Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 /2013 Айтылғанның бәрі мұғалім үшін жаңалық емес. Бірақ, қайта бір соғып, «Нені үйреттім?»



Pdf көрінісі
Дата31.03.2017
өлшемі0,56 Mb.
#11028

     

 

 



161 

 

І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     



 

Айтылғанның  бәрі  мұғалім  үшін  жаңалық  емес.  Бірақ,    қайта  бір  соғып,  «Нені 

үйреттім?»,  «Қандай  дағды  мен  іскерлік  қалыптастырдым,  жаттығудың  орны  және 

қызметі қаншалықты?» деген сияқты сұрақтарға үңілсе деген ойдан туған пікірді ортаға 

салдық.          

 

 



    ӘОЖ 378 

 

ҚЫТАЙ ТІЛІМЕН  ҚАЗАҚ  ТІЛІНІҢ  ГРАММАТИКАЛЫҚ 

АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ 

 

Жұмағали Қаныша 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 

 

           Бұл  мақалада  қытай  тілі  мен  қазақ  тілінің  грамматикасы  және  олардың 

айырмашылықтары,ерекшеліктері  қарастырылған.  Қытай  тіл  білімінің  дамуы,  сөз 

таптары,сан  есімдері    туралы  айтылған.  Жалпы  тіл  біліміне  еңбек  сіңірген  ғалымдарының 

зерттеу нысанасы, еңбектері, пікірлері қарастырылған. 

          В  этой    статье  рассматривается  особенности  и  различие  грамматики  китайского  и 

казахского  языков.  В  статье  изложены  развитие    лингввистики  китайского  языка  и  части 

речи. Также  рассматривается мнения заслуженных ученых в сфере языкознания. 

         This  article  discusses  peculiarities  and  differences  of  Chineese  and  Kazakh  languages.  This 

article devoted to the development parts  of speech and linquistics of Chinees language. Here are used 

scientific researches, views, manuals which are done in the field of general linquistics. 

 

       Тірек  сөздер: парадигма, лингвистика, лексика, грамматика, нумеративті сөздер, 

синхронды, контрастивтік зерттеу принциптері 

            

           Жүйесі  бір-біріне  ұқсамайтын  тілдердің  негізгі  ерекшеліктерін  салғастырмалы 

зерттеудің жалпы тіл білімімен қатар шет тілдерін оқыту жұмыстарында да мәні  зор, 

маңызы  жоғары.  Біздің  зерттеу  тақырыбымыз  қытай  тіліндегі  мөлшер  сөздерді  қазақ 

тілімен салғастыра қарастыруымыз осындай қажеттіліктен туындап отыр. 

Қытай  және  қазақ    тілдеріндегі  мөлшер  бірліктері    туралы  қазақ  тіл  білімінде  шағын 

мақалалар  мен  азын-аулақ  лингвистикалық  зерттеулер  жарық  көргені  болмаса, 

толықтай зерттелді деп айту қиын. Осыған орай қытай және қазақ тілдеріндегі мөлшер 

сөздерді  ғылыми  тұрғыдан  жүйелей  отырып,  олардың  лексикалық,  грамматикалық 

қырлары бойынша тілде қалыптасқан заңдылықтар аясында салғастыра отырып, халық 

игілігіне жарату тақырыптың өзектілігін көрсетеді.  

Зерттеудің  өзектілігі  сөйлеушінің  ақиқат  шындықтағы  мөлшер  мағынасының  қазақ 

тілінде  берілуін  кешенді  түрде  зерттейтін  жұмыстың  қажеттілігімен  және  осыны 

білдіретін  тілдің  әр  түрлі  деңгейлік  құралдарының  парадигмасын  айқындауға, 

семантикалық  құрылымын  зерттеуге  арналған  еңбектердің  болмағандығымен 

айқындалады.  

Контрастивті салғастырмалы лингвистика – тіл біліміндегі ең жас саланың бірі. 

Әлем  тілдерін  жоспарлы  түрде  синхронды  салғастыра  зерттеу  ХХ  ғасырдың  60-70-

жылдарында  көптеген  ғалымдардың,  әдіскерлердің    еңбектерінде    бастау  алған 

болатын.  Салыстырмалы  лингвистика  мәселелеріне  деген  ынта-ықыластың  өсуін  шет 

елдік  Р.Ладо,  В.Матезиус,  В.Скаличка  секілді      ғалымдардың  еңбектерінен  көруге 

болады.  

Құрылымы  әр  түрлі  тілдерді  салғастыра  зерттеудің  маңыздылығына  ең 

алғашқылардың бірі болып академик Н.Л.Марр терең мән берген еді [1, 410]. Ол былай 


     

 

 



162 

 

І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     



 

дейді: «... нам нужны черты не только роднящие, но и разъединящие, нам нужен анализ 

парносближаемых  языков  и  в  их  расхождениях».  Л.В.Щерба,  В.В.Виноградов,  И.И. 

Мещанинов  секілді  көрнекті  ғалымдар  өздерінің  еңбектерінде  салыстармалы  және 

салғастырмалы зерттеудің тіл білімінде алатын орны зор екендігін айқындап берді.   

Жалпы  тіл  білімінде  салыстыра  және  салғастыра  зерттеу  барысына  көп  еңбек 

сіңірген 

ғалымдар: 

М.М. 

Копыленко, 



С.Е.Исабеков, 

З.К. 


Ахметжанова, 

Э.Д.Сүлейменова,  М.Т.  Сәбитова,    Т.А.Аяпова,  Қ.Т.Рысалды,  Н.С.  Пак,    К.К. 

Дүйсекова, А. Ислам, В.У.Махпиров, Г.Сағидолдақызы, Ж.Есеналиева т. б. 

Салғастырмалы  тіл  білімін  өзінің    зерттеу  нысаны,  нақты  мақсаты  мен 

міндеттері  бар  дербес  сала  деп  дәлелдеген  У.К.Юсупов  контрастивтік  зерттеудің 

принциптерін  атап  көрсетті.  Ғалым  З.К.Ахметжанова  салғастырмалы  зерттеудің  алты 

принципін  айқындап  берді.  Ол  әр  түрлі  тілдерді  салғастыра  зерттеудің  ең  басты 

принциптері  ретінде  семантикалық    және  функционалдық  ұстанымдарды  айрықша 

негіздеді және олар кейінгі зерттеулерге арқау болды, осылардың негізінде жан-жақты 

ашыла түсті.

  

Дж.  Буранов  лингвистиканың  типологиялық  салалары  ретінде  генетикалық 

типологияны,  құрылымдық  типологияны,  ареалды  типологияны,  салыстырмалы 

типологияны  өзара  ажырата  келіп,  салыстырмалы  типологияның  контрастивті 

лингвистикамен ара-жігін айқындап берді [2, 440]. 

Қазақ тіл білімінде қытай тілі мен қазақ тілін салғастыра зерттеуге арналған Ф. 

Дәулетованың “Қытай және қазақ тілдерінің салғастырмалы фразеологиясы” (1999 ж.) 

атты  кандидаттық  диссертациясы,  Т.Қалибекұлының  «Қытай  және  қазақ  тілдеріндегі 

сөз 

тіркесінің 



құрылымы 

мен 


семантикалық 

ерекшеліктері» 

және 

Ж. 


Тұрсыналиқызының  «Қытай  және  қазақ  тілдеріндегі  жай  сөйлемдердің    құрылымдық 

мағыналық топтары» деген еңбектерін атауға болады.  

Тіл  білімінде  сандық  және  мөлшер  мағыналы  сөздер  мен  сөз  тіркестері 

«түсіндірмелі  сөздер»  немесе  «сандар  мен  зат  атауларының  арасында  қолданылатын 

сөздер»  (Гордлевский  В.А.),  «нумеративті  сөздер»  (Кононов  А.Н.  ,  Щербак  А.М.), 

«счеттік  есімдер»  немесе  «счеттік  сөздер»  («счетные  имена»,  «счетные  слова») 

(Баскаков  А.Н.,  Кайдаров  Ә.Т.)  деп  аталса,  кейбір  ғалымдар  лексиканың  бұл  бөлігін 

атауда  «сан-мөлшерді  білдіретін  сөздер»  (Зейналов  Ф.Р.)  «мөлшерлік  сөздер» 

(Летягина  Н.И.),  «есептеп  шығарылатын»  (считаемый),  «есептеп  шығарылмайтын» 

(несчитаемый), 

«санауға 

келетін» 

(исчисляемый), 

«санауға 

келмейтін» 

(неисчисляемый) сөздер, метрологиялық лексика, классификаторлар (Молчанова Л.А.), 

мезуративтер  (Копыленко  М.М.,  Акуленко  В.В.,  Букреева  С.А.),  «халықтық 

номенклатура» (Дементьева Т.В.) деп атайды.  

Зерттеуші Т.Г.Бугаева мөлшер, өлшем мағыналы сөздер мен сөз тіркестерін ішкі 

семантикалық  құрылымдарына  қарай  классификаторлар,  счеттік  сөздердің 



жиынтығы,  өлшемдік  атаулармен  байланысы  бар  құрылымдар  деп  үш  топқа  бөледі. 

Бұл  терминдердің  өзіндік  ерекшеліктерін  көрсетіп,  әрқайсысына  жеке-жеке  анықтама 

береді [3, 273]. 

Қытай  тіл  білімінің  дамуы  ертеден  басталған,  дегенмен  көне  заман  қытай  тілі 

грамматикасы  туралы  біршама  жүйелі  жазылған  еңбектердің    аз  екендігі    шындық. 

Бірақ бұл қытай тілі грамматикасы мүлде сөз болмады дегенді білдірмейді. Қытайдың 

бектер  заманы    ғылымның  өркендеген  дәуірі  деп  саналады.  Тіл  білімінің  алғашқы 

өркендеуі  осы  кезден  бастау  алады.    «Мөлшер  сөз»  атауының  мағынасына  келсек,  ол 



мөлшерлеу,  шамалау  дегенді    білдіреді.    Қытай  тіл  білімінде      1898-1952  жылдар 

аралығындағы  ғылыми еңбектерде мөлшерге берілген атауларда бірізділік жоқ екенін 

байқауға  болады.  1898  жылы  Ма  Цзенчжұң  (马氏文通)  «Грамматика  сауаты» 


     

 

 



163 

 

І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     



 

кітабының  есім  сөздер  тарауында  былай  деген:  «Өзі  сөз  емес,  бірақ  зат  санымен 

қабысып келетін сөздер болады. Мысалы, ат, арба деген  

Тек  ХХ  ғасырдың  50-жылдарынан  кейінгі  уақытта  ғана  қытай  тіліндегі  сөз 

таптарының құрамында ол жеке сөз табы болып, ресми атау алды. 1954–1956 жылдары 

құрастырылған  «Қытай  тілінің  мектеп  грамматикасының  уақытша  жүйесі» 

оқулығында: затты немесе қимылды білдіретін мөлшер сөздерге «сандық мөлшер сөз» 

деген  анықтама  берілген.  Пекин  университетіндегі  «Қазіргі  қытай  тілінің 

грамматикасы»  оқулықтарында  мөлшер  сөздерді  қытай  тілінің  сөз  таптары  құрамына 

енгізу мәселесі бойынша кейінгі жылдарда мөлшер сөздерді зерттеушілер Хе Жие мен 

Го  Сианжын  мен  Ли  Үймиң  еңбектері  аталады.  Мөлшер  сөздерге  қатысты  пікірлерді 

Жао Юанрен, Паул Кратович еңбектерінен кездестіруге болады

Қытай  Ұлттар  Университеті  филология  факультетінің  қытай  тілі  бөлімінің 



оқытушылары  құрастырған  «Қытай  тіліндегі  мөлшер  сөздердің  қолданылуы»  деген 

еңбекте мөлшер сөздерді заттық мөлшер сөздер, етістік мөлшер сөздер, күрделі мөлшер 

сөздер  деп  үш  топқа  бөліп,  «заттық  мөлшер  сөздер  заттардың  санын  мөлшерлеуді  

білдіреді»,  «етістік  мөлшер  сөздер  әрекеттің  немесе  қимылдың  ретін  санауды 

білдіреді»,  «ал  күрделі  мөлшер  сөздер  екі    мөлшер  сөздің  бірігуі  арқылы  жасалып, 

күрделі бір бірлікті білдіреді» деген анықтамалар берілген. Оны Жаң Ваңчи (1992), Го 

Сианжын  (  1987)  еңбектерінен  табуға  болады.  Лүй  Шушяң    (吕叔湘)  «Қазіргі  қытай 

тіліндегі  800  сөз»  деген  кітабында  мөлшер  сөздерді:  жекелік  мөлшер  сөздер, 



жинақтық  мөлшер  сөздер,    бөлшектік  мөлшер  сөздер  (часть)  (部分量词  ), 

сыйымдылық  мөлшер  сөздері  (容器量词),  уақытша  мөлшер  сөздер,  өлшемдік  мөлшер 

сөздер, тәуелсіз мөлшер сөздер, қимылдық мөлшер сөздер, күрделі мөлшер сөздер деп 

топтастырады

.

  

         «Қазіргі  қытай  тілінде  етістік  пысықтау  түрінің  екінші  бөлігі  мөлшер  сөз  бола 



алмайды»,  дейді  С.Е.Яхонтов  және  оны  өз  кітабында  нақты  мысалдармен  дәлелдейді 

[6,102].  Мәскеу  тіл  білімі  мектебінің  мөлшер  сөздерді  зерттеушілері  ғалым 

В.М.Солнцев пен оның ұстазы Н.Н.Коротковтың еңбектері ерекше орынға ие екендігін 

атап айта аламыз. Өз кітабында В.М.Солнцев жеке аффикстерден зат және нәрселердің 

мөлшерін  немесе  өлшемін  білдіретін  сөздерді  бөлу  қажет  деп  біледі.  Мұндай  сөздер 

тәуелсіз  мағыналы  сөздер  болып,  жекелік  аффикстерінің  алдында  келіп,  анықтауыш 

сипатына ие болуымен  ерекшеленеді деп, оған 一碗茶 [ yi wan cha] бір кесе шай, 一大

碗茶[yi  da  wan  cha]  бір  үлкен  кесе  шай,  т.  б.  деген  тәрізді  мысалдар  ұсынады.  В.И. 

Горелов

,

  О.М.Готлиб,  В.А.Курдюмов



 

және  О.А.Омельченконың  еңбектерінде  қытай 

тіліндегі 

мөлшер 


сөздер 

«счетные 

слова» 

деп 


қарастырылған

.

 



Орыс 

қытайтанушыларының еңбектерінің басым бөлігінде мөлшер сөздерді  «классификатор 

(счетные слова)» деп атаған. 

         Қытай  тіліндегі  заттық  мөлшер  сөздерді  сауыт-сүйек  жазбаларынан(甲骨文) 

кездестіреміз.  Бұлар  заттық  мөлшер  сөздер  тұрмыстағы  қажет  бұйымдардың,  сауда-

саттықта қолданылатын сөздердің негізінде пайда болғандығының дәлелі.  

Ең  алғашқы  пайда  болған  мөлшер  сөздердің  өзіндік  ерекшеліктері  бар,  яғни  олар  зат 

есімнен жасалғандығы анық байқалып тұр.  

Ежелгі  Қытайда  ұлудың  қабығы  мен  асыл  тастар  ақша  бірлігі  ретінде  қолданылған. 

Сондай-ақ,  ол  табиғи  көріністердің  мөлшерін  білдіру  үшін  де  пайдаланылған.  羌百羌



[qiang  bai  qiang]  цяннан  жүз  цян  (ян–қытайдың  бір  ұлты),    田十田[tian  shi 

tian]атыздан  он  атыз    алдыңғы    田    [tian]  заттың  өзін  білдірсе,  соңғы田  [tian]  

мөлшерін білдіріп тұр.  

Металл  жазбаларында  [金文]  мөлшер  сөздердің    қолданылуы  заттық  мөлшер  сөздер 

ретінде ғана кездеседі. Бірақ сауыт-сүйек жазбаларындағы мөлшер сөздерге қарағанда, 



     

 

 



164 

 

І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     



 

олардың  мазмұны  күрделірек,  саны  да  көп.  Ол  мөлшер  сөздер  өлшем,  ақша, 

сыйымдылық  бірліктерін  білдірген.  Мыс.:浮牛三百五十五牛  [fu  niu  san  bai  wu  shi  wu 

niu]  Сиырдан  үш  жүз  елу  бес  бас.  羊廿八羊    [Yang  nian  ba  yang]  Қой  басы  жиырма 

сегіз тұяқ. 

Бір  зат  есімге  ұқсамайтын  бірнеше  мөлшер  сөз  қолданылады,  мыс.:  车[che]  арбаға  两 

[liang]  ,    乘  [cheng]    мөлшер  сөздері  қолданылды:  浮车十两[fu  che  shi  liang]  Он  екі 

машина.  

Заттық  мөлшер  сөздердің  дамуы  аса  күрделі,  әрі  ұласпалы.  Себебі  қоғамда  мөлшерді 

өлшеудегі  бірліктердің  көбеюіне  байланысты  өлшем  бірліктері  де  көбейген.  Табиғи 

көріністерге,  заттардың  бейнелеріне  қарай  个  [ge],    [kou],  [zhang],  [nian]  жиі 

қолданылатын жекелік мөлшер сөздер пайда болып, дамыды.  

1.  Зат  есімдердің  мөлшерін  шамалағанда,  сан  есімді  қолдану  әдісі  әлі  кең  көлемде 

жүйелі арнаға түспеген кез;   

2.  [数词+量词]  «сан  есім  +  мөлшер  сөз»  құрылымы  зат  есімнің  алдында  қолданылған, 

бірақ  салыстырып  қарағанда,  бұл  құрылымының  әлі  де  зат  есімдердің  соңынан 

қолданылуы жиі кездеседі;   

3.  Мөлшер  сөздер  әлі  де  кемелдену  деңгейіне  жетпеген,  орны  нақтыланбаған  мөлшер 

сөздердің біразы әлі де болса сақталып қалған. Бір-біріне ұқсамайтын зат есімдерді  бір 

сөйлемнің  ішінде  мөлшерлеген    кезде,  оны  тек  қана  бір  мөлшер  сөзбен  білдіруге 

болады. Мысалы, 车马二百五十五匹 [che ma er bai wu shi wu pi ] Арба атымен – 250

Бұл мысалда атқа да,  арбаға да匹[pi ] мөлшер сөзі қолданылған. 将万二千人骑 [jiang 

wan  er  qian  ren  qi.]  Он  мың  әскер,  екі  мың  ат.  Адамға  да  арбаға  да  бір  мөлшер  сөз 

қолданылған

.

 

Лю Шыжу: «Қытай тіліндегі қимылдық мөлшер сөздер Вэй жин оңтүстік, солтүстік (魏



晋南北

)  дәуірінде  пайда  болды  немесе  сол  кездерде  біртіндеп  пайда  бола  бастады»,– 

дейді. Сондай-ақ Қытайдың  Цинь дәуірі кезіндегі  жазбалардан да қимылдық  мөлшер 

сөздердің де қолданыста болғаны  аңғарылады. Мыс.: 小乐正立于西阶东,乃歌鹿鸣三

终。[Xiaole zhen li yu xi jie dong, nai ge lu ming san zhong],   ге лу  өлеңін үш қайтара 

айтып  шықты.罗人欲伐之,使伯嘉谍之,三巡数之。[Luoren  yu  fa  zhi,  shi  bo  jia  die 

zhi, san xun shu zhe.]  

Ал  қазіргі  қытай  тілінде  бұл  сөз  мөлшерлік  қызмет  атқармайды,  «终zhong»    сөзіне 

сәйкес «遍 bian» мөлшер сөзі қолданылады. 2-мысалда «三巡数之san xun shu zhe» «巡

xun» сөзіне қазіргі қытай тіліндегі «遍 bian» сөзі сәйкес келеді.  

Көне  қытай  тіліндегі  шығармаларда  көп  кездесетін  тағы  бір  мөлшер  сөз              «一成yi 

cheng»    «ұрып  болу,  соғып  болу»  деген  етістіктік  мағынаны  көрсетеді.              «一成yi 

cheng»  сөзінің  қазіргі  қытай  тіліндегі  мағынасы  «一下yixia»  іс-әрекеттің  қысқа 

мерзімде істелуін білдіреді.  «一成yi cheng»   «击之ji zhi» тіркесінің соңынан жалғасып 

толықтырғыш  (补语)болып,  іс  әрекетті  білдіретін  «击ji  ұру,  соғу»  қимылының 

мөлшерін білдіріп тұр.  

xia  –  қимылдық  мөлшер  сөзі  қимыл-әрекеттің  қысқа  уақытта  және  сол  әрекеттің 

төмен  қарай  бағытталған  рет  санына  қаратылады.  Мыс.:母乃仗祥背及两脚百余下。



[Munai  zhang  xiang  bei  ji  liang  jiao  bai  yuxia].  Шешесі  қолына  таяқ  алып,  Сиаңның 

арқасынан және екі аяғынан нешеме рет ұрды.   

Bian – іс-әрекеттің басталғаннан аяқталғанға дейінгі барысының мөлшерін білдіреді. 

Мыс.:但读千遍,自得其意。[Dandu qian bian, zi de qi yi.] Мың рет оқысаң, мағынасын 

өзің  түсінесің.  画眉千度拭,梳头百遍撩。[Huamei  qian  du  shi  ,  shu  tou  bai  bian  liao.] 

Қасын мың рет сызып, шашын жүз рет тарады.   


     

 

 



165 

 

І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1 /2013     



 

 Әлемнің  тілдік  бейнесін  танудағы  негізгі  ұғым-түсініктердің  біріне  мөлшер,  өлшем 

мазмұны да кіреді.  Қытай тілі мен қазақ тілінде, ауызекі тілде де, жазба тілде де белсенді 

қызмет  атқаратын  мөлшер  лексемаларының  аясы  ауқымды  болып  келеді.  Қалыптасқан 

үрдіске  сәйкес  қазақ  тіл  білімінде  сандылық  категориясына,  әдетте,  өзара  ұқсас,  бірақ 

белгілі бір тұрғыдан тәуелсіз екі ұғымға: көптік ұғымы мен мөлшер ұғымына байланысты 

құбылыстар жатқызылады. 

           Қытай тілі аса күрделі тіл болғандықтан, онда мөлшер сөздердің саны көп және 

әрбір  мөлшер  сөздің  ойды  анықтайтын,  толықтайтын,  сипаттайтын  өзіне  тән  қызметі 

бар.  Сондықтан  олардың  бірінің  орнына  бірін  ауыстырып  қолдануға  келмейді.  Қытай 

тіліндегі  мөлшер  сөздердің  қолданылуы  сөз  тіркесіндегі  немесе  сөйлемдегі  білідретін 

мағынасы жағынан, мөлшерлік мағынасымен, құрылымдық қызметі жағынан жіктеліп, 

ерекшеленеді.  Ал  қазақ  тіліндегі  мөлшер  сөздер  жеке  сөз  табы  ретінде 

қарастырылмағанымен,  тілде  атқаратын  қызметтеріне  қарай  олар  сан  есімдердің 

құрамындағы  нумеративті  сөздер  немесе  өлшем  сөздер,  счетті  сөздер,  есептік  сөздер 

деп аталып жүр. 

Мөлшер  сөздердің  сезімдік,  формалық  және  тілдік  реңктерін  нақты  білу  мөлшер 

сөздерді  дұрыс  қолдануымызға  көмектесіп  қана  қоймай,  оларды  шебер  таңдай 

білуімізге көмектеседі, тілді одан да көрікті қыла түседі. 

Қорыта келгенде, шетел тілінің жүйесін саналы түрде меңгеру  барысында ана тілімен 

салғастыру  қазақ  тілінің  ерекшеліктері  мен  айырмашылықтарын  жүйелі  түрде, 

тереңірек түсінуге, меңгеруге, пайымдауға жол ашады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 



1.  Буранов  Дж.  Сравнительная  типология  английского  языка  и  тюркских  языков.–  

М.,1983. 264 с. 

2. Ма Цзен Чжұң [马氏文通] .Грамматика сауаты. –Пекин,1898. 

3. Яхонтов С.Е Категория глаголов в китайском языке.– Ленинград, 1957 

4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –  Алматы, 1991. - 384 б 

5. Лүй Шушяң  Қытай грамматикасының қысқаша очеркі. –Пекин, 1956. – 290 б. 



 

 

         UDC 378.147.2:811.112.2. 



 

USING COMPUTER TECHNOLOGIES IN TEACHING 

 A FOREIGN LANGUAGE 

 

Katenova M.R., Kalizhanov N.N. 

Zhetysu State University named after I. Zhansugurov, Taldykorgan city 

kalizhanovn@gmail.com

 

 

Мақалада  бүгінгі  таңда  шет  тілін  оқытудағы  компьютерлердің  қолданылуы  жайлы 

сөз қозғайды. Күннен күнге жаңарып, өзгеріп жатқан технологиямен бірге заманға сай жүру 

қиынға түсуіне байланысты, технологияның соңғы жылдары қалай өзгеретінін болжау оңайға 

түспейді.  Алайда  сыныптарымыздағы  білім  алушылар  дәл  солай  қалады.  Сондықтан,  осы 

технолгияның қалай дамитынын талқылаудың орнына, оның қабілеттерін анықтап оқытуда 

қолдану методикасын ойластыру дұрыс болар. 

Следующая  статья  затронет  тему  об  использований  компьютерных  технологий  в 

изучений иностранного языка. Очень трудно идти в ногу со временем с таким развивающимся 

технологией.  В  то  же  время  аудитория,  изучающая  иностранный  язык, останется  тем  же. 

Будет  разумнее  выявить  способности  компьютера  и  изучить,  как  оно  может  быть 

использовано в обучений иностранного языка. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет