Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 / 2015



Pdf көрінісі
бет21/31
Дата06.03.2017
өлшемі3,91 Mb.
#8051
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31

ӘОЖ 65.052.21   
НЕГІЗГІ  ҚҰРАЛДАРДЫ  БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАНУ 
 
Магистрант Мүсірәлі Мирас 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы. 
musiralinov@inbox.ru
 
 
Негізгі  құралдарды  бағалау  және  тану.  Кез  келген  өндіріс  өз  қызметіне 
құрал-жабдықтарын тартса ғана  жүреді.  Бұл арада еңбек  кұралдарының құрамы 
сырткы  белгісімен  емес,  олардың  өндіріс  процесінде  атқаратын  роліне  қарап 
анықталады.   
 
Оценка и признание основных средств. Любая производственная деятельность 
существует только в том случае, когда привлекает средства труда.  Между тем, 
состав  средства  труда  определяется  не  внешним  признаком,  а  их  роль  в  процессе 
производства. 
 
  Estimation and confession of the fixed assets. Any productive activity exists only in 
that case, when attracts facilities of labour. Meantime, composition of means of labour is 
determined by a not external sign, and their role in the process of production. 
 
  Кілт  сөздер:  Негізгі  кұралдар,  материалдық  активтер  өткізу  құнымен, 
жойылу құны, амортизациялық құнмен. 
 
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол 
еңбек  заттары  (шикізат,  материалдар,  сатып  алынған  жартылай  фабрикаттар)  және 
еңбек  кұралдары  (машина,  станок)  болып  бөлінеді.  Бұл  арада  еңбек  кұралдарының 
құрамы сырткы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап 
анықталады. Негізгі кұралдар - материалдық активтер олар:  
а)  компания немесе тауарлы-материалдық қорларды жабдықтау және қызмет атқару 
үшін,  басқа  компанияларға  жалға  беру  үшін  немесе  әкімшілік  мақсаттар  үшін 
қолданылатын; 
ә)  әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды. 
Негізгі  қаражаттың  объектілері  үшін  пайдалы  қолдану  мерзімі  белгіленеді, 
бұл: 
а)  компания активтік пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең; 
ә)  компания  активті  пайдаланып,  жасауды  көздейтін  бұйымның  саны.  Басқаша 
айтсақ,  негізгі  кұралдарды  пайдаланудың  экономикалық  пайдасын  алу  болжанатын 
кезең. 
Негізгі  құралдардың  объектісі  актив  ретінде  мынандай  жағдайларда  пайда 
алады деп сендіруге болатын болса:
 
а) компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда алады деп сендіруге 
болатын болса; 
ә) активтің өзіндік құны сенімді бағаланса. 
Қолда  бар  негізгі  құралдар  алынған  сәтінен  бастап  үнемі  қолданылмайды, 
өйткені олар: 

     
 
 
182 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
• тоқтатылып қойылады (жұмыс жасамайды) - уақытша қолданылмайды; 
• қоймада тұрады (қорда) - жөнделген, тоқтатылған, апат жағдайында қолданыстағы 
негізгі құралдарды ауыстыру үшін қор құрайды; 
•  жалға  берілген  немесе  алынған  -  басқа  ұйым  тапсырған  немесе  басқа  ұйымнан 
алынған жал мерзімі шартпен белгіленген негізгі құралдар. 
Материалдық  активтерді  негізгі  құралдар  деп  танитын  тұста  бағалауға 
бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады.  «Негізгі құралдар» ХҚЕС 16 (IAS 16) 
- на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады: 
 • бастапқы кұн немесе өзіндік құнмен - активті немесе ғимаратты алуға сол сәтінде 
берілген,  басқа  өтелген  әділ  бағаның  немесе  төленген  ақшалай  қаражаттың  немесе 
оның баламасының сомасы; 
•  ағымдағы  құнмен  белгілі  бір  күнде  қолданыста  жүрген  нарықтық  баға  бойынша 
негізгі қаражаттық құны; 
•  өткізу  құнымен  (әділ  бағаның)  –  мәмілеге  дайын  және  жақсы  хабардар  тәуелсіз 
тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға болатын сома; 
• жойылу құны - шыққан шығынды тастап пайдаланылған мерзім соңында  субъект 
актив  алатын  деп  үміттенетін  таза  сома  немесе  сынған  қалдықтардың  қосалқы 
бөлшектерінің көзделетін бағасы; 
• амортизациялық құнмен - жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік қрщьщ орнына 
есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны; 
•  баланстық  құнмен  -  жинақталған  тозу  және  баға  түсуден  жинақталған  залал 
сомасын альт тастағанда бухгалтер баланста актив мойындалатын сома. 
Баға  тусуден  болатын  залал  -  активтің  баланстық  құны  оның  орнын  толтыратын 
құннан артқан сома. 
Қосалқы  бөлшектер  мен  қызмет  көрсетуші  жабдық,  әдетте,  қорлар  ретінде 
ескеріледі  және  пайдада  және  залалда  оларды  тұтыну  шамасына  қарай  танылады. 
Алайда,  ірі  қосалқы  бөлшектер  мен  резервтік  жабдық,  егер  субъект  оларды  бір 
кезеңнен  астам  пайдалануға  болжаса,  негізгі  құралдар  ретінде  сыныпталады. Ұқсас 
тәсілмен,  егер  қосалқы  бөлшектер  мен  қызмет  көрсетуші  жабдық  негізгі  құралдар 
объектісіне  байланысты  ғана  пайдаланыла  алатын  болса,  онда  олар  негізгі  құралдар 
деп саналады. 
Негізгі  құралдардың  кейбір  объектілерінің  бөліктері  тең  аралық  уақыттан 
кейін  алмастыруды  талап  ете  алады.  Егер  субъект  негізгі  құралдар  объектісінің 
бөлшектерін  алмастыру  болашақ  экономикалық  пайданың  ағынын  ұлғайтады  деп 
күтсе,  онда  мұндай  алмастырудың  құны  бөлшекті  алмастыруға  жұмсалатын 
шығындарды  тану  сәтінде  объектінің  баланстық  құнына  қосылуға  тиіс. 
Алмастырылатын  бөлшектердің  баланстық  құны  мұндай  жағдайда  осы  ХҚЕС  -ң 
тармақтарына сәйкес танылуды тоқтатады.  
ХҚЕС  сәйкес  негізгі  құралдар  объектісін  (мысалы,  автобус)  пайдалануды 
жалғастырудың  шарты  осы  объектінің  бір  бөлігін  алмастыру  болғандығына 
қарамастан,  ақауларды  анықтау  мәніне  үнемі  күрделі  техникалық  қараулар  жүргізу 
болуы мүмкін. Әрбір күрделі  техникалық  қарау  жүргізілген кезде оны құны негізгі 
құралдардың  тиісті  объектісінің  баланстық  құнында,  егер  тану  өлшеуі  сақталса 
алмастыру  ретінде  танылады.  Алдағы  техникалық  қарауға  жұмсалатын 
шығындардың баланстық құнының қалған бөлігін (табиғи бөлімдерден ерекше) тану 
тоқтатылады.  Бұл  объектіні  сатып  алу  немесе  салу  жөніндегі  операциялардың 
нәтижесінде 
сәйкестендірілген 
алдыңғы 
техникалық 
қарауға 
жұмсалған 
шығындардың  болуына  қарамастан  жүргізіледі.  Қажет  болған  кезде  болашақ  ұқсас 
техникалық  қарауды  жүргізуге  жұмсалатын  шығындарды  есептік  бағалау  объектіні 
сатып  алған  немесе  салған  кезде  техникалық  қарауға  жұмсалатын  шығындардың 

     
 
 
183 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
қолда  бар  құрамдас  бөлігінің  құны  қандай  болғандығының  индикаторы  ретінде 
пайдаланылуы мүмкін. 
Негізгі құралдар объектісін бастапқы тану кезінде субъект бұл объектіні оның 
іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша өлшеуге тиіс.  
Негізгі құралдар объектісінің өзіндік құны мыналарды қамтиды: 
1)  импорттық  баждарды  қоса  алғанда,  оны  сатып  алу  бағасы  мен  сауда 
жеңілдіктері мен дисконттарды шегергендегі сатып алуға арналған орны толмайтын 
салықтарды. 
2)  активті  орналасқан  жеріне  дейін  жеткізуге  және  оны  ағымдағы  күйге 
келтіруге  тікелей  жататын  кез  келген  шығындар.  Мұндай  шығындар  объектіні 
орнату  орнын  дайындауға  жұмсалатын  шығындар,  оны  жеткізуге  және 
тиеуге/түсіруге,  қондыруға  және  жинау  мен  іске  қосу-баптау  жұмыстарына 
жұмсалатын шығындарды. 
3)  объектіні  демонтаждауға  және  шығаруға  және  ол  орналасқан  учаскені 
қалпына  келтіруге  жұмсалатын  шығындарды  бастапқы  есептік  бағалауды, 
субъектіде не объектіні сатып алу сәтінде не осы объектіні көрсетілген кезең ішінде 
қорлар өндіруден ерекше мақсаттар үшін белгілі бір уақыт кезеңі ішінде пайдалану 
нәтижесінде туындайтын міндеттемені. 
Төмендегі шығындар негізгі құралдар объектісінің өзіндік құнына қосылатын 
шығындар болып табылмайды және субъект олар пайда болған сәтте шығыс ретінде 
тануға тиіс: 
1)  жаңа өндірістік қуаттарды ашуға байланысты шығындар
2)  нарыққа жаңа тауарды немесе қызметті шығаруға жұмсалатын шығындар 
(жарнамалауға  және  жылжытуға  байланысты  қызметке  жұмсалатын  шығындарды 
қоса алғанда); 
3)  жаңа  орында  немесе  клиенттің  жаңа  түрімен  бизнесті  жүзеге  асыруға 
жұмсалатын  шығындар  (персоналды  оқытуға  жұмсалатын  шығындарды  қоса 
алғанда);  
4)  әкімшілік және басқа да жалпы жүкқұжат шығыстары. 
Негізгі  құралдар  объектісін  дайындау  немесе  әзірлеу  барысында  болған 
кездейсоқ  операциялар  бойынша  кірістер  мен  оларға  байланысты  шығыстар,  егер 
мұндай  операциялар  негізгі  құралдар  объектісін  орналасқан  жеріне  жеткізу  және 
объектісіні  жұмыс  жағдайына  келтіру  үшін  қажетті  болып  табылмаса  пайданың 
немесе залалдың құрамына кіруге тиіс. 
Негізгі  құралдар  объектісінің  құнын  тану  күнгі  төлемнің  мерзімін 
ұзартпайтын бағасын білдіреді. Егер төлем кредит берудің қарапайым шарттарынан 
асып  түсетін  кезеңге  қалдырылса,  онда  объект  құны  бүкіл  болашақ  төлемдердің 
келтірілген  құны  болады.  Егер  негізгі  құралдар  объектісі  ақшасыз  актив  немесе 
активтер тобына айырбасталып сатып алынатын болған жағдайда немесе егер негізгі 
құралдар  объектісіне  төлем  аралас  болып  табылатын  болса  және  өзіне  ақшалай 
қаражатқа  төлемді,  сол  сияқты  қандай  да  болмасын  монетарлық  емес  активтерді 
беруді  қамтыса,  онда  сатып  алынатын  активтердің  құны  мынадай  жағдайларды 
қоспағанда, әділ құнмен өлшенеді:  
1) айырбастау жөніндегі операция жеткілікті түрдегі көлемде коммерциялық 
мәнде емес; немесе  
2)  не сатып алынатын активтің әділ құны, не айырбасталатын активтің әділ 
құны  дұрыс  өлшенуі  мүмкін  емес.  Мұндай  жағдайларда  сатып  алынатын  активтің 
құны айырбасқа берілетін активтің баланстық құнымен өлшенеді.   
Субъект  негізгі  құралдар  объектісінің  құнын  жинақталған  амортизацияның 
және  құнсызданудан  жинақталған  залалдың  бүкіл  сомасын  шегергендегі  оның 
өзіндік құнымен ескеруге тиіс [2,183б]. 

     
 
 
184 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
Негізгі  құралдардың  амортизациясы.  Субъект  негізгі  құралдар  объектісінің 
қатысты  бастапқы  танылған  соманы  оның  едәуір  бөліктеріне  бөлуге  және  осындай 
әрбір бөлікті жеке амортизациялауға тиіс. Солай бола тұрса да, егер негізгі құралдар 
объектісінің едәуір бөлігінде, сол негізгі құралдар объектісінің басқа едәуір бөлігіне 
ұқсас  пайдалы  пайдалану  мерзімі  болса  және  объектінің  екі  бөлігіне  де  қатысты 
амортизацияның ұқсас әдісі пайдаланылса, онда мұндай бөліктер амортизацияланған 
аударымдардың сомасын айқындау кезінде топтастырылуы мүмкін.  
Әрбір  кезеңдегі  амортизациялық  аударымдар  басқа  активтің  баланстық 
құнына  енгізілген  мұндай  аударымдарды  қоспағанда,  пайдада  немесе  залалда 
танылуға  тиіс.  Мысалы,  өндірістік  ғимараттар  мен  жабдықтардың  амортизациясы 
қорларды қайта өңдеуге жұмсалатын шығындарға қосылады.  
 Амортизацияланатын 
құн 
мен 
амортизациялау 
кезеңі
Активтің 
амортизацияланатын құны оның пайдалы пайдалану мерзімі бойында жүйелі негізде 
бөлінуге тиіс.  
Субъект  ең  болмағанда  әрбір  жылдық  есепті  кезеңге  тарату  құнын  және 
пайдалы  пайдалану  мерзімін  талдауға  тиіс;  егер  талдау  нәтижелері  алдыңғы 
бағалаулардың  нәтижелерінен  ерекшеленсе,  субъект  тарату  құнын  немесе  пайдалы 
пайдалану мерзімін тиісті тәсілмен түзетуге тиіс. Субъект тарату құнындағы немесе 
пайдалы пайдалану мерзіміндегі өзгерістерді осы ХҚЕС  сәйкес есептік бағалаудағы 
өзгеріс ретінде ескеруге тиіс. 
Бухгалтерлік есепте қайта бағалау сомасы негізгі кұралдардың 2410 «Негізгі 
құралдар»  бөлімшесінің  тиісті  баланстық  шоты  бойынша  тікелей  бастапқы  құнын 
арттырады  және  қатар  бір  мезгілде  5420  «Негізгі  құралдарды  қайта  бағалауға 
арналған резервтер» шоты бойынша көрсетілді [2,187б]. 
Негізгі  құрал-жабдыктардың  бастапқы,  ағымды,  баланстық,  сату,  жою,  тозу 
және қалдық құндары болады. 
Бастапқы (тарихи) құны — негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен 
нақты  өндіріс  шығындарынан,  соған  қоса  өтелмеген  салық  пен  алымдардан 
(мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы т.б.), 
сондай-ақ  орнату,  жеткізіп  беру,  монтаждау,  пайдалануға  қосу  шығындары,  несие 
үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады. 
Негізгі құралдардың бастапкы құны мынадай жолмен анықталады: 
Жер  учаскелері  бойынша  меншік  немесе  тұрақты  пайдалану  құқығы  —  актіде 
көрсетілген  сатып  алу  құны,  қозғалмайтын  мүліктер  бойынша  агенттерге  берілетін 
сыйақы,  сатып  алу-сату  келісімін  рәсімдеу  бойынша  көрсетілген  кызметтердің 
төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, 
тегістеу,  т.б.  кезінде  алынған  материалдарды  сатудан  түсетін  табыстын 
шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар; 
-  құрастыруды  және  орналастыруды  қажет  ететін  немесе  қажет  етпейтін  сатып 
алынған машиналар мен құрал-жабдықтар бойынша — сатып алу құны, тасымалдау, 
соның ішінде тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен құрал-жабдықтардың 
пайдалануға  жарамдылығын,  т.б.  тексеру  мақсатымен  өткізілетін  сынақтарға 
жұмсалатын  шығындар.  Машиналар  мен  құрал-жабдықтарды  құрастыру  кезінде 
олардың  бұзылғандарына  кеткен  ағымдағы  шығастарын  қоса  есептегендегі  жендеу 
құны.  Егер  негізгі  құралдар  несие  арқылы  сатып  алынған  болса,  онда  төленген 
проценттер  ағымдағы  шығыстар  болып  табылады  да  объектінің  бастапқы  құнына 
қосылады; 
-  үйлер  мен  ғимараттарды  шаруашылық  әдіспен  салу  кезінде:  құрылыс 
материалдары,  құрал-жабдықтар,  құрылыс  машиналары  мен  механизмдерінің 
жұмысы,  жұмысшылардың  еңбек  ақысы,  үстеме  шығысының  тиесілі  үлесі, 
сәулетшілер,  заңгерлер  көрсеткен  кызметінің  төлемі,  құрылысты  салу  кезеңіндегі 

     
 
 
185 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
сактандыруға  жұмсалатын  шығыстар,  құрылыс  салу  кезеңінде  берілген  кредиттер 
бойынша  проценттер,  құрылыс  салу  үшін  рұқсат  алуға  жұмсалатын  шығыстар, 
жобалық-сметалық  құжаттардың  кұны,  т.б.  —  құрылыс  бойынша  жұмсалған 
шығыстардың барлығы да бастапқы құнға қосылады; 
-  жерді,  үйлерді  немесе  ғимараттарды  біртұтас  мүлік  ретінде  иеленген  кезде  өз 
орнымен  пайдалану  мақсатымен  кіріске  енгізу  барысында  бұл  объектілердің 
бастапқы құнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі 
шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі шектелмеген, сондықтан 
олар  амортизацияланбайды.  Егер  пайдалануға  тек  жер  ғана  арналған  болса,  үйлер 
мен ғимараттар, жеміс ағаштары т.б. бұзуға (түбірімен жұлып алуға) жатады, демек 
құнға шектеулер колданылмайды, ал  жер сатып алынған объектіге жатады. Тозығы 
жеткен  үйлерді  бұзуға  байланысты  жұмсалған  шығыстан,  объектіні  бөлшектеу 
барысында  алынған  құндылықтарды  сатқаннан  түскен  табысты  шегергеннен  соң, 
жердің бастапқы құны есептелінеді
-  мердігерлік  әдіспен  тұрғызылған  үйлер  мен  ғимараттар  бойынша  —  объектіні 
тұрғызу  бойынша  жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал-жабдықтарды 
сатып  алуға  жұмсалған  шығыстар  косылады,  егер  де  оның  құны  тапсырыс  беруші 
тарапынан төленген болса; 
-  құрылтайшылардың  жарғылық  капиталына  салынган  негізгі  құралдар—өздерінің 
келісілген бағасы бойынша; 
-  субъектінің  өзі  дайындаған  немесе  төлем  арқылы  сатып  алынған  негізгі  құралдар 
бойынша — сатып алуға жұмсалған шығындардың нақты сомасы бойынша, жеткізу 
және  сатып  алынған  объектілердің  (алушының  құрал-жабдықтарды  орналастыруға 
кеткен шығындарын қоса есептегенде) тозу сомасын қоса есептелген басқа да сатып 
алуға байланысты жұмсалған шығыстар; 
-  айырбас  операциясы  нәтижесінде  алынған  обьектілердің  -  бастапқы  құны  негізгі 
құралдардың  алынған  ағымдағы  құны  бойынша  анықталады,  ал  ол  негізгі 
кұралдардың берілген ағымдағы құнына түзетулердің көмегімен алынған (берілген) 
ақша  қаражаттарының  сомасына  тең  болады.  Айырбастауға  бір  мақсатқа 
пайдаланылатын  объектілер  де  әртүрлі  мақсатқа  арналған  объектілер  де  жатады. 
Мысалы, бір-біріне ұқсас негізгі құралдар: тракторды жүк автомобиліне айырбастау 
кезінде  алынған  объект  сатылған  объектінің  кұны  бойынша  бағаланады,  бірақ  ол 
кезде тауардай немесе ақшалай салынған (түскен) сомасы ескеріледі; 
-  жас  малдарды  негізгі  табынға  аударған  кезде  —  малдарды  өсірудің  нақты  өзіндік 
құны; 
- негізгі табынды қалыптастыру үшін  алынған ересек малдар бойынша — жеткізуге 
кеткен  шығындарды  қоса  есептегенде  сатып  алуға  шыққан  шығындар  және  сатып 
алуға байланысты басқа да шыққан шығындар; 
- жас өсімдіктер бойынша — өсімдіктерді еккен сәттен пайдалануға бергенге дейінгі 
егу, күтіп-баптау, көбейту, тазартуға кеткен (алынған өнімнің пайдалану немесе сату 
құнын алып тастағаннан кейінгі) нақты шығындар
-  толық  төленген  және  ұзақ  мерзімге  жалға  алынған  негізгі  құралдар  бойынша  — 
олардың ұзақ мерзімге жалға алу шартында көрсетілген құны; 
-  жерді  жақсартуға  жұмсалған  күрделі  шығындар  бойынша  —  жүргізілген  жұмыс 
бойынша шыққан нақты шығындар. 
Негізгі  құралдардың  бастапқы  құны  өзгертілуі  мүмкін;  қосымша  салынған 
күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы, объектіні 
демонтаждау  негізгі  кұралдардың  жағдайына  әсер  ететін  болса,  онда,  бірінші 
кезекте,  пайдалы  кызмет  ету  мерзімі  қысқартылуы  немесе  ұзартылуы  мүмкін  [1, 
25б]. 

     
 
 
186 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
Қолда  бар  негізгі  құралдар  алынған  сәтінен  бастап  үнемі  қолданылмайды,  өйткені 
олар: 
• тоқтатылып қойылады (жұмыс жасамайды) - уақытша қолданылмайды; 
• қоймада тұрады (қорда) - жөнделген, жоқтатылған, апат жағдайында қолданыстағы 
негізгі құралдарды ауыстыру үшін қор құрайды; 
•  жалға  берілген  немесе  алынған  -  басқа  ұйым  тапсырған  немесе  басқа  ұйымнан 
алынған жал мерзімі шартпен белгіленген негізгі құралдар. 
Негізгі  құралдардың  бухгалтерлік  есебі:  негізгі  құралдардың  келіп  түсуін, 
кәсіпорын  ішінде  орын  ауыстыруын  және  шығуын,  дұрыс  құжаттық  рәсімделуін 
және  бухгалтерлік  есепте  уақытылы  көрсетілуін;  олардың  материалдық  жауапты 
адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі 
құралдардың  есептелген  амортизациясы  мен  тозу  сомасының  есепте  дұрыс 
көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс керсетілуін, 
негізгі  құралдардың  қор  қайтарымын  анықтауды,  жаңа  техниканың  және  оны 
қолданудың  жаңа  әдістерінің  тиімділігін;  негізгі  құралдарды  жөндеу  бойынша 
шығындардың  сенімді  есебін;  негізгі  құралдарды  түгелдеуді  және  қайта  бағалауды 
мезгілінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды 
сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз 
етуі керек. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
Ержанов  М.С.  Қаржылық  есепкерліктің  халықаралық  стандарттары.  Алматы, 
2006 
2.
 
Нұрсейітов Е.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2009-LEM 
 
 
ӘОЖ 657 (075.8)  
 
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ  ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН 
РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУ 
 
Оразбекұлы Бахыт, э.ғ.к. доцент 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
 
bahito47@bk.ru
 
 
Бағалы  қағаздардың  инвестициялық  қасиеттерін  рейтингтік  бағалау. 
Акциялар  мен  облигациялардың  инвестициялық  қасиеттерін  және  оларды  
шығарған  эмитенттердің  рейтингтік    бағалауын    тәуелсіздік  рейтингтік  
компаниялар анықтайды. 
Рейтинговая  оценка  свойств  инвестиционных  ценных  бумаг.
 
Рейтинговыми 
оценками инвестиционных свойств акций и облигаций, а вместе с ними эмитентов, 
их выпускающих, занимаются независимые рейтинговые компании. 
Rating estimation of properties of investment securities. By the rating estimations 
of  investment  properties  of  actions  and  bonds,  and  together  with  them  issuers  their 
producing, independent rating companies occupy. 
Кілт сөздер: Тәуелсіздік рейтингтік, бағалы қағаздар, акция, облигация 
 
Акциялар  мен  облигациялардың  инвестициялық  қасиеттерін  және  оларды  
шығарған эмитенттердің рейтингтік  бағалауын  тәуелсіздік рейтингтік  компаниялар 
анықтайды.  Аналитикалық  мәліметтер  негізінде  олар  барлық  бағалы  қағаздарды 
потенциалды сатып алушы үшін сенімділік дәрежесіне баланысты топтайды. Бағалы 

     
 
 
187 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
қағаздарды таңдауда  басшылыққа алатын негізгі құралы рейтингтік бағалау болып 
табылады.  Қаржылық  активтер  3  топқа  жіктеледі:  жоғары  сапалы  бағалы  қағаздар, 
орташа сапалы қағаздар, жоғары табысты бағалы қағаздар.  
Жоғары сапалы категорияға «А» белгісі бар қор құндылықтары жатады. Олар 
үш бөлімшеге бөлінеді және бағалы қағаздардың инвестициялық класс деп атайды. 
Бірінші  бөлінше  «ААА»  кодымен  белгіленеді  –  бұл  осы  акциялар  мен 
облигациялардың ең жоғары рейтенгін білдіреді. Мұндай бағалы қағаздар анағұрлым 
сенімді  болып  табылады,  олар  бойынша  дивидендтермен  пайыздардың  төленетіні 
кепілдендірілген,  олардың  инвесторлар  алдындағы  сенімділігі  жоғары  және 
корпорация – эмитент ірі әрі бай ұйым екндігін білдіреді. Бұл бөлімшеге ірі ұлттық 
компаниялардың,  қаржылық  жағдайы  тұрақты  атақты  фирмалардың  жоғарғы 
сұранысы  бар  тауарлардың  дайындайтын  кәсіпорындардың  қаржылық  активтері   
жатады. 
«АА» бөлімшесі өте жоғары бағалы қағаздарды білдіреді. Екінші бөлімшенің 
құндылықтарының  сипаттамалары    бірінші    бөлімшенікіне  ұқсас,  «АА»тобының 
бағалы қағаздарының кейбір көрсеткңштері  сәл ғана төменірек болып келеді. Бірақ 
бұл  қаржылық  активтер  нарықтық  бағалардың  кейбір  құбылуына  қарамастан 
тұрақты және сенімді. 
«А»  бөлімшесі  жақсы  сапаны  көрсетеді.  Мұндай  бағалы  қағаздар  қор 
нарығында анағұрлым өтімді, оның онша қымбат еместігі мен және кейбір шарттары 
инвесторға  тартымды  болуының  арқасында  сұранысқа  ие.  Мұндай  қор 
құндылықтары  нарық  конъюнктурасының  кенеттен  өзгеруі  мен  басқада    биржалық 
сілкіністерге төтеп беретіндей дәрежеде берік болады. Біоақ олардың эмитенттердің 
қаржылық жағдайы қазіргі уақытқа ғана сенімді, ал ол болашақта біршама нашарлап 
кетуі мүмкін. 
Екінші  топ  «В»  белгісімен  белгіленеді  және  орташа  сападағы  бағалы 
қағаздарды  біріктіреді.  Олар  да    үш  жекелеген  бөлімшелерге  бөлінеді.  Біріншісі    - 
«ВВВ» қор құндылықтарының орташа рейтингін білдіреді. Бұл бағалы қағаздардың 
тәуекелділік дәрежесі мен табыстылығы орташа. Сарапшылардың  бағалау бойынша 
мұндай қаржылық активтеер шығаратын компаниялардың жағдайлары жақсы, бірақ 
болашақта  бұл  компаниялардың  шаруашылық  қызметінде  біршама  төтенше 
қиыншылықтар болуы мүмкін. Осыған қарамастан мұндай бағалы қағаздарбойынша 
дивидендтер ақтылы төленіп тұрады. 
«ВВ»  бөлімшесі  сапасы  сәл  төмендеген  бағалы  қағаздарды  біріктіреді. 
Негізінен бұл өндірістің нәтижелілігі аз салаларының кәсіпорындары мен тиімділігі 
жоғары  емес  фирмалардың  бағалы  қағаздары.  Мұндай  қор  құндылықтарының 
тәуекелділігі жоғары , олар бойынша табыс кешіктіріліп  төленіледі, қор нарығында 
сирек котировкаланады және көбінесе биржадан тыс айналымда сатылады. 
«В»  бөлімшесі  төменгі  сапалы  бағалы  қағаздарды  біріктіреді.  Олардың 
рейтингі орташа деңгейден төмен. Мұндай бағалы қағаздардың эмитенттері , әдетте 
жақында  құрылған  АҚ-лар  мен  заемдық  капиталдың  үлесі  жоғары  компаниялар 
болып  келеді.  Бұл  бағалы  қағаздардың  табыстылығы  күмән  тудырады,  өйткені 
мұндай  корпорациялардың  барлық  пайдасы    қарыздарын  жабуға  және  өндірісті 
кеңейтуге  жұмсалады.сонымен  қатар,  олардың  жұмысының  жақсы  жүріп  кетуден 
гөрі банкротқа ұшырауы мүмкіндігі жоғарлау болады. 
қшқншқ  топ.  «С»  белгімен  белгіленеді  және  оған  инвесторға  жоғары  пайда 
немесе кедейленуге әкелетін алыпсатарлық бағалы қағаздар жатады.  
Бірінші бөлімше «ССС» кодымен белгіленеді және оған листинг процедурасы 
өтпеген және биржалық енгізілмеген, бірақ биржадан тыс саудада котировкаланатын 
құндылықтары  кіреді.  Олар  осы  топтағы  басқа  қаржылық  активтерге  қарағанда 
анағұрлым сенімдірек. Олар бойынша табыс сәл болса да уақытылы төленіп тұрады, 

     
 
 
188 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
бірақ  оларды  шығаратын  компанияның  бәсекелестік  қабілеттілігі  мен  сенімділігі 
әлсіз болғандықтан мұндай бағалы қағаздарға инвестиция салудың тәуекелділігі өте 
жоғары. 
«СС»  бөлімшесі  –  ашық  түрдегі  алыпсатарлық  бағалы  қағаздар.  Оларға 
инвестиция салудың нәтижесін алдын ала білу, болжау мүмкін емес. 
«С»  бөлімшесінде  қаржылық  рейтінгі  ең  төмен  құндылықтар  біріккен. 
Олардың 
сапасы 
тек 
қана 
алыпсатарлық 
қызығушылықтарды 
ғана 
қанағаттандырады.  Бұлар  бойынша  табыс  төленбейді  десе  де  болады.  Компания  – 
эмитент банкрот болу алдын да. 
«Д»тобы жағдайында тұрған корпорациялардың бағалы қағаздарын көрсетеді. 
Бұл  акцияларға  немесе  облигацияларға  өз  қаражаттарын  салған  инвесторлар  еш 
уақытта  ақшаларын  қайтара  алмай  қалу  ықтималдылығы  жоғары.  Қаржылық 
активтердің бұл тобына алынып тасталынады деген белгі қойылады. 
Рейтінгтік  бағалаудың  қор  операцияларының  барлық  қатысушылары  үшін 
үлкен  маңызы  бар.  Рейтинг  бойынша  бағалы  қағаздардың  сапасы  мен  сенімділік 
дәрежесін  анықтайды,  фирманың  мәртебесі  т.б.  бағалайды.  Бірақ  ең  негізгісі  – 
рейтингтік  бағалаудан  өтпеген  акциялар  мен  облигациялар  саудаға  жіберілмейді. 
Жеке  инвесторлар  оларды  алданып  қалудан  сақтанып  сатып  алмайды,  ал 
институцияланған инвесторларға сатып алуға заң жүзінде тиым салынған. 
Инвесторлардың бағалы қағаздарды сатып алғанда шешетін негізгі мәселесі – 
бұл олардың табыстылығы. Табыстың шамасы қор құндылықтарының нақты құнын 
анықтайды.  Табыстың  шамасы  пайыздық  мөлшерлеме  немесе  дивиденд  арқылы 
көрінеді.  Пайыз  облигация,  вексельдер,  сертификаттар  және  басқа  қарыздық 
міндеттемелер  бойынша,  ал  дивиденд  акциялар  бойынша  төленеді.  Әрбір  акция 
бойынша дивиденд мөлшері тек қана алынған пайданың сомасына ғана емес, соымен 
бірге акцияның түріне байланысты (жәй және немесе артықшылығы бар ) болады.  
Акцияның  нағыз  құнын  бағалыу  табыстың  шамасының  осы  табыс  көзінің 
бағасына,  яғни  шығындалған  капитал  шамасына  қатынасы  ретінде  анықталған 
инвестицияның  орташа  нәтижелік  шамасына  негізделеді.  Орташа  нәтиежелік 
инвестициялаудың  әр  түрлі  әдістерінің    пайдасын  өлшеудің  бірлігі  ретінді 
қарастырылады. Салымдардың  табыстылығын немесе нәтижелігін есептеудің негізі 
ретінде, жоғарыда айтылып кеткендей, пайданың қауіпсіз деңгейін (ҚД) қамтамасыз 
ететін  ақша  қаражаттарын  инвестициялаудыңанағұрлым  сенімдірек  әдістері 
бойынша  пайыздық  мөлшерлемесін  алу  қабылданған  –  бұл  банктің  депозиттік 
шотына  салынған  салымдар  және  мемлекеттік  ішкі  заемның  үкіметтік 
облигацияларын  сатып  алу.  Бұл  жағдайда  пайыздық  мөлшерлеме  мәні  төленген 
дивитең болады, ал акция тек несиелік құрал көзі сипатында қарастырылады. 
Әлемдік  тәжірбиеде  акцияның  нағыз  құны  (АНҚ)  шамаланып  отырған 
дивиденд мөлшерінің (Д) пайыздылықтың талап етілетін деңгейіне (ТПД) қатынысы 
ретінде келесі формула бойынша есептелінеді: 
%
100



ТПД
Д
 
Сондықтан,  акцияның  нағыз  құнын  анықтамас  бұрын  пайдалылықтың  талап 
етілетін  деңгейін  ТПД  есептеп  алған  жөн.  Мысал:  «Азат»  корпорациясының 
акциясының  нарықтық  бағасы  1200  тг.  инвестордың  бағалауы  бойынша 
пайыздылықтың  талап  етілетін  жылдық  деңгейі  15%.  өткен  жылғы  акцияның 
номиналдық  құны  1000  тг.,  төленген  дивидендтер  мөлшері  200  тг.  болды.  Осы 

     
 
 
189 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
бағалы  қағазға  ақшаны  инвестициялау  тиімді  ме?        Шешуі: 
%
100



ТПД
Д
=
1333
%
100
15
200


 теңге. 
«Азат» корпорациясының акциясының нағыз құны оның нарықтық бағасынан 
біршама жоғары екенін білу үшін алынған нәтижені ағымдағы бағаммен салыстыру 
жеткілікті.Сондықтан  бұл  акцияға  ақшаны  инвестициялау  инвесторға  тиімді  және 
оны қазір сатып алған жөн. Егер акцияның нағыз құнын есептегенде оның биржалық 
бағамнан  төмен  болса,  онда  инвесторға  бұл  акцияны  сатып  алғаннан  гөрі,  оларды 
сатып құтылған жөн болады. 
Бірақ бұл келтірілген формула акцияның нағыз құнын толық көрсетпейді. Ол 
дивидендтің бір маңызды қасиетін, атап айтқанда, перспективалы компаниялардағы 
оның  өсу  тенденциясын  ескермейді.  Бұл  формула  бойынша  АНҚ  –ны  дивидендтің 
тұрақтылығы өзгеріссіздігі кезіндегі ағымдағы уақытқа ғана есептеуге болады және 
бұл  негізінен  преференциалды  акциялардың  нағыз  құнын  есептеуде  қолданылады. 
Жай акциялардың нағыз құнын есептеу үшін басқа формула қолданылады:  
 
АНҚ=
О
ТПД
О
До



)
1
(
 
        Мұндағы:  До – акционерлердің өткен жылы алған дивиденд сомасы; 
 
ТПД – пайдалылықтың талап етілетін деңгейі; 
 
О- дивидендтің барлық үлесіндегі болжанған жылдық өсуі; 
        Бұл  формула  акцияның  нағыз  құнын  есептеуге  анағұрлым  жиі  қолданылады. 
Инвестордың қаржылық активтердің тиімділігін есептеу кезінде шығаратын есебіне 
мысал келтірейік. 
        Берілгені:  «Алматыэнерго»  компаниясының  бір  акциясының  ағымдағы 
нарықтық  бағасы  3550  тг.  өткен  жылы  төленген  дивиденд  мөлшері  336  тг. 
мемлекеттік 
облигациялардың 
пайыздық 
мөлшерлемесіне 
негізделген 
пайдалылықтың  қауіпсіз  жылдық  деңгейі  –  8%.  Экспертің  бағалауы  бойынша 
болашақтағы  дивидендтердің  өсуі  жылына  5%  деп  күтілуде.  «В»  көрсеткіші 
мамандардың  бағалауы  бойынша  0,8  –ге  тең.  Жалпы  нарықтық  пайдалылықтың 
орташа деңгейі 20% деп анықталады. «Алматыэнерго» компаниясының акцияларына 
ақшаны инвестициялауға бола ма, соны анықтау керек. 
 
            Шешуі: ТПД=КД – «В» х (НД – КД)= 8 + 0,8 х (20 – 8) = 17,6%   
                        АНҚ=



О
ТПД
О
Дох
)
1
(



05
,
0
176
,
0
)
05
,
0
1
(
336х
.
2800
126
,
0
8
,
352
тг

 
         Жауабы: бұл акцияның нағыз құны оның нарықтық құнынан төмен. Сондықтан 
оны  сатып  алғаннан  гөрі,  ағымдағы  бағам  бойынша  сатып  жіберген  жөн,  өйткені 
болашақтағы болжанып отырған дивидендтен ағымдағы бағамнан табыс көп. 
Бірақ  бағалы  қағаздардың  табыстылығын  бағалау  процесінде  АНҚ  –  ны 
есептеу  ешқашан  инвестицияның  табысты  болуының  100  –дық  кепілі  бола 
алмайтындығын есте ұстаған жөн. Нақты экономикалық қатынастар математикалық 
формулаларға  ешқашан  тура  келмейді.  Адамдардың  әрекетімен  болып  жатқан 
барлық оқиғалар мен түрлі жағдайлары толық цифр тілімен жеткізу мүмкін емес, тек 
қана бұл оқиғаларды белгілі бір ықтималдықпен болжауға ғана болады. 
Қор  құндылықтары  -  өте  сезімтал  қаржылық  құрал.  Акцияның  бағамына 
көптеген  әр  түрлі  факторлар  әсер  етеді  және  бұлар  өз  кезегінде  олардың  нағыз 
құнына  әсер  етеді.  Нарықтық  құбылмалылығы  әрқашан  да  инвестициялық 

     
 
 
190 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
тәуекелділіктің  дәрежесін  көбейтеді,  сондықтан  өз  капиталын  салудың  тиімділігін 
бағалау  кезінде  қор  операцияларының  кез  келген  нақты  қатысушысының  жеке 
тәжірбиесі,  білімі,  сезімталдығы  және  жолы  болғыштығы  үлкен  роль  атқарады. 
Акцияның  пайдалылық  деңгейін  және  құнын  есептеу  әр  инвестор  үшін  міндетті 
түрде дербес болуы керек. Ол негізінен ұйым – эмитент пен оның бағалы қағаздары 
туралы  ақпараттың  толықтығы  мен  шынайылығына,  осы  мәлімет  көздерін  талап, 
сонымен қатар оларды дұрыс болжай білу қабілетіне байланысты. Осылайша бағалы 
қағаздардың  нақтылы  нағыз  құны  баолық  жеке  бағалаулардың  жиынтығынан 
құралады.  Келтірілген  есептеулерге  сүйене  отырып,  бір  инвесторлар  бір  бағалы 
қағаздарынан  құтылуға  тырысады,  ал  екіншілері  керісінше,  сатып  алуға  ұмтылады. 
Сатушылар  мен  сатып  алушылардың,  сұраныс  пен  ұсыныстың  арақатынасы, 
жасалған  мәмілелердің  саны  –  мұның  бәрі  биржалық  индекстердегі  бағалы 
қағаздардың  бағамының  өзгеруіне  әсер  етеді,  осының  нәтижесінде  қаржылық 
активтердің нағыз құнын анағұрлым шынайы көрсететін баға белгіленеді.    
Жоғарыда  айтылғандарды  келесі  мысалмен  көрсетейік.  «Биржалық  банк» 
корпорацисының акцияларының үш иеленушісі әр басқа ақпарат көздерін пайдалана 
отырып  және  инвестициялық  тәуекелділікті  әр  түрлі  дәрежеге  шамалап,  болашақ 
дивидендтердің  өсу  қарқынын  түрліше  болжап  пайдалылықтың  талап  етілетін 
деңгейін әр түрлі бағалады. Бірінші инвестор пайдалылықтың талап етілетін деңгейі 
(ТПД) 12%,ал дивидендтердің өсімі 8% деп санайды. Екіншісі ТПД жылына 13%, ал 
дивидендтердің  өсімі  жылына  7%  деп  болжайды.  Үшінші  инвестор  ТПД  жылына 
13,5%, ал дивидендтердің өсімі жылына 9% деп есептейді. Өткен жылы акциялардың 
номиналдық  бағасы  1000  тг.  болғанда  бір  акция  бойынша  дивидендтер  130  тг. 
болды. Ағымдағы уақытта акциялардың нарықтық бағамы 2500 теңгені құрайды. Бұл 
акциялар бойынша сұранс пен ұсыныстың арақатынасы қалай өзгереді. 
Шешуі:  қойылған  сұраққа  жауап  беру  үшін  акциялардың  нағыз  құнын 
есептеудің формуласын пайдаланамыз:     
АНҚ=
О
ТПД
О
До



)
1
(
 
          
 Бірінші инвестор: 




08
,
0
12
,
0
)
08
,
0
1
(
130
3510
04
,
0
4
,
140

 
         
  Екінші инвестор: 




07
,
0
13
,
0
)
07
,
0
1
(
130
2318
06
,
0
1
,
139

 
         
 Үшінші инвестор: 




09
,
0
135
,
0
)
09
,
0
1
(
130
3149
045
,
0
7
,
141

 
 
Жауабы:  келтірілген  есептеулер  негізінде  «  Биржалық  банк  » 
корпорациясының акцияларын бірінші және үшінші инвестор сатып алады, ал екінші 
инвестор  сатып  жіберуге  тырысады  деген  қортынды  жасауға  болады.  Осылайша, 
біздің мысалымыздағы сұраныс ұсыныстан 2 есе артып отырады. 
Инвестицияның  табыстылығын  бағалау  үшін  корпорацияның  қаржылық 
жағдайын  талдау  кезінде  АҚ  –ның  пайда  көрсеткіштеріне,  бір  акцияның  дивиденд 
шамасына  сонымен  қатар  ағымдағы  әрбір  акцияның  бағамдық  жылдық  пайда 
шамасына  қатынасына  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Бұл  көрсеткіштер  акцияның  нағыз 
құнын  дұрыс  бағалаудың  бағалық  ақпараты  болып  табылады  және  олар  арнайы 
басылымдарға күн сайын жарияланып тұрады. 

     
 
 
191 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
 
Жоғарыда  қарастырылған  формуладан  басқа  әлемдік  тәжірбиеде  қаржылық 
активтердің  нақтылы  құндылықтарын  бағалаудан  басқа,  болашақта  күтілген  пайда 
туындысы мен бағалы қағаздардың бағамының ағымдағы уақыт кезеңіндегі пайдаға 
қатысы ретінде есептелінетін тәсіл кең түрде пайдаланылады. 
 
Оны есептеуге арналған формула келесідей:  






 
Мұндағы: БП –АҚ –ның болашақтағы пайдасы; 
 
К – акцияның ағымдағы нарықтық бағамы; 
 
П - әрбір акциядан алынатын жылдық пайданың шамасы
 
Акция  бағамының  жылдық  пайда  шамасына  қатынасын  келесі  формуламен 
есептеуге болады: 


 = 
О
ТПД
О
До



)
1
(
 
 
 
Мұндағы: К – акцияның ағымдағы нарықтық бағамы;  
 
П - әрбір акциядан алынатын жылдық пайданың шамасы; 
 
ТПД – пайдалылықтың талап етілетін деңгейі; 
         До - өткен жылы төленген дивиденд сомасы; 
 
О- дивидендтің әр жылдағы болжанған өсуі; 
          Мысалы: акционерлер мен директорлар кеңесінің жалпы жиналысының жалпы 
шешімі бойынша «Болат банк» корпорациясының қаржылық есепті жылдағы жалпы 
пайдадағы  акциялар  бойынша  дивидендтердің  үлесі  0,3  –ті  құрады.  Номиналдық 
құны    1000  теңгелік  акцияға  аналитиктердің  есебі  бойынша  әрбір  акцияға  жылдың 
аяғында  345  теңгеден  пайда  әкеледі.  Егер  пайдалылықтың  талап  етілетін  жылдық 
деңгейі  ТПД  -13%,  болашақтағы  болжанған  дивидендтердің  өсуі  7%,  ал  акцияның 
ағымдағы  нарықтық  бағасы  1700  тг.  болса,  бұл  қор  құндылықтарына  ақшаны 
инвестициялаған дұрыс па. 
         Формуланы пайдалана отырып есептеу жүргіземіз: 
 


 = 
0
,
5
07
,
0
13
,
0
3
,
0


 
 
                               АНҚ = 345 

 5,0 = 1725 теңге. 
 
Жауабы:  бұл  жағдайда  есептеу  көрсеткендей,  акциялар  бағамымен  олардың 
нағыз  құны  бір  –  біріне  жақын  сай  келетіндігін  көрсетеді.  Бұл  нақтылы  жағдайда 
нарықтық  баға  осы  акцияның  нақты  құндылығын  анағұрлым  дәлірек  көрсетеді. 
Бағам  сәл-сәл  төмен  болғандықтан  инвесторға  «Болат  банк»  корпорациясының 
қаржылық активтерін сатып алып, болашақта өзінің табысының алған жөн. 
Осылайша, осы айтылғандардан бір қортынды жасауға болады: инвестициялық 
тәуекелділік  дәрежесі  мен  табыстылықты  бағалы  қағаздардың  элементі  туралы 
ақпарат  негізінде  болжауға  болады.  Бағалаудың  дұрыстығы  ақпарат  көзі  мен 
инвестордың  ол  ақпаратты  пайдалана  білуіне  байланысты.  Қор  құндылықтарының 
нағыз құнының барлық жекелеген есептеулерінің жиынтығынан бағалы қағаздардың 
сұранысы  мен  ұсынысын  теңестіретін  баға  ретінде  көрінетін  нақтылы  құны 
қалыптасады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
Инвестициоиный рейтинг Казахстана // Офиальный сайт ЗАО «Казинвест», 
2006г. 

     
 
 
192 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
2.
 
Финансовая  отчетность  в  финансовых  организациях  в  соответствии  с 
международными 
стандартами 
финансовой 
отчетности  [Текст]:  Учебно-
практическое пособие.- Алматы, 2007.- 360с. 
3.
 
Нұрсейітов Е. О. Ұйымдағы бухгалтерлік есеп-Алматы, LEM. 2009                                                                                      
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет