Жанат Ахмади Әдебиет – жан нұРЫ


ТЕРЕҢ ӨЗЕН БҰЛҚЫНБАЙ АҒАДЫ



Pdf көрінісі
бет2/20
Дата21.01.2017
өлшемі0,96 Mb.
#2333
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

ТЕРЕҢ ӨЗЕН БҰЛҚЫНБАЙ АҒАДЫ
Кезінде әңгіме жанрындағы шеберлігімен танылған Оре-
кеңнің әр кезде жазған әңгімелері мен хикаяттары қандай? 
Оқуға құмартып тұрасың. Халықаралық «Алаш» сыйлығын 
алған «Шамшырақ» романы заман беті бері қарамай тұрған 
кезеңнің өзінде кеңестік үстемдіктің ащы шындығын әй-
гілеп ашқан сом туынды болды. Ал «1961 жыл» аталатын 
публицистикалық дастаны Қазақстан Компартиясы ор-
талық комитетінің хатшысы Н. 
Жанділдиннің әділетсіз, 
керазу баяндамасына ұшырауы да әу бастан-ақ жазғысы 
келгенін жазбай тынбайтын, аузы күймейтін Орекеңнің 
бір бет қайсарлығының куәсі. «Зорлық есіктен кірсе, әділет 
шаңырақтан шығады» деген бар. Бірақ айнымас әділет 
төреші уақыт патшалығы билікке келген кезде «патшаның 
бақырашымен су ішкендер» өзегін өртеген өкініштен бар-
мағын шайнауы мүмкін. Уақыт заңы өктем де үстем.
Бүгінде 70 жасқа толып отырған Оразбек Сәрсенбайдың 
жалпы тумыс-болмысын, яғни мына жарық дүниедегі жа-
ратылысын тұтас қамтып алғанда, ол, жастық кезеңінде 
өзі туған Сырдарияның жоғарғы ағысындай арыстан жал, 
өркештенген толқынына ұқсаған болса, ал орта және аға 
жасында тереңдігі білінбей шымырлап аққан, қорғасындай 
салмақты, теңізге құяр сағадағы ағысына ұқсайды. Бұған 
атамыз қазақтың «терең өзен бұлқынбай ағады» деген тәмсі-
лін қосып қойсақ сәйкескендей. Ол көркем әдебиетіміздің 
іргесі берік, саңлақ майталманы болумен қатар, әлеуметтік 
өмір талабында да ешқашан бұлқынып, жұлқынбай, тек 
өзіне ғана тән мәнерлі, тәлімгерлік ырғақтан бұлжымай 
келе жатқан үлкен парасат иесі. Хан-қараға бірдей, адами 
сипаты биік Орекеңнің сыртқы ортаны екшеулі байыппен 
пайымдайтыны автор шығармашылығында да дәл өзіндей 
нанымды, әрі көркем жазылады. Сол арқылы көкейге 
қонымды айшықты өрнекпен түседі. Сеніп, мойындап, 
бағынып оқисың. Қай-қай шығармасын оқысаң да авторға 

20
Жанат Ахмади
ішің жылып, рақаттанып, алғыстап оқисың. Үйренетінің 
көп. «Алла бермегенді молда бермейді». Талант көзі жү-
ректе болса, оны адамның тумысынан іздеу керек. Адамға 
алдымен туу, анадан солай туылу жарық дүниедегі арман-
дерттің зоры. Ойлылардан қалған «Өзің сүйгенге бақпа, 
өзіңді сүйгенге бақ» дейтін бір сөз бар. Біразымыз пенделік 
ноқтаның жетегімен өзімізді құрметтейтін төменгілерді 
елемей, одан гөрі жоғарыдағыларға «ұнау» жолында ғазиз 
басымызды пенде етіп тігуге ынталымыз. Бұлай дегенде 
адам алаламайтын Орекеңнің табиғи, таза, иманшыл кіші-
пейілдігінен өзгелер мейір-шапағат алатынын баса айту 
еді. Әлемдік ой басшыларының бірі Шекспир «Ұлылардың 
ұлылығы өзінен төменгілермен қарым-қатынасынан білі-
неді» дегенді өз өмірінің түйіні етіп, толғанып айтқаны 
бел 
гілі. Кейінгіге таразы етіп, екшеп айтқан. Орекеңнің 
шығармашылығы туралы әңігімені жазушының 2005 жылы 
«Қайнар» баспасынан 2000 дана болып шыққан, көлемі 
 
40 баспа табақ мемуарлық кітабынан бастап айтар болсақ, 
бір қаламгердің тақиясына тар келмейтін ұлан-ғайыр дүние 
қамтылғанын көреміз. 688 беттік кітапқа ұшан-теңіз ой түс-
кен. Мына жалпақ жаһан жаралғалы бері жер бетінде не 
болмады, нелер өтпеді? Өзің күреспесең, тырс етпей тұра-
тын сезімсіз, меңіреу дүние қаншама нәрселерді бауырына  
басып жатып алған үңгірдегі аждаһадай жоқ етіп, тас 
тылсымға айналдырған. Сансыз ғасырлардағы мерзімсіз 
сарылған дала аңызағынан; болжаусыз жаңбыр суынан; 
қыс пен жаздың бірде шамырқанған бет қаратпас аязынан, 
бірде аспан ай 
налып жерге түскен, тандыры кепкен ап-
тап жалынынан зәулім қара жартастарға жақпар-жақпар 
жарқышақ түсіп; мүжіліп аққан қиыршық майда тас-
тарынан үгілген қорым пайда болған. Мың жасар алып 
қарағайлар қурауы жеткен қаңқа сүйектей әппақ, ақсөңке 
болып қалған. Сондай түпсіз сарылған ұзақ ғасыр заманалар 
тұсында ешкімді теңсінбеген небір ыңыранған байлар 
жайлауға қарай мыңғырған малмен маңғыстап жылжып, 

21
 Әдебиет – жан нұры 
мамырлап қонып өтті. Одан із-түз қалмады. «Семіргені 
сүмбедей, секіргені бүргедей» дейтін, ойнақ салған көз 
қуаныш малынан да, оны қызықтаған өзінен де ыңқ еткен, 
ызың дерек жоқ. Келелі маймақ түйе, маубас қой, сасық 
тұмсық сиырының ешбірі оның атын шығарып, келер 
ұрпаққа хабар бермей құрыды. Қай-қай заманда болсын 
дүниені өліп-өшіп жиып, баюдан өзгені көздемейтін; алдына 
жан салмас пысықтардың атасы да, анасы да мына қара  
жер болды. Бүгінгі «жақын отырған – құрметтім, алыс 
отырған – немкеттім» деп адам алалап өмір сүретін, 
адамдарды «жылы қойын, салқын арқам» деп бөлетін шен-
шекпенді; кейбір шенеуніктер де алдыңғылардың кебін 
құшып бағытынан адаспай жөней бермек. Ақын-жазушыны 
«қиялилар» есебінде көретін, дүниені доллар буымен және  
өзі отырған жұмсақ көпшік – кресломен өлшеп өзгені 
теңсінбей жүрген ішінара әкім қаралардың да лауазымы 
өзімен бірге кететіні қазірше білінбейді. Ал қаламгер атау-
лының солардан айырмашылығы неде дейсіз ғой? Жазу-
шының тасқа басылған жазуы, лүпілдеп соққан жүрек үні 
мына аспан-жер аман тұрғанда ғасырдан ғасырға, әулеттен 
әулетке, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек. Жасай бермек. 
Міне, осы жағынан алып қарағанда О. Сәрсенбай ағамыздың 
асқан ұқыптылығынан туған «Өмірнама» аталған мына 
кітабы автордың маңайындағы оған қатысы бар адамдар мен 
қилы кезең, түрлі оқиғалардың энциклопедиялық жиын-
тығы тәрізді көрінеді. Соның бәрін Орекеңнің мойнына біреу 
зорлап таңып, кешірілмес міндет етіп берген іспетті. Өйткені 
бұл мемуардың қарымдылығына, ауқым, көлем жағынан 
да алымдылығына таңырқамау мүмкін емес. Орекең мұнан 
басқа ешнәрсе жазбағанның өзінде қазақ қаламгерлерінің 
проза жанрының бел ортасында осымен-ақ көрінген болар 
еді. Адам деген ардақты атқа үйлес ғажайып ұқыптылықтан 
туған бұл еңбек – ер-әйел, жас-кәрінің бәріне бірдей, өзіне 
тән үлгі көрсетерлік дүние. «Кәріліктің жақындағанына 
қайғырасың ба, жастықтың алыстағанына қайғырасың ба» 

22
Жанат Ахмади
дейтін, болжаусыз, жылым өмірде жамбасына жер батып, 
күңірене дөңбекшіген қарияға да, қысқа өмірде нелер 
қимастарынан айырылып, көкірегі қақ айырыла күрсініп, 
«аһ!» десе аузынан жалын ата өксіген кейуанаға де жақсы 
ермек бола алатын, бетін ашқан кісі жалықпай, қызық көріп 
оқитын қысқа-қысқа, шағын сыр, адам мен адам арасындағы 
мәмілелерге толған. «Шалдың әні зармен тынады, кемпірдің 
бала жұбатқан өлеңі өз гөй-гөйіне ұласады» деген болса, 
өзі жасап өткен өмірге деген таңы бар, қарт-қария адам-
дар мына кітап қолына түсе қалса, өзіне-өзі пұшайман, 
өкінішпен қарауы мүмкін. Ол тұрмақ, осы сөйлемдердің 
иесі, менің өзімнің де өзегіме өрт түсіп, неге осындай бола 
алмадым? Бәрін болмаса да ең толғақты кейбір мәселелерді 
өз уақытында ай-күнін көрсетіп неге түрте бермедім, деген 
оймен Оразбек ағаға бұрынғыдан да құрметпен қызыға 
қарадым.
Өйткені «маймылдың соқпағы құзға тірейді» демекші, 
адам өмірі қанша дейсің-ау. Айтарыңды дер кезінде айтып, 
жаза алмағаныңның өкініші есіңе осындайда түседі екен. Тек 
ол ғана емес, романға татырлық орны бар мұндай шығарма 
біздің ғасырымыздағы (ХХ–ХХІ) қазақ әдебиетінің, оны 
жа 
саған ақын-жазушының орны және сол адамдар өмір 
сүріп жатқан қоғамның да бет-бейнесі, айнасы бола алатын-
дығымен бағалы. Тарих үшін, болашақ ұрпақ үшін сонысы-
мен қымбат. Олай болса, бұған қалай да салмақты орны бар 
туынды ретінде қарап әрі автордың азаматтық қарымын 
 
еске алып, кітапты да сол тұрғыдан қабылдауға тура келеді.
Ірі жазушыларымыздың атына құрылған бір естелікті 
алып қарайық. «24 ақпан, 2000 жыл. «Жұлдыз» журналының 
№12 (1999) нөмірінде С. Қирабаев ағамыздың естеліктері 
басылыпты. Естелік негізінен шындыққа құрылған әрі ұс-
тамды жазылыпты. Маған мұндағы Ғ. Мүсірепов туралы 
қайырымдар ұнады. Шынында, Ғабең – аса күрделі, қиын 
мінезді кісі еді. Бірақ біз көрген кейінгі кезде айналасына 
көп қошеметшіл топты жинап алған, кімнің кім екенін айыра 

23
 Әдебиет – жан нұры 
алмайтын халге жеткен еді. Өзін өтірік мақтағандарды бұл 
кісі де қолдап, қолтығына алып жүргенін талай көрдік. 
Бірақ шын мәнісінде өз замандастары ішіндегі нағыз көр-
кем сөз шебері еді. Көркемдік, тілдік шеберлігі жағынан 
оған М. Әуезов те, С. Мұқанов та, Ғ. Мұстафин де теңесе 
алмайды. Сірә, Ғ. Мүсірепов іштей Әуезовті де, Мұқановты 
да, Мұстафинді де менсінбей өткен болуы керек. Оның өле-
өлгенше Б. Майлинді дәріптеуі тегін емес еді.
Естелік демекші... Қазір бізде мемуаршылар көбейіп 
барады. Ә. Нұршайықов, Қ. Жұмәділов, М. Мағауин және 
 
т.б. жа зушылардың жарияланып жатқан естелік кітапта-
рында әр кезде әркіммен айтысқан, ренжіскен жағдаят тар 
тәптіштеліп жүр. Жүздік, топтық мүдделер күресі ай тылады. 
Осы ыңғайда Ә. Нұрпейісов бастаған Кіші жүз жігіттеріне 
шүйлігушілік байқалады. Тіпті, қыза-қыза келгенде Ә. Нұр-
пейісовті мүл 
дем жазушы емес, халтурщик қатарына да 
қосып жібереді. Әрине, Нұрпе 
йі 
совтің жүзшілдігі, топ-
шыл 
дығы ешкімнің (білетін 
дер 
дің) күмәнін туғызбайды. 
Бірақ оның «Қан мен терін» халтураға теңеу қиянат болар 
еді. Сондай-ақ І. Есенбер линді түпнұсқадан оқыған кейбір 
талғампаз оқу шының теріс айналып кететіні өтірік емес. 
Бірақ ол да кезін де тарихи тақырыптарды қозғауда ерлікке 
барабар еңбек еткен еді» (615-бет). Міне, осының өзінен-
ақ, «қазы айтты деп ықпайтын, хан айтты деп бұқпайтын» 
қайсар суреткер Оразбек Сәрсенбай әділдікке келгенде 
еш кімге бетің-жүзің бар демейтін күдері ердің өзі екенін 
мойындайсыз. Орекеңнің әділ және шын жазатындығына 
тағы бір мысал.
«12 қыркүйек, 2003 жыл». «Бүгін мешітке барып, жұ-
ма намазына қатыстым. Тастақтағы мешіттің имамы, жас  
жігіт Доскелдінің уағыз айту тәсілі де, Құран, аят оқу ма-
қамы да ерекше ұнады. Талай молдаларды көріп жүріп, 
 
қанағат етерліктей білімді, жүзінен иман нұры анық аң-
ғарылатын дін иесін тыңдау зор ғанибет екеніне осы жолы 
көзім жет кендей болды. Осындай ойлы діндарлардың әң-

24
Жанат Ахмади
гімесін тың 
даудың менің шығармашылық жұмысыма да 
 
әсер ететін түрі бар. Жаңадан жазатын рисалаттарда ол 
кісілердің аузынан естіген аңыз, әңгіме, мысалдарды пай-
даланбақпын (Рауаят есебінде). Әрине, әдеби өңдеу, өзгеріс, 
толықтырулар сүзгісінен өтетіні белгілі» (654 бет).
Өзі тақуаның баласы Оразбек ағамыздың жан-дүниесі 
иманға жақын, Құдайшыл, діндар кісі екені де осы үзіктер-
ден тайға басқан таңбадай, бүркеусіз ашық көрініп тұр. 
 
Осы тұста екі ауыз сөз қоса кетейін. Орекеңнің назары түс-
кен Доскелді Қожатайұлының әке-шешесі бұрын мен тұрған 
Қапал ауданынан болған. Доскелдінің өзі 7-сынып бітірген 
жылы Қапал мешітінің «Нәйб имамдығына» сайланған, 
 
туа дін қонған өзгеше ынсан, соңынан онжылдықты бітірген 
соң Қапал аудандық мешітінің бас имамы болды. Содан 
кейін Алматыға келіп сол кездегі бас мүфтиіміз Рәтбек Ны-
санбайұлы мұндай жастың талантын сөзге келмей бағалап, 
осы бас мешіт жанындағы Ислам университетіне емтихан-
мен қабылдаған. Оқуды өзгелерден оқ бойы озық тәмам - 
даған дап-дайын имамды мүфти өзі бірден-ақ Тастақ ме-
шітінің бас имамы етіп мүлтіксіз сеніммен тағайындаған. 
Асылды асыл танып, Доскелдіні Орағаң бір көргеннен өзінің 
тарихи, бағалы кітабына енгізіп отыруы тегін емес-ті.
* * *
Ал енді О. Сәрсенбай ағамыздың көркем шығармашы-
лығына келетін болсақ, әйгілі жазушының «Шамшырақ» 
романы Сыр елінің асқан дүлдүл, гармоншы, әншісі Нартай 
Бекежановтың өмірін суреттеуде биік өре, дана талғаммен 
жазылғанын көзі қарақты оқырман әлдеқашан мойындап 
орынды бағалаған туынды. Осындайда бір ой келеді, із делуші 
аруақ қаншалық саңлақ, қаншалық ардақты дең гейде бол-
са, Алла өзі соған сай іздеушісін де жарататын болса керек. 
Мәселен, Абайдың Мұхтары сияқты т.т. Бұл әрбір ақын-
жазушының басында бар дүние. Аруаққа қалам тартпайтын 
жазушы жоқ. Алғашқы кеңестік құрылысты, колхоздасу 

25
 Әдебиет – жан нұры 
заманын суреттейтін бұл романда жазушы Н. Бекежанов-
тың баламасы Нартуған өмір сүрген қилы кезеңді, оның 
басынан өткен небір қиын-қыстау тағдырды өте қанық, 
өте тартымды, көркем суреттеп нағыз роман жанрының 
шарайнасына сыйғызып, реалистік өмірге кіріктіріп жазған. 
Нартуғанның соңынан түсушілер кімдер еді дейсіз ғой. 
Жер бетін жеке билегісі келген ішмерез, алпауыттардың 
апаны КСРО-ның танауына таяқ болмайтын тоталитарлық 
үстемдігі ұлтымызды өз ішінен арандатудың бірден-бір 
төте тәсілін тәуіптей танып, тамыршыдай баса білген. Ол 
үшін қай-қайдағы «дардан қашқан қу, құлағын кестірген 
шұнақ» дейтін, обал-сауап дегенді білмейтін, жалқы, кезбе, 
надан, топас, құл-құтанды құтыртып, ел ішіндегі естияр 
жақсыларымыздың қыр желкесіне қырғидай қондырып 
қойды. Халықты иіс алмас – мәңгүрттікке айналдыру жо-
лында сондай атасыз, түпсіз, тексіздерді бү кіл есті-басты 
ел жақсыларынын соңына шүйлеп салды. «Жалаңаяқ жал-
шы» деп, «нағыз қаратабан пролетариаттан шыққан...» 
деп, кісіден сый көрмеген, кісі сыйлап білмеген тоғышар-
кещелерді бірінші орынға шығарды. «Айтақ» десе, алып 
түсетін төбеттей, Құдайдың нешеу екенін білмейтін, көкірегі 
бітеу, киіз кеуде қу қазық, дүлейлерді екшеп, халықтың 
ең маңдай алды көшбасшысы ретінде іріктеп арқасынан 
қақты. Есекке кежім жауып, мәстекке үкі тағып «алабұтаға 
ат бекітетін», қай-қайдағы ойсыз, мұндарлар ұлтымыздан 
шыққан жақсыларымызға жаудай тиді. Жайлауды ығына 
қарай жайлай білмейтін, малды бағытына қарай айдай 
білмейтін; жүген салса, ауыздығын салмайтын, ауыздығын 
салса, суғарғанда алмайтын нәсілсіз мәңгүрттердің қол-
тығына су бүркіп «белсенді» деп, «батырақ» деп, «жалшы, 
малай», «қара табан құл» деп, бір шылбырды сондайлардың 
еркіне беріп, қолына ұстатты. «Тоғышардың ту қойы 
қысыр қалады, нәсілсіз сиырдан өлі бұзау туады» демекші, 
өзі тоғышар, өзі нәсілсіз неме кімнің қадірін білуші еді. 
«Жаман жердің шиырын басып, жамандықпен көзін 

26
Жанат Ахмади
ашқан» дейтін, тексіз, құнсыздарды иттей құтыртып, ел 
ішін алапес аралағандай етіп, тұтас ұлтқа алабүлік салды. 
Сол ұлтсыздану, қансыздану сал 
дарынан 1937–38 жылға 
жеткенде «мұсылманнан тілмаш шықса дінге, ұлтына 
апат келеді» дегендей, осы қазақ бі рін-бірі ұстап беріп, ұл-
тымыздың бар қаймағынан жұрдай айырылып сұмырайдай 
сүмпиіп шыға келдік. «Шамшырақ» романы осындай әлеу-
меттік теңсіздікте өмір сүрген өнер адамының яғни Нартай 
Бекежановтай ұлы тұлғаларымыздың жоғын жоқтап, 
әділет сойылын соқты. Айтқалы отырғанымыз, осының 
бәрін даналап ежіктемей-ақ, ой астына ой тастай отырып, 
«Шамшырақ» романында автор көркем шығармалардағы 
қапысыз шебер тәсіл арқылы зиялы қауымға ауыр ой 
салған. «Көрген күніміз осындай болды», деді. Сол дәуірдің 
ұшқыны күні кеше тәуелсіздік алғанымызға дейін жетіп, 
көпшілігіміз кедей таптан шыққан, мүсәпір болуға тырыс-
қан едік. Бір қызығы, егемендікті қалай алдық, солай, 
 
мәселен, менің азан шақырылып қойылған шын атым 
Жәнетхан болса аяғындағы «Хан» дегенді сызықша ар-
қылы, әрі үлкен әріппен жазып, байдың, бектің, асыл тектің 
ұрпағы бола бастадық. Әлгі кедей-кембағалдарымыз шеті-
нен шынжыр балақ, шұбар төстің тұқымы болуға ұмтыла 
бастады!..
Қай заман келсе, сол заманның тарысын терген тауық 
болдық!
Жазушының «Шеңбер» романы сөз жоқ, ұлт әдебиетіне, 
қазақ көркем шығармашылығына қосылған үлкен табы-
сымыз деуге болады. «Күні біткен бәйтерек күмістен қырсау 
салсаң тұрмайды» демекші, өз-өзінен күйреуге жақындап, 
іргесі морып, шіріктесе бастаған социализм қоғамының 
жарбасында тұрған сүреңсіз кейіпкерлері арқылы хабар 
бере бастайды. «Ақ дегенім – алғыс, қара дегенім – қарғыс» 
дейтін зорлықшыл қоғамның іргесін су кеулей бастауын 
автор Тамды облыстық ауылшаруашылық басқармасының 
бастығы Тоқтарбайдың орынбасары Шерәлі Дүйсенбаевтың 

27
 Әдебиет – жан нұры 
жұмбақ өлімі арқылы-ақ сездіре бастайды. Өзін дүниеде 
теңдесі жоқ «әділ» үкімет санайтын қоғам өзінің сол айт-
қанындай болса, ондай жерде жауыздық атаулы кездесуші 
ме еді?.. Осы аймаққа бір тықыр таянғанын оқырман со дан-
ақ бажайлап Тамды облысының ендігі әуселесінен күдік-
теніп отырады.
Қызық жері «суайттар бірін-бірі иландыра алмайды» 
дегендей, бұндағы шонжар кейіпкерлер обком хатшысы Хұс-
нидинов, прокурор Хансейітов, ауатком төрағасы Тоқтар бай 
Арыстанбеков тағы тағылар сырттай қарағанда, барлығы 
бір терінің пүшпағын илеп, кеңестік өкіметтің, социалистік 
құрылыстың шаңырағын бекіте түсу жолында «сөз салысып 
дауға ортақ, ат салысып жауға ортақ» болып жүрген 
таңдаулы дөкейлер сипатында көрінгенімен бір-бірінің қи-
мыл-әрекетін, қылмысын сонадай жақтан шамалап біліп 
отыратын ішмерез сыбайлас сығайлар екені аңғарылып 
тұрады. «Екі қу қарайлас қонады» демекші, бір облыстың 
бір-бірімен қарайлас басшылары білмегенсіп отырып алыс-
тан ымдасқандай күй кешеді. Бірақ «ұры табысарда бір-
бірінің аузын жаласады, айырылысарда иттей таласады» 
дегеннің кері келіп, бұрын Миуалы ауданының дүрдей 
хатшысы болған, ал қазір облыстық ауыл шаруашылығы 
басқармасының бастығы Тоқтарбайдың орынбасары Шерәлі 
Дүйсенбаев жұмбақ қазаға ұшырағанда, бұл пәле кімнен 
келді десіп, әлгі шонжарлар бірінен бірі күмәнданады. Содан 
«Шеңбер» романы шарықтау шегіне бет алып, оқырманды 
еркіне қоймай жетелеп әкетеді. Обкомның бірінші хатшысы, 
түбі көрінбес қара судай жылым, айлакерлігін бұл тұста 
бұрынғысынан да анағұрлым бұлаң ойнатып, компартияның 
тозығы жеткен соңғы сахнасында аласұрады. «Шеңбер» 
романы жалпы «Өскен өркенді» еске түсіретіндей. Әуезов 
романындағы Оңтүстік облыста аудан басшылары арасында 
болып жатқан қылмыстар деректелетіні сияқты бұнда да 
жазушының өз қиялынан туған, оқырманның ғазабын 
қайнатарлық әрекеттер өте нанымды жүлгеленіп, қадам 

28
Жанат Ахмади
басқан сайын шиыршық атып, шымырлана, шамырқана 
түседі. Романда айтарлықтай шеберлік танытқан жазушы 
сәбет өкіметі билігінің құлау нышанын Тамды облысында-
ғы былық-шылық көріністермен дәлелдеуде жөн-жосықсыз 
жасанды қисын іздемеген. Обком кеңсесінен тарайтын ыз-
ғар жеткілікті: тәртібі – тәртіп, жалы күдірейген сұс, қаһар. 
Қайда көрсең, барған жердің балтасын, келген жердің 
кет пенін қайратқан қызу күрес үстінен шығасың. Баяғы 
социалистік міндеттеменің «толмасқа құйып, тоймасқа 
беретін», мұрынға су жетпес, қызылтанау сайыс, жарыс 
күресі. Бірақ біртін-біртін шіріктесіп, ұлғайып жатқан 
рухани жұтаңдықтан ыдырап бара-бара іргесі морып күй-
зеліске ұшыраған қо ғамның шаңырағы ортасына түскенін 
көреміз.
Бұл романның басты ерекшеліктерінің бірі, Орекең бә-
рімізге жаттанды, жалақ жауыр болғанындай, бас кейіпкер 
жасау үшін қызғыш болмайды. Жан тартып жазған ортақ 
кейіпкері – Тоқтарбайдың өзін кәдімгі басы жұмыр пенде 
ретінде суреттейді. Кемік сүйек, сасық еттен жаралған, хәм 
сүт емген пенде әрине, періште емес. Әуезов Абайды қазақ 
аспанындағы жарық жүлдыз – таңғы шолпан етіп көрсетті 
екен деп, қолына қалам ұстаған жазушы атаулымыз бас 
кейіпкерімізді сол сарында мақтап шығаруға жан сала әре-
кеттеніп келгеніміз хақ. Ұғымымызда қалыптасқан бас 
кейіпкер деген ешқандай кемшіліксіз, тек боз биенің сүтіне 
шомылғандай біреу болып шығуы керек. Ал шынайы реа-
листік тұрғыда қалам тартқан Оразбек ағамыз көркем 
шығарма сарынында жаңа үрдіс тауып, кейіпкеріне шындық 
көзімен қарап, соны таза аршып ала білген. Сонымен қатар, 
автордың тіл айшықтары жөнінде айтпай кетуге болмайды. 
Назар аударайық: «илашыл», «қапия», «құрапат», «зайыр», 
«мін-мүлтік», «бық-пырт» тәрізді өте сирек ұшырасатын тер-
миндермен қоса ескі шағатай тілінен кіріккен «мұнафық», 
«накүмән», «мансаппараз», «дүниепараз», «шахсан-параз», 
«беһуда» (бұл бейқұдай, құдайсыз деген мағынаны біл-
діреді). Көркем шығармадағы кейіпкерлердің ыңғайына 

29
 Әдебиет – жан нұры 
қарай соған қажетті сөзді дәл керекті орнына қарай тауып 
қолдану жазушының тілдік қор байлығына жатады. Бұл 
жағынан алғанда көптеген облыстарда қолданудан мүлде 
қалып бара жатқан жоғарыдағыдай бірен-саран парсы, 
шағатайдан кірген бұрыннан тілдік қорымызда қолданылып 
келген таңсық сөздерді пайдалану жағынан Орекеңді еске 
сақтағыш, кәрі құлақ жазушыларымыздың бірі дей аламыз. 
«Қауы ашық жүк машинаның», «қандай көмекке болса да 
әзір, бәйекшіл», «алақан шапаты», «банайы себеппен», 
«дәнемені білмейді». «Айтса айтқандай екен, Сәлима шы-
нында да сымбатты келіншек. Айрықша баданадай жар-
қырап, шұғыла шашқан үлкен қара көздері қараған жерін 
қарып жіберерліктей әсерлі екен». Қараңыздар, осыдан 
артық айту мүмкін бе? «Қарып жіберерліктей» дегеннің 
өзі-ақ жетіп тұр. Міне, мұндай бейнелі тіркестер кез келген 
тұста аузымызға түсе бермейтіні анық. Ендеше, тілімізге 
оңайлықпен орала қоймайтын бұл тектес тіркестерді 
қаламгердің ойлау жүйесіндегі өзгеде жоқ табысы десек 
болады. Ғ. 
Мүсірепов «тауып кеткен бірауыз сөзімізбен 
өмір сүреміз» деп осындайдан айтқан. «Шеңбер» романы – 
Мемлекеттік сыйлықты құлантаза абыроймен алған туынды.
Жиырма шақты кітап авторы Оразбек Сәрсенбайдың 
«Сағым» (1970), «Бақыт құсы» (1973), «Жиде гүлдегенде» 
(1977), «Жақсының көзі» (1979), «Уәде» (1985), «Менің 
мекенім» (2002) атты әңгімелер жинақтары жарық көрген 
болса, 1971 жылы басылған «Таңбалы тас» романынан 
бастап, «Шамшырақ» (1990), «Шеңбер» (1998) және 1992–
93-те шыққан таңдамалылар мен «Өмірнама» (2005) кітабы 
оқырман қолына сәтімен тиген айтулы еңбектері.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні, барша қаламгер әріп-
тес, зиялы қауым үшін өзінің таза маңдай терімен, шы ғар-
машылық ерен еңбегімен қадірлі, шынайы, ойшыл жазушы 
Оразбек Сәрсенбайдай ғазиз азаматтың 70-ке толған мерейлі 
жасына жас қосылып, ел-жұртының абыройын әлі де асыра 
түсіп, жасай берсін деген дұғай тілекпен достық көз тігуде 
болайық!

30
Жанат Ахмади
ПіЛ КӨТЕРМЕГЕНДі – ТіЛ КӨТЕРЕДі
«Мың адам жемеген  
қамыңды бір адам жейді»
(Халық даналығы)
1997 жылы «Жазушы» баспасынан көрнекті сатирик 
жазушы Ғаббас Қабышев ағамыздың «Жетім жиналыс» 
аталатын кітабы жарық көрген. Осы баспаға басшылық қыз-
метке келгелі талай-талай ақын-жазушылардың бата 
сын 
алып, алғысына бөленген ақын Есенғали Раушанов Ғабе-
кеңнің де көлемі 36 баспа табақ аталмыш кітабын таңдау лы 
мұқабамен көрікті етіп шығарып үлгірген. 
«Жазушы» баспасында жылдар бойы сары жамбас бо-
лып жатқан талай қолжазба Е. Раушанов келгелі айналасы  
бірер жылдың ішінде том-том кітаптарға айналғанына ешкім 
көз жұма алмайды. Бұл үшін Е. Раушановты марапаттап 
жатпай-ақ мұнан бұрынғы директор Дулат Исабековтің 
«құлағына алтын сырға» десек соның өзі жеткілікті болар.
Енді негізгі ойымызға оралсақ мен өз басым Ғаббас 
Қабышұлының мерзімді баспасөз беттерінен оқыған – әде-
биет мәселесі төңірегіндегі жазбаларынан басқа 1983 жы-
лы «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Күлеміз бе, қай-
теміз?», 1986 жылы шыққан «Халіңіз қалай?» аталатын 
ащы мысқылға толы сықақ кітаптары барын білетін едім. 
(Алматыға келіп тұрақтауымның өзі 1987 жылдан бастал-
ғандықтан қолыма там-тұмдап тигені сол кітаптары бола-
тын) Ал жалпы Ғабекең он бес шақты әзіл-сықақ әңгімелер 
жинағының авторы екенін, оның сыртында біраз шетелдік 
әйгілі сықақшы жазушылардың, атап айтқанда: Антон 
Че 
ховтың, Ион Друценің, Сергей Михальковтің әңгіме, 
пьесаларын аударғанын, Молдаван келемежшісі Аурелю Бу-
суйоктың, сондай-ақ Түркі, Украин әдебиеттерінің классик-
тері: Әзиз Несиннің, Остав Бисияның кітаптарын қазақ 
тіліне аударып шығарғанын кейінгі жылдары білдім.
Ғаббас Қабышұлының «Жетім жиналысын» оқып оты-

31
 Әдебиет – жан нұры 
рып ойға қаласыз. (Әрине, ондағы жүздеген әңгімелерді 
уақыттың жеткенінше, шама-шарқының келгенінше оқып 
шыққаннан кейін.) Автордың әдебиетіміздегі осы жанрға 
деген айнымас, аумас құштарлығын, бұған деген ағынан 
жарылған сүйіспеншілігін еске аласыз. Қаламгердің осы 
жанрды еншілеген себебін, оны түп қазыққа табылжытпай 
байлап отырған түрткі не екенін бір сәт зерделеп алғыңыз 
келеді. Тіпті әдебиет өлкесінде сонша қажеті бола тұра, сы-
қақ жанры сыншылардың, зерттеушілердің назарына дер 
кезінде іліне бермей, автор үшін ең бір қажетті жерінде, 
оның еңбегі нағыз көзге көрініп, бағаланатын ұрымтал тұста 
«сөзге бақпай, көзге бағатын...» алақол «төрешілердің» 
сырт бергіш, салғырт, құлықсыздығынан қағыс қалып, 
кө 
мескіленіп отыратын осы саланың бейнетіне Ғаббас 
Қабышұлын көндірген не? Қандай құдірет?..
(Жазушылардың ХІІ Құрылтайында сатира жанрының 
көшбасшы, ақсақалы Темірбек Қожекеев сөзге шығып да-
уысы қарлыққанша жар салғаны баршамыздың есімізде. 
Садақ жебесіндей түйреп түсер жанрдың кәрі шораяқ, 
боз тарланы өте орынды дау көтерген-ді. Сол Темекең 
 
2000 жылдың дәстүрлі әдеби жыл қорытындысында да ке-
реметтей уытты толғаныс байқатты.
Ғаббас Қабышұлының шығармашылығы жайлы ой тол-
ғар алдында автордың жеке басының болмысы туралы да 
бір-екі ауыз лебіз қоса кету артық болмас еді. Өмірде әрбір 
адамды өзінің, ерекше мінез, тұлға-бейнесімен тартып, 
құрметтетіп тұратын бір кісілігі болады. Алдыңғы аға 
буынды білмеймін, өзінің ізін басып келе жатқан, орта буын 
біздер үшін Ғабекең сондай жеке тұлға-тұрпатының пәк, 
түзулігімен дара екшеліп танылатын аға қаламгерлердің 
біреуі. Ешқандай сыртқы күштің әсеріне әуексімей, тек 
өзінің айырықша талғампаз жан-дүниесін ғана серік ететін 
бір бет, Ғабекең табиғатынан қайсар да, қатпарлы тұлға 
екендігін көреміз. Маңына жұрт үйірілгіш «иті үрген, ата 
жүреген» боп «кәдеге» жарай бастаған біреулерді жағалауға 

32
Жанат Ахмади
жаттықпаған, ондайды місе тұтпайтын оқшау кірпиязды ғы 
және бар. 
Ол өзіне ғана тән Ғ. Қабышұлына ғана жарасатын сыр - 
баз, кербездік. Кейбір «сырты жібек, іші кебек» «жақ сы-
лардың» пендешілік ысқаяқтығын ар санайтын, намыскер 
пейілден сірә бұлжымайтын, сірескен табандылығымен 
өзгеше. Жасамыс шағында бұндай тебінді, жас, бұла дәу-
ренінде қандай болды екен дегіңіз келеді, Қарысқан бойы ер 
жетіп,  кеудесін тік асқақ ұстап келе жатқан, Ғабекеңнің ең 
«осал», жанды жері – әділдікке ғана мыңқ етпей бас иетін-
дігі. Бірақ жолы ауыр, жайбасар әділдік келіп жеткенше 
жасама жалғандық біраз жерді жайлап алатыны бар. 
«Зорлық есіктен кірсе, әділдік шаңырақтан шыға тұрады» 
деп босқа айтылмаған. Қолында билігі бардың әзілдеп 
айтқаны да бұйрық. Ойнап айтқаны шындап істеледі. Мен 
әділмін деп, олардың амалдарын ыдыратып, қамалдарын 
бұзып көр! Сондайдан торығып көңілі қалған, тумысынан 
бір сөзді сатирик жазушы біреумен жақындасып, лебіздесу 
үшін де өзгелердің заттылық, тектілігіне қарап қадам 
басатын секілді. Жақсылығы өз басынан артылмайтын, 
азаматтығы шамалы кейбір лауазым иелері «бектің ісі 
тынады, бейшара төзе тұрадының» керін келтіріп өз басын, 
өз айналасын жарылқауға машықтанғандықтан, Ғабекең 
«байыған қайыршы жаңа қайыршыға зекет бермейтінін» 
есте ұстайды да, өз ішінен уыттана ойланып өз бойын күтіп, 
тік басып жүре береді. Қаламгер атаулының ең басты арма-
ны дер кезінде кітап шығарып алу болса, сол үшін де еш кімге 
бас ұрып жүгірмей, мейлі біраз жылдар өтіп жатса да, сәт-
сағатын төзіммен күтеді. Бас имей іс тындырғысы келеді. 
Егер осы жайлы сыр тартып байқасаңыз тілі уытты, аз сөзді 
сатирик жазушы тежемді оймен ғана тіс жарып: 
– «Ішмерездің ішінде ит өліп жатса білмейсің» деген. 
Шынайы бір құдайшылығы барлар болмаса, аялаған басың-
ды арзанға жұмсап өзгеге бет салу да қиын. Оның үстіне 
ешкім ешнәрсені тектемейтін, «әр мырза өзінше шіреніп, 

33
 Әдебиет – жан нұры 
әр ақсақ өзінше ақсаған» дейтін, әр кім бет-бетімен өктеп 
кеткен дай-дай заман орнады. Суайттар көбейген. Ең бір 
көңіл жетер сыралғы кісің болмаса, әр кімге сенім артамын 
деп жүріп жүрегіңе зіл түсіріп аласың. 
Қалпақтың қапысы жоқ, оны киген басты айт» деме к ші, 
қызмет-лауазым, атақ-даңқының қапысы жоқ, «жақсылар» 
деп жүргендердің өзі қылмойынға тірелгенде сыры ашылып, 
топырағы сусып шыға келеді. Кісіге алдымен бөрік киер бас 
керек емес пе, – деп сөзді келте доғарып қояды. Айтар уәжің 
қалмайды. Содан кейін барып «е-е, бұл кісі көбінше үнсіз 
жүріп әлгі қоқсықтарды жүрек сүзгісінен өткізе отырып өзі 
сүйген сықақ әңгіме қоржынын тоғайтудан өзгені бұйым 
көрмейді екен-ау» деген байламға келесің.
Сондай автор көкейінен жаралған «Жетім жиналыс» 
кі табы Ғаббас Қабышұлының іште тұншығып шымырлап, 
қайнап жатқан өз жан сарайының айна-қатесіз көрінісі 
екеніне көзің жетеді. Яғни автордың қалам қуатын, жан-
сезімін мүлтіксіз түсіне алатын әдебиет қамқорларына, 
онымен шынайы пікірлес, көзі қарақты әріптес қалам-
герлерге, Ғабекеңнің қазақ әдебиетіндегі орны қандай екені 
белгілі. Бұл әсіресе «айласы жоқ хайласымен күн көрген» 
дейтін, қолындағы күрегі мен маңдай теріне сенген, есе-
теңдік атаулыға мұқтаж миллиондарға жасалған ақысыз 
көмек, қызмет екеніне көз жеткізесіз. Және ол алған бетінен 
қайтпас, жүрек сертінен танбас, табанды қаламгер рухының 
бейнелі көркем көрінісі. Тілі дегеніңіз удай. Діттеген жерін 
жыланның құсығындай зәрлі тілмен безеп шенейді.
Сатира-сықақ жанры кешегі «тфу» деген түкірігі жерге 
түспей, үстемдік саясатымен аяздай қарып тұрған кеңес 
заманында да, бүгінгі нарықтық экономика құрсауында да 
қырына іліккенді қос өкпесінен түйреген құдіретінен ай-
ныған жоқ. Ұлт бар, халық бар жерде әжуа, сықақ: атар 
жебесі таусылып, адырна жібі үзілмей адам баласымен мәңгі 
бірге жасамақ. «Бетімнің қалыңдығы – жанымның рақаты» 
дейтіндер болмаса, сатиралық келемежінен мертікпей 

34
Жанат Ахмади
қалар ешкім жоқ. Әркім өзін танып алады. Мәселен 
бүгінгі қарапайым халық нарық заманының қыспағынан 
кеудесіне тартса бөксесіне жетпей отырғанда, шіренгенде 
шап тартпасы үзілердей байыған шенеуніктер халық қамын 
қаншалық ойлап жатыр? Төрт босағасы – төр, төрт құбыласы 
– тең, төрт тұрманы – сай, шен-шекпенді «мырзалар»-
басқан жері солқылдап, қос-қос машина мінеді. Қос-қос үй 
тұрғызып, қос-қос қатын алады. Ойын басса – ойы, қырын 
басса – қыры солқылдап, кеудесімен тау соғатын солар. Ал 
саудаға жаттықпаған ұлтымыздың сансыз ер-әйел, ұл-қызы 
өкілі «ұн сатқанда желдетіп, тұз сатқаңда селдетіп» ісі ілгері 
баспай алақап арқалаумен күндері өтеді. Небір жігіттер 
базар-базарда жаяу арба сүйрейді. 
Жаздың ми қайнатқан ыстығы, қыстың қызылшұнақ 
аязы демей базарда тентіреген қазақтың аяулы қыз-ке лін-
шектері буыншақ-түйіншектерін үйіп байлап алып қол ар-
ба қуалайды. «Байлаған жібі үзіліп, артқан жүгі шашылып» 
демекші, көзтүрткі болады. Мұның қарсы жағында «сал қын 
шарап, жылы сөздің ортасында» қалтадағы бума доллардың 
буымен «сұм байыса зорға салған үйі тар көрінеді, зорға 
алған қатыны қар боп көрінеді» дегеннің керін келтіріп ақ-
сарай тұрғызып «кәнизәк» аулайды. 
Тегінде «Малай байды таңдамайды, бай малайды тан-
дайды». Жұмыссыз жүрген не бір жігіттер «ел билейтін 
басымен тері илеп», «іскер» мырзалардың базардағы жаяу 
арбасын айдайды. «Құлдың құны жұмыспен» болса, адам 
абыройы тек дене қуатпен өлшенген жерде оның қаншалық 
рухани намысы болмақ, есе-теңдігі болмақ? 
Тоқталып отырғанымыз сатира жанры болғандықтан, 
Ғаббас Қабышұлының шығармашылық ауқымында осы 
ата лып жатқан теңсіздіктің барлық түрі ұшырасып жата-
тындығы сөз болмақ. Авторды оқыған жаны жәбірлі есесіз-
дер көңілге медеу, рухани нәр табатындығы. Өздеріне бұл 
өмірде іздеуші барын білетінідігі.
Айтпақшы әр нәрсеге бір зауал... Әлгі биік лауазым 

35
 Әдебиет – жан нұры 
сарсаңындағы кейбір «іскер» мырзалардың да тартатын 
тауқыметі ешкімнен кем емес. Бұрын шетел киноларынан 
көретін аты жаман, атысып өлу, бәсеке-бақталастық та 
жан-жағымыздан табылуда. Жұлығынан май кешем деп, 
тобығынан қан кешіп, жер құшқан бейбақтың да артында 
бала-шағасы бар емес пе! Балаға алтын сарайдан гөрі әке 
ыстық, әке қымбат. Ал Ғ. Қабышұлының сатирасы осының 
бәрін қамтиды. 
«Жаңа шындық жасамыс өтіріктен соққы көретіні де», 
«асқан өзімшілдіктен бұзақылық туатыны да», «зомбы-
лықпен көркейген, қарғыстан күйрейтіні де», «аса қу ал-
қы мынан ілінетіні де», «ойсыздар өркөкірек келетіні де» 
қарау байдың жиюлы қазынасы да бір, даладағы үюлі то-
пырақ та бір болатыны да, ойсызды би сайласаң, тәкаппар 
ететінің де, өзгені бақытты болуға қимайтындар өздері де 
бақытты болуға лайық еместер екені де, біреудің бақытына 
сұқтанып, қызғанатындар – көре алмас, күншіл келетіні 
де, жағымпаздың тілінде балы, жүрегінде зәрі жататыны 
да, дүниені өліп-өшіп көп жиятын немесе қызметін үлкей-
туден басқаны көздемейтін кісіде қайырым атаулы бол-
майтыны да, ешкімді менсінбеген тәкаппар кісісі өлсе, 
жалғыз жылайтыны да, не қазына байлығы, не биік қызмет 
мансабы есінде тұрған кісінің ізгі ниеті болмайтыны да, 
тәубеге келмей дардайып кеткен ақыр – түбі көзі ойылғанша 
өкініп жылайтыны да, пәлеқор мен парақорды байытсаң 
қағынғанға қанжар ұстататыны да, арамзаның арқанымен 
құдыққа түссең түбінде шіритінің де, қызметте өсу мен көше 
алмастай баюдан өзгені көздемейтін даңққұмар пақырлар 
аузын ашса, көмейінен көр көрінетіні де, атақты сұм ақыр 
түбі азаптан өлетіні де, қылмыстың зауалы алда болатынын 
ойламай, асқындап кеткендер оқтан құтылып, опқынға 
тұтылатыны да, өз мәртебесінен биікке ұмтылушылар, ма-
заққа қалатыны да, қысқасы «айдай ажарыңды иттей нәп-
сің тоздыратыны» бәрі-бәрі автордың «Жетім жиналыс» 
кітабында көз алдыңнан тізіліп өтіп жатады. 

36
Жанат Ахмади
Әжуа-сықақ жанры саласында қырық жылға таяу уақыт 
талмастан еңбек етіп келе жатқан Ғ. Қабышұлының «Күлеміз 
бе, қайтеміз?», «Шіркін сыйлық-ай!», «Творчестволық тү-
леуім», «Шашбаушы», «Тарихта қалудың төте жолы», 
тағы-тағы әжуа-мысқыл әңгіме жинақтарын қоя тұрғанда, 
«Жетім жиналыс» кітабындағы жүзден аса сайқымазақ 
сықақтарын сырттай дәріптеп, жалаң уағызбен сөйлегеннен 
гөрі, ой-өрнегі өткір автордың келемеждері оқып тұшынуды 
қажет етеді. Тіпті болмағанда «мылқауды саудан гөрі 
керең тез ұғады» демекші, Ғабекеңнің өз сөзімен айтқанда 
«мақтайтын адамдарының тізімі өз қойын дәптерінде 
жүретін» әккі лауазымдылардан гөрі жай, қарапайым 
оқыр манның қолына түссе сол қайыр. Бұл кітаптағы «Мен 
бар... Мұқаң бар...», «Жетім жиналыс», «Әке-шешесі бар 
жи 
налыс», сияқты әңгімелері көкейіңде таңбадай орнап 
қалады. 
Ұзақ жылдар бойында қыруар еңбекпен қолға келген  
бұл кітаптар тақырыптық жағынан ешқашан ескірмейтін, 
қай-қай заманда да қандай қоғамға апарсаң да адам баласы 
бар жерде мән-мағынасын жоймайтын дүниелер. 
Ал енді Ғаббас Қабышұлының жоғарыдағы кітаптары-
нан соңғы жылдар бедеріндегі еңбектеріне оралатын бол сақ,  
2000 жылдың өзінде көлемді екі кітап шығарып үл геріпті. 
Екеуі бірдей «Нұрлы әлем» баспасынан жарық көрген көз 
тоярлық әдемі мұқабалы кітаптар. Біріншісі «Әлем таныған 
Әнуар» деп аталатын, Ә. Әлімжанов туралы ілгері-кейінді 
әйгілі адамдардың қаламынан туған естеліктер жинағы.
«Құрастырушы және арнаулы редактор – Ғаббас Қа-
бышұлы» делінген бұл кітапта «жинақты шығаруға қол 
ұшын берген «Қазақойл» компаниясының президенті, Нұр-
лан Өтепұлы Балғынбаев мырзаға мың бір алғыс» деп ағы-
нан жа рылған арнау бар. 
Кітаптың «Архив тіл қатқанда» дейтін бөлімінде Мұх-
тар Әуезов, Ілияс Омаров, Евгений Долматовский сияқты  
кісі 
лердің естелігі болса «Қаламдастар лебізі» бөлімінде 

37
 Әдебиет – жан нұры 
әйгілі жиһанкез, айтулы қоғам қайраткері Хасен Оралтайдан 
бастап кешелі-бүгінгі дос-жар қаламдастары жайлы ой 
тербеген. (М. 
Әуезов 1961 жылы өмірден өтер шағында 
Ә. Әлімжанов жайлы соқталы ой айтып үлгірген екен). 
Жазушының екінші кітабы екі хикаяттан тұратын таза 
көркем шығарма: «Сайыңнан саяқ құрлы сая таппай», 
«Гүл аңсаған бір ғұмыр» деп аталыпты. Біріншісі Мұхаңа 
– Мұхтар Әуезовке, екіншісі Оралхан Бөкеевке арналған. 
Яғни ав 
тордың көркем проза жанрындағы кейіпкерлері 
 
осы қос тұлға. Әрі жазылу мәнері бұл екі шығарманың да 
қандай сынға болсын толатын, қомақты дүниелер екенін 
әйгілейді. 
Әуезовтің басына қара күн туып, 1953 жылы көктемге 
салым КГБ тарапынан тұтқындалатын күні белгілі жігіттер 
құпия іске кіріскен. Бұл іске Әнуар Әлімжановтың бірге 
туған ағасы КГБ-да қызмет істеген, Абдолла тікелей қол 
ұшын береді. Абдолла – Берия әшкереленген соң жоғарыдан: 
«жергілікті ұлт кадрларын КГБ-дан тайдырыңдар» деген 
жасырын нұсқау келіпті де «онша сенімді еместер» тізіміне 
іліктіріліп, «отставкаға жіберілген» адам. Ол Қалибек Қуа-
нышбаевпен көңілі өте жақын болғандықтан сол Қаллеки-
дің КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттық билеті арқылы 
інісі Әнуардың ұшаққа билет алуына (Мәскеуге) мүмкіндік 
тудырады.
Компартияның нанын жеп өз еңбегімен соның оң құ-
шағында өскен, Қаллеки жарықтық алғаш естігенде өртеніп 
тұрған заманның ызғарын ойлап қорқып кеткен болса да 
Мұхаңдай кісінің жазықсыз отқа күйіп бара жатқанын есіне 
алып аталмыш куәлігін беруден бас тарта алмай қалады. 
(Әуезов осы куәлік арқылы, сол адамның өзі болып аттанбақ!)
Міне, осының барлығы неткен достық, қимастық еді 
десеңізші! Шығарманың көзге жас келтірер тұстары бар. 
Өз маңына екі-үші жігітті ұйымдастырған Әнекең біреуін 
машина дайындап тұруға, енді бірін Мұқаңның маңына 
сақтық қарауылға, тағы бірін аэровокзалдан билет дайын-

38
Жанат Ахмади
дап тұруға орналастырады. Ә. Әлімжанов ұстазы Әуезовке 
ҚазМУ-дің корпусінде отырған орнынан ешқайда қозғалмай 
бұ лар дың хабарын күтуін бір парақ қағазға түрткен жазуы 
арқылы сездіріп мұқият табыстап, қояды. Ақыры бар лық 
басқыш дайын болған мезетте қайран кемеңгер ұстазын 
амал сыз артқы есіктен ұрлап шығарып діттеген жерлеріне 
жеткізеді.
«Абай» романының алғашқы кітаптарына – «Сталиндік 
сыйлық» алып болған Әуезовті көре алмай күндеушілер 
алыс та емес, өз айналасында жүрген «қазекемдер» болса, 
оны ажал аузынан алып қалған Фадеев бастаған мәскеулік 
орыс жазушы достары болған кезеңді автордың суреттеуі 
ғажап-ақ! 
Мұнан бұрын сатира: әзіл-сықақ, сайқымазақ әңгімелер 
жазып келген автор, Ғабекеңнің көркем шығармадағы қа-
дамы кім-кімді де ашындырмай қоймайды. Санаға салмақ 
салатын ауыр оқиғаны айтып жеткізумен ғана емес, ащы  
да, көркем ойлармен өріп, жүйкеңе тигізе баяндап отыраты-
ны әрбір оқырманның өз үлесіне қалғаны сенімдірек болар. 
Міне, бұл хикаяттан түйіндеп ұғатынымыз, талай жыл-
дар бойы авторды іштей қажап, әттең осыны айтсам-ау, 
жазып жарыққа шығарсам-ау деп рухани ширығуын аң-
дайсыз. Ұлтымыздың теңдессіз ұлы жазушысы үшін бұлқы-
нып соққан жүрек үнін естисіз. Соған сенесіз. 
Ғаббас Қабышұлының жалпы шығармашылығынан 
өр теңге еккен шыбықтай қашанда замана кірбеңіне шал-
дығып, есе-теңдік аңсайтын кейіпкерді көресіз. Сол арқылы 
автордың «Әділет» деп жаралған қыран болмысы мына 
аспан-жер арасындағы «жалған атаулы құрып, жаман 
атаулы шіріп бітпейтін, қыл-қыбыр, жүн-жыбырлы дүние 
бітпей арылмайтын қашанда «бірі кем» болып тұратын 
енжар тағдырларға келісе алмай, ашу-ызамен қарайтын 
патша көңілін аңғарасыз. 
Авторға Әуезовтің де, Әлімжановтің де рухы риза. 
Кітаптағы «Гүл аңсаған бір ғұмыр» атты екінші хикаят 

39
 Әдебиет – жан нұры 
өмірден өз еншісін толық алып болмай, дүниенің барша 
қызығын өр, тәкаппар басына теңгермей, соңындағы рухани 
мүлкін буып-түйіп кейінгілерге аманаттап та үлгермей 
 
асы ғыс кеткен, Оралхан Бөкеевке арналған. 
Бұл хикаятта басты кейіпкер Өртұлға мен Әйкен қыз 
(Айкүміс) махаббатының басталуы және екеуінің қайғылы 
айырылуы сөз болады. Айырылу болғанда «айырылысу, 
ажырасу» емес, аса тату-тәтті, бал жаласып өмір сүрген 
екеуінің арасын өлім жігі, күні кешегі жан жары Әйкені нің 
қайғылы қазасы бөліп кеткен.
«Адам менен адамның қосылуы – айырылысудың басы» 
дегенді данышпан қазақ тауып айтқан. Өз басыңызға күте-
тін де, әрі таң қалатын да нәрсе емес, ерте ме, кеш пе, қуалап 
бір жетеді. «Өмірдің басы сайран, түбі ойран» дейтіні де осы. 
«Басыңнан жағың, ажырайды» десе, өлгеннен соң қырық 
жыл өткенде бас сүйегіңнен жағың ажырап екеуі екі бөлек, 
бос, саудырап қалатыны – ол да рас. 
Оралхандай ұлт мақтанышы бола білген біртуар, бек-
зат перзентке, оның тағдыры қиған тауқыметке қарап «ат-
тың нарқымен қасқырдың ісі жоқ, адамның парқымен 
тағдырдың ісі жоқ» деген ұлағатты айтуға болар. Әдебиетке 
араласқан қырық шақты жылғы ғұмырында отыз шақты 
кітап шығарып, өздігінен әлдебір сыйлықтар алуға ұрынуға 
құлқы соқпайтын Ғ. 
Қабышұлының ұстамдылығы бір 
адам ның бойына жетіп жатыр. Ол өз мәртебесінен биікке 
ұмтылып, арқан бойы жердің тұсау бойы төтелігін аулаумен 
күні өтіп, сонымен қолы көтермес шоқпарды беліне іліп атақ 
арқалайтын бейшараларды пақыр, мүсәпір көреді. 
Шымшымалы, келемежге толы сатира жанрында алды-
на жан салмайтын, қайсар автор өзгеге көріне бермейтін  
елеу 
сіз, көмескі жайттардың өзін суреткерлікпен береді. 
«Әйкеннің қос бұрымының салмағынан тықырланған тө-
бесіндегі ай 
шықты орайы...», «сұлу желегінің сусылы 
сүйкімді әуен таратқан сымбатты қайың тоғайдағы ерке 
күлкі, жас күлкі әлі де сыңғырлап, әлі де күмбірлеп тұр. 

40
Жанат Ахмади
Тыңдашы!.. Кірбең-кіршіксіз бейқам көңілдің күлкісін, 
көктем өмірдің күлкісін тыңдаңдаршы!..»
Міне бұл Оралхан сүйген қыздың, Оралхан отырған қа-
йыңды тоғай жапырағының сол бір сәттегі ғана өтпелі, өш-
пелі үні. Әттең, дегізген өкінішті шақ. Баянсыз қонақ сағат. 
Жазушы кімде-кімнің өз жастық шағын, қолға қайта түспес, 
сағым кезең, ерке назы бар шағын еріксіз еске алғызады. 
Жасыңда өткізгеніңді жас жасай келе бағалайсың. Өйткені 
«мүсәпір болмай, мұсылман болмайсың» деген сөз босқа 
айтылмаған. Кайрарға тісің болмай, қызыл иегің кемсеңдеп 
отырғанда тіпті керемет болуы мүмкін. Жас кезіңде жерде 
жатқан сынық күміске бұрылатын «қайран» басың әлгі 
қы зыл иек шағыңда «алтыннан аттап барып талқан алып 
жейсің». Өмір сол кезде артық бағаланбақ. 
Айналамыздағы қолында мөрі бар басшылардың ішінде 
«өмірге әділдік керек екенін өлерінде ойлайтындар» жоқ  
дей алмайсың. 
Әсем мұқабалармен безендіріп шыққан аталмыш екі кі-
таптың жарық көруіне қол ұшын берген «Қазақойл» ком-
паниясының президенті Нұрлан Балғынбаев екен. Оқырман 
ретінде Нұрлан Өтепұлына да ұлылар рухының шапағаты 
қолдасын! – демекпін. 

41
 Әдебиет – жан нұры 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет