Жанымхан ошан



жүктеу 137.76 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.03.2017
өлшемі137.76 Kb.

ВОСТОЧНЫЕ ИСТОЧНИКИ И ИСТОРИОГРАФИЯ

ӘӨЖ 94(574) 02/08



ЖАНЫМХАН ОШАН

ҚР БҒМ  Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының

Ғылыми қызыметкері, тарих ғылымдарының кандидаты

ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ БИЛІК БАСЫНДА БОЛҒАН ТҮРІК ӘУЛЕТІНІҢ

ЭТНИКАЛЫҚ АТРИБУЦИЯСЫ МӘСЕЛЕСІ ҚЫТАЙ ҒАЛЫМДАРЫ

ЗЕРТТЕУІНДЕ

Аннотация

Қарахан мемлекетінің  билік басында болған түрік әулетінің этникалық атрибуциясы

мәселесі әлем ғалымдары арасында дау туғызып келе жатқан мәселелердің бірі саналады.

Қытай   ғалымдарының   бұл   мәселе   бойынша   пікір   қатыстыруы   өткен   ғасырдың   70-

жылдарының   соңынан   басталды.   Олардың   алғашқы   болжамдары   дерліктей   әлемдік

ықпалды ғалымдар пікіріне негізделді.



Кілт   сөздер:  қытай   ғалымдары,   этникалық   атрибуция,   түркі   тайпасы,   қарахан

мемлекеті.



Ключевые   слова:  китайские   ученые,   этническая   атрибуция,   тюркские   племена,

государство Караханидов.



Keywords: Chinese scientists, ethnic attribute, Turkish tribes, Karakhanids 

Қарахан мемлекетінің  билік басында болған түрік әулетінің этникалық атрибуциясы

мәселесі әлем ғалымдары ортасында дау туғызып келе жатқан мәселелердің бірі саналады.

Аталған   мәселеге   қатысты   алғаш   пікір   білдірген   Ж.   Дегин   1756   жылы   Қарахан

мемлекетін  құрушылары  ретінде  тоғұз-ғұздар мен ұйғырларды  қарастырған  еді. Уақыт

ХIХ   ғасырдың   алғашқы   жартысына   жеткенде   Йозеф   фон   Хамме-Пургшталь   Қарахан

мемлекетін түрікмендер құрған деген пікір көтерді, ғасырдың соңына таман жеткенде В.В.

Бартольд Қарахан мемлекеті яғмалар құрған мемлекет деген өз пайымдауын ортаға қойды.

Арада аз уақыт өткенде  ФГренар Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы  қарлұқтар деп

көрсетті.  1927  жылы  М.Ф.  Копрулу  Қарахан  мемлекетін  құрушы   әулет  қарлұқтар   мен

яғмалардан шыққан  деп қарастырды, осы жылы В.В. Бартольд бұл мемлекетті жікілдер

құрған деген өзінің екінші пікірін ұсынды. Қарахан мемлекеті билеушілерінің этникалық

атрибуциясы   мәселесі   туралы  пікірлер   бұдан   кейінгі   уақытта   да   өз   жалғасын   тауып

отырды. 1939 жылы Ахмет Заки Валиди Қарахан мемлекетін түріктер құрды деп көрсетті,

бұдан өзге О. Прицак 1950 жылы ортаға қойған «қарлұқтардың хан әулеті – жікілдер мен

яғмалар» деген пікірі мен Б.Гафуров 1972 жылы ортаға қойған «яғмалар мен жікілдер»

деген пікірін атап өтуге тура келеді.

Қарахан   мемлекетінің   билік   басында   болған   түрік   әулетінің   этникалық   атрибуциясы

туралы Қытай ғалымдарының пікір қатыстыруы өткен ғасырдың 70 жылдарының соңынан

басталды. Аталған тақырыпты талқылаудың өзіндік тарихи себептері болды. Нақты айтқанда,

бұл   тұста   КСРО   мен   ҚХР   арасында   орын   алған   «қырғи   қабақ   соғыс»   салдарынан

территориялық дау-дамайлар етек алып, қытай ғалымдары қазіргі Шынжаңды өз ішіне алған

Ортаазия жеріндегі көне заманда құрылған бірқатар мемлекеттерді Қытай тарихы көлемінде


қарастыруды жолға қойды. Сол себепті, Қарахан мемлекетіне қатысты қытай ғалымдарының

ең басты тұжырымдамаларынан сол дәуірге тән белгілерді оңай байқауға болады. 

Қытай   ғалымдары   арасында   Қарахан   мемлекетінің   билеуші   әулетінің   этникалық

атрибуциясы   мәселесі   туралы   пікірді   бірінші   болып   1977   жылы   Ван   Чжилай   «Ислам

дінінің  Синьцзянда  дамуы  туралы»  тақырыбындағы  мақаласында  алғаш  рет  тілге  тиек

етті, ол Қарахан мемлекетін «түркі, ұйғырлар» құрды деген пікір ұсынды[Ван Чжилай,

1977, 254 б.]. Келесі жылы Ма Юн мен Ван Бинхуа қатарлылар «хан әулеті қарлұқтар мен

ұйғырдан   шықты»   деген   пікір   танытты.   1980   жылы   баспадан   шыққан   Го   Пинлянның

«Синьцзянның   қысқаша  тарихы»   атты   кітапта   Қарахан   әулетін  құрушыларын   «қарлұқ,

яғма,тоғыз оғыз» деп көрсетті[Го Пинлян, 1980, 224]. 1986 жылы Ван Чжилайдың «Орта

Азия   тарихынан   очерктер»   атты   еңбегі   баспадан   шықты,   автор   еңбекте   Қарахан

мемлекетін  құрушы  этнос туралы  бұған  дейін  өзі дәріптеген  «түркілер  мен ұйғырлар»

деген   пікірін   өзгертіп,   мемлекетті   құрушы   этнос   «ислам   дінін   қабылдаған   түркі

тайпалары» деген пікірге келді[Ван Чжилай, 1986, 350 б.]. Алайда осы жылы Вэй Лянтао

жазған   «Қарахан   әулетінің   тарихы»   атты   зерттеу   Үрімжі   қаласында   баспадан   шықты,

аталған зерттеуде ол Қарахан мемлекетінің құрушылары «батысқа қоныс аударып Памир

тауларының батысына барған ұйғырлар» деп пайымдалды[Вэй Лянтао, 1986, 27-29 бб., 32

б., 73 б.].

Аталған   пікірлердің   барлығы   дерліктей   жоғарыда   көрсетілген   шетелдің   ықпалды

ғалымдары   пікірлері   негізінде   жасалған   болжамдар   сияқты   көрінеді.   Соның   ішінде

қытайлар көп жылдар бойы басшылыққа алып келген Вэй Лянтао пікірінің қайнар көзі

оған дейінгі Жапон ғалымы Абе Такео ортаға қойған пікірден келгені байқалады [Абе

Такео, 1985, 280-281 бб.].

Қарахан мемлекетін ұйғырлар құрды деп пайымдаған Вэй Лянтао өз еңбегінің алғы

сөзін:  «840-жылдан  1212 жылға  дейінгі  372  жылға  созылған   уақыт   көлемінде   батысқа

қоныс   аударып   барған   ұйғырлар   бұрынғы   Тан   патшалығының   Бэйтин   және   Анси

тұтығына қарасты аймақта, атап айтқанда, қазіргі Синьцзянның оңтүстігі мен солтүстігін,

КСРО құрамындағы Қырғызстан мен Тәжікстан аумағын, Қазақстанның оңтүстік шығысы

мен Өзбекстанның шығыс бөлігін алып жатқан осынау ұлан ғайыр аймақта Қараханилар

әулеті деп аталатын қуатты әулеттік мемлекет орнатты, ол еліміз ұйғыр ұлты орнатқан

екінші әулеттік мемлекет еді» деген жолдармен бастаған[Вэй Лянтао, 1986, 1 б.].

Қарахан мемлекетінің билік басында болған түрік әулетінің этникалық атрибуциясын

ұйғырларға жатқыза отырып, әулет тарихын қытай тарихы шеңберінде қарастыру тосын

олжаларға   бастайтын   төте   жол   тәрізді   сезілгендей.   Сөйтіп   Қарахан   мемлекетінің

территориялық   аймағымен   қоса   Қарахан   мемлекеті   дәуірінде   дүниеге   келген   рухани,

мәдени қазыналардан енші алу қарастырылды. Автор өз еңбегінде М. Қашқари,  Жүсіп

Баласағұн,  Ахмет Игүнеки т.б. тарихи тұлғаларды  тек ғана  Қытайдағы ұйғыр ұлтының

уәкілі   ретінде   қарап,   олар   жазған   еңбектер   «Түрік   тілінің   сөздігі»,   «Құтты   білік»   пен

Ахмет Игүнекидің  бізге жеткен жалғыз туындысы – «Ақиқат сыйы» атты еңбектерін де

қытай   елінің   көне   заманда   қол   жеткізген   мәдени   жетістігі   ретінде   санап:  «олардың

еңбектері   отанымыздың   таңдаулы   мәдени   мұрасы   болып   табылады,   бұл   дүниелер

отанымыздың,   сондай-ақ   бүкіл   әлемнің   мәдени   кенішін   байыта   түсті»   деп   жазды[Вэй

Лянтао, 1986, 215 б.].

Қарахани әулеті билік басында болған түрік әулетінің этникалық атрибуциясы туралы

бұл пікір өзінің ғылыми негізінің соншалықты әлсіздігіне қарамастан, белгілі себептерден

қытай тарих ғылымында біраз уақыт өзгеріссіз қалды.

Соған   қарамастан,   өткен   ғасыр   соңы   мен   осы   ғасырдың   басынан   бастап   аталған

болжамның   ірге   тасы   босай   бастады.   2000   жылы   Хуа   Таоның   «Сиюй   тарихынан

зерттеулер(VIII-Xғғ.)»   атты   монографиялық   еңбегі   баспадан   шықты.   Автор   еңбектің

қосымшасы   ретінде   «Қарахан   мемлекетінің   билік   басында   болған   әулетінің   этникалық

атрибуциясы   мәселесі   туралы   зерттеу»   атты   мақаласын   жариялады.   Мақала   аталған

мәселеге байланысты түрлі болжамдарға жан-жақты тоқтала отырып оларды бір-бірлеп

талқылауға арналған. Хуа Тао өз еңбегінің қатысты тұсында Вэй Лянтао ортаға салған

пікірге тоқтала отырып: «Қарахан мемлекетін батысқа қоныс аударған ұйғырлар құрды

деген   мұндай   болжамның   табан   тіреп   тұруы   үшін,   әлі   де   көптеген   қиыншылықтарды

жеңуге тура келеді, алайда адамдар мұндай қиыншылықтарды жеңуге көмектесе алатын

тарихи   материалдарды   мәңгі   бақи   таба   алмайтын   шығар.   «Қашғар   тарихы»,   «Түркі


сөздігі»   қатарлы   еңбектерге   қарағанда   қараханилер   сонау   ХІ   ғасырдың   соңында-ақ

өздерінің өткен тарихы мен ата тегін мүлде ұмытып кетсе керек» дей келіп мұндай «өз

тарихын   ұмытудың»   себептерін   ислам   дінінің   жалпыласуына   байланысты   түркі

тайпаларының  мәдени өмірінде орын алған «мәдени трансформациялық өзгерістерден»

қарастырған еді[Хуа Тао, 2000, 210 б.]. 

Көп өтпей Вэй Лянтао аталған мәселеге қатысты өзінің тағы бір мақаласын жариялады.

Мақалада   ол   көтерілген   мәселеге   қатысты   әралуан   болжамдарға   күмән   келтірді,

күмәнданудың   себептерін   көрсетті,   одан   әрі   өзінің   бұрыннан   дәріптеп   келген   Қарахан

мемлекетін   «ұйғырлар   құрды»   деген   ескі   көзқарасын   қайталай   дәріптеудің   жолдарын

қарастырды[Вэй Лянтао, 2000, 58-63 бб.].

Ли Шухуэй 2004 жылы жариялаған «Қарахан әулетінің құрушысы және оның құрылған

уақыты» атты мақаласында әуелі бұған дейін айтылып келген түрлі тұспалдардың негізсіз

тұстарын талқылаған. Ол Қарахан мемлекетінің тұрғындары саналатын «хағаниялықтардың»

өздерін еш уақытта «ұйғыр» деп атамағанын, керісінше қатысты әдебиеттерде «ұйғыр» деген

атпен тек ғана Қочо, Бесбалық қатарлы жерлердегі Идиқұт ұйғырларын атағанын көптеген

дәлел   сипаттармен   көрсетіп   берді.   Сөйтіп   Қарахан   мемлекетін   «батысқа   қоныс   аударған

ұйғырлар құрған» деген пікірге еш негізсіз айтылған, жәй болжам ретінде баға берген. Автор

аталған мәселенің осыншама үлкен дау тудыру себебін VIII ғасыр соңынан IX ғасырдың

басына дейінгі аралықтағы аталған аймақтың тарихи жағдайымен толық таныспаудан және

аталған  мәселені  талқылауға  қатысқан  ғалымдардың сенімді  дәйектер  көрсете  білмеуінен

болған, сондықтан Қарахан мемлекетінің құрушылары мен оның құрылған уақытын анықтау

үшін қатысты жұмыстарды ең бірінші осы екі мәселені түбегейлі шешуден бастау керек деп

қарайды. Сөйтіп, қатысты материалдарға талдаулар жүргізу мен аталған аймақтың тарихи

жағдайын талқылай келіп Қарахан мемлекетін оғыз тайпаларының бірі саналатын қынық

(Qïnïq)   тайпасы   ІХ   ғасырдың   20   жылдары   құрған.   Қынық(Qïnïq)   тайпасы   Қарахан

мемлекетінің ұйтқысы болды, ол елдің ең бірінші қағаны Білге Қадырхан мен одан кейінгі

хандардың барлығы осы тайпадан шықты деген пікірді ұсынды[Ли Шухуэй, 2004, 47-57 бб.].

Хуа   Тао   «Қарахан   әулетінің   өз   ататегі   туралы   аңыздарының   түйткілдері»   деген

мақаласын 2005 жылы жария етті. Ол айтулы  мәселеге қатысты айтылып келген түрлі

болжамдардың негізсіз тұстарын атап өтті, соның ішінде Вэй Лянтао пікірінің ғылыми

негізінің тым әлсіздігін, шындықтан көрі тұспалға жақын екендігін айқын түрде көрсетті.

Қарахан әулетін кімдер құрды деген сауал туралы өз пікірін: «ХІ ғасырдың 70 жылдары

Қарахан   мемлекетінің   билеушілері   өз   ата   тегін   парсылық   аңыздарда   айтылатын

Афрасиабпен   байланыстыра   отырып,   Афрасиябты   «түріктендіру»   жолымен,   өздерін

«түріктердің   осынау   батырынан»   тарату   арқылы,   ұлы   даладағы   түркі   тілді   тайпалар

арасында  арыдан  жалғасып  келе жатқан  өз тегін  көк бөріден  және  ағаштан  тарататын

мифологиялық   мәдени   дәстүрден   түбегейлі   бет   бұрып,   өздерінің   шыт   жаңа   келбетін

сомдай   отырып   түркі   тілді   тайпалардың   мәдени   трансформациялық   өзгерістерден   өту

қадамына   жебеушілік   етті.   Міне   мұндай   «өз   тарихын   ұмыту»   әрекеті,   тарих   ғылымы

саласында еліміз бен шетел ғалымдары арасында сақталып отырған Қарахан мемлекеті

тарихының бастапқы кезеңіне қатысты даулы мәселелерді шеше алады» деп жазды[Хуа

Тао, 2005,  108-118 бб.]. Профессор Хуа Тао өткен ғасырдың соңғы он жылынан бастап

түркі   халықтарының   тарихы   туралы   аса   құнды   зерттеулер   жүргізіп,   қатысты   тарихи

мәселелер туралы сараптал пікірлерді ортаға қойып келе жатқан ғалым саналады.

ӘДЕБИЕТ

1 Ван Чжилай, 1977  – Wáng Zhìlái. Lùn yīsīlán jiào zài xīnjiāng de fǎ zhǎn//Xīnjiāng lìshǐ



lùnwén jí, 1977 nián. – 450 б.

2 Го Пинлян, 1980  – Guō Píngliáng. Xīnjiāng jiǎn shǐ. Wūlǔmùqí: Xīnjiāng rénmín chūbǎn

shè,1980 nián. – 561 б.

3 Ван Чжилай, 1986   – Wáng Zhìlái. Zhōng yà shǐ gāng. Húnán jiàoyù chūbǎn shè, 1986

nián bǎn. – 663 б.

4 Вэй Лянтао, 1986   – Wèi Liángtāo. Kā lǎ hàn wángcháo shǐ gǎo. Wūlǔmùqí: Xīnjiāng

rénmín chūbǎn shè, 1986 Nián – 249 б. (Вэй Лянтао өзінің қатысты пікірін бұған дейінгі

еңбектерінде  дәріптеп  келген  еді. Бұл туралы  қараңыз:  Вэй Лянтао.  Қарахан  әулетінің

шығу тегі және аты / Wèi Liángtāo. Kā lǎ hàn wángcháo de qǐyuán jí míngchēng//Lìshǐ yánjiū.


1982 nián, dì 2 qī; Вэй Лянтао. Қарахан әулетін «ұйғырлар құрды» деген пікірдің қосымша

дәлелдері/Wèi Liángtāo. Kā lǎ hàn wángcháo huíhú shuō bǔ zhèng//Lìshǐ yánjiū. 1983 nián, dì 2

qī; Вэй Лянтао. Қарахан мемлекетіне қатысты бірқатар даулы мәселелері /  Wèi Liángtāo.

Guānyú kā lǎ hàn wángcháo ruògān zhēnglùn wèntí//Xīnjiāng dàxué xuébào, 1984 nián, dì 2 qī).

5 Абе Дакео, 1985  – Abe Dakeo, Xini Uygur Kokoshi No Kenkiju (

安部健夫:« 西ヮィグル

国史の研究» (Қытайша аудармасы: Ānbù jiànfu,  Sòng Sùyíng děng hàn yì. Xi huí hú guóshǐ

de yánjiū. Wūlǔmùqí:  Xīnjiāng rénmín chūbǎn shè, 1985 nián. – 437 б.).

 6 Хуа Тао, 2000  – Huá Tāo. Xīyù lìshǐ yánjiū (bā zhì shí shìjì). Shànghǎi: shànghǎi gǔjí

chūbǎn shè, 2000 nián. – 246 б.

7 Вэй Лянтао, 2000  – Вэй Лянтао. Қарахан мемлекетінің шығу тегіне қатысты бірнеше

мәселе // Wèi Liángtāo. Guānyú kā lǎ hàn wángcháo qǐyuán de jǐ gè wèntí//Mínzú yánjiū, 2000

nián, dì 4 qī.

8 Ли Шухуэй, 2004  – Lǐ Shùhuī. Kā lǎ hàn wángcháo de jiànlì zhě jí qí jiànlì shíjiān//Xīyù

yánjiū, 2004 nián dì 4 qī.

9 Хуа Тао, 2005  – Huá Tāo. Kā lǎ hàn wángcháo zǔxiān chuánshuō jiědú//Lìshǐ yánjiū, 2005

nián, dì 6 qī.

Summary

Oshan Zhanymkhan

Chinese scientists are doing research works about ethnic attribute of Turkish tribes that

ruled the of Karakhanids

The article views Chinese sciendists opinion about ethnic attribute of Turkish tribes that ruled

the Karakhanids.  The article  also analysis the cause of their discussion. It was also viewed

different points of views that fool place among Chinese rescachers last ten years.



Резюме

Жанымхан Ошан

Исследования китайских ученых о тюркской этнической атрибуции 

в ранней истории Караханидского государства

В   статье   автор   изучает   исследования   китайских   ученых   о   тюркской   этнической

атрибуции в ранней истории Караханидского государства. Автор проводит критический

анализ   исследований   китайских   ученых,   которые   по-   разному   видят   некоторые

исторические события в караханидском государстве, выделяет важные для исследователей

стороны истории. 



Поступила 04.03.2013 г.

Каталог: elib -> library.kz -> journal
journal -> Қазақ тіліндегі ономастикалық топтастырудың салыстырмалы-аналитикалық сипаты
journal -> МӘдениеттер сұхбаты – Ұлтаралық Қатынастар мәдениетінің басты негізі
journal -> Б. Т. Махметова
journal -> Применение энтропии в лингвосинергетике
journal -> ҚҰрамы сапасының жануарлар ағзасына әсері аннотация Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметі бойынша, су сапасының
journal -> Алимхан ермеков государственный деятель и ученый
journal -> Аудармадағы сәйкестіктер мен қателіктер түрлері
journal -> Ж.ҚАсымбаев – семей қаласының тарихын алғаш зерттеген ғалым


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет