ОӘЖ 373
БАСТАУЫШ
СЫНЫП САБАҚТАРЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ
Курмангалиева Шакура Кабдрахмановна
Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Абай атындағы мектеп гимназия, мұғалім
abaia_sh@mail.ru
Бұл мақалада оқыту үшін инновациялық технологиялардың маңызды екені
айтылады.
Инновациялық
технологияны
пайдалану
сабақ
сапасын
көтереді,оқушының сабаққа деген кызығушылығын арттырып, ізденушілік,
танымдық қасиетін арттыратыны туралы жазылған.
В этой статье говорится о том, что использование инновационых технологий
на уроке улучшают качество знаний учащихся, повышает интерес к предмету,
развивает творческую деятельность учащихся.
This article is about the importance of innovation technology in physics.Using the
innovation technology in physics is improves the quality of the lesson and develops
students' interest in the subject.
Кілттік сөздер: Сын тұрғысынан ойлау, оқушы шығармашылығы, білім
сапасы.
Он жыл алдын ойлаған ел - бау өсіреді,
Жүз жыл алдын ойлаған ел-жас ұрпақ өсіреді.
Конфуций
Қай заман болмасын адамзат алдында тұрған міндет – ұрпаққа саналы білім
беру. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін заман ағымына орай оқу үрдісіне
жаңа технологиялар қажетті. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс
түсінбеу үлкен кедергіге әкеледі. Сондай қолданыстағы жаңа технологиялардың бірі
- сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы. Жалпы сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау сұрақ қою мен шешімін талап ететін проблемалардан тұрады.
Мазмұнды
сұрақ
қою
арқылы,мәселені
шешуде
өзі
жолын
іздеп
тауып,шешімді,саналы дәлелдер айтады.
Сын тұрғысынан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды
болап табылатынең басты педагогикалық түсінік. Педагогика ғылымы еш нәрсеге
бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Тек қабілетті кеңінен
өрістетуге ықпал етуші орта оқушы үшін мектеп қана болып табылады. Сондықтан
оқушылардыңсыни тұрғыда ойлау мақсатында «қалай?қашан?қандай?»деген
сұрақтар төңірегінде жұмыс жүргізу жақсы нәтиже береді. Яғни оқушыларға
тапсырманы қалай берем? Қашан берем? қандай тапсырма берем деген сұрақтар
басты назарда болу керек деп ойлаймын. Сыни ойлау сабағының құрылымы үш
кезеңді қамтиды.
Қызығушылықты ояту.
Жаңа
ақпаратқа
қызығушылығын
ояту,танымдық
процеске
жұмылдырады,актуалдау. Бұл бөлім – білімнің іргетасы.
Екінші кезең - мағынаны тану оқу процесін мазмұнды түсінудің кнегізгі кезеңі.Осы
кезеңде мұғалім шеберлігінің шыңы десек қателеспеспіз деймін .Себебі мұғалім
тиімді стратегиялар арқылы оқушы қабылдауын дамытады. Салыстырмалы
кестелер,екі жақты күнделік әдісі,инсерт әдістері қолданылады. Ой толғау кезеңінде
20
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
оқушы пікірлері маңызды болады. Оқушының сыни ойлауын дамыту мүмкіндік
бар.Жаңа білімге өзінде бар білім негізінде өтіледі.
Оқушы шығармашылығын арттырудаәр кезеңге орай әдіс-тәсілдер таңдау, қолдану
бір жүйеде дамытуға жетелейді.
3-сыныпта «Адамның жүйке жүйесі» тақырыбында соңғы бөлімде РАФТ
стратегиясы арқылы оқушылардың ойлану ұшқырлығы мен қиялын дамытуға ықпал
болады.
Р-РОЛЬ (жер бетіндегі кез-келген адам)
А-АУДИТОРИЯ (сіз кімге хат жазасыз?)
Ф-ФОРМА (әңгіме)
Т-ТАҚЫРЫП (адамның жүйке жүйесі)
Оқушылар сабақтан алған білімін қолдана отыра әңгіме жазады. Оқушы мәтін
мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін міәтін мазмұнын ой елегінен өткізеді.
Оқушы ойын қағаз бетіне түсіру арұылы тілі дамиды,эссе жазуға жетелейді. Жуан –
жіңішке сұрақтар арқылы оқушылар мәтінмен жұмыс жасай отырып өздері тың
сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз оқудың барлық әдісін меңгеру болып
табылады. Басқа балалар сұрақтарына жауап беруге дайын тұрады. Өздері сұрақ
құрастырған соң сұрақтарға ілтипат білдіреді.
Сондай –ақ оқушы танымын дамытуда «алты қалпақ»әдісін дүниетану пәнінде
«өсімдіктердің көптүрлілігі» тақырыбын өткен кезде алты топқа бөліп қолдандым.
1-топ .Ақ қалпақ.
Сөздік пен карта бойынша өсімдіктерді цифрлар мен фактілер арқылы
анықтау
2-топ.Сары қалпақ
Ойлан! Неге жер бетінде адамдар мен жануарлар өсімдіктерсіз өмір сүре
алмайды.
3-топ. Қара қалпақ
Дәлелдеу.Егер ауада оттегі болмаса адамдар мен өсімдіктерге не болар еді?
4-топ. Қызыл қалпақ
Ойлан! Айналаңда өсімдіктер солып жатса қандай күйде боласың?
5-топ. Жасыл қалпақ
Жер беті жылдан-жылға жап-жасыл болып көркею үшін не істер едің?
6-топ. Көк қалпақ
Барлық жауаптарды қалай толықтырасың?
Оқу үрдісінде оқушы шығармашылығын арттыруда түрлі әдіс-тәсілдер қолдану
мүғалім шеберлігіне байланысты олардың ойларын,сенімділігін арттыруда
мүмкіндік тудыру қажетті.
«Өсімдіктер»тарауын талқылаған кезде «кластер» әдісі өте тиімді. Оқушының
кеңірек ойлануына септігі көп.
Ал «балық қаңқасы »әдісі де сабақта қорытындылауда үйренген білімдерін талдауда
қолданылады.
Басы-тақырып
Жоғарғы қаңқалары-себептер
Төменгі қаңқалары-дәлелдер
Балықтың құйрығы-қорытынды
Дәстүрлі бес кезеңдік сабақ жоспарын осы үш кезең бойынша жоспарлау
тиімділігіне көз жеткіздім.
Нәтижесінде:
пікірлесе отырын,ортақ қортындыға келеді;
тақырыпта сынып түгел қамтылады;
қорытынды шығарып,өз пікірін дәлелдейді;
21
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
Қорыта келе,сөзімді былай аяқтасам деймін.Белгілі орыс жазушысы К.Д.
Ушинский: «Қызығушылығын туғызбайтын оқу бірте - бірте оқушының білімге
деген құмарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін,
күш - жігерін тәрбиелемесе мәнін жояды» деген екен.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Н.Ж. Құрманова Дамыта оқыту технологиясы. Астана 2007
2.
Қазақстан Республикасы Президентінің халқына жолдауы.
3.
«Білімдегі жаңалықтар» журналы, 2003 жыл.
4.
«Бастауыш мектеп» журналы 2010 ж.
5.
«Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде»
М.М.Жанпеисова, Алматы, 2002.
БОЛАШАҒЫ ЗОР БОЛСА, ҮМІТІ ДЕ МОЛ
Мұхтар Кәрімов, Сауле Кунапиянова
Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі
Мақалада гуманитарлық-техникалық колледжінің заманауи ақпараттық
технологияларды пайдалана отырып тереңдете білім беру мәселелері қарастырылған.
Сонымен қатар, облыстық білім, жастар саясаты мәселелері және басқа да
басқармалармен бірлесіп өткізген шаралары туралы жазылған.
В данной статье анализируются вопросы углубленного обучения студентов с
использованием новых информационных технологий в гуманитарно-техническом
колледже. Также рассматриваются мероприятия, проведенные совместно с
областными управлениями образования и молодежной политики.
This article analyzes the issues in-depth training of students with the use of new
information technologies in humanitarian and technical college. It also covers the
activities carried out in conjunction with the regional offices of education and youth
policy.
Кілт сөздер: ақпараттық технологиялар, білім беру, колледж, студент,
педадгогика.
Қай заманда болсын болашақтан үміт күткен талабы зор орта алар жеңісі мен
жемісі мол болмақ. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың
көрсеткіші - білім деңгейімен өлшенеді. Әлемдік білім кеңістігінде білім беру
жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Өйткені,
өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу.
Адам санасы жақсы мен жаманды айырып қана қоймай, жақсылығын өз
бойына қалай дарыта алса, өзгенің ойын да соған жетелей білу керек. Сонда ғана
білікті ұрпақ өсіп жетіледі.
Білікті ұрпақ деп жан-жағын болжай алатын, техника тілін өз ана тіліндей
меңгерген маман болуы шарт. Міне, осындай мамандар даярлайтын облысымыздағы
колледждердің бірі тамыры тереңге жайылған Талдықорған гуманитарлық-
техникалық колледжі.
Қазіргі кездегі заман талабы - жоғарғы деңгейдегі техника саласындағы жан-
жақты маман дайындау болса, колледж ұжымы мен оның басы-қасында жетекшілік
жасап жүрген директор Джумадилов Әсет Қазиұлы Елбасының «Еліміздің болашағы
- жастардың қолында, ал жастардың болашағы-ұстаздардың қолында» - деген сөзін
22
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
берік ұстанған басшылардың бірі. Болашаққа нық қадам адымдаған басшы ретінде
колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оқу кабинеттері мен
өндірістік оқыту шеберханаларының жаңа заман талаптарына сай безендіруіне
ерекше көңіл бөліп, көп еңбек етуде.
Қазіргі таңда колледжімізде он мамандық жұмысшы кадрларын даярлайды.
Осы жаңадан ашылған мамандықтар үшін барлық материалдық база толығымен
қамтылған. Соңғы үлгідегі технология жетістіктерін қолдана отырып жасалған
станоктардың әр түрлері бар. Шеберхана толық ағымды жөндеуден өтіп, мұнда
сапалы кәсіби білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған. Жоғары білімді
оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің өз жұмыстарына жауапкершілікпен
қарап, әрбір өтетін сабаққа жүйелі түрде дайындалып, сабақты инновациялық жаңа
әдістерді пайдалана отырып өткізуі - болашақ мамандық иелерін дайындауда, оң
нәтижелерін беруде. Қазіргі заман талабына сай өз мамандықтары бойынша
машықтануды игерген жастарға сұраныс жоғары.
Заман талаптарына сай өндіріс орындарының сұраныстарын қанағаттандыру
мақсатында колледжбен төмендегі мекемелер арасында екі жақты келісім - шарттар
жасалынған. Мәселен, Ескелді аудандық «Қазтелеком» АҚ, ЖШС «Жиһаз
фабрикасы» МКҚК «Жетісу водоканал», ММ «Алматы облысының білім берудегі
жаңа ақпараттық технология орталығы, ЖШС «Мақсат», ЖШС «Ал-Же-Тен», АҚ
«Азия - электрик», ЖШС «Жетісу жарнама» секілді мекемелер колледждегі
мамандарға өз сұраныстарын беруде.
Мұндай шаралар студенттерінің алдағы уақытта жұмысқа орналасуына
септігін тигізетіні анық. Қазіргі кездің өзінде бітірушілердің жұмысқа орналасу
көрсеткіші 80 пайыз. Білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестік қарым-
қатынасқа қатысушылар мемлекет өндіріс, кәсіптік-техникалық оқу орындары екені
белгілі. Колледжде осы тұрғыдағы игілік істер аз атқарылып жатқан жоқ, сонда да
бір орнында тоқтап қалуға әрине болмайды. Сондықтан да алдағы мақсаттар мен
жоспарлар жоқ емес, бар. Соның дәлелі ретінде тағы да мамандықтар ашып
отырмыз. Ол «Автогрейдер машинисі», «Радиоэлектроника және байланыс»
мамандықтары. Бұл да уақыт талабынан туындап отырған мамандықтар, қазіргі
таңда бұл мамандықтар бойынша өндірістік оқыту шеберханалары толық
жабдықталып, оқу бағдарламасы құрылып, қажетті құрал-жабдықтары алынуда.
Болашақта
әлеуметтік
серіктестіктерді
нығайта
отырып,
колледж
студенттерінің өндірістік тәжірибесінің жоғарғы деңгейде өтуіне жағдай жасалуда.
Ол ЖШС «Гордорстрой», ЖШС «Талдықорған жолдары» ЖШС «ҚазақТелеком»
мекемелерімен үш жақты келісім - шарт жасалынуда. Бітіруші түлектердің
болашағына қамқорлық жасай отырып, қос мамандық алып шығуы үшін «В», «С»
категориясын оқытатын жүргізуші мамандығы бөлімін ашып отырмыз.
Біздің колледж бітіруші түлектеріміз еліміздің жоғары оқу орындарының
студенті атануы - біздер ұстаздар үшін үлкен қуаныш екені белгілі. Сонымен қатар
олардың қала оқу орындары арасында өтетін іс-шаралардың рейтингтік жүйесіне
белсене қатысып, колледж студенттері үнемі марапатқа ие болуы да айтарлықтай
зор мәртебе.
Алматы облысының «Жастар Саясаты орталығы» Ұлы Отан соғысы
Жеңісінің 70 жылдығына және 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай
ұйымдастырған «Айбын» әскери-патриоттық, спорттық жарысқа қатысты. Бұл
жарыстың мақсаты өскелең ұрпақ бойына жаңа қазақстандық париотизмнің терең
сезімін және Отан қорғаудағы азаматтық парызына деген беріктігін қалыптастыру,
әскри қолданбалы тәртіпті практикада игерту, әскерге шақырылған жастардың
моральдік, жігерлік және физикалық қасиеттерін нығайту болатын. Жарыс төрт
кезеңнен тұрды. Осы жарысқа қатысқан колледж студенттері пневматикалық
23
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
винтовкадан атудан 3 орынға, автоматты бөлшектеп және жинаудан І орынға,
турникке тартылудан 3 орынға ие болды. Ал жалпы колледж командалық жүлделі ІІІ
орын алып, марапатқа ие болды.
Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы жастар саясаты
орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастырумен
мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, облыс көлеміндегі мәдени өмірдің және
өнер мен өркениет мәдениетінің дамуына белсене араласу, жастардың
шығармашылықтарына қолдау көрсету, талантты жас дизайнер-суретшілерді
анықтау, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану және діни экстремизм мен
терроризмге жол бермеу мақсатында колледжде 19 мамыр күні Қазақстан халқы
Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Жас маман-2015» атты жас дизайнер-
суретшілер байқауы өтті. Бұл байқауға облысымыздың түкпір-түкпірінен келген 12
суретші студенттер қатысты. Атап айтсақ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер
Академиясының, А. Кастеев атындағы Көркемсурет мектебінің студенттері қатысты.
Байқау 3 кезеңнен тұрды: таныстыру, тест, шығармашылық жұмыс т.б. Бұл
байқаудың қорытындысы бойынша І-ші жүлделі орынды Талдықорған
гуманитарлық-техникалық колледжінің «Көркемсурет жұмыстарын орындаушы»
мамандығы бойыша оқитын ІІІ-курс студенті Бақытнұр Абылай (жетекшісі ө/о
шебері А.Т.Асқаров) иеленсе, ІІ-ші жүлделі орынды тағы да осы колледждің
«Көркемсурет жұмыстарын орындаушы» мамандығының ІІ-курс студенті Уркинбаев
Сағым Құсайынұлы (жетекшісі ө/о шебері Ж.Қ.Беков) иеленді. Жеңімпаз студенттер
«Құрмет грамотасымен», бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар
биылғы оқу жылында колледж рәміздерін қабылдады, осыған орай «Колледж
рәміздері-колледждің мақтанышы» атты Гимн байқауы өтті. Кез-келген мемлекеттік
рәміздердің ең маңыздысы - Гимн. Біздің Гимн-колледжіміздің салтанатты әні. Оның
сөздерінде колледждің 35 жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы
айтылған. Колледждің әр студенті, әрбір қызметкері осы Гимнді жатқа білуі тиіс.
Бұл Гимн колледж жастарының жүрегіне жақын, бәрінің көңілдерінен шыққан, терең
отаншылдық сезімдегі бейресми гимні болмақ. Гимнің сөзін жазған колледжіміздің
есепшісі Исаханова Назерке, әнін жазған Сүйінбай атындағы облыстық
филармонияның дәстүрлі әншісі Есенгельдинова Сая екені біреу білсе, біреу білмеуі
мүмкін.
ҚР Білім және ғылым қызметкелерінің Талдықорған аймақтық кәсіподақ
ұйымының ұйымдастыруымен «Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығына» орай
қала оқу орындары арасында спорттың 4 түрінен (волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ,
жеңіл атлетика) спартакиада жарысы ұйымдастырылды. Оған колледж ұжымынан
құралған команда қатысты. Бұл спартакиадада ұжым – тоғызқұмалақтан – ІІ орынға,
Жеңіл атлетикадан – ІІІ орынға, волейболдан – ІІІ орынға, шахматтан – ерлер ІІ
орынға, әйелдер арасынан – ІІІ орынға ие болып, ақшалай сыйлықпен, мақтау
қағазымен марапатталды. Сонымен бірге колледж ұжымы қалалық, облыстық іс-
шараларға белсене қатысады. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен
қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында
Талдықорған политехникалық колледжінің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған
«Ұлтым басқа-тілім қазақ» атты колледждер арасындағы өткен қалалық байқауында
оқытушы А.М. Абельданованың жетекшілігімен колледж студенті Бедарева
Виктория І орынға ие болса, облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастырумен
өткен «Қоғамдағы ақпараттандыру жағдайындағы инновациялық оқыту»
тақырыбында өткен облыстық педагогикалық оқуларда шығармашылық жетістігімен
ерекшеленгені үшін колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Б.А. Самалбаева
«Алғыс хатқа» ие болды. Әлия Молдағұлованың 90 жылдық мерейтойына арналған
әдеби музыкалық композицияға белсене қатысқандары үшін колледждің музыка
24
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
жетекшісі Ұ.Ә. Джакубаева мен студенті Малисова Гүлсім грамотамен мараптталса,
Көксу Ауылшаруашылық колледжінде Алматы облыстық әдістемелік кабинетінің
ұйымдастыруымен Ұлы Отан жеңісінің 70 жылдығына орай «Екі жұлдыз» атты
патриоттық әндер байқауында «Жүректі әншілер» номинациясына ие болды.
Тәуелсіздік күніне орай өткізілген «Жырым сенсің-мәңгілік Ел» атты қалалық
әскери-патриоттық әндер бауқауында колледжіміздің І курс студенті Хасенов Мирас
жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.
Сонымен қатар, колледждің математика пәнінің
оқытушысы А.М. Абельданова Талдықорған агротехникалық колледжінде
ұйымдастырылған қала оқу орындары арасында математика пәні бойынша
олимпиадаға студенттер қатыстырып, жүлделі І, ІІ орынды иеленді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған қала оқу орындары жас
оқытушылары арасындағы «Тәуелсіздік-тірегім!» атты рефераттар байқауында
колледж оқытушысы Д.Қ. Идрисова жүлделі бірінші орынды иеленді.
Алматы облысы жастар саясаты орталығы «Жас Отан» облыстық
филиалының ережесіне сәйкес Талдықорған колледждер арасында «Денсаулық-зор
байлық» атты денсаулық күніне арналған спорттық іс-шараға колледж студенттері
қатысып жүлделі орындарға ие болды.
ХХІ ғасыр – білімділер мен бәсекелестік ғасыры. Қазіргі жаһандану заманының
басты мақсаты – білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру, білім беруде жоғары
сапаны қамтамасыз ету. Қай кезеңде, қай қоғамда болмасын жеке тұлғаның
қалыптасуы ұстаздан басталады. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндеттің бірі -
білім беру жүйесін жаңарту болып отыр.
Осы мақсатта Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінде Алматы
облысының әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жалпы білім беру және
арнайы пәндерді оқытудағы білім беру кеңістігінің сабақтастығы» тақырыбында
облыстық семинар өтті. Семинардың мақсаты - жалпы білім беру және арнайы
пәндерді оқытудағы білім беру кеңістігінің сабақтастығын іс-тәжірибе арқылы
насихаттау. Семинарды Алматы облыстық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі
Қабдұлова Алуа Жанатайқызы ашып, қонақтар мен семинарға қатысушыларды
семинардың мақсаты мен міндеттерімен таныстырып өтті. Сонымен қатар, колледж
директоры Жұмаділов Асет Қазиұлы колледж тарихымен, оның материалдық-
техникалық базасымен таныстырып, колледж бойынша қысқаша экскурсия жүргізіп
өтті. Колледждің орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің оқытушысы
А.К.Джумадилова шебер сынып көрсетсе, сызу пәнінің оқытушысы Б.З.
Адильбекова, химия пәнінің оқытушысы А. Ахметова, информатика пәнінің А. М.
Бюлюкеева семинарға қатысушыларға өздерінің ең үздік ашық сабақтарын өткізді.
Онда оқытушылар студенттердің танымдық қабілетін дамыту, шығармашылық
белсенділіктерін жетілдіру мақсатында жалпы білім беретін пәндермен
мамандықтың байланысының тиімді әдістері мен тәсілдерін көрсете білді.
Пән оқытушыларының өткізген ашық сабақтары мен шебер сыныптары
жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Студенттермен жұмыс жүргізуі барысында
интербелсенді тақтаның тиімділігі ерекше аталып өтілді. Әр түрлі әдіс-тәсілдерде
өткізілген ашық сабақтардың жаңашылдығы, студенттердің шығармашылық
қабілеттерінің артуынан, өзін және өзара бағалаудың ұтымдылығынан көрінді.
«Үйренсем, қызмет сапасын арттыруға әсер ететін ұтқыр шешімдерді көрсем, өз
тәжірибеме қолданатын құнды жұмыстармен таныссам», - деген мақсатпен келген
оқытушылар семинардың мазмұны терең, тәлімі мол екендігін жоғары деңгейде
бағалап, өз пікір-тілегін білдірді. Семинар соңында Алматы облыстық әдістемелік
кабинеттің әдіскерлері Г.Н.Боранбаева және Ш.Қ.Исаханова семинардың
қорытындысын
шығарып,
өз
іс-тәжірибелерін
таратқан
оқытушыларға
сертификаттар тапсырды. Колледж педагог қызметкерлері өз білімдерін үнемі
25
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
жетілдіруде. ҚР Астана қаласындағы «Туран-Профи» кәсіби академиясының
ұйымдастырумен Алматы қаласында өткен курсқа колледждің арнайы пән мен
өндірістік оқыту шеберлері, ҚР Астана қаласы «New Technologies Company» ЖШС
ұйымдастырып отырған курсқа өндірістік оқыту шебері Беков Жанаділ Қалиұлы,
Адильбекова Бақыт Зиядақызы 2015 жылдың қараша айында оқуға барып өз
білімдерін шыңдап қайтса, директордың ӨОІ жөніндегі орынбасары Самалбаев Б.Б.
Алматы қаласында ұйымдастырлыған «Кәсіптік стандарт құрылымын оқыту
бағдарламаларына жобалау технологиясы» тренингке қатысып келді.
«ХХІ ғасыр – білім бәсекесі ғасыры. Әлемдік білім кеңістігінің ұлан-
ғайырлығы сондай, мұғалімнің аса зор мәдениеттілік пен білімдікке үнемі
ұмтылысы, педагогикалық, әдістемелік деңгейінің жоғары болуын қадағалауды
талап етеді. Болашаққа біздің қадам енді басталды, оның қандай болуы сіз бен бізге
байланысты» - деген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ұстаз - жас ұрпақтың рухани
сәулеткері. Ұстаз – қоғамның, халықтың болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар
сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық
құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеп келеді. Әрбір елдің
келешегі мектебіне байланысты. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи
әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуда, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті
қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор.
Жас жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеу ісінде жақсы жетістіктерге жеткен
төмендегі колледждің педагог қызметкерлері Ұ. А. Джакубаева, С.М. Кунапиянова,
Б.Б. Самалбаев Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігінің
Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталса, А.К. Джумадилова,
К.С. Айнағұлова, Н.Е. Рысбеков және т. б оқытушылар мен өндірістік оқыту
шеберлері облыстық білім басқармасының Құрмет Грамотасымен марапатталды.
Билығы жылы Ұстаздар мерекесі қарсаңында облыс әкімі колледж
директоры А.К. Джумадиловке ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері»
төсбелгісін тапсырды. Сонымен қатар колледжіміздің оқытушылары мен өндірістік
оқыту шеберлері Абилкаримов Ш.А., Ахметова Ж.А. облыстық білім
басқармасының, Идрисова Д.Қ., Садырбаев Р.С., Ибраева А.Қ. облыстық кәсіподақ
ұйымының «Құрмет грамоталарымен» марапатталды.
Елдігіміздің елдігін айқындайтын Тәуелсіз мерекесіне орай Астана қаласында
тапсырылған марапаттар өз иелеріне тапсырылды. Ол колледждің қаржылық-
экономикалық үнемделуі мен материалдық-техникалық базасының өсуіне зор үлес
қосқаны және кәсіпорын қызметін сапалы, заман талабына сай ұйымдастыра білген
шеберлігі үшін «Экономика мақтанышы» орденімен колледж директоры
Джумадилов Асет Қазыйұлы, еңбектегі жоғары кәсіби шеберлігі мен қаржылық
есепшоттарды мақсатты істерге үнемдеп аударғаны үшін бас есепші Коптағаева
Гүлнар Омарқызы «Кәсіби сіңірген еңбегі үшін» медальмен, «Жылдың үздік
Достарыңызбен бөлісу: |