Жамбыл облысы Шу ауданының топонимикасын «Өлкетану» сабағындағы оқыту мәселесі М. А. Сағатбек


The problem of teaching the toponymy of the Shu district of the Zhambyl region at the lesson "Local history"



бет2/3
Дата15.02.2023
өлшемі33,09 Kb.
#68115
1   2   3
Байланысты:
Шу ТОПОНИМИКАСЫ Сағатбек М.

The problem of teaching the toponymy of the Shu district of the Zhambyl region at the lesson "Local history".


M.A. Sagatbek - undergraduate, K.N. Mamirova Ph.D., Professor M.A.
Kazakh National Women's Pedagogical University, Almaty.
E-mail: m.a.sagatbek@gmail.com
mamirova_kulash@mail.ru


Annotation. This article describes that the place of the local history lesson is very important in our time. The bright future of the nation directly depends on the upbringing and education of the younger generation today. The article deals with the issue of teaching the toponymy of the Shu district of the Zhambyl region at the lesson "Local history". The nature of the territory of Kazakhstan, rivers and lakes, mountains and stones, toponymic concepts left by our ancestors are described. Information is also provided that a child who grows up knowing the heroes and public figures of his country will grow up as a citizen who can be proud of his country and his land.


Keywords.Local history, historical monuments, toponymy, Shu region, personal education.

Қазіргі күні жас ұрпақты тәрбиелеу, ел болашағынан көп үміт күтуіміз үшін қолға алу керек бағыттарымыздың ең өзектісі ол – Өлкетану болып отыр. Әрбір жеке тұлғаның бойында елжандылық сезімді қалыптастыру білім саласының басым бағыттарының бірі. Бірде бір ұлт өз елінің тарихын мәдениетін сыйламайынша, өз өлкесінің тарихи және рухани мұрасын қайта қалыптастырып өркендетпейінше ел болашағының жарқын болуы мен ұлт жанашырларының қалыптасып қызмет етпейді. Ұлттық тәрбие мен елі мен жерінің құндылығын білу осы бір өлкетану ғылымына байланысты.


Әл-Фараби жетілген тұлғаны тәрбиелеу үшін «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», «Оқыту адамдар мен халықтарға теориялық қайрымдылық дарыту болады, ал тәрбие - білім-білікке негізделген өнер арқылы оларға этикалық қайрымдылық дарыту тәсілі. Ғұлама ғалым тек білім арқылы ғана толыққанды адам қалыптасатынын айта келе, еңбегінде «Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын», «Елінен безген оңбайды, көлінен безген қонбайды» - деп, туған жердің қадыр қасиетін асқақтатады.
Қазақ халқы бала тәрбиесін «балаңды өз тәрбеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген қанатты сөзіне сыйдырған.
Педагог М.С.Маженақова «Өлкетану қай кезде де мектептегі оқу-тәрбие үдерісінің бір бөлігі болып қала береді. Ол оқу материалын нақты фактілермен толықтыру арқылы оқу процесін қызықтыруға әсер етеді, теориялық білімнің түйсікті қабылдауына әсер етеді, мектепті өмірмен байланыстырады. Бүгінгі күні өлкетану материалдарының танымдық қызметті белсендірудегі орны айқын дәлелденген кезде өлкетану материалдарын оқу процесінде пайдалану әрбір мұғалімнің міндеті болып табылады» [1]. Демек, өлкетану – туған өлкенің тарихын, салт-дәстүрін, жырлары мен аңыздарын, жер-су атауларының тарихын тануға бағытталған жұмыстар жиынтығы. Кемеңгер педагог Т.Шонанов: «Туған өлкесін білмейтін адам дүниені білмейді» дей келе, мектепте «өлкетануды» насихаттау формасын және өрісін кеңейту керек, яғни «өлкетану» өсіп келе жатқан ұрпақтардынң өз Отанын ойша емес жүрекпен сүюі үшін аса қажет»[2]-деп жазды.
Өлкетану белгілі бір өлкеніңтарихи ескерткіштерін, этнографиялық немесе ұлттық ерекшеліктерін, демографиясын, топонимикасын табиғи және әлеуметтік құбылыстардың өзара байланысын тағыда басқа салаларда зерттейтін өлкетану ғылымы болып табылады. Өлкетанудың негізгі әдісі - аумақ туралы ақпаратты, табиғи үлгілерді геологиялық, топырақ, биологиялық, зоологиялық және халықтық-демографиялық, этнографиялық, туризм мен қатар мәдениет деректерін жинау және жүйелеу қызметін атқарады[3].
Жас ұрпаққа өлкетану сабағын өткізу арқылы жеріміздің географиясын таныстыра отырып тарихқа баулу арқылы осынау Қазақ тарихы мен табиғаты бай екенін қатар біле алады. Өлкетану сабағының мектеп оқушылар үшін артықшылығын Жамбыл облысы, Шу ауданынң топонимикасымен таныстыру арқылы көрсеткім келеді.
Шу атауын естіген кезде қай кезден бері , не себепті Шу аталуы әрбір адамға ой салмай қоймасы анық. Осы екі әріптен құралған шу сөзі кейбір адамдар үшін өзен атауы ғана болып көрінуі мүмкін, алайда осынау сөздің арғы түп тамырын ашып қарап зерттеген археолог, тарихшы, профессорлар мен журналистер де өз зерттеулерін жасап дәлелдеген екен. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, еңбек ардагері Жақан Қожағұлов өзінің туған өлкесіне деген сүйіспеншілікпен өз зерттеу жұмысын жасаған. Ж.Қожағұловтың журналистік зерттеуінде, қарт қариалар Шу атауының қайдан шыққанын сұрағанда, бір қария «Шындығында, бұрындары өзеннің қамысы мол болыпты, балам… Тіпті, ішінде жолбарыс жортады екен. Оның үстіне бұл жақтың тентек бораны, долы желі де аз емес. Ну, әрі нар қамыстар әлгіндей желден қатты шуыл шығарады екен, содан Шу атаныпты. Қайдан білейін, бұрынғылардан естігеніміз ғой»- деп жауап берген екен [4]. Тарихи деректерге сүйенетін болсақ , Тарих ғылымдарының докторы, профессор, археолог, этнолог Уалихан Хамзаұлы Шәлекеновтың «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2006 жылы «Жібек жолы» баспасынан «V-XIII ғасырлардағы Баласағұг қаласы» атты монографиясын жарыққа шығарды. Бұл монографияда Шу атауының шығу тарихы толық көрсетілген [4][5].
Ортағасырлық саяхатшы , ғалымдардың еңбектерінде Баласағұн қаласы әртүрлі аталған. Ал Махмұд Қаштаридың «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде, қала атауы екі сөзден тұрады: Бала-Сағұн сөзі, бала – «Жас» деген ұғымды білдірсе , «сағұн» сөзі Түргеш тілінде билеушілерге берілетін «Хақан» деген мағынаны білдіреді. Нақтырақ айтар болсақ Баласағұн сөзі Түргеш тілінде «Жас хақан» деген мағынаны білдіреді. Махмұд Қаштаридың еңбегіндегі дерек көздерңне сүйенсек VIII ғасырда Батыс Түрік қағанатындағы атақты хақандардың бірі – Шу есімді хақанның болғандығы жазылған. Шу хақан Баласағұн қаласының жанынан жаңа қала салдырғандығы және ол қаланы өз атымен Шу деп атағандығын биле аламыз. Қала өзеннің оң жағасында орналасқан деседі. У.Х.Шәлекеновтың ғылыми болжамдары бойынша , жаңа қаланы өз атымен “Шу” деп , ал Баласағұн қаласын “Жас хақанның қаласы” деп аталғандығы дәлелдеген [5].
Махмұд Қаштаридың еңбегінде «Шу – Баласағұнға жақын жатқан қала..» деп көрсетіледі. Баласағұн қаласына жақын жатқан басқа да қалалар жазылған. Солардың бірі Тоқтали қаласы – қазіргі Тоқташ деп аталатын жерге сайма сай келеді, Тасқала қаласы – қазіргі «Тақөткел» су қоймасы орналасқан жерде болса керек. Кей деректер бойынша Тасөткел атауы қала атауынан қал кеткен десе , кей деректерде алғаш қоныстанған адамдар өзен арнасының жайылған жерінің түбіне тас төсеп өткел жасап өткен. Бертін келе өткелден Ұлы Жібек жолымен жүрген керуендерде өткен деген ел аузындағы аңыз әңгімелер де бар. Мұндай өткелдер өзен бойында аз болмаған , қазіргі таңда бізге белгілісі Итөткел, Тасөткел мен Битөткелдері ғана[5].
Міне, осы киелі Шу өзенінің алабына Еспе, Ақсу, Тақтатас, Қорағаты, Сарғау, Майтас, Шоқпар, Теректі, Ойранды, Шатырқұл, Үңгірлі өзендері ағады. Ұзындығы 71 шақырым Үңгірлі өзенінің Кіндіктас жотасының батыс беткейіндегі бұлақтардан бастау алатын Еспе өзені , Еспе ауылының маңынан ағып өтетін өзен. Өзеннің аты «Ескен жел» деген мағынада пайда болыпты делінеді.
Шу бойынан дара да, қарада туған деп айтқым келеді. Ұлы жүздің бас биі, төбе биі Төле Әлібекұлы дүниеге келген. Төле би 1663 жылы қазіргі Шу ауданындағы Жайсан жайлауында дүние есігін ашқан. Ұрпағына «Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле» ден өсиет сөз қалдырып кеткен Төле би өмір бойы қазақты бірлікке, ынтымаққа үндеп өткен. Халық жадында Төле би қара қылды қақ жарған әділдігімен, турашылдығымен қатар қазақ халқына ұрпағына қалдырап кеткен еңбегі мол . Ұлы жүздің бас биі Төле бидің есімі Шу ауданындағы бұрынғы «Новотройск» ауылына Төле би атауын берді, қазіргі таңда аудан орталы болып отыр.
Бәйбібек Қарашаұлы тарих беттерінде аз кездескенімен , халық жадында жақсы сақталған. Бәйдібек би шамамен 6-7 ғасырлада өмір сүргендігі кей деректерде жазылған. Ертеректе Бәйдібек би Жетісу тауынан бастап Қаратау мен Ташкент өлкелерін жайлаған ұлысты басқарған деседі. Ел аузындағы көп деректер Бәйдібек бидің жеке өміріне байланысты таралған. Бидің үш әйелі болған, бірінші әйелі Сары бәйбішеден Байтоқты атты ұл дүниеге келген, одан Сарыүйсін руы тараған. Екінші әйелі Зеріп Жаламамбетті дүниеге әкелген, Жалмамбеттен Шапырашты, Ысты,Ошақты рулары таралған. Үшінші әйелі, елге даналылығымен танылған Домалақ анадан Жарықшақ (шын есімі Тілеуберді) дүниеге келген. Жарықшақтан Албан , Суан, Дулат рулары тараған. Бәйдібек бидің осы немерелері ел билеп, ел басқарып өздерінің ру –тайпаларын қалыптастырып, аттарын тарих шежіресінде алтын әріптермен жазып кеткен. «Өлі разыболмай, тірі байымас» демекші өзіміздің шыққан жерізді, ата-бабамызды ұмытқан емеспіз. Аудан халқының басым көпшілігі Дулат, Ысты, Жаныс руларынан таралғандықтан. Шу ауданындағы «Киров» ауылының атын ата-баба руына бағыштап Байдібек бабамыздың есімімен аталды.
Бөлтірік Әлменұлы(1771-1854) жылдары аралығында Шу ауданында, Ұлы жүздің Ысты тайпасы Ойық руында дүниеге келген. Жас тайынан ақындық пен батырлық жолын қуып, есейе келе ел арасындағы жер, су құн және жесір, еңбек дауларына әділ төрелік жасаған. Ел арасында өзінің тауып айтар шешендігімен атар батырлық рухымен де танылы білген жас Бөлтірікті «Бөлтіріш шешен» деп атап кеткен. Бүгінде билік айтудағы тапқырлығы мен таң қалдырған Бөлтірік шешен есімімен өңірде бұрыңғы Андреев және Хрушев ауылдары біріктіріліп, «Бөлтірік» атауы берілді.
Балуан Шолақ 1864 жылы Шу бойында дүниеге келген. Шын есімі Нұрмағанбет Бймырзаұлы Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан шыққан. Жас тайында ауыл адамдары өнеріне тәнті болып еркелетіп «Балуан Шолақ» атап кеткен, жас күнінде саусағын үсітіп алуынан шолақ атауы содан берілген. Ертеректе Балуан Шолақтың жас күнінде әкесінің Көкшетау өңіріне қоныс аударып, жас Балуан Шолақ Көкше жеріндегі Атығай, Қарауыл руларының арасында ер жеткен. Қазіргі күні, Сәмбет руы жайғасқан Ақтөбе ауылының атын «Балуан Шолақ» есіміне өзгертті [3][4].
Шу қаласы 12 ғасыр өтсе де өзінің алғашқы атын сақтап келе жатқан тарихи ортағасырлық қалалардың біріекеніне ешкімнің де таласы жоқ.Бұл сара жолы бар бабалардың өнегелі өсиетін, қастерлі мұрасын құрметтеудің, үлгісі екеніне ешкімнің де таласы жоқ.
Белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласын зерттейтін ауқымы өте кең Өлкетану ғылымының біз тек топонимикасын ғана айтып өттік. Аумағы аумақты алып жатқан Шу ауданының топонимикасының өзі бізге қаншама ата-баба тарихын, тұрмыс тіршілігін, атқарған қызметін, табиғатының қандай өзгеріске ұшырағандығын мақтанышпен айта латын қаншама тұлғаның өз орынын қалыптастырып кеткенімен таныс болдық. Сондықтан да әрбір ұстаз өзінің тәрбиелеп отырған шәкіртіне сапалы білім мен саналы тәрбие беруі тектік қорымызды дамытудың басты мақсаты болып табылады.
«Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзінің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарды ардақтаудан басталады, Н.Ә. Назарбаев.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет