге 

асып  жатқан  игі  істерден    мол  мағлұматтар 

алды.  Сонымен  бірге  өздерінің  көкейінде 

жүрген  ой-пікірлерін де  ортаға салды.



сәулет рысбекұлы «сарысу»

     Акция 

өткен АптАның сәрсенбісі күні АбылАй хАн АтындАғы ОртА 

мектепте  АудАндық прОкурАтурАның ұйымдАстыруымен 

«бАлАлАрдың өмірін сАқтАйық» Атты Акция бОлып өтті. 

бАсқОсуғА АудАн әкімінің ОрынбАсАры ОлжАс көкей, Облыстық 

психиАтриялық диспАнсердің бАс дәрігері еркінтАй сАурАнбАев, 

АудАн прОкурОры бАқыт дОсқұлОв, мектеп директОрлАры мен пси-

хОлОгтАры қАтысты. бАс қОсуды АудАн прОкурОры б.дОсқұлОв 

жүргізіп Отырды.

Балалардың өмірін сақтайық

хаббат майданындағы» сәтсіздікке көне 

алмағандықтан көз жұмады екен. Ал жалпы 

16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің 50 пай-

ызы махаббат сезіміне төзе алмағанның  

құрбаны. Нашақорлық, жұмыссыздық, 

өмірлік позиция қалыптаспауы, түрлі 

секталардың көбеюі-соңғы кезде 

жастардың өлімге бас тігуіне себеп болу-

да. Суицидке ұмтылғандардың 60 пайызы 

томаға-тұйық мінезді, ешкіммен көп арала-

спайтын балалар көрінеді,- деді.

Баяндамашы сондай-ақ балалардың 

құқықтарын қорғау және өз-өзіне 

қол жұмсау оқиғаларын болдырмау 

мақсатында іс-шара жоспарлары 

түзіліп,1-20 наурыз аралығында акция өтіп 

жатқандығын, бұл қазіргі таңдағы үлкен 

мәселелердің бірі екендігін тілге тиек етті.

Акция барысында облыстық 

психиатриялық диспансер дәрігері 

Ж. Байгутдинова, облыстық білім 

басқармасының бөлім басшысы Гүлзира 

Дарибаева, аудандық ішкі істер бөлімінің 

әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, 

полиция капитаны А.Түсіпбеков, «Са-

рысу жастары» КММ-нің директорының 

орынбасары А.Есболаева, аудандық 

білім бөлімінің әдіскері С.Жақсыпейілова, 

Абай атындағы орта мектептің педагог-

психологі Б.Жұмағұловалар балалардың 

өмірін сақтау бағытында өз салалары 

бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды 

слайд арқылы түсіндіріп, жан-жақты 

тоқталып өтті. Жиын соңы өзара пікір-

алмасуға жалғасты.

дәмеш мұқАнОвА, «сарысу»


№26, 18 наурыз, 2015 жыл

 

Нөмірдің кезекшісі: 



Сәулет Есқараев

Меншік иесі:



 “СарыСу” газЕті 

рЕдакцияСы” 

жауапкЕршілігі 

шЕктЕулі 

СЕріктЕСтігі

А -Материалдың жариялану 

ақысы төленген

Газет Қазақстан 

Республикасының мәдениет 

және ақпарат  министрлiгiнде 

2012 жылғы 20 қарашада 

тiркелiп, №13162-Г куәлiгi 

берiлген.

 Редакция мақала 

авторларының көзқарасы 

үшін жауап бермейді

 

Жарнама мен 



хабарландырулардың, 

құттықтаулар мен көңіл 

айтулардың мәтіні мен 

мазмұнына тапсырыс 

беруші жауапты

Газет уақытылы қолыңызға 

тимесе 6-19-12 телефонына 

хабарласыңыз

Газет аптасына екі рет-

сәрсенбі, сенбі күндері 

шығады

Газет редакцияның 



компьютерлік 

орталығында теріліп, 

беттеліп, “Салық 

тәртібі” редакциясының 

баспаханасында 

басылды.


Газет индексі -  65301

 Мекен-жайымыз:

080700, Жаңатас қаласы,  

1-шағынауданы, 28-үй.

Таралымы 3454

 E-mail: 

sarysu_02@mail. ru.



 редакция телефондары:

Директор-бас редактор-

6-29-21,  факс-6-29-21,  

бас редактордың 

орынбасары-6-22-01, 

тілшілер-6-29-39, 

бухгалтерия-6-19-12, факс 

6-19-12.


Директор-бас редактор

жамалбек 

ӨзбЕков

Құрылтайшы-

СарыСу ауданы 

әкіМдігі

www.gazeta-sarysu.kz

Бас редактордың 

орынбасары

темірлан әбілдаев

Жауапты хатшы



жанна жетенова

Тілшілер: 



 

камели Сүлейменова

гүлнара байбосынова

Сәулет Есқараев

ахан ахажанов 

               (фото тілші)

Дизайнер


Ғалия абуова 

Бас есепші



 

зәуре кәрібаева

Жаңатас қаласы, 

4-шағынаудан, 12 үйдегі №3 

пәтер сатылады. Пәтер 2-қабатта 

орналасқан, 3 бөлмелі, 2 лоджиясы 

бар. Сондай-ақ 2 бөлмелі пәтерге 

айырбастаймын. Бағасы келісімді. 

Байланыс телефондары: 

6-46-92, 87057687913

Жаңатас қаласы, 2-шағын-

аудан (Бастилия),  6 үй, 2 

бөлмелі пәтер сатылады не-

месе жалға беріледі. 2-қабатта 

орналасқан. Бағасы келісімді.

Байланыс телефоны: 

87014918106

«Нұр  Отан»  партиясы  Сарысу  аудандық  филиалының 

ғимаратында  үстіміздегі  жылдың  19-наурыз  күні  сағат  12.00-де 

ашық есік күні өтеді. 

Тұрғындар назарына

СатылаДы

КГП «Жанатас-су, жылу» 7 апреля  2015 года в 12-00 часов в актовом 

зале Центральной котельной г.Жанатас проводит собрание с повесткой дня:

«Отчет о деятельности субъекта естественной монополии по представле-

нию регулируемых услуг ( товаров, работ) перед потребитялями за 2014 год по 

оказываемым видам услуг – теплоснабжения, водоснабжение и канализация».

Приглашаются все желающие.

Құлағдар болыңыздар

«Жаңатас-су, жылу» КМК-ны 2015 жылдың 7 сәуір күні сағат 12-00-де 

орталық қазандық акт залында мәжіліс өткізеді.

Күн тәртібінде:

-Тұтынушылар алдында 2014 жылда көрсетілген коммуналдық қызметтер 

жөнінде (жылу беру, мұздай су, кәріз сумен қамту) есебі тыңдалады.

Келемін деушілерге есік ашық.

К сведению потребителей

2015 жылдың 14 наурыздағы 

облыстық №31-32 «Ақ жол» 

және №29 «Знамя труда» 

газеттерінде Сарысу ауданы 

бойынша бос тұрған аудан 

әкімдігінің тұрғын үй инспек-

циясы бөлімінің басшысы  1 

бірлік /санаты ЕR-1, №02-12/, 

аудан әкімі аппаратының кеңсе 

бөлімшесінің бас маманы 1 бірлік 

/санаты Е-4, №01-09-02/, аудан 

әкімдігінің жұмыспен қамту және 

әлеуметтік бағдарламалар 

бөлімінің бас маманы  1 бірлік /

санаты ЕR-4, №02-04-02-01/, ау-

дан әкімдігінің жер қатынастары 

Хабарлама



бөлімінің бас маманы  1 бірлік /

санаты ЕR-4, №02-05-02/, аудан 

әкімдігінің ветеринария бөлімінің 

бас маманы  1 бірлік /санаты 

ЕR-4, №02-11-04/, аудан әкімдігінің 

ветеринария бөлімінің бас маманы  

1 бірлік /санаты ЕR-4, №02-11-05/, 

Түркістан ауылдық округі әкімі 

аппаратының жетекші маманы  1 

бірлік /санаты ЕG-4, №03-07-05/ 

әкімшілік мемлекеттік лауазымда-

рына орналасуға конкурс туралы 

хабарландыру жарияланды. 

сарысу ауданы әкімі 

аппаратының  персоналды 

басқару қызметі  

Халыққа қызмет көрсету орталығы хабарлайды

Бұл  қызмет  түрі    ХҚКО  арқылы  көрсетілгенде  көрсетілетін  қызметті 

алушы  құжаттар  топтамасын  тапсырған  сәттен  бастап  –  30    жұмыс  күні. 

Мемлекеттік  қызмет  көрсету  нысаны:  қағазда.  Мемлекеттік  қызмет  жеке 

тұлғаларға тегін көрсетіледі. 

Қажетті құжаттар:

1) тіркеу туралы куәлік жоғалған кезде:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  сәйкес өтініш;

жеке куәлік;

3х4 екі фото;

2) тіркеу туралы куәлік бүлінген кезде:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтініш;

қолда бар тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы; 

жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3х4 екі фото;

Бұл қызмет түрі: 

1)көрсетілетін 

қызметті 

берушінің  кеңсесі  немесе  www.

elicense.kz  «Е-лицензиялау»  веб-

порталы (бұдан әрі – портал); 

2)  «Халыққа  қызмет  көрсету 

орталығы» арқылы жүзеге асырылады.

3)  www.e.gov.kz  «электрондық 

үкімет» 

веб-порталы 

арқылы 

жүзеге асырылады.



ХҚКО-на  құжаттар  пакетін 

тапсырған  сәттен  бастап,  сондай-

ақ  порталға  жүгінген  кезде:  ли-

цензияны 

және 

лицензияға 



қосымшаны  беру  кезінде  –  15 

жұмыс  күні;  лицензияны  және 

2013 жылдың қараша айынан бастап соңынан дайын құжатты берумен 

құжаттар пакетін қалыптастыру бойынша  ақылы қызмет түрлері енгізу ба-

рысында  (ҚР ККМ МҚАК 2013 жылғы 4 қарашадағы №28    хаттамасының 19 

тармағын  орындау мақсатында  «ХҚКО» РМК  2013 жылғы  13 қарашадағы 

№ 270 хаты негізінде).

Ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін жауапты қызметкер құжаттардың толық 

пакетін қалыптастырғаннан кейін жауапты қызметкер қызметті алушыға қажет 

қызметті  алу  үшін    уәкілетті  органға  өтініш  беруді  жүзеге  асырады.Бұл  үшін 

мемлекеттік  және  өзге  органдарда  тапсырыс  берушінің  мүддесін  қорғау  үшін 

қызметкерге сенімхат, сондай-ақ өзге де құжаттар  (жеке куәлігі көшірмесі,құқық 

белгілейтін құжаттар және т.б.) беру қажет. Сол арқылы тұтынушы үйден шықпай, 

ешқандай уәкілетті органдарға жүгірмей дайын құжатты алады.

Әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру 

учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер беру 

төлқұжаттарын алу мүмкіндіктері

«Медициналық қызметке лицензия беру, қайта 

ресімдеу,  төлқұжаттарын алу мүмкіндіктері

лицензияға 

қосымшаны 

қайта 


ресімдеу  кезінде–10  жұмыс  күні, 

лицензияның  және    лицензияға 

қосымшаның 

телнұсқасын 

беру 

кезінде–2 жұмыс күні.



Мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет 

жеке  және  заңды  тұлғаларға  ақылы 

негізде көрсетіледі.

Лицензия  беру  үшін–10  айлық 

есептік  көрсеткішті,  лицензияны 

қайта  ресімдеу  үшін  -  лицензияны 

беру кезіндегі ставканың 10 пайызын, 

бірақ  4  АЕК-дан  артық  емес  және 

лицензияның телнұсқасын беру үшін 

лицензияны беру кезіндегі ставканың 

100 пайызын құрайды.

ХқКО арқылы Көрсетілетін 

ақылы қызмет  түрлері

Асқар  тау  әке,  отбасының  тірегі,  ұл-

қыздарының  ақылшысы  Саудакент  ауылының 

тұрғыны  болған 



әбиірбек ахМЕтбЕков 2014 

жылдың 21 сәуірі күні 71 жасында өмірден озды.

Әкеміз  бақилыққа  кетсе  де  көзі  тірісінде 

көрсеткен  істері  мен  уәлі  сөздері  жадымыздан 

өшпек емес. Ардақтымыздан айырылғалы жаны-

мыз жабырқап, көңілімізге мұң ұялады. Тағдырдың 

жазғанына  не  шара?  Көнбеске  амал  жоқ.  Ендігі 

біздің  қолымыздан  келері  жаратушы  Алладан 

арысымыздың  жатқан  жері  жайлы,  топырағы 

торқа, жаны жаннатта болсын деп тілейміз. 

Ардақтымыздың  рухына бағыштап 

23 наурызда сағат 13-00 -де 

«Шаңырақ» мейрамханасында жылдығын таратамыз. 



ЕСкЕ алушылар: жұбайы, балалары  

еске алу


Маятас 

ауылының 

тұрғыны 

болған, 


отбасымыздың  ұйытқысы,    аяулы  ана,  асыл 

әже 


Мәртай  байұзаққызы  әлиЕваның  2014 

жылдың    9  наурыз  күні    93  жасында  келместің 

кемесіне  мінгеніне  де  жылдың  жүзі  болып-

ты.  Өмірден  өзі  кетсе  де  анамыздың  аялаған 

алақаны,    айтқан  әрбір  жылы  сөздері,    өнеге-

өсиеттері  көңілімізден еш кетпек емес. Бір Алла-

дан тілеріміз  асылымыздың жатқан жері жайлы, 

топырағы торқа, жаны жаннатта болсын дейміз.



бұл өмірде анадан жоқ бағалы,

бір жыл болды жүрек шіркін қаралы.

                                     ақ  жүзіңді  сағынумен анашым,

                                     ұл-қыздарың қимай-қимай жүр әлі.

Асыл анамыздың рухына бағыштап 



28 наурызда қонақасын,  29 

наурызда жылдық асын Маятас ауылында таратамыз.

ЕСкЕ алушылар: әлиевтер әулеті.

Игілік  ауылының  тұрғыны  болған,  асқар 

тау  әке 

Ерғара ниЕтбЕков  2014  жылдың    14 

сәуірінде 74 жасында өмірден озған еді. 

Ардақтымыздан 

айырылғалы 

жанымыз 

жабырқап,  көңілімізге  өшпестей  мұң  ұялады. 

Тағдырдың жазғанына шара жоқ.  Әкеміздің бізге 

берген үлгі-өнегесі,  ақыл-парасаты жадымыздан 

мәңгі  өшпек  емес.  Артта  қалған    ұрпақтары  бір 

Алладан  асар тау әкеміздің жатқан жері жайлы, 

топырағы торқа болсын дейміз.

Марқұмның рухына бағыштап  



20 наурызда 

қонақасын, 



  21  наурызда  жылдық  асын  Игілік 

ауылы С.Орманов көшесі №93 үйде таратамыз.

Құда-жекжат,    туған-туыс,    бауырларын,  әкемізді  танитын  барша 

жұртты асқа шақырамыз.



ЕСкЕ алушылар: ниетбековтер әулеті.

Қайран өмір-ай десеңізші?! Кеше ғана ара-

мызда  күліп-ойнап  жүрген  шаңырағымыздың 

тірегі, жұбайының асыл жары, перзентінің асқар 

тау  әкесі,  Игілік  ауылының  тұрғыны  болған 

Саламат  орынбайұлы  СатаЕвтан  өткен 

жылы 6 маусымда 37 жасында қас қағым сәтте 

мәңгілікке айырылып қалдық.

Қайғыдан  өзегіміз  өртеніп,  өкініштен  мұң 

маржанын  тағындық.  Асылымызды,  арысы-

мызды  сағынамыз,  іздейміз.  Әттең,  қызының 

да бойжеткенін көре алмады деп өкінеміз. Ар-

тында аңырап анасы да қалды. Егер арысымыз 

тірі болғанда 23 наурызда 38 жасқа толар еді-ау. Әттең ол күнге жете 

алмады.


айналдың ой-қиялдың елесіне,

таянғанда қырық жастың белесіне.

отбасыңды қайғыртып кете бардың,

Ерте мініп келместің кемесіне.

Ендігі  жерде  бір  Алладан  тілеріміз  жатқан  жері  жайлы,  топырағы 

торқа, алды пейіш, арты кеніш болсын дейміз.

СаҒына  ЕСкЕ  алушылар:  анасы-айсара,  жұбайы-кенже, 

қызы-балауса және бауырлары.

«Халыққа 

қызмет 

көрсету 


орталығы»  РМК-ның  Жамбыл  об-

лысы  бойынша  Сарысу  аудандық 

бөлімі  аудандық  Зейнетақы  төлеу 

мемлекеттік 

орталығы 

2015 


жылдың  I  тоқсанына  арналған 

«ХҚКО»  РМК-ның  Жамбыл  облы-

сы бойынша филиалының Сарысу 

аудандық  бөлімінің  «Жылжымалы 

ХҚКО»  іс-сапарға  шығу  бекітілген 

кестеге сәйкес 2015 жылдың наурыз 

айынан бастап Сарысу ауданындағы 

елді 


мекендеріне 

аудандық 

Зейнетақы 

төлеу 


мемлекеттік 

орталығы  мамандарымен  бірлескен 

сапарларға  шығып,  мемлекеттік 

қызметтері бойынша тұтынушыларға 

қызмет көрсететінін хабарлайды.

Открылось 

наследственное 

дело  после  смерти 



Мырзам-

бетовой  бейбит,    дата  смерти 

16.06.2011  года,  наследников  про-

сим обратиться к нотариусу Райым-

бековой К.А., по адресу: г. Жанатас, 

3 микрорайон, 31А, кв 18

объявление об открытии наследства

Открылось 

наследственное 

дело после смерти 



Степченко вла-

димира Федоровича, дата смерти 

19.08.2011  года,  наследников  про-

сим обратиться к нотариусу Райым-

бековой К.А., по адресу: г. Жанатас, 

3 микрорайон, 31А, кв 18

Үстіміздегі  жылы  25  ақпанда  Сарысу  ауданы,  Жаңатас  қаласы  3 

шағынауданы 31 «а» үйде орналасқан кеңсе ғимаратында Жамбыл об-

лысы кәсіпкерлер палатасының құрылымын кеңейту бағытында Сары-

су аудандық филиалының Кәсіпкерлікті  қолдау орталығы ашылды. Бұл 

орталықта Жамбыл облысы Кәсіпкерлер Палатасының Сарысу аудандық 

филиалы,  Кәсіпкерлік  мектебі,  Сарысу  аудандық  «Бизнес-инкубатор» 

КММ-сі, Сарысу ауданы кәсіпкерлерінің ассоциациясы, «КазАгроМарке-

тинг» мекемелері кәсіпкерлердің құқығын қорғап, оларға кеңестер беру-

мен қатар, қол жеткізетін қызмет түрлері ұйымдастырыла бастады.

Кәсіпкерлікті  жан-жақты  дамыту-кезек  күттірмейтін  мәселе.  Осы 

орталықта сіздер үшін барлық қолжетімді хабарламалар бар.

Ауданымыздың әрбір азаматы кәсіп түрін ашамын деп жоспарласа 

кеңестер беріп, көмектесуге дайынбыз.



Біздің мекенжайымыз: жаңатас қаласы, 3 шағынауданы 31 

«а» үй (бұрынғы актив центр).

КәсіпКерліКті 

дамытамын десеңіз...


№26, 18 наурыз, 2015 жыл

4

Аталмыш сынға Ақтоғай, Жаңарық 



ауылдарынан 8-10 сынып аралығындағы үкілі 

Қазақстан  Республикасының  Прези-

денті, 

Жоғары 


Бас 

Қолбасшымыз 

Нұрсұлтан 

Әбішұлы 


Назарбаевтың 

үстіміздегі  жылдың  23  ақпанындағы  № 

1011  мерзімді  әскери  қызметке  кезекті 

шақыру  туралы  Жарлығын  орындау 

мақсатында жиын өтті.

Жиынға  аудан  әкімінің  орынбаса-

ры  О.Көкей,  аудандық  соттың  судясы 

Д.Төленбеков,  Жаңатас  қаласы  Қорғаныс 

істері  жөніндегі  біріктірілген  бөлім  бас-

шысы,  майор  Е.Бақтияров,  аудандық  ііБ 

бастығының  орынбасары  Б.Жұмағұлов, 

учаскелік 

инспекторлар, 

аудандық 

аурухананың  бас  дәрігерінің  орынбасары 

Б.Сейтқызы  қала,  ауылдық  округтердің 

әкімдері, әскери мамандар қатысты. 

Жиынның  күн  тәртібінде  жастар-

дың  әскер  қатарына  барудан  жалта-

ратындықтары  талқыланып,    осыған 

байланысты  алдағы  уақыттарда  тиісті 

шаралар  қолданылатындығы  сөз  болды. 

Қазіргі  таңда  ауданымызда  3000-ға  жуық 

жастар әскер қатарында Отан алдындағы 

борышын  өтеуге  тиіс.  Жаңатас  қалалық 

Қорғаныс  істер  бөліміне  жүктелген  тап-

сырма  бойынша  тепсе  темір  үзетін,  дені 

сау,  сайдың  тасындай  150  жасты  әскер 

қатарына  шығарып  салу  қажет.  Десек-

те  аталған  жұмыстың  100-ден  5  пайы-

зы,  өкінішке  орай  ауданымызда  орын-

далмауда.  Себебі  Отан  деп  отқа  түсер 

азаматтарымыздың  әскерге  қызықпай 

керісінше жалған себептермен жалтаруына 

әкеп соғып тұр. 

Осы  орайда  аудан  әкімдігіндегі  жиын 

барысында  бұл  мәселені  бір  жүйеге  қою 

мақсатында біраз пікір-таластар айтылып, 

алдағы уақытта заң аясында жұмыс атқару 

тапсырылды. 

Басқосуда аудандық соттың судьясы 

Өтеулі негізде әскери-техникалық және басқа да 

әскери мамандықтар бойынша даярлауға мыналар:

келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін 

денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды 

әскери міндеттілер;

әскери оқытылған резервті даярлау 

бағдарламалары бойынша оқыту үшін денсаулық 

жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды неме-

се шектеулі жарамды, оның ішінде әскери қызметке 

шақыру кейінге қалдырылған жиырма екі жастан 

жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтар тартыла-

ды. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған 

ұйымдарында сабақтар өткізілетін уақытта 

көрсетілген ұйымдарда оқытудан өтіп жатқан 

қызметкерлерге жұмыс берушілер оқу демалы-

старын беруге міндетті.  Азаматтардың әскери 

оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша 

оқу кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Осы 

кезеңде олар заңды тұлға таратылған жағдайларды 

қоспағанда, жұмыс берушілердің бастамасы бойынша 

жұмыстан шығарылмайды, сондай-ақ білім беру ұйымы 

басшысының бастамасы бойынша білім беру ұйымынан 

шығарылмайды. 

(Оқу ақысын бөліп төлеуге болады оқу мезгілінің 

уақытында.)



Әскери – техникалық мектепте оқу ақысы 263 

318 мың теңге



Оқу мерзімі 40 күн.



Төлеу орны: халық банк ИИН/БИН 000840000345 

КZ 886010111000166464.

Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі 

біріктірілген бөліміне хабарласыңыздар. 

байланыс тел. 5-03-75, 6-36-04

Әскери билетті өтеуін

 

төлеп алуға болады



Байланыс телефоны: 6-36-04, 5-03-75

Жаңатас қаласы Қорғаныс істері жөніндегі 

біріктірілген бөлімі Келісім-шарт бойынша

әскери қызметке тараз, Ақтау, Өскемен, отар, 

Құлан, Қапшағай қалаларына іріктеу жүргізуде.

     Аудандық әкімдікте

отАнды ҚорғАу-ҚАсиетті борыш

Д.Төленбеков,  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  36  бабында 

Отан қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті екендігін айта 

келе  қылмыстық  кодекстің  387  бабында  көрсетілген  әскери  қызметтен 

жалтарған жағдайда қандай жазалар қолданылатындығын түсіндірді. 

Әскери  қызметтен  босатуға  заңды  негіздер  болмаған  кезде  осы 

қызметке  шақырылудан  жалтару-бір  мың  айлық  есептік  көрсеткішке 

дейінгі  (1  982  000)  мөлшерде  айыппұл  салуға  немесе  сол  мөлшерде 

түзеу  жұмыстарына  тартылып,  бір  жылға  дейін  бас  бостандығынан 

айырылатындығын, егерде өзінің денсаулығына зиян келтіру арқылы не-

месе  аурумын  деп  сылтауратуы,  жалған  құжат  жасап,  өзге  де  алдау 

арқылы  жасалған  дәл  осы  іс-әрекет-үш  мың  айлық  есептік  көрсеткіш 

көлемінде  айыппұл  салуға  немесе  үш  жыл  бас  бостандығынан  айыруға 

әкеп соғатының, әскерге шақырылушы әрбір азамат тергеп-тексеру орга-

ны істі сотқа бергенге дейін шақыру пунктіне өз еркімен келсе, ол жоғарыда 

аталған қылмыстық жауаптылықтан босатылатынын атап көрсетті. 

Жаңатас  қаласы  ҚіЖББ  бастығы,  майор  Е.Бақтияров  өз  сөзінде  әскер 

қатарынан  жалтарған  жастар  2015  жылдың  1  сәуірінен  бастап  қылмыстық 

жауапкершілікке тартылатындығын ескертті. Сол сияқты жиынға қатысқандар 

күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ой-пікірлерін ортаға салды.

Ахан АхАжАнОв, «сарысу»

байқау

«КөріКті КөКтем аруы»



жақында «сарысу жас-

тары» кмм-нің нұсқаушы 

маманы балнұр керімбайдың 

ұйымдастыруымен жаңарық 

ауылдық округі бойынша 

ұ.сыздықбайұлы ауылдық клуб 

үйінде «көрікті көктем аруы» атты 

қыз сыны байқауы өткізілді. 

аруларымыз қатысып, өзара мықтыны анықтады. «Өнерге әркімнің-

ақ бар таласы» демекші, қылықты қыздарымыздың шарықтата 

шырқаған әндері, тал шыбықтай майыса билеген билері, қазақтың 

ою-өрнегімен көмкерілген киімдері көрермендерді тәнті етіп, сайыс 

көркін жандандыра түсті. Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің 

мәртебесін асқақтатқан аруларымыз мақал-мәтел сайысына 

түсіп, жүрек жарды өлең-жырларын оқып, үлкеннен бата алып, ақ 

алғыстарға бөленді. Осылайша 5 номинация бойынша сынға түскен 

қаракөз қыздарымыздың өнерлері әділқазылар тарапынан бағаланып, 

жүлдегерлер де анықталды. Атап айтар болсақ ІІІ-орынды 

Г.Құлмағанбетова, ІІ-орынды А.Әбенова, І-орынды Ш.Айтбековалар 

иеленсе, ал бас жүлдені бабы мен бағы қатар шапқан Қымбат 

Аманжолқызы «Көрікті көктем аруы» атанып, аудандық байқауға 

жолдама алды. Жеңіске жеткен жібектей қыздарымызды «Сарысу 

жастары» КММ-нің директоры Б.Байділдаев дипломдар мен бағалы 

сыйлықтармен марапаттады.   

А.АлтыбАйұлы, «сарысу»

Өткен  аптада    аудан  кәсіпкерлерді  қолдау  орталығында  

өткен  кезекті  семинар-кеңесте  Web-сайт  арқылы  өңірлік 

кәсіпкерлерді қолдау орталықтарымен тығыз байланыс ор-

натылды.  ШОБ  қаржыландыру  бағдарламасын  кеңінен 

талқылады.  Слайд  арқылы    «Даму»  кәсіпкерлікті  да-

мыту  қоры  акционерлік  қоғамы  «Шағын  кәсіпкерлікті 

дамыту  қорын  құру  туралы»,    даму  институттарын, 

қаржы  ұйымдарын  басқару  жүйесін  оңтайландыру 

және  ұлттық  экономиканы  дамыту  жөніндегі 

бағдарламалар түсіндіріліп, кеңінен талқыланды. 

Сонымен  қатар    күн  тәртібіндегі  талқыланған  

мәселелер  бойынша  қажет  болған  жағдайда    

гранттар  ұтып  алған  компанияларға  тапсы-

рыс беру арқылы өзіңізге кеңесші шақыра 

аласыз.


сәулет рысбекұлы «сарысу»

бағдарламалар  

түсіндіріліп, 

талқыланды

Сарысу орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы 

Н.Рустамова 5-10 сынып оқушыларымен бірлесіп жазушы 

Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына орай «Арманының ақ 

желкені асқақтап» атты еске алу әдеби кешін өткізді.

Әдебиет әлемінде талай ақын, жазушы құйрықты жұлдыздай 

өмірден ерте өткені мәлім. Бірақ солардың ішінде қамшының са-

бындай қысқа өмірінде өз халқы алдындағы перзенттік борышын 

ақтап кеткен жанның бірі - Саттар Ерубаев. 

Мектебімізде Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына 

арналған мерейтойлық әдеби кеште «С.Ерубаевтың 

өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқу» атты мектепішілік 

байқау ұйымдастырылды. Байқауда 9-сынып оқушысы 

Балауса Нұрпейсова бірінші, 8- сынып оқушысы Ұлдана 

Ермағанбетова екінші, 6-сынып оқушысы іңкәр Жолдыбаева 

ііі орындарға ие болды.

С.Ерубаевтың өмірі мен шығармаларынан үздік шығарма 

жазуда 10-сынып оқушысы Ажар Тұрғанова бірінші, 6- сынып 

оқушысы Әсел Серікбаев екінші, 9- сынып оқушысы Ақжүніс 

Әбенов ііі орынды қанағат тұтты.

Фариза ескендірОвА, сарысу орта мектебінің 

11-сынып оқушысы

жазушы с.ерубаевтың туғанына- 100 жыл

Қаламгер 

шығармасынан сынға түсті

саудакент ауылдық балалар саз мектебінің 

ұжымы да жас жеткіншектерді өнерге баулып, 

эстетикалық тәрбие беруде ұйымшылдықпен 

еңбек етуде. әрбір атқарылған жұмыстар 

жыл басында жасалған іс-шараларға сай 

жүргізілуде. сондай ізгілікті істер са-

пында жүзеге асқан іс-шараның бірі  «Ару 

қыздар-2015» байқауы болды. 

1-сынып оқушылары арасында байқауды 

өткізуге домбыра сыныбының мұғалімі 

К.Мұсабаева мұрындық болды. Үміткерлер 

«Өзін-өзі таныстыру», «Мақал-мәтел»,  

«Сұрақ-жауап», «Анаға арнау» бөлімдері бойын-

ша сынға түсті. Көрермендердің қошеметіне 

бөленіп, тартымды да қызықты өткен жас ару-

лар байқауында бас жүлдені Толғанай Үсенқызы 

жүлделі үш орынды Минура Мұратбекқызы, 

Балауса Серік, Мерей Мұхамедқалилар өзара 

бөлісті. 

Сөйтіп, жас арулардың өрісті өнерлеріне 

көрермен қауым риза болып тарасты. 

темірлан жылысбАйтегі, «сарысу» 

«Ару қыздар-2015»

Көптің 


көзайымы болды

  семинар-кеңес

“даму”  

кәсіпкерлікті да-

мыту қолдау қоры 

қазір несиелер 

беріп, кәсіпкерлерді 

оқытумен айналысып 

жатыр. мемлекеттік 

бағдарламалар 

коммерциялық банктердің қолдауымен жүзеге асыры-

лып келеді. субсидиялау арқылы кәсіпкерлер төлеуі 

қажет несиесіне жақсы жеңілдіктер алып  жүр. 

C

M



Y

K


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет